Білім беру саласы : Коммуникация.
Ұйымдастырылған оқу қызметі : Көркем әдебиет
Тақырыбы : Әже -өлеңді жаттау Ә.Қайранов
Мақсатты :Ә Қайрановтың «Әже» туралы өлеңінің мазмұнын ашу; өлең ырғағымен келтіре отырып әр шумағын қайталау,жаттау; балаларды әже туралы өз ойларын айтып жеткізуге дағдыландыру;баларды үнкенді сыйлай білуге, әжені құрметтеуге тәрбиелеу. Сөздік қорын молайту.
Көрнектер :Әженің суреті, мерекелік иллюстрация, слайд
Әдіс-тәсілдері :Тусіндіру, ән,өлеңдер жаттатқызу,сұрак-жауап
Билингвальді компонент:Әже-бабушка; мереке-праздник.
Мотивациялық қозғаушылық
Шаттық шеңбер
Кім үлкенді тыңдаса,
Кім үленді сыйласа.
Үлкен болған кезіңде.
Кіріспе әңгіме
Педагог балалардан жақында қандай мереке келе жатқаның сұрайды.
- Көктемнің ең алғашқы мерекесі-аналар,әжелер мерекесі.
- Біз анамыз бен әжелерімізге арнап қандай тақпақтар жаттадық?
Әжелер өте мейрімді болады,
Немелеріне ертегі оқып береді.
Немелелері әжесіне тақпақ,өлең айтып береді.
Әжелер кимешек,жаулық киеді.
- Бүгін біз ақын Әбубәкір Қайрановтың Әже деген өлеңімен танысамыз.
Кимешегің жаулығын
Теңеп аппқ гүлге мен,
Әжемнің денсаулығын
Тілеп жүрем күнде мен.
Сөздік жұмыс:
Кимешек, жаулық -әжелер киетін баскиімдер
Ұйымдастырушылық – ізденістік:
Сергіту сәті
- Жүрегім кім менің?
- Мен!
- Тірегім кім менің?
- Мен!
- Сәнім кім менің?
- Мен!
- Ботақаным, бағлан қозым,
Не деген тәтті баласың өзің!
Ой, қарғам менің!
- Жоқ, әже, қарғаң мен емес!
Жо... жоқ, қарға болмаймын,
Керегі жоқ ондайдың.
Қарға «қарқ-қарқ» етеді,
Алысқа ұшып кетеді.
Қасыңда боп әрдайым,
Мен ешқайда бармаймын.
Өлеңнің мазмұнын айтқызып кимешек,жаулық сөздерінің мағынасын қайталау.
Өз әжелері туралы әңгімелеп беруін сұрау.
Рефлекциялық – түзетушілік:
Қорытынды: Ақ Әжем өлеңнің жаттау:
Ерте, ерете, ертеде деп басталды кешегі,
Тұн ұйықыға кетерде әжем айтқан ертегі.
Иіп тыңдап жатыр ем қызық ертегі екен деп,
Көзім ілініп кеттіпті әжеме мен еркелеп.
Қ-сы: Мен, әжем айтқан ертегі,
Биіктерге ертеді.
Бақытты жан етеді.
Сол ертектін жалғасын анық көрдім түсімде,
Түсті көріп болғасын, қайран қалдым күшіме.
Ғажап әнге шертеді, ұнап бала көңілге,
Әжем айтқан ертегі қайта келді өмірге.
Күтілетін нәтиже:
Нені білді: Үлкендерді сыйлау керек екенің
Нені игерді: Әжелердің аппақ кимешек,жаулық киетінін,немерелеріне қызықты ертегі оқып беретінін,аялы алақанмен мандайынан сипап,иіскейтіні әже мейрімі екенің игереді
Меңгерді: Әже туралы тақпақтар,әже туралы ән.