kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Көркем әдебиет. Тақырыбы: М.Төрежановтың «Еңбегіне қарай»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ұйымдастырылған оқу қызметінің

№ 6 технологиялық картасы

 

Өткізген:Кузеубаева Ж.Ж.

Өткізу мерзімі: 08.10.2020ж

Топтың жас ерекшілігі: № 10 мектепалды даярлық тобы

Білім беру саласы: «Катынас»

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: М.Төрежановтың «Еңбегіне қарай»

Мақсаты: Балалар көркем әдебиеттің шығармаларын талдау арқылы тұлғаның әлеуметтік қасиеттерін қалыптастыру.

Міндеттері:                                                                                                                                              БМ: Шығарма мағынасын түсінуге, кейіпкерлер іс-әрекетін бағалауға, олар жайлы айтуға, сипаттама бере білуге одан әрі үйрету. Ойлау,есте сақтау,еске түсіру қабілеттерін қалыптастыру.

ДМ: Ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Көркем сөйлеу және орындау қабілеттерін дамыту.

ТМ: Адам бойына жат қасиет тілазарлықтан аулақ болып, кешірімді болуға тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Көркем әдебиет. Тақырыбы: М.Төрежановтың «Еңбегіне қарай»»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің

6 технологиялық картасы


Өткізген:Кузеубаева Ж.Ж.

Өткізу мерзімі: 08.10.2020ж

Топтың жас ерекшілігі: № 10 мектепалды даярлық тобы

Білім беру саласы: «Катынас»

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: М.Төрежановтың «Еңбегіне қарай»

Мақсаты: Балалар көркем әдебиеттің шығармаларын талдау арқылы тұлғаның әлеуметтік қасиеттерін қалыптастыру.

Міндеттері: БМ: Шығарма мағынасын түсінуге, кейіпкерлер іс-әрекетін бағалауға, олар жайлы айтуға, сипаттама бере білуге одан әрі үйрету. Ойлау,есте сақтау,еске түсіру қабілеттерін қалыптастыру.

ДМ: Ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Көркем сөйлеу және орындау қабілеттерін дамыту.

ТМ: Адам бойына жат қасиет тілазарлықтан аулақ болып, кешірімді болуға тәрбиелеу.

Қолданатын құрал - жабдық: жемісті бақ, жемістер, бақты күтетін адам - бағбан бейнеленген суреттер.

Сөздік жұмыс: бағбан, өрік – жеміс. Қөптілдік компонент: бағбан – садовник, өрік – абрикос, жеміс – фрукт.

Қызметтің кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық


Шаттық шеңбері:

Күндей жадырап 
Айдай арайлап 
Жұлдыздай жарқырап
Судай таза көңілмен 
Бүгінгі күнімізді бастаймыз.

Балалар шеңберге тұрып, тәрбиешімен бірге өлең жолдарын қайталап айтады

Ұйымдастырушылық-ізденістік


Өріктің суретіне назар аудартады.

-Балалар, бұл не?

-Орыс тілінде ол абрикос деп аталады.

-Өрік жеміс пе, әлде көкөніс пе?

-Сендер тағы қандай жемістерді білесіңдер?

-Жемісті ағаштар қайда өседі?

-Жемісті ағаштарды кім күтіп қарайды?

-Жемісті ағаштарды бағбан (қостілділік компонент) күтіп қарайды.

-Бүгін сендердің назарларына мен «Кішкентай бағбан» әңгімені ұсынамын. Оны жазған жазушы Мәдіхат Төрежанов.

Әңгімені оқиды.Мазмұны бойынша сұрақтар қояды.

«Кішкентай бағбан».

Кішкентай Арман жолда ойнап жүріп, бір өрік дәнін тауып алды. Өрік дәні үлкен екен, шағып жеуге көзі қимады. Атасына келіп:

«Осыны ексем,шыға ма?-деп сұрады. «Шыққанда қандай! Зор өрік болады. Тұқымы таза екен»,-деді атасы.

Ол әлгі тұқымды егіп, баптап тұрады.Жас шыбық әдемі болып жайқалып өсті. Екі-үш жылда балдай тәтті жеміс салды. Содан соң, ол басқа жеміс-жидек тұқымын тапса, егетін болды. Қазір бағына көр-шілер қатты қызығады. Қауын-қарбыз ұрығын да әкеліп еге бастады.

Қазір жұрт Арманды «Кішкене бағбан»деп атайды.

Сұрақтар:

1. Әңгіме қалай аталады?

2. Арман ненің дәнін тауып алды?

3. Атасына қандай сұрақ қойды?

4.Отырғызған дәні өсіп жеміс берді ме?

5. Неге жұрт Арманды «Кішкентай бағбан» деп атап кетті?

Д/ойын: «Жеміс пе, көкөніс пе?».

Шарты: тәрбиеші кезекпен жемістің немесе көкөністің суретін көрсетіп, алдымен «Жеміс пе, көкөніс пе?» деп сұрақ қояды, содан соң оны атап беруге ұсынады.



Бұл өрік.


Жемісті екі тілде атайды.

Өрік – ол жеміс.



Жемістерді атап шығады.

Бақта өседі.


Бағбан күтіп қарайды.


















Тындап отырады.






















Сұрақтарға жауап береді.









Ойын ойнады.

Рефлексиялық- түзетушілік


Біз бүгін қандай әңгімемен таныстық?

-Әңгімеде қандай кейіпкерлер бар?

-Арманды қандай бала деп айтуға болады?

-Жақсы. Әңгімені тағы да бір рет тыңдап алыңдар.

Белсенді болған балаларды мақтайды.



Сұрақтарға жауап береді.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: әңгіме мазмұнын толық жеткізуді біледі  және оны сахналай алады.

Игереді: кейіпкерлерге мінездеме беру дағдылары.

Меңгереді: әңгіменің кейіпкерлерін сомдауды меңгереді; ауызекі сөйлеу,ойын еркін жеткізу дағдысы қалыптасады.



Тексерді:

Ескерту:



Педагогикалық қолдауына мұқтаж болған балалар:


















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Көркем әдебиет. Тақырыбы: М.Төрежановтың «Еңбегіне қарай»

Автор: ЖУЛДУЗ ЖАКЫППЕКОВНА КУЗЕУБАЕВА

Дата: 08.11.2020

Номер свидетельства: 562816


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства