Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Кел, балалар, оқылық!».
Мақсаты: а) Өлеңді жатқа айтуға үйрету;
ә) Қазақтан шыққан тұңғыш педагог Ы.Алтынсарин өмірі және оның шығармашылығы жайлы білімдерін қалыптастыру;
б) Сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: хрестоматия, Ы.Алтынсариннің портреті, суреттер, жұмыс дәптері.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Достарды біз қолдаймыз,
Қиын шақта қорғаймыз.
Біздің топта ұл-қыздар
Тату-тәтті ойнаймыз.
Өлең шумақтарына қосылып қимыл-қозғалысын жасайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Кіріспе бөлім.
Балалар, бүгінгі оқу іс әрекетізде қазақтың тұңғыш педагогі Ы.Алтынсаринның «Кел, балалар, оқылық!» өлеңімен танысамыз.
Суреттен кімді көріп тұрсыңдар?
Өлең шумақтарын алдымен балаларға мәнерлеп оқып беру, мазмұнын ашу.
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ, табылар.
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Сұрақ-жауап арқылы өлеңнің мазмұнын сұрап білу.
Өлеңде не жайында айтылған?
Өлеңде балаларды неге шақырады?
Сергіту сәті:
Күндей болып күлеміз,
Гүлдей болып өсеміз.
Құстай болып ұшамыз.
Көбелектей қонамыз.
Тәрбиешінің көмегімен жауап береді.
Балалар өлең жолдарын мұқият тыңдайды.
Тәрбиешімен бірге қайталап жаттайды.
Балалардың түсінігі, ойлары.
Оқу-білім алуға шақырады.
Қимыл жасайды.
Рефлексиялық-түзетушілік.
Дәптермен жұмыс:
Өлеңді жаттау.
Өнер – білім туралы мақал-мәтелдер айту;
* Оқу – инемен құдық қазғандай.
* Оқусыз – білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
* Оқу – білім бұлағы,
Білім - өмір шырағы.
Тәрбиешімен бірге өлең жолдарын жаттап, мақал-мәтелдерді қайталайды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі:өлеңді мәнерлеп жатқа айта біледі.
Игереді:ақынның шығармашылығы жайлы білімдерін қалыптастырады.
Меңгереді:сұрақ-жауап арқылы білімге деген қызығушылығын артыруды.
технологиялық карта
Күні: 08.09.15
Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Біздің балабақшада».
Мақсаты: а) Балабақшадағы сыйластық туралы түсініктерін кеңейту;
ә) Ұжымдық қарым-қатынас дағдыларын дамыту;
б) Құремт пен сүйіспеншілік сезімдеріне, өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: хрестоматия, ковралон тақтасы, суреттер, қақпақтар, жіптер.жұмыс дәптері.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Балабақшам менің.
Жаңа қадам жасадым,
Қош болып тұр, бесігім.
Мен қуанып ашамын,
Балабақша есігін.
Қайырмасы:
Әлдилеген елім,
Сәбиіңмін сенің,
Сәбиіңмін сенің,
Балабақшам менің.
Айтып берер тәтелер,
Әсем өлең, жақсы аңыз.
Ойыншықтар әперер,
Қандай жақсы бақшамыз.
Шеңбер бойына тұрып, өлеңге сәйкес қимылдар жасайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Кіріспе әңгіме
Балалар, бүгін біз сүйікті бақшамыз туралы ой-пікірімізді ортаға салайық.
Осы балабақшада сендер не үйренгендеріңді айта аласыңдар ма?
Дұрыс айтасыңдар! Сендер көп нәрсені осы балабақшада үйреніп жатырсыңдар. Себебі, сендер күні бойы осы балабақшадасыңдар. Сондықтан «Балабақша - өз үйіміз» деп айта аламыз.
Ал, сендер қалай ойлайсыңдар?
, балабақша деген атау не үшін берілген? «Балабақша» - бұл әдемі атау. Мысалы, бақшада жас жеміс ағаштары өссе, ал балабақшада Отанымыздың жас ұландары – сендер өсіп жатырсыңдар, бұл жерде сендер жақсылыққа, достыққа, әдептілікке, мейірімділікке, бір-біріңді және үлкендерді сыйлауға үйреніп жатырсыңдар.
Қазір мен сендерге Мұзафар Әлімбаев ағамыздың «Біздің балабақшада» деген өлеңін оқып берейін.
Балабақша есігін
Үшке тола ашқанбыз.
Балапандай өсіріп,
Мәпелейді бақшамыз.
Бұл – екінші үйіміз,
Бір туғанбыз бәріміз.
Біз – осы үйдің гүліміз,
Біз – осы үйдің сәніміз.
Сұрақ-жауап
Осы оқылған өлең шумағында не туралы айтылған?
Сендерге балабақша несімен ұнайды?
Балалардың жауабын тыңдап, қорытындылау.
Дұрыс айтасыңдар. Біз күні бойы балабақшада боламыз, бұл – біздің екінші үйіміз, біз осы балабақшаның гүліміз, сәніміз.
Тыныштық сәті. /баяу әнмен/.
Кірпігімізді төмен түсірсек,
Көзіміз жұмылады.
Таза ауада еркін тыныстаймыз!
Ғажап қана ұйықтасақ,
Шаршағанымыз ұмытылып,
Денеміз босаңсиды.
Күн жылына бастады,
Қыстың соңғы күндерінде
Арықтардан су ағып,
Қар ери бастады.
Түн болды!
Аспанда әдемі жұлдыздар жарқырап,
Жайнап шыға келді.\таң атты! Күн шықты! Көктем келді!
Күннің сәулесі жарқырап,
Денемізді жылытты.
Алғашқы бәйшешек гүл ашып,
Жұпар иісін ауаға таратып,
Жымиып күліп, күнге қарай созылды.
Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар!
Оянатын сәт келді, оянамыз, тұрамыз,
Керілеміз, күлімдейміз
Бәрекелді, қандай тамаша!
Сергіту сәті: /әуенмен орындалады/.
Кел, балақан, балақан,
Шапалақта алақан:
Жай, жай, жай!
Қозғап барлық денені,
Қолды қатты соқ енді:
Сарт, сарт, сарт!
Тықылдатып таяқты,
Ақырын бас аяқты:
Жай, жай, жай»
Айтқан кезде өлеңді,
Қатты басқын еденді:
Тарс, тарс, тарс!
Шығармашылық жұмыс:
«Балабақша ауласын безендіру».
Дәптермен жұмыс:
Сурет бойынша әңгімелеу.
сСүйікті ойыншығыңның суретін сал.
Балалар, осы тыныштық сәтінде нені сезіндіңдер?
Нені елестеттіңдер?
Қандай күйде болдыңдар?
Сызба бойынша тақпақ жаттату:
Қар, мұз, еріп,
Су көбейіп,
Бүршік шашып,
Жапырақ ашып,
Бәйшешектер басады.
Айтыңдаршы, балалар,
Бұл қай кезде болады?
Би билеуге, ән айтуға, қамқор болуға, әдептілікке үйрендік.
Балалардың жауабы.
Балабақша.
Түрлі жауаптар айтылады.
Балалар қимылдарды жасай отырып, сергиді.
Балалар ковролан тақтасында жұмыс жасайды. Жіптерден ағаш, шөп, гүл, қақпақтардан гүл, жапырақ жасап безендіреді.
Тапсырманы өз бетінше орындайды.
Жылуды, аспандағы жұлдыздарды, бәйшешектерді.
Көктемде.
Рефлексиялық-түзетушілік.
Оқу іс-әрекетін қорытындылау:
Бір шаңырақ астында
Тату – тәтті тұрамыз,
Біргге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.
Шеңберге тұрып, өлең жолдарын қайталайды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі:балабақшадағы сыйластық, ұжымдық қарым-қатынас дағдыларын.
Игереді: балабақша қызметкерлерінің атқаратын жұмыстарын.
Меңгереді:өзара сыйласуды, бір-бірімен тіл табысуды.
технологиялық карта
Күні: 22.09.15
Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Ойыншықтар» /өлең/.
Мақсаты: а) Өлең мәтінін түсініп, жатқа айта білуге үйрету;
Берілген тапсырмадағы көкөністерді қоршап белгілеу.
Тапсырманы орындайды.
Рефлексиялық-түзетушілік.
Қорытындылау:
- Жемістің барлығы үлкен еңбектің арқасында келеді. Біз оларды күтіп-баптасақ, жемістер бізге мәуесн береді. «Еңбекпен келген жемістің дәмі тәтті» деген мәтел осыдан шыққан.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: өлеңді жатқа айтуға үйренеді;
Игереді: күз мезгілінің ерекшеліктерін;
Меңгереді: табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауды.
№ 5 ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні 29.09.15
Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Жапырақтар».
Мақсаты: а) Күзгі табиғат жөніндегі түсініктерін қалыптастыру;
ә) Табиғат әсемдігін көре білуге, әңгімелеуге баулу;
Қолданылатын көрнекі құралдар: әртүрлі жанрдағы суреттер, жұмыс дәптері, суреттер.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Қолға қалам аламыз,
Әуеде сурет саламыз.
Ән айтамыз, би билеп,
Күн сәулесін саламыз.
Қимыл арқылы жасайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Кіріспе бөлім:
- Балалар, біз бүгін «Суретті бояу» деген тақырыпта жұмыс дәптерінде берілген тапсырмаларды орындаймыз.
Суретті бояғанда өте тиянақты, әдемі, бояудың түсін ажырата білуге дағдыландыру. Мысалы, тақырыпта «Күзгі жемістер» деп берілсе, «Алманың түсі – қызыл, шиенің түсі - қызылкүрең», т.б. сол сияқты әрбір суретті бояр алдында түстерге мұқият зейін қою керек.
Балалар берілген тапсырмадағы суреттердің түстерін өздері ажырата біледі. Сурет не жайында екенін түсінеді.
Сергіту сәті:
Табиғат неткен көрікті,
Гүлдей жайнап өсеміз.
Бір отырып, бір тұрып,
Билеп-билеп аламыз.
Қимылдар жасайды.
Дәптермен жұмыс:
Алмаларды бояу.
Тапсырманы орындайды.
Рефлексиялық-түзетушілік.
Қорытындылау:
Жасаған жұмыстарын өздеріне бағалату, мақтап, мадақтау арқылы балалардың қызығушылығын арттыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: хрестоматия, жұмыс дәптері, суреттер.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық
Жылулық шеңбері:
Күлімде, күн, күлімде,
Жер жасарып көгерсін.
Кешегідей бүгін де,
Қанат қақсын көгершін.
Күлімде, күн, күлімде,
Жайнай түсті күнім де.
Жарқыраған жұлдыздай,
Жарқ-жұрқ еткен түнімде.
Балалар шеңбер бойына тұрып, өлең жолдарына сай қимылдар жасайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Кіріспе әңгіме:
«Алтын күз» туралы әңгіме жүргізу. Күзді неліктен алтынға теңейтіндігі айтылады.
Қазір, жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілі бізге қандай сый береді?
Ендеше, балалар, бүгін біз І.Байжұманованың «Күзде» өлеңімен танысып, жаттаймыз.
Күз.
Жеміс-жидек піседі.
«Күзде» өлеңін 2-3 рет оқып беру.
Күзде.
Алма пісіп, алмұрт түсіп,
Күзде бақтар жайнайды.
Құстар қайтып, қош айтысып,
Қимас үнмен сайрайды.
Сұрақ-жауап:
Өлеңде не туралы айтылған?
Құстар қай жаққа ұшып кетеді?
Жемістер қайда өседі?
Өлеңді жаттатып, 2-3 баладан сұрау.
Қайталап, жаттайды.
Күз мезгілі.
Жылы жаққа.
Бақта.
Сергіту сәті:
Жаңбыр, жаңбыр, жауасың.
Жанымызға дауасың,
Біз ойнайтын ауланың,
Тазартасың ауасын.
Қимылдар жасайды.
Дәптермен жұмыс:
Жұмбақтар шешу.
сурет бойынша әңгімелеу.
берілген тапсырмадағы көкөністерді қоршап белгілеу.
Тапсырманы орындайды.
Рефлексиялық-түзетушілік.
Қорытындылау:
- Жемістің барлығы үлкен еңбектің арқасында келеді. Біз оларды күтіп-баптасақ, жемістер бізге мәуесін береді. «Еңбекпен келген жемістің дәмі тәтті» деген мәтел осыдан шыққан.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: өлеңді жатқа айтуға үйренеді;
Игереді: күз мезгілінің ерекшеліктерін;
Меңгереді: табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауды.
№ 8 ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні 20.10.15
Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Құмырсқа мен көгершін».
Мақсаты: а) Әңгіменің мазмұнын түсіну;
ә) сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойларын жеткізе білу;
Қолданылатын көрнекі құралдар: хрестоматия, құмырсқа мен көгершіннің суреті, жұмыс дәптері.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Біз балдырған тең басқан,
Дос құшағын елге ашқан.
Тілейміз тыныштық,
Ашық болсын көк аспан,
Мықты болсын іргеміз,
Бәріміз де біргеміз.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Кіріспе әңгіме:
- Балалар, бігін біз Спандияр Көбеевтің «Құмырсқа мен көгершін» деген әңгімесімен танысамыз.
әңгімені мәнерлеп, нақышына келтіріп оқып беру.
Сұрақ-жауап:
Әңгіме қалай аталады?
Құмырсқа мен көгершін бір-біріне қандай көмек көрсетті?
Құмырсқа қандай жәндік?
Көгершін қандай құс?
Көрдіңдер ме, балалар, екеуі бір-біріне көмек көрсетіп, осындай ауыр сәтте қиындықты жеңіп шықты. Ендеше сендер де, балалар, бір-бірлеріңе мейірімді, қайырымды болып өсулерің керек.
Сергіту сәті:
Құстар сайрап,
Бақтар жайнап.
Дала гүлге толады,
Құстай ұшып,
Аунап- қуанып алады.
Жыландарша иіріліп,
Жорғалап бәрі қалады.
Дәптермен жұмыс:
Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Рефлексиялық-түзетушілік.
Қорытындылау:
Балалардың жауаптарына баға беріп, мақтап, мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: әңгіменің мазмұнын біледі;
Игереді: өз ойларын еркін айта біледі;
Меңгереді: көмектесу арқылы бір-біріне жақсылық жасай алатыныны.
№ 9 ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні 27.10.15 Сейсенбі.
Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Көркем әдебиет.
Қолданылатын көрнекі құралдар: жұмыс дәптері, отбасы туралы суреттер, хрестоматия.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Тәрбиешімен бірге Ермек Өтетілеуұлының «Біздің шаңырақ» өлеңін қайталайды.
Атамнан басталар,
Әжемнен қосталар.
Отбасым мыналар,
Ең жақын адамдар:
Әкем мен анам бар,
Бір туған ағам бар,
Бір туған апам бар,
Бәрін жақсы көремін,
Ереклеймін, еремін.
- Балалар, өлеңде не туралы айтылған?
Балалар шеңбер бойымен тұрып орындайды.
Отбасы туралы.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Кіріспе әңгіме
Бүгін, біз оқу іс-әрекетінде отбасы және сыйластық туралы әңгімелейміз.
Суреттен кімдерді көріп тұрсыңдар?
Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?
Кім суретке қарап, өз отбасы туралы айтып береді?
Өлең оқу.
Отбасы.
Анаң – үнің, жүрегің,
Әкең - өмір тірегің.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын,
Әжең – асыл ардағың.
Атаң – дана қорғаның.
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
/М.Қуанышбеков/.
Аға ақылы
Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса.
Үлкен болған кезінде,
Сыйлы болмақ өзі де.
/Сырбай Мәуленов/
Ата, әже, әке, ана, аға, қарындас, іні.
Балалар өз отбасы туралы әңгімелейді.
Балаларға өлең шумақтары ұнайды.
Саусақтарын санап, көрсетіп айтады.
Сергіту сәті:
Бас бармағым – атам, үйдің данасы,
Балаң үйрек - әжем, ошақ анасы.
Ортан терек - әкем, отау панасы,
Шылдыр – шүмек – шешем, шаңырақ ажары,
Титтей бөбек – мен, бәрінің базары.
/Ермек Өтетілеуұлы/.
Ж.Мұхамеджановтың «Сыйлаймын» өлеңін жаттау.
Сыйлаймын.
Ата менен ананың,
Айтқан тілін аламын,
Үлкен кісі жұмсаса,
Қайда болсын барамын.
Төсекті өзім жинаймын,
Ешкімді де ұрмаймын,
Ешкім маған тимейді.
Мен де бәрін сыйлаймын.
Іс қимыл әрекетін жасайды.
Өлеңді жаттайды.
Дәптермен жұмыс:
Отбасы мүшелерін ата.
Дастарқанға қандай тағамдар қойылған?
Өзіңнің отбасы мүшелерін ата.
Дастарқан басында кімдер отыр?
Дастарқанды әшекейлеп толықтыр.
Тапсырманы орындайды.
Рефлексиялық-түзетушілік.
Қорытындылау:
Жаттаған өлеңіміз не жайында?
Бүгін біз оқу іс- әрекетінде сүйікті отбасымыз туралы әңгімелестік. Оларды жақсы көруге, сыйлауға, құрметтеуге, көмектесуге үйрендік. Отбасындағы сыйластық үлкен сүйіспеншіліктен туындайды.
Отбасы жалы.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: отбасы мүшелерін атай білуі тиіс,
Игереді: үлкенге – құрмет, кішіге – қамқор болу керектігін,
Меңгереді: өлеңді жаттап, мазмұнын түсінеді..
№ 11 ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні: 17.11.15
Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Атасының ақылы».
Мақсаты: а) Әңгімені тыңдай білуге үйрету; үлкен адамның айтқан нақыл сөздеріне көңіл бөлуге баулу;
ә) Қазақтың мақал-мәтелдеріндегі ұлағатты сөздерді меңгерту,