kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Көркем әдебиет:"жеті қазынаның бірі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

ОТКРЫТОЕ ЗАНЯТИЕ ДЛЯ ВОСПИТАТЕЛЕЙ ДЕТСКИХ САДОВ7 ОЧЕНЬ ИНТЕРЕСНАЯ РАЗРАБОТКА. НОВЫЕ ИННОВАЦИОННЫЕ ПОДХОДЫ

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Көркем әдебиет:"жеті қазынаның бірі"»

Тақырыбы: «Жеті қазынаның бірі» (Ертегіні айтып беру)


Сабақтың мақсаты:

Балаларға жеті санының киелі екенін, жеті сурет бойынша ажырату, жеті қазынаны атауға, еліне елеулі қызмет жасайтын азамат болуға, аталған ертегі бойынша қойылған сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру, ертегі бойынша анық, мәнерлі сөйлеуге үйрету.

Жаңа сөздер:

Жеті қазына, қыран бүркіт, берен мылтық.

Көрнекілік:

Жеті қазынаның суреті.интереактивті тақта

Сабақтың барысы:

Педагог: Бүгінгі күнімізді келген қонағымызға және бір – бірімізге жақсы тілек айтудан бастайық.

«Күншуақ» атты бақшаның әдепті біз баласы

Алдымен қонақпен амандасып алады.

Күннің көзі ашылып, көкке шуақ шашылсын.

Құтты қонақ келіпті,төрімізге еніпті.


Педагог: Біздің бүгінгі әңгімелейтін тақырыбымыз жеті санына байланысты.

-Балалар бір аптада неше күн бар?

  • Сендер бақшаға неше күн келесіңдер?

  • Ал неше күн демаласыңдар?

  • Сонда барлығы неше күн болады? (саусақтарымен көрсетеді).

  • Осы жеті күнді бір сөзбен жинақтап қалай атаймыз?

  • Апта күндерін атаңдар.

  • Қане,кім маған апта күндері туралы тақпақ айтып береді?

Дүйсенбіде қуана келдік бақшаға,

Сейсенбіде серуен құрдық далада.

Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп,

Бейсенбіде би биледік әндетіп.

Жұма күні шелпек жедік дәмді етіп,

Сенбі күні сейілдедік жарықта.

Жексенбіде үйде жатым дем алдық.

Сонымен жалғасады әр апта.


Балалар біздің қазақ халқы жеті санын «қасиетті киелі сан»- деп есептейді. Мысалы, айтатын болсақ, жеті ата, жеті шелпек, жеті қазына.

Байқап отырған шығарсыңдар, барлығы жеті санымен айтылады. Бүгін біз сендермен жеті қазына деп нені айтамыз және «Жеті қазынаның бірі» ертегісімен танысамыз.

(Күтпеген сәт.Топқа ақ жаулықты әже ержігіттті ертіп қонаққа келеді)

-Сәлематсыздарма балалар?Бүгін«Күншуақта» жеті қазынаға байланысты қызықты сабақ болып жатқанын естіп қонаққа келдім.Сендердің сабақтарыңызды тамашалауға келдім және өзіммен бірге жұмбақтар әкелдім.

-Жарайды,әже сіз демалып сабағымызды және балаларымыздың білімін көріңіздер.

- Кәнеки, жеті қазынаны мына суреттің көмегімен ажыратайық.

  1. Ер жігіт

  2. Әйел (бұл ана)

  3. Ақыл, білім

  4. Жүйрік ат

  5. Берен мылтық

  6. Қыран бүркіт

  7. Жүйрік тазы (ит)

  1. Ер жігіт дегеніміз – елімізді, жерімізді қорғайтын ер азамат;

  2. Әйел – ол анамыз, біздің ақылшымыз;

  3. Ақыл, білім екеуі бірге жүреді, адамзат ақылмен ойлап, біліммен оқып ізденіп, білімін толықтырып, әр нәрсені шешіп отырады;

  4. Жүйрік ат - адамзат баласын барамын деген жеріне жіткізеді. Бұрын ат болса, қазіргі кезде көлік;

  5. Берен мылтық – мылтығың болса, аш болмайсың, аң ауласаңда күніңді көресің.

  6. Қыран бүркіт – құстың мықтысы бүркітің болса, ол сенің қорғаушың, асыраушың деп есепте;

  7. Жүйрік ит – адамның досы, көмекшісі, қорғаушысы. Адамдар бұрын аң аулауға, алыс жолға шыққанда өзімен бірге алып жүрген.

(Балалар, әр қайсысын суреттен көрсетіп ажыратады). Осы жеті нәрсе адамда болса, ол адам бақытты.

Сергіту сәті: 1-де тұрайық,

2,3,4-алақанды соғайық.

Оң жаққа бұрылып,

Сол жаққа бұрылып,

Біз шынығып алайық.


Балаларға «Жеті қазынаның бірі» деген ертегіні айтып немесе оқып беруге болады.

Жеті қазынаның бірі.

Баяғыда аң патшасы арыстан қызметшісі жолбарысты шақырып ормандағы барлық аңдарды жина деп бұйырыпты. Арыстан патша әлемдегі ең қайратты, ең ақылды, әрі епті кім екенін білгісі келіпті.

Лезде арыстанның алдына аңдар жинала қалыпты. Түлкі:

  • О, әлемде теңдесі жоқ патшам! Бұл өмірде сізден қайратты, ақылды, епті жан жоқ. Сондықтан да біз сізді патша етіп сайлағанбыз! Сіздің қайырымыңыз шексіз, - депті.

Барлық аңдар өз пікірлерін айтып, ең күшті, ақылды деп арыстанды айтады.

Мақтау сөздерге мәз болған арыстан бір бұрышта құлағы салбырап, өзі маужырап жатқан итті байқайды. Итке гүрілдеп төне түседі.

  • Әй, сен мыналардың не айтып жатқанын естіп отырсың ба өзі? Неге сен үн қатпайсың? – дейді.

Ит салмақты үнмен: «Ә, сен бе едің? Неге сонша бүкіл орманды басыңа көтересің? Менің де сені мақтап, бас ұруым керек пе?» - деп тәкәппарлана сөйлейді.

Арыстан: «Ал сонда дүниедегі ең қайратты, ең ақылды, әділ әрі епті кім?»

Ит: «Мен үшін дүниедегі қайратты әрі ақылды, ол тек – адамзат!».

Арыстан одан бетер ашуланып, дереу жолбарысқа: «Ит иттігін жасап адамды мақтады. Біздің арамызда оған бұдан былай орын болмауы тиіс. Дереу армыздан алыстатыңдар!» - депті күндей күркіреп.

Бұл сөзден соң иттің мүлде көңілі қалып, олардың арасынан біржолата қол үзіп кете барған екен.

Содан бері ит адамның досы, көмекшісі болыпты. Бертін келе «Ит жеті қазынаның бірі» деген қанатты сөз қалыптасты.

(Ертегіні балаларға 1-2 рет қайталап оқып беруі керек).

  1. Ертегі қалай аталады?

  2. Ертегі қандай сөйлеммен басталады?

  3. Арыстан өзі туралы не білгісі келеді?

  4. Түлкі арыстанды қалай мақтады?

  5. Арыстан итке не деді? (Ал, сонда дүниедегі ең қайратты, ең ақылды, әділ әрі епті кім?)

  6. Ит арыстанға қандай жауап қайтарды? (Мен үшін дүниедегі қайратты әрі ақылды, ол тек - адамзат).

Осы сөздерді балалармен 2-3 рет қайталау.

  1. Неге итті «жеті қазынаның бірі» деп айтады екенбіз?

  2. Осы ертегіде арыстан, ит және түлкінің не айтқанын кім қайталап береді?

Соңында бір, екі балаға ертегіні толық әңгімелеп айтқызуға болады.

Көрдіңдер ме, балалар, «Ит – жеті қазынаның бірі» екен. Содан бері ит адамның досы, серігі, қорғаушысы болыпты.

-Балалар,сендерге мен жеті қазынаға байланысты жұмбақ жасырамын,ал сендар жауабын табыңдар.

Мінсең –желдей жүйткиді,

Көңілің таудай өседі,

Алып ұшар алысқа

«Ер қанаты» деседі (жылқы)


Адамға серік,

Күзетке берік (ит)


Тілі бар,үні жоқ,

Өзін адам түсінген

Жүрегі бар дақаны жоқ,

Сөйлеп тұрған ішінен (кітап)

Бес қаруы белінде

Самғап жүреді көгімде (бүркіт)


-Қане балалар,кім айтады кімнің үйінде күшік немесе ит бар?Күшікке арнап кім маған тақпақ айтады?

Томпаңдап ойнап жүреді

Кішкентай ғана күшігім.

Өзгелерге үреді,

Жолын тосып кісінің


-Енді жеті қазынаның бірі-ақыл-білім екенін білдік.Ал білімді болу үшін біз нені оқимыз?

-Кітапты.

-Ал ,олай болса біз қазір кітаптың суретін саламыз.

Балалар үстелдің үстіндегі бір парақ қағазға кітаптың суретін салады.

Сабақты қорытындылау.


























Көркем әдебиет


Тақырыбы: «Жеті қазынаның бірі»





Жасақтаған ересектер тобының тәрбиешісі:Оразова Әсемгүл


Мұнайлы 2022














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Көркем әдебиет:"жеті қазынаның бірі"

Автор: ОРАЗОВА ӘСЕМГҮЛ

Дата: 21.01.2022

Номер свидетельства: 598454


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства