О?у іс-?рекетіні? ма?саты: бояулармен, олар?а т?н ?асиеттермен таныстыру; ?ыл?аламмен д?рыс ж?мыс істеу, бояу та?таны д?рыс пайдалану да?дыларына баулу; сурет салу?а ??штарлы?тарын арттыру; сызы?тар, с?йкей жа?у ??ымдарын т?сіндіру.
?ажетті ??ралдар мен материалдар:
Бояу ?арындашпен орындал?ан суреттер; ?а?аз, бояу та?та, т?рлі ?ыл?аламдар, гуашь, акварель бояу, су ??йыл?ан ыдыс, ?ол орамал.
балалар ?шін: ?а?аз, ж?мыс д?птері, жай ж?не т?рлі - т?сті ?арындаштар, акварель бояу, гуашь, ?ыл?аламдар, су ??йыл?ан ыдыс, ?ол орамал.
О?у іс-?рекетін ?йымдастыру.
1.Кіріспе ??гіме: Балалар?а ерте кезде адамдарды? суретті жерге, тастар?а сал?анды?ы туралы айту. Оларда ??ралдар, бояулар болма?ан, бертін келе бояу ретінде саз балшы?ты жа?ып, тастар?а сурет салып к?рген. Кейінірек ш?пті? бояуы шы?атынын бай?ап, оларды бояу орнына ?олданды.
?ыл?аламны? орнына сауса?тарымен ж?мыс жаса?ан. Сосын ??сты? ?анатын пайдаланды. ?арындаш жо? бол?анды?тан, бор немесе ?ор?асынмен сызды. Кейінірек т?рлі т?сті ?арындашты, акварель бояуларды алуан т?рлі т?с беретін ?оспалар ?осып, дайындай бастады.
Сурет, си?ырлы бояулар туралы ?ле?дер о?ып беріп, балаларды? сурет салу?а деген ?ызы?ушылы?тарын арттыру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?орша?ан ортамен таныстыру»
Мектепалды даярлау сыныбына арналған білім беру іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық картасы.
Тәрбиеші: Күні: 07-14.09.15
Бөлімі: Қоршаған дүниемен таныстыру
Тақырыбы: Балабақша және мектеп
Мақсаты: 1.Балаларға балабақша мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейтін мекеме екендігін түсіндіру және балабақшада жұмыс істейтін мамандық иелерінің жұмыстарымен таныстыру.
2.Сурет бойынша әңгімелеу арқылы зейіндерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту
3. Мектеп ауласында өсіп тұрған өсімдіктердің аттарын ажыратып айту арқылы табиғатты сүюге баулу.
Көрнекілігі: Оқулық,дәптер,суреттер
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру,әңгімелесу,сұрақ-жауап
Іс-әрекет түрлері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру, сезімдерді ояту
Балалар шеңбер жасап тұрады. Бір бала допты екінші балаға лақтырып тұрып сұрақ қояды. Допты қағып алған бала сұраққа жауап береді. Балабақша туралы білетін өлең, тақпақтарын айтқызады.
Сұрақтарға жауап береді. Мысалы, «Мынау - балабақша», «Аспаз ас дайындайды».
Ұйымдастырушылық ізденушілік
Балаларды мектептің мекенжайымен таныстырып, ондағы бөлмелерді аралатады. Әр бөлменің (спортзал, ән залы, асхана, дәрігер, т.б.) қалай аталуы жөнінде түсінік беріледі. Мектепте жұмыс істейтін мамандық иелерінің (мұғалім, әдіскер, тәрбиеші, мейір бике, аспаз,) жұмыстары туралы әңгімелеу.
Ғ. Өкеевтің «Балабақша үйіміз»
өлеңін оқып беру. Балаларды мектеп ауласымен таныстыру. «Мектеп» (авторы - М. Мақатаев), «Балабақша үйіміз» өлеңдерін (авторы - Ғ.Өкеев) дауыстап оқиды. Мазмұндарын түсіндіреді. Мектеп, мектепке адам не үшін баратыны, мұғалімнің кызметі туралы мағлұмат беріледі.
Әліппе - дәптермен жұмыс. Мектеп пен балабақша туралы әңгімелейді. Екі мекемені салыстырады. Қызметкерлерімен таныстырады.
Балалар тыңдайды.
Өз балабақшалары туралы әңгімелейді.
Сурет бойынша әңгіме құрастырады.
Балабақша мен мектепте кімдер жұмыс
Сергіту сәті:
Көк жалау желбіре Асқақтап аспанда , Жас ұлан, ел бірге Сап түзе, жасқанба
Балаларды мектеп тің ішін аралатып таныстыру
Өлең жолдарын оқып мағынасын түсіндіру
Әліппе дәптермен жұмыс жүргізу
(екі қолымен екі жаққа бұлғайды)
(екі қолдарын көкке созады)
Рефлексивті – түзетушілік
Қорытындылау: Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақты қорытындылайды.
Өзін-өзі бағалау: Балабақшада кімдер жұмыс істейді? Олардың жұмыстары туралы әңгімеле.
Балабақша бөлмелері қалай аталады?
Аулада тазалықты сақтау үшін не істеу керек?
Гүлзарларда өсіп тұрған өсімдіктерге қандай қамқорлық жасау керек?
Балабақша айналасында қандай ғимараттар бар?
Сабақты қорытындылау
Күтілетін нәтиже: Балабақша және оның ауласы туралы түсінік қалыптастыру.
Нені біледі: Балабақшада жұмыс істейтін адамдардың еңбегін бағалап, оларға құрмет көрсетуі тиіс.
Нені игерді: Балабақша және мектеп тәрбие мен білім беретін мекеме екендігін тұсіну
Меңгерген дағдылар
Мектепалды даярлау сыныбына арналған білім беру іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық картасы.
Тәрбиеші: Күні: 28-05.10.15 Бекітемін:
Тобы: І-топ О.И.Бегжанов:______________
Білім беру саласы : Таным
Бөлімі: Қоршаған дүниемен таныстыру
Тақырыбы: Мен және менің отбасым.
Мақсаты:
Отбасы және оның мүшелері туралы әңгімелеу.
Отбасы мүшелерін атай білуге және олармен дұрыс қарым - қатынас жасауға үйрету.
Ұйымшылдыққа және үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Балаларға ата-анасын, ересектерді тыңдап, кішкентайларға қамқорлық жасау керектігін түсіндіреді.
Е. Өтетілеуұлының «Бес саусақ» өлеңі оқылады. «Отбасы дегеніміз - әкесі, анасы, олардың балалары мен ата, әжесі» деген бала ұғымына сай анықтамаға түсінік береді. Отбасы мүшелерін бір-біріне деген сыйластық, бауырмалдық біріктіретіндігін, олардың бір үйде тұратындығы, бірге ұй шаруасымен айналысатындығын, бос уақыттарын бірге өткізетіндігін әңгімелейді. Сондай-ақ отбасындағы мерекелер мен сақталатын дәстүрлер, отбасындағы ересектердің мамандықтары туралы айтылады.
Сергіту сәтін өткізу.
Орнымыздан тұрайық
Қарлығаш болып ұшайық.
Бір отырып, бір тұрып
Жақсы сергіп қалайық.
Әліппе-дәптермен жұмыс.
Тапсырмалар: 1. Өзің туралы айтып бер. 2. Суретте бейнеленген отбасы мүшелерін ата.
3. Отбасы мүшелерінің іс-әрекеті туралы әңгіме құрастыру.
Балалар тыңдайды. Өз отбасындағы сыйластық туралы әңгімелейді.
Тәрбиешінің айтқандарын тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.
Өлең мазмұнына қарай қимыл - қозғалыс жаттығуын жасайды.
Өлең мазмұнына қарай сұрақтарға жауап береді.
Сурет бойынша сұрақтарға жауап береді, әңгімелейді.
Дидактикалық ойынды
ынтамен ойнайды.
«Бізде былай, ал сіздерде ше?» дидактикалық ойыны
Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау
Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдерін қорытындылайды. Сұрақтар:
Өз отбасыңда кімдермен тұрасың?
Атай, әжеймен қалай дұрыс амандасуға болады?
Әкең мен анаң саған риза болып қуану үшін не істеуің керек?
Балалар отбасындағы өздері атқаратын іс-әрекеттерін әңгімелейді
Күтілетін нәтиже: отбасы мүшелеріне кімдер кіретінін білу.
Білуі тиіс: отбасы мүшелерін: ата - әжесі, ата-анасын, бауырларын құрметтеу керектігін, есейгеннен кейін ата-анасына қамқорлық жасап, көмек көрсету өзінің парызы екенін білу.
Түсінігі: бірлескен еңбек іс-әрекеті ата-ана мен балаларды
жақындастыратынын түсіну.
Көрсете білуі: сурет бойынша әңгіме құрастыра алады.
Мектепалды даярлау сыныбына арналған білім беру іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық картасы.
Тәрбиеші:Г.К.Әнесова Күні: 07.10.15 Бекітемін:
Тобы: І-топ О.И.Бегжанов:______________ Білім берусаласы : Әлеуметтік орта Бөлімі: Қоршаған дүниемен таныстыру
Тақырыбы: Көлік түрлері
Мақсаты: Көлік түрлері жайлы білімдерін қалыптастыру. Атқаратын қызметіне және жүретін ортасына қарай (ауада, жерде, суда) топтастыру.Көліктердің пайдасы және зиянды жақтарымен таныстыру. Көлік ішіндегіМінез - құлық ережелері туралы түсіндіру. Адам тұрмысындағы көліктің пайдасы туралы мәлімет беру.
Тәрбиеші балаларды «Әсем күлкі сыйлайық» атты шаттық шеңберге тұрғызады. Күз мезгілінің әр күні шырайлы болуы үшін балаларға бір-біріне шырайлы күлкілерін сыйлауды ұсынады. Балалар қол ұстасып, оң жағында тұрған көршісінің көзіне қарап, бірнеше жылы сөздер айтып, мадақтайды. Жылы сөз естіген бала, алғысын айтып, әсем күлкісін сыйлайды.
(Қазақстанның жерін картадан көрсетеді)
Ұйымдастырушылық ізденушілік
Тәрбиеші ұ.о.іс-әрекетін көліктер туралы әңгімеден бастайды. Тақтаға түрлі көліктер түрлері бейнеленген суреттер іледі. - Балалар мына суретте нелер бейнеленген? - Көліктердің аттарын атаңдар? - Барлығын бір сөзбен қалай атаймыз? - Көлік дегеніміз не? Тәрбиеші тақтадағы кейбір суреттерді, теріс қаратып қояды да, жасырынып тұрған көліктер туралы жұмбақтар жасырады.
Рефлексивті – түзетушілік
Біз бүгін көлік туралы білдік. Оларды 3 топқа қандай белгілеріне қарап бөлдік? Дидойын: «Өз үйіңді тап» Балалар сендер ержеткенде кей біреулерің көлік құрастыратын мамандық иесі болуларың мүмкін, бірақ ол үшін әлі көп біліп, оқу қажет –деп жақсы қатысқан балаларды мадақтап ұ.о.іс –әрекетін аяқтайды. Жерде, суда, әуеде жүретін деп бөлдік. - Жүретін жеріне қарай бөлінді.
ойынды қызығушылық пен ойнайды
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Балалар көлік түрлері туралы толық білді
Нені игерді: Көліктерді атқаратын қызметіне қарай ауада, суда, жерде жүретін түрлеріне қарай жіктеуді меңгерді
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Көлік түрлерін салыстырып, ортақ белгілері туралы айта алады
Мектепалды даярлау сыныбына арналған білім беру іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық картасы.
Тәрбиеші: Күні: 19-26.10.15 Бекітемін:
Тобы: І-топ О.И.Бегжанов:______________
Білім беру саласы : Таным
Бөлімі: Қоршаған дүниемен таныстыру
Тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер
Мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері:елтаңба,ту,әнұран туралы білімдерін қалыптастыру.Мемлекеттік рәміздерді құрметтей білуге,Отанын сүюге тәрбелеу.Балаларды Мемлекеттік рәміздерді сипаттай білуге үйрету
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, картасы
Сабақ еліміздің әнұранымен басталады. - Бейбіт таңдар арайланып атады, Туған жерді аймалады шапағы, Байтақ елім, Қазақстан! Ең бақытты балалардың Отаны! - Балалар, барлығымыз да Қазақстан картасына назар аударайық. Мынау біздің байтақ жеріміз Қазақстанның табиғаты алуан түрлі, жері кең, байтақ. Оны білу немесе түсіну үшін картаны пайдалану қажет. Сонда қай жерде қала, әдемі ормандар, биік таулар, теңіз, көл, қазына байлықтары бар екендігін картадан білеміз.
(Қазақстанның жерін картадан көрсетеді)
Ұйымдастырушылық ізденушілік
Ал, сендер қай қалада тұрасыңдар? Ақтөбе қандай қала? - Балалар, айтыңызшы біздің Қазақстанның жері қандай? - Қазақстанның жерінде не бар?
Сергіту сәті: Көк жалау желбіре Асқақтап аспанда , Жас ұлан, ел бірге Сап түзе, жасқанба
Тақпақ: «Біздің ту» Айнымайды аспаннан Біздің тудың бояуы, Оны халық қашанда Биікке іліп қояды
Дидактикалық ойын: «Өз туынды тауып ал»
(екі қолымен екі жаққа бұлғайды)
(екі қолдарын көкке созады)
(маршрут)
Рефлексивті – түзетушілік
- Ал, балалар, Қазақстан Республикасы қазірге кезде бай да бақытты, болашағы зор, тәуелсіз, егеменді ел. Олай болса, осындай мемлекетте тұратын бізде бақыттымыз. Балалар, естеріңде болсын Қазақстан Республикасының рәміздерін, мемлекеттік тілің кұрметтеу керек, өз еліңді, жеріңді қорғау керек, халқына адал еңбек ету керек. Сонда ғана – ақ азамат, азаматша болып ер жетесіңдер.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Мемлекеттік рәміздерге нелер жататынын
Нені игерді: Рәміздердің қасиетті екенін және олардың өзіндік қасиеттері туралы толық мағлұмат игерді
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Рәміздерді қастерлей білу дағдылары қалыптасты.
Мектепалды даярлау сыныбына арналған білім беру іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық картасы.
Тәрбиеші:Г.К.Әнесова Күні: 16.11.15 Бекітемін:
Тобы: І-топ О.И.Бегжанов:______________ Білім берусаласы : Таным
Бөлімі: Қоршаған дүниемен таныстыру
Тақырыбы: Мамандықтар
Мақсаты: Балалардың мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдету, білімдерін жетілдіру;Ойлау қабілетін дамытып, сөздік қорын молайтып, тілін дамыту;
Көрнекілігі: мамандық түрлеріне байланысты суреттер, мамандық иелеріне керекті құралдар
-Балалар, орнымыздан тұрып, амандасайық. Шаттық шеңбері. Қуан, шаттан, алақай! Қуанатын күн келді. Қайырлы таң, қайырлы күн! Сәлеметсіңдер ме!
Назарларын сабаққа аудару.
Ұйымдастырушылық ізденушілік
Әліппедәптермен жұмыс. Суреттен қандай мамандық иесін көріп тұрсың?Тағы қандай мамандық түрлерін білесің?Сен қандай мамандық ұнатасың?Себебін айт.Сурет бойынша құрылысшылардың еңбегі туралы әңгімеле. Құрылыста қандай мамандық иелері еңбек етеді?-Құрылысшылар үй қалайды. Құрылыста үй жобасын жасайтын – сәулетші, тас қалаушы, темірлерді байланыстыратын- дәнекерлеуші, ағаш шебері, сылақшы, краншы, шатырлаушы еңбек етеді.Шахтер мамандығы туралы айт. Дид/лық ойын: «Мамандыққа керек заттарын тап!» Шарты:мамандық иелерінің қолданатын құралдарын табу.Дәрігер – шприц(укол) Мұғалім – кітап Пошташы(хат тасушы) – хат Аспаз – тағам ыдысы Мұнайшы – мұнай, майлар.
Жұмбақ жасыру 1) Дабылға тез жететін, Жалынға сүңгіп кететін. Қақалса да түтінге, Тайсалмайтын батыл кім? Жасқанбайтын батыр кім? (Өрт сөндіруші)
Шәкірттердің тірегі, Мектептердің жүрегі. (Мұғалім) 3)Өскен шашты жаратпайтын, Қайшысы бар жалақтайтын. (Шаштаразшы) 4) Тұлғалы кең иығы, Мұнара оның тұрағы, Жер астынан сұйығы Фонтан болып шығады. (Мұнайшы)
(суретте бейнеленгендер: альпинист-биікке өрмелеуші-денсаулыққа пайдалы, металлург-темірді балқытып, заттар жасайды. Ал ғарышкер-аспанды бақылаушы, көлік жөндеуші, мұнайшы-мұнайдан жанармай алады, көліктер жүреді, жол жөндеуші-жолды тегістейді, тез жетеміз).
(Шахтершы –жер астынан тас көмірді қазып алады, көмір үй жылыту, отарба(пойыз) қыздыру үшін қажет. Көмір Қарағандыда өндіріледі)
Рефлексивті – түзетушілік
Сергіту сәті: Ғарышкер зымыранмен Зу-зу-зу ұшады, Оңға қарай ұшады, Солға қарай ұшады. Алақанды жаямыз, Зымыранды қондырамыз, Уф-уф деп зымыранды ұшырамыз.
Қимылмен орындайды
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Түрлі мамандықтарды олардың атқаратын қызметі туралы біледі.
Нені игерді: Жауапкершілікті,ұқыпты болуды.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Қиындықты жеңе білуді,төзімді болуды.
Мектепалды даярлау сыныбына арналған білім беру іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық картасы.
«Телефон – байланыс құралы» Алғашқы телефонды ойлап тапқан американдық ғалым А.Т.Белл. Ол құрылғыны 1876 жылы ойлап тапқан. Содан бастап адамдар оны байланыс құралы ретінде пайдаланылады. Бірақ біз оны еріккеннен біреумен ойнау үшін немесе қорқыту үшін пайдаланбауымыз керек. • Егер үйде жалғыз қалып өрт шықса, телефонның қандай нөмірін тересің? (01) • Бұзақылар, ұрылар мазаңды алса ше? (02) • Бөпең немесе апаң ауырып қалса ше? (03) • Егер үйде газдың иісі шығып тұрса ше? (04) Оның зиянын айтып кету және де оны 15 жастан кейін ғана пайдалануға болатынын түсіндіріп кету.(Телефон түрлері туралы мәліметтер қосуға болады.) Алтын ақыл: 1. 20 минуттан артық сөйлеуі жөн емес. Бәлкім әлдекімге тығыз шаруамен телефон соғу керек шығар. 2. Егер сен нөмірді дұрыс термесең, кешірім сұра. 3. Сұхбатты бірінші болып телефон соққан адам аяқтауы тиіс. 4. Таң атпай немесе түнге қарай ерекше бір жағдай болмаса, телефон шалған дұрыс емес.
(Балаларды рөлге ендіріп сөйлету, сөйлеткендерін талдау. Қандай қате кетті?)
Рефлексивті – түзетушілік
Сергіту сәті: Әй, телефон, телефон, Мамаң келіп бұраса. Кім керегін сұраса, Тез шақырып келесің, Айтқанына көнесің, Әй, телефон, телефон, Ал мен келіп бұрасам, Кім керегін сұрасам, Тыңдамайсың бірін де, Гуілдейсің, мұның не?
Қимылмен орындайды
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Байланыс құралдарына нелер жататынын
Нені игерді: Телефонмен қалай сойлесу керектігін
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Байланыс құралдарын қолдану ережелерін.
Мектепалды даярлау сыныбына арналған білім беру іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық картасы.
Тәрбиеші:Г.К.Әнесова Күні: 23.11.15 Бекітемін:
Тобы: І-топ О.И.Бегжанов:______________ Білім берусаласы : Таным
Бөлімі: Қоршаған дүниемен таныстыру
Тақырыбы: Мамандықтар
Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдау, олардың әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта - ықыласын, қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілігі: оқулық, оқу құралдары, суреттер, кесте
Ойынның шарты: Кез - келген оқушыға бір мамандықты атап, келесі оқушы жаңағы айтылған мамандықтың соңғы әрпінен басталатын кәсіпті атайды.Мысалы: Мұғалім - механик - кондитер т. б
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
-Қандай мамандық түрлерін білесіз?
-Дәрігер не істейді?
-Құрылысшы не жұмыс атқарады?
-Тігінші не істейді?
-Мамандықты қалай таңдау керек?
- Сіздің мамандығыңыз қандай?
-Мамандығыңызбен мақтана аласыз ба?
Сұрақтарғо толық жауап береді
Рефлексивті – түзетушілік
Ән айтайық
«Ұстазым»
Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын,
Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын.
Есімде әліппені жаттатқызып,
Қолыма алғаш қалам ұстатқаның.
Қайырмасы:
Ұстазым менің, ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс-жазы.
Қалдырған ізің мәңгілік,
Жадымда тұрар жаңғырып,
Ұстазым менің, ұстазым!
Өлең айтады
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: мамандық деген не екенін
Нені игерді: Жауапкершілікті болуды
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Армандай білуді және соған қалай жету керегін
Мектепалды даярлау сыныбына арналған білім беру іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық картасы.
Тәрбиеші:Г.К.Әнесова Күні: 07-14.12.15 Бекітемін:
Тобы: І-топ О.И.Бегжанов:______________Бөлімі: Қоршаған дүниемен таныстыру
Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан.
Мақсаты:Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы туралы түсінік беру.
Отанымыздың байлығы туралы, жеріміздің үлкендігі туралы түсініктерін қалыптастыру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.Балалардың Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сөздік жұмыс: Отан, карта.
Іс-әрекет түрлері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру, сезімдерді ояту
Күлімде, күн күлімде, Жер жасарып көгерсін. Кешегіндей бүгін де, Қанат қақсып көгершін.
Балалар шеңбер жасап тұрып қайталайды.
Ұйымдастырушылық ізденушілік
1. Педагог Сұрақ-жауап және көрнекілік әдістері арқылы Қазақстан Республикасы туралы түсіндіреді, әңгімелейді.
- 16 Желтоқсан - еліміздің ең үлкен, ең басты мерекесі. 1991 жылы қазақ елі егемендікке қол жеткізіп, оз алдына тәуелсіз мемлекет атанды. 2011 жылы тәуелсіз мемлекет атанғанымызға 20 жыл толды.
Осы тәуелсіздік Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатайұлы, Ләззат Асанова сынды казактың батыр, қаһарман ұл-қыздарының арқасында келді. Олардың Тәуелсіздік жолындағы ерлігі, қайсарлығы біз үшін өнеге болмақ.
Б. Исаевтың «Тәуелсіз елім бар» өлеңі оқылады.
Сөздік жұмысын жүргізу. Тәуелсіз - толық еркі бар, ерікті, бағынышты емес. Егемен - өз билігі, бас бостандығы өзінде, тәуелсіз.
Отан туралы мақалдың мағынасын ашып, оны жаттатады Халықтың ортақ үйі - Отаны.
Сергіту сәтін өткізу.
«Отан» өнін тыңдату
«Жылы сөздер» дидактикалық ойынын ойнату. Шарты: Отан туралы пікірлерін білдіру.
Әліппе - дәптердегі тапсырмаларды орындатады.
Балалар Отан туралы ойларын әңгімелейді. Үлгі жауап: Мен Отанымды жақсы көремін. Менің Отаным - Қазақстан...
Өлеңді тыңдайды, Сұрақтар қояды
Мақалдың мағынасын қалай түсінгендерін айтады.
Әнді қосылып орындайды.
«Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында сурет салады.
Рефлексивті – түзетушілік
Сабақта алған білімдерін пысықтайды.
Сұрақтар:
1. Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?
2. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.
3. Біздің елордамыз қай қала?
4. Тәуелсіздік монументі қай қалада орналасқан?
Сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже: Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау керектігін түсінуі.
Мектепалды даярлау сыныбына арналған білім беру іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық картасы.
Тәрбиеші: Күні: 13-27.01.16
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Қысқы еңбек
Мақсаты: Балалардың қыс мезгілінде орындалатын еңбек түрлері туралы түсініктерін толықтыру.Қысқы еңбек түрлерінің пайдасын түсіндіру.Қысқы еңбектің пайдасын түсіндіру арқылы еңбексүйгіштікке баулу.
-Қыстыгүні көше мен аулалардың қарын күреп тазалау,ал ауылда егістік алқаптарында қар тоқтату жұмыстары жүргізіледі.Қала көшелерінде машиналардың жеңіл әрі жылдам жүруі үшін адамдар арнайы машиналармен қарды күреп тазалайды.Құрғақшылық жиі кездесетін аймақтарда қар тоқтату әдісі қолданылады.Қар тоқтату-топырақта ылғалдық біршама қорын жинап,егін өнімділігін арттыратын жұмыс түрі.
Сурет бойынша «Қысқы еңбек» тақырыбында балаларды қатыстырып,әңгіме жүргізеді.
Сурет бойынша малды күтіп баптау жұмыстары туралы түсіндіреді.
«Артығын тап» дидактикалық ойыны.Шарты:суреттен еңбек құралдарын тауып, оларды қоршап сызады.Артық заттарды тауып айтады:т шана,шаңғы,малақай.
Мұқият тыңдайды, түсінбегендер бойынша сұрақтар қояды,сұрақтарға жауап береді.Сурет бойынша қысқы еңбек – қар күреу,ауылда малды күту жұмыстары жайлы әңгімелейді.Дәптерден еңбек құралдарын тауып,оларды қоршап сызады.
Суреттер бойынша қысқы еңбек түрлері туралы әңгімелейді,сұрақтарға жауап береді.
Заттардың не үшін артық қалғанын айтып дәлелдейді.
Рефлексивті – түзетушілік
Сабақта алған білімдерін пысықтайды.
Қысқы еңбек туралы қойылған сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже: Қыс мерзімінде атқарылатын жұмыс түрлерін білуі
Нені біледі: Қысқы еңбек түрлерін атап беруі тиіс.
Нені игерді: қысқы еңбектің пайдасын білу.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: ауланың қарын күреу, үй жануарларына қамқорлық жасау.
Мектепалды даярлау сыныбына арналған білім беру іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық картасы.
Тәрбиеші: Күні: 14-18.01.16
Бөлімі: Қоршаған дүниемен таныстыру
Тақырыбы: Жаңа жыл келді. Қыс қызығы.
Мақсаты: 1. Балалардың қыс мезгілінің белгілері туралы түсініктерін арттыру.
Қыста ойналатын ойындар қыс қызығын арттыра түсетінін түсіндіру.
Қысқы ойындардың пайдасын түсіндіру арқылы спортты сүюге баулу.
Сөздік жұмыс: қар кесегі, аққала.
Іс-әрекет бөлімдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру. Сезімді ояту
«Сырғанақ» өлеңі оқылады.
Сырғанаққа мығымбыз, Шыныққанбыз, шымырмыз. Таудан төмен сырғанап, Біз тебеміз сырғанақ.
Балалар бірге қосылып айтады.
Ізденістер. Ұйымдастыру
Педагогтің тапсырмасы:
- Аспанды сұр бұлт қаптап, жерді ақ ұлпа қар басты. Өзендерде мұз қатып, айнала ертегідегідей тыныштыққа бөленді. Күннің суығына қарамастан балалар шана, коньки теуіп, кар атысып ойнап жүр. Қай мезгіл туралы айтылды?
Педагог қыс мезгілінде болатын құбылыстарға тоқталады. Әр айдың ерекшелігін айта келе, қысқы ойындар туралы түсінік береді.
Балалар қыс қызығын өз
беттерінше әңгімелейді.
Мысалы:
- Қаңтар мен ақпан айларында ауа райы суық болады. Қаңтар - қыс шатыры. Қыстың үш айы қандай суық болған күнде де адамдар мұзайдында коньки мен сырғанайды, шаңғы, шана тебеді. Қар кесектерін домалатып, аққала жасайды.
«Қысқы ойындар» дидактикалық ойыны. Шарты: балалар бір-бірден қоржын ішінен суреттерді алады. Суреттердің ішінен қысқы ойын түрлері бейнеленген суретті тауып, оны тақтаға жапсырады. Сонан соң сурет бойынша қысқы ойын түрлері туралы әңгімелейді.
Сергіту сәтін өткізу.
Боран соғар оң жақтан, Боран соғар сол жақтан. Қар лақтырып ойнасақ, Суық өтер қолғаптан.
Қысқы мереке туралы әңгіме өткізу:
Жаңа жыл мерекесі.
Шыршаны безендіру.
Жұмбақ шешу.
Қыста шыны боп қатады, Жылыда су боп жатады.
(Мұз)
Қыс мезгілі туралы пікірлерін айтады.
Сурет бойынша әңгімелейді.
Өлең жолдарын қайталап, жаттығу жасайды.
Сұрақтарға жауап береді. Шыршаны ойыншықтармен безендіреді.
Жұмбақтың жауабын айтады.
Қорытындылау
Пысықтауға арналған Сұрақтар мен тапсырмалар:
Қыс мезгілінің айларын ата.
Қыс мезгілінің ерекшеліктерін атап бер.
Қандай қысқы ойындарды білесіңдер?
Қыс мезгілін не үшін жақсы көресіңдер? Пікірлеріңді білдіріңдер.
Білуі тиіс: жаңа жыл мерекесі туралы білімдерін толықтыру. Қардың қайдан пайда болғанын білу.
Түсінігі: табиғатты аялау, қорғау керектігін түсіну.
Көрсете білуі: суретке қарап әңгіме құрай білу.
Мектепалды даярлау сыныбына арналған білім беру іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық картасы.
Тәрбиеші: Күні: 08-15.02.16
Бөлімі: Қоршаған дүниемен таныстыру
Тақырыбы: Нан дастарқанға қалай келеді?
Мақсаты: 1.Диқаншылардың еңбегі туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру.Жердің үнемі қамқорлықты қажет ететінін әңгімелеу.2.Өсімдікке өсіп-өну үшін ауа,су,жарық,жылу қажеттігін түсіндіру арқылы зейіндерін дамыту.3.Диқан еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
1.Ә.Ахметовтің нан туралы өлеңін оқиды,мазмұнын түсіндіреді.
2.Нанның дастарқанға дейін келу жолын әңгімелеу.Бұл жерде диқан,егістік,элеватор сөздеріне сөздік жұмысы жүргізіледі.
3.Сергіту сәті.
Музыка әуенімен «шайқалады егістік,шайқалады нұр дала» деп әндетіп,би қимылдарын жасау.
4.Нан туралы мақалдардың мағынасын түсіндіру.
Нан – тамақтың атасы.
Ынтымақ – көптің батасы.
5.Дәптермен жұмыс:
Сурет бойынша нанның дастарқанға келу жолын әңгімелеу.
Тыйым сөздерді оқып,оларды тәрбиелік мағынасын түсіндіру.
Жұмбақтың шешуін тапқызу.
Шешуі: Бидай.
Жұмбақтың шешуі – бидайддың суретін салғызу.
Педагогтың әңгімесін тыңдайды,сұрақтар қояды.
Би қимылдарын орындайды.
Мақалдардың мағынасын қалай түсінгендерін әңгімелейді.
Нанның дастарқанға келу жолын цифрмен белгілейді,бидайдың суретін салады.
Рефлексивті – түзетушілік
Сабақта алған білімдерін төмендегі сұрақтардың көмегімен пысықтау:
1.Нан дастарқанға қалай келеді?
2.Нанды не үшін қастерлеу керек?
3.Нан туралы қандай мақалдар білесіңдер?
Нан туралы өлең, мақал-мәтел айтады.
Күтілетін нәтиже: Диқан еңбегін бағалау.
Нені біледі: Нанның дастарқанға келу жолын білу.
Нені игерді: Диқандардың еңбегін түсініп,құрметтей білу..
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: суретке қарап әңгіме құра білу
Мектепалды даярлау сыныбына арналған білім беру іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық картасы.
Тәрбиеші: Күні: 02-16.03.16
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Киіз үй жабдықтары
Мақсаты: Киіз үй жабдықтарымен таныстыру.Киіз үйді ауа райының қандай жағдайында да пайдалануға болатындығын, киіз үй жабдықтары туралы айтып, балалардың есте сақтай білу қабілеттерін дамыту.Атадан-балаға мұра болып келе жатқан ұлттық құндылықтарымызды сақтауға баулу.
1. «Киіз жабдықтары» тақырыбын көрнекілік әдісі арқылы түсіндіреді: - Киіз үй ауа райының қандай жағдайында да пайдалануға өте ыңғайлы. Ішіне жарық жақсы түседі, ауа алмасуы талапқа сай, жел, дауылға көп шайқалмайды. Киіз үйдің негізгі қаңқасын сүйегі деп атайды. Олар: кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық (жарма есігі). Кереге - киіз үйдің ағаштан жасаған жиналмалы торкөзді сүйегі. Шаңырақ - киіз үйдің уықтарын біріктіріп, еңсесін көтеріп, тұтастырып ұстап тұратын дөңгелек шеңбер.
Уық - кереге мен шаңырақтың арасын ұстап, қосып тұратын сырық.
Киіз есік - сықырлауықты жауып,шаңырақ арқылы өткізіп байланады.
Киіз есіктің сырты киіз, ортасы ши,астары жарғақ теріден жасалады.
Үй жиһаздары:
Абажа - тамақ пен ыдыс-аяқ сақталатын кебеженің үлкен түрі. Ағаштан жасалып, киізбен,былғарымен қапталған.Кебеже - сүр ет, құрт, шай салып
сақтау үшін ағаштан жасап, өрнектеген үй жиһазы.Әбдіре - зат сақтайтын үлкен сандық. Сырты қаңылтырмен әшекейленіп қапталады.
Ағаш төсек - жату үшін пайдаланатын үй жиһазы. Асадал - тамақ пен ыдыс-аяқ сақталатын кебеже. Жастық ағаш - ерте кезде жастықтың астына салынатын ағаш тиянақ. Адалбақан - киім ілуге арналған үй жиһазы.
Мұқият тыңдайды,түсінбегендерін сұрайды,сұрақтарға жауап береді.
Киіз үй бөліктерін атайды,оларды қайда орналасатынын сызып көрсетеді.Киіз үйді бояйды.Жолаушының киіз үйге баратын жолын тауып сызып көрсетеді.
Рефлексивті – түзетушілік
Сұрақ-жауап,көрнекілік әдістері арқылы сабақта алған білімдерін бекітеді.
Сұрақтарға жауап-береді.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: көктем мезгілінің ерекшеліктерін білу
Нені игерді: адамдардың көктемгі пайдалы іс-әрекеттерін білу.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: суретті ретімен орналастыру.
Мектепалды даярлау сыныбына арналған білім беру іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық картасы.
Тәрбиеші: Күні: 29-07.03.16
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Ана-біздің гүліміз
Мақсаты: Отбасындағы ананың рөлі туралы түсінік беру.Балалардың өздеріне аналары жайлы әңгімелету арқылы отбасы мүшелерінің арасындағы сыйластық туралы түсіндіру.
Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып,аналары туралы жылы сөздер айтқызады.
Әр бала анасы туралы қысқаша айтады:Мысалы:Менің анам Күн сияқты жып-жылы.Менің анам-ең әдемі ана.
Ұйымдастырушылық ізденушілік
1.Ана туралы ән тыңдату.Әннің кімге арналғаны туралы сұралады.
2.Педагогтың түсіндіруі:
-Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы,ең алдымен балаға ақ сүтін беріп,әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады.Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды.Ананың нәзік үні,жұмсақ аялы алақаны,жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады.
3.Ана туралы мақал-мәтелдің мағынасын ашу.
Ананың сүті-бал,баланың тілі-бал.
4.Дәптердегі ана туралы өлең оқылады.Өлең мәтініндегі кейбір сөздерге сөздік жұмысын жүргізеді.
5.Дәптерге аналарына ранатып құттықтау хатқа не салу керектігіне кеңес береді.
Әннің мазмұны туралы әңгімелейді.
Мұқият тыңдайды.
Мақалдың мағынасын қалай түсінгенін айтады.
Сөздердің мағынасын қалай түсінгендерін айтады,тыңдайды.Аналарына арнап сурет салады.Бір бала гүлдің суретін,бір бала анасының суретін салуы мүмкін.Оқып-жаза алатын балалар тілектерін жазады.
Күтілетін нәтиже: ананың аялы алақанын, жан жылуын сезіне білуі.
Білуі тиіс: Халықаралық әйелдер мерекесі туралы түсінігі болуы.
Түсінігі: отбасындағы ананың рөлі туралы білу.
Көрсете білуі: Ойын жеткізіп айту
Мектепалды даярлау сыныбына арналған білім беру іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық картасы.
Тәрбиеші: Күні: 18-25.04.16
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Байқоңыр-ғарышайлағы
Мақсаты: 1. Байқоңыр жайлы түсіндіру.2.«Ғарыш әткеншегі» ойынын ойнату арқылы Күн жүйесіндегі ғаламшарлар туралы мағлұмат беру.
3.Балалардың ғылымға деген ынталарын ояту, білімпаз болуға баулу.
Сөздікжұмыс: айлақ, күн жүйесі, ғаламшар, т.б.
Іс-әрекет түрлері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру, сезімдерді ояту
Шаттық шеңберіне тұрғызып, «Ғарыш әткеншегі» ойынын ойнату. Шарты: Ортада бір бала Күн болып тұрады. Қалған балалар күн жүйесіндегі ғаламшарлар, мысалы, Жер, Сатурн, Уран, Меркурий, т.б. болады. Көңілді музыка әуенімен балалар «Күнді» айнала жүреді.
Балалар ойын барысында ғаламшарлар туралы білетіндерін айтады. Мысалы: Мен Жермін. Жерде тірқілік бар. Өйткені біздің ғаламшарда ауа бар. Күннен жылу мен жарық, аламыз.
Ұйымдастырушылық ізденушілік
1. Педагогтің түсіндіруі: - Байқоңыр - ғарыш алаңы (айлағы). Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан. Байқоңырдан 1961 ж. 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Ю.А. Гагарин "Восток" ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Айды, Марсты және Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары бар зымырандар да Байқоңырдан аттандырылды. 1991 ж. 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіров ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.А. Мұсабаев ғарышта 2 рет (1994, 1998 ж.ж.) болып, зерттеу жұмыстарын жүргізді.
2. Сөздік жұмысын жүргізу.
Айлақ - ғарышқа ұшуға арналған
қолайлы алаң.Ғарыш - аспан әлемі, космос.
Ғаламшар - Күнді айналатын,Күннен жарық пен жылу алатын үлкен аспан денелері.
Күн - әлемге жарық, қызу беріп
тұратын жұлдыз. Оның жүйесінде
Жер, Марс, Меркурий сияқты
ғаламшарлар бар.
3. Пікірталас өткізуге арналған
сұрақ:- Ғарышкер болу үшін қандай болу
керек?
4. Дәптерлеріне зымыранның суретін
салғызу.
Педагогті тыңдайды, сұрақтар қояды, сұрақтарға жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады.
Тыңдайды
Пікірлерін ортаға
салады.
Зымыранның
суретін салады.
Рефлексивті – түзетушілік
Сабақта алған білімдерін сұрақ -
жауап әдісі арқылы пысықтайды.
Сұрақтарға жауап
береді.
Күтілетін нәтиже: ғарыш айлағы және оның келтіретін пайдасы жөніндегі ұғым калыптастыру.
Білуітиіс: Байқоңырдан зымырандар ғарыш әлемін зерттеуге ұшырылатындығын білу.
Түсінігі: білімді, денсаулығы мықты адам ғана ғарышкер болатындығын білу.
Көрсетебілуі: ғарыш әлемі туралы ойын тиянақты жеткізе білу
Мектепалды даярлау сыныбына арналған білім беру іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық картасы.
Тәрбиеші: Күні: 02-09.05.16
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Қазақстан - ортақ үйіміз.
Мақсаты: 1. Тәуелсіз еліміз туралы білімдерін толықтыру.
Көпұлтты республикамызда татулық, достық орын алғандығын түсіндіру.
Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: ұлт, достық, тілек, т.б.
Іс-әрекет бөлімдері
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру. Сезімді ояту
Шаттық шеңберін құру.
Балалар дөңгелене тұрып, көздерін бір минуттай жұмып тұрады. Сонан соң көздерін ашып, бір-біріне қарама - қарсы тұрып, жылы лебіздер білдіреді.
Ұйымдастыру. Ізденістер
«Қай ұлт?» дидактикалық ойыны. Шарты: педагог әр ұлт өкілдері бейнеленген сурет не фотоны көрсетеді, балалар оның қай ұлт өкілі, оны қалай білгенін айтады.
Педагогтің түсіндіруі:
- Қазақстанда жүзден астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бір қолдың саласындай, бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп жатыр.
Балалар сурет бойынша Қазақстан Республикасында тұратын ұлт өкілдері туралы әңгімелейді.
Күтілетін нәтиже: көпұлтты республикамыздың тыныс-тіршілігі туралы ұғымдарының қалыптасуы.
Білуі тиіс: әр ұлт өкілдерімен тату-тәтті қарым-қатынаста болу керектігін.
Түсінігі: достықты қадірлеу керектігі.
Көрсете білуі: әр уақытта айналасындағы адамдарды алаламай, сыйластық қарым-қатынаста болуы.
Мектепалды даярлау сыныбына арналған білім беру іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық картасы.
Тәрбиеші: Күні: 16-23.05.16
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Ер есімі - ел есінде
Мақсаты: 1.Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстандық батырлар, олардың ерлігі туралы түсіндіру.
2.Егеменді Қазақстанның Ұлан әскері туралы түсіндіру. Еліміздің қарулы күштері туралы мағлұмат беру.3.Еліміздің батыр ұлдары мен қыздарының ерліктерін дәріптеу арқылы бала санасына ерлік, батырлық ұғымдарын қалыптастыру.
Сөздікжұмыс: ұшақ, танк, кеме
Іс-әрекет түрлері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру, сезімдерді ояту
Күлімде, күн күлімде,
Жер жасарып көгерсін.
Кешегіндей бүгін де,
Қанат қақсын көгершін.
Балалар
дөңгелене тұрып,
өлең жолдарын
қайталайды.
Ұйымдастырушылық ізденушілік
1. Педагогтың түсіндіруі:
- Балалар, қазақ халқының Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова,Мәншүк Маметова,Талғат Бигелдинов, Нүркен Әбдіров сындыбатыр ұлдары мен қыздары бар. Оларбізді жаудан қорғап, жерімізді жауға бермей алып қалды. Қазір олардың есімдерімен көптегенкөшелер, мектептер, тағы басқамәдени орындар аталады. Жылда
9 Мамыр «Жеңіс күні» деп аталып
өтеді.Қазақстанның Қарулы Күштері өте
мықты. Оның құрамына ішкі
әскерлер, Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің шекара қызметі және
басқа да әскерлері, республикалық
«Ұлан», азаматтық және аумақтық
қорғанысты басқару мен құру
органдары кіреді.
Сергіту сәтін өткізу.
Ақ көгершін, көгершін
Қол қанат кұс сен едің.
Бар кезіп қайт ел үшін
Кең дүниенің көлемін.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
1. Өлеңді оқып, мазмұнын
түсіндіреді.
2. Суреттегі батырлардың атын
айтқызып, олар туралы әңгімелету
Суреттегі
батырларды -
Б. Момышұлын,
Т. Тоқтаровты,
Ә. Молдағұлова
және
М. Мәметованы
атайды.
Өлең жолдарын
қайталап, дене
жаттығуын жасайды
Өлеңді жаттап
алады.
Рефлексивті – түзетушілік
Ұлы Отан соғысының
батырларын ата.
Қандай көшелерді білесіңдер?
Балалар өздері
тұратын
көшелердің атын атап береді.
Күтілетін нәтиже: Ұлы Отан соғысының батырларының аттарын есте сақтау.
Білуі тиіс: Отанды сүйіп, оны құрметтеуге тиіс.
Түсінігі: өздері болашақ Егеменді Қазақстанның азаматы болатынын түсіну.
Көрсетебілуі: еліміз туралы ойын жеткізе білу, өлеңді жатқа айту.