Ұйымдастырушы-ізденуші | ІІ Негізгі бөлім 2.1Тәрбиеші: -Балалар жылдың қай мезгілі? -Көктем орысша, ағылшыншы қалай аталады? -Көктемде қандай өзгерістер болады? -Неше ай бар? -Балалар көңіл-күйлерін қандай? -Олай болса осындай жақсы көңілмен тәррбиеші тақтадағы қалташалардың тапсырмаларын орындауларын сұрайды. 2.2 Бірінші қалташаның тапсырмасы «Үй жануарлары». Тәрбиеші жұмбақ жасырады. Мүйізі айдай иілген, Мұрнын көкке шүйірген. Сауғанда жаның сүйсінген, Ірімшік пен құрт, майы, Жегенде тіл үйірген. -Дұрыс, (суретін көрсетеді), ал сиырдың төлі қандай? -Дұрыс, сиыр мен бұзау қандай дыбыс шығарады? -Сиырдың пайдасы адамдарға қандай? -Кішкене ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар. Жарайсыңдар, (балалаларға қойдың суреті көрсетіледі.) ал қой қалай дыбыстайды? -Қой төлін не дейміз? -Секең-секең секірген, Сақалы желмен желбіреген. Ақ мамықтай жүні бар, Ішсең емдік сүті бар. (суретін көрсетіп)Балалар ешкінің басында несі бар? -Игінде несі бар? -Ешкі төлін не дейміз? -Міңсен желдей шабады, Бәйгеден орын алады. -Ал жылқы төлін не деп айтамыз? Жылқы мен құлын қандай дыбыс шығарады? -Кезеті бір жануар, Үстінде екі тауы бар. -Дұрыс, түйенің екі өркеші бар. -Түйе төлін қалай атайды? 2.3 Екінші қалташаның тапсырмасы- «Көліктер» Балаларға әр түрлі көліктердің суреттерін көрсетіледі. 2.4Үшінші қалташаның тапсырмасы «Дыбыстар» Тәрбиеші С, Т,Н, М дыбысын көрсетеді. 2.5 Сергіту сәті 2.6 Төртінші қалташаның тапсырмасы «Мамандықтар» Тәрбиеші балаларды әр мамандыққа бөледі. Әр мамандық иесі өзіне керек құралдарды жинап алу керек. 2.7 Бесінші қалташаның тапсырмасы «Гүл» (Ватнный дисктан) Балаларға гүлдің үлгісін көрсетеді. Тәрбиеші балалардың жұмыстарының көрмесін ұйымдастырады. Жұмыстарын қызықтап, мадақтайды | Көктем мезгілі. Көктем-весна- spring Күн жылынып, қар ериді, құстар ұшып келеді Үш ай бар. Жақсы. Балалар қуана келіседі Сиыр. Бұзау. «Мө-мө-мө» деген дыбыс шығарады. Сүтін ішеді, етін жиміз, терісінен киім тігеміз. Қой. «Мә-мә-мә» деп маңырайды. Қозы, қошақан. Ешкі. Мүйізі. Сақалы. Лақ. Жылқы, ат. Құлын. Кісінейді. Түйе. Бота. Балалар қай көлік қандай ортада ( ауда, жерде, суда) жүретінін тауып айтып береді. Балалар суретердің ішінен с,т, н, мдыбысына келетін суреттерді тауып атауларын атайды. Орнымыздан тұрамыз, Қолды белге қоямыз. Бұрыламыз оңға бір, Бұрыламыз солға бір. Гүл-гүл жайнап жанымыз, Жаттығулар жасасақ, Жақсы серігіп қаламыз. Балалар өздеріне керек құралдарды жинайды. Балалар өздігімен жұмысқа кіріседі. |