kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Көп-аз, теңбе-тең" қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру "Көп, аз " ұғымдарымен таныстыру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Көп-аз, теңбе-тең" қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру»

Ортаңғы «Қуыршақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізілу күні: 04.12.2018ж

Тәрбиеші: Берік А.Б

Білім беру саласы: Таным

Пән: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру

Өтпелі тақырып: «Алақай қыс келді»

Тақырыбы: Көп, аз, теңбе-тең

Мақсаты:

Тәрбиелеу: Сандарды және өлшем бірліктерін ажырата білуге тәрбиелеу.

Дамыту: Балалардың көп-аз , теңбе-тең туралы ұғымдарын қалыптастыру.

Оқыту: Көп –аз ,теңбе-теңді күнделікті өмірде қолдана білуге және осы ұғымдарды атай білуге үйрету.

Билингвалдық компонент: тең-равный, көп-много, аз-меньше

Шаттық шеңбері:

Күн күлімдеп әлемде
Күлімдейді әдемі
Төбемізде қарлығаш
Айналады әдемі
Әніміз осындай
Сәніміз осындай

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, әнді орындайды.
Ізденушілікке ұйымдастыру

Жарайсыңдар , балалар орнымызға жайғасайық.
Балалар бүгін бізге таным елінен бір - бірінен айнымайтын түрлері бірдей ағайынды қуыршақтар келіпті. Олардың ұқсастығы сондай кейде ажырата алмай қаласыңдар.
Бірақ қуыршақтардың түрлері бірдей болғанымен жас ерекшеліктері әр - түрлі.
Біздің бәріміздің өз атымыз бар, сол сияқты қуыршақтардың да аттары бар екен.
- Ең үлкені Әлия
- Ал одан кішісі Сәния
- Сәниядан кішісі Ғалия
- Ғалиядан да кішісі Жания
- Ең кішкентайы Мира екен.
Қане бәріміз қуыршақтардың атын қайталап шығайық.
- Қуыршақтардың түрлері бірдей болғанымен бойлары бірдей ма?
- Ең үлкен қуыршақты кім көрсетеді, аты кім?
- Жарайсыңдар балалар!
Қуыршақтарымыз бізге бос келмепті, жолда келе жатып алма теріпті. Міне, қараңдаршы қандай әдемі алмалар.
- Алмалардың түстері бірдей ма?
- Түстері қандай?
- Ал көлемдері бірдей ма?
- Қандай алма үлкен?
- Ал қандай алма кіші?
- Алмалардың қайсысы көп, қайсысы аз?
- Дұрыс айтасыңдар сары алмалар көп екен, ал қызыл алмалар үлкен болғанымен аз екен.
- Балалар біздің қуыршақтарымыздың айтып жүретін бір әні бар екен, сол әнді біз бәріміз айтып берейік.
Сергіту сәті.
Біз қуыршақпыз
Міне біздің қолымыз
Ал бізде, ал бізде
Таза бет орамал
Балаларға тапсырма:
1 - тапсырма:
Балалар қуыршақтар қолғаптарының сыңарын жоғалтып алыпты, соны табуға көмектесейікші.
- Жарайсыңдар балалар!
2 – тапсырма
Мына суретте нелер салынған?
- Сәбіз қандай түсті болады?
- Ал тәтті бұрыш ше?
- Ендеше сәбізіміз бен бұрышымызды бояйық.
- Балалар сәбіз көппе әлде бұрыш көппе?
3 тапсырма
- Қайсы көбірек? Тәрелке ме әлде кәмпит пе? Қайсысы азырақ?
- Енді балалар кәмпиті жоқ тәрелкелерге кәмпиттің суретін салып толықтырамыз.
Бүгін біздің ұйымдастырылған оқу іс - әрекетімізге келген қуыршақтарға ризашылығымызды білдірейік.
Мына үстел үстінде әр түрлі көлемде қуыршақтарға арналған орамалдар бар, сол орамалдарды қуыршақтарға сыйлыққа берейік.
Ең үлкен қуыршаққа қандай орамал сыйлаймыз?
Әр қуыршаққа өзіне сәйкес орамалдар беріледі.
Балалар тәрбиешімен бірге қуыршақтардың аттарын қайталайды.
- жоқ әртүрлі.
Рет - ретімен қуыршақтарды көрсетіп, атын атау.
- Жоқ
- Қызыл және сары
- Қызыл алма үлкен, сары алма кішірек
Балалар тапсырманы орындап қолғаптың сыңарын табуға көмектеседі.
Сәбіз бен тәтті бұрыш , сәбіз қызғылт сары болады
Ал бұрыш әртүрлі түсті болады.
Сәбіз 3 - еу, бұрыш 4 - еу. Бұрыш көп.
Тәрелке көбірек. Кәмпит азырақ.
Балалар тапсырманы орындайды.
Балалар үстел жанына келіп орамалдарды алады.
Үлкен қуыршаққа үлкен орамалды сыйлаймыз.

Қорытынды:

Бүгін бізге қонаққа кімдер келді?

Аттарың атап шығайықшы?

Олар нешеу?




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Көп-аз, теңбе-тең" қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Автор: Берік Айгерім Берікқызы

Дата: 17.05.2019

Номер свидетельства: 510774


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства