Құламайды екенбіз. Ақ шанамыз зулайды, Ақ қар оны шыңдайды. Біреу шана тебеді, Құйындатып келеді. Біреу сүйреп шананы, Тауға шығып барады. Ол да қазірзулайды Тау басында тұрмайды. Ғажайып сәт : Қыс әуені ойналып, «Ақпан ата» келеді. Соңында шанасы бар. (балалар таң қалады) - Менің атым ақпан, Келдім ұзақ жақтан . Тоңып қалмай балалар , Аязымнан сақтан. Сәлемдестіңдерме балалар . Қандай әдемі балаларсыңдар! Енді мен сендердің білімдеріңді бақылап көрейін. Менің шанамдағы қорапта сендерге тапсырмаларым бар. Ал мынау «Сыйқырлы таяқ» Сендер менің тапсырмамды дұрыс орындамасаңдар, сиқырлы таяғыммен қатырып тастаймын. Балалар Ақпан атаның тапсырмаларын дұрыс орындауға тырысайық. 1 тапсырма: Кім қыс туралы тақпақ өлең біледі? Заңғар: Жасап қардан үйілген , Дөңге шығып бүгін мен. Маңайыма бір қарап , Кеттім төмен сырғанап. Жерге тимей табаным, Шанам зулап барады. Қорыққам жоқ сонда да, Су жүрек деп ойлама. Алина: Қар басында шарқ ұрып, Біз орында тұрмаймыз. Шана сүйреп барамыз, Қырдан төмен ағамыз. Жансұлу: Қандай суық қыс деген, Қалтырайды құс деген. Қалпағыңды кимесең, Құлағыңды тістеген. Айбар: Аппақ,аппақ қар аппақ, Қар дамылған,дала аппақ. Құрау,құрау тал аппақ, Айналаның бәрі аппақ. 2 тапсырма: Жұмбақ Қыста ғана болады, Ұстасаң қолың тоңады. ( қар) Қолы жоқ сурет салады. Тісі жоқ тістеп алады. ( аяз) Ақпан атамен «Қатырамын» ойыны Шарты: Қатырамын,қатырамын аяғыңды (мұрнын,бетін,мұрнын т.б.) айтқанда балалар тез жауып қорғануы керек. Бейне көрініс Қысқы еңбек туралы әңгімеленеді. Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізде қысқы еңбек туралы Ақпан атаның суреттеріне әңгіме құрастырып көрейікші. 1.Балалардың қар күреп жатқан еңбектері. 2. Трактор көшенің қарын тазалап «Қар жинау» ойыны д/о Шарты: қалаққа салып түсірмей шелекке жинау.Кім түсіріп алса жеңілгені болады. 3.Малдарға жасаған еңбекетері туралы әңгіме. 4. Қысқы от жағу еңбеіг. 5. Балалардың ойындағы еңбегі. 6. Құстарға жасаған еңбегі туралы әңгімелеу. Құстар қалай қыстайды? ( ертегі) Ертегіні сахналап көрсету. Сергіту сәті : Боран соқты оң жақтан , Боран соқты сол жақтан . Қар лақтырып ойнасақ, Су өтеді қолбақтан. Шығармашылық орталығында топтық жұмыс. 1 топ: Құстарға жасаған еңбегі. 2 топ: Қыстың қар жинау,аққала жасау еңбектері. Қорытындылау. «Қыста не болды ?» Шарты: Допты бір-біріне лақтыру арқылы қыстың еңбегін айтады. Қысқы тіршілігі туралы кезектесіп әңгімелеу. Біз еңбекшіл баламыз. |