Сабақ тақырыбы: «Достық»
Мақсаты: Достық туралы білімдерін кеңейту.
Достардың арасындағы татулық, сыйластық, мейрімділік, кешірімділік дағдыларын дамыту.
Баланың айналасын, өзін тануына, достарын құрметтеуге, нағыз достарды тани білуге тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері. Сәлемдесу.
Қайырлы күн! Әрқашан күн сөнбесін.
Күн нұрындай жылуын төге берсін.
Күндей жарық,көңілді күй кешейік.
Бәріміз тату дос боп бөлісейік!
Сәлеметсіздер ме балалар!
- Мен сендерді көргеніме қуаныштымын!
Сабақтың барысы:
-Достық дегеніміз не?
-Дос қандай болу керек?
-Қандай адаммен дос болғың келмес еді?
-Балалар , достық сөзін қалай түсінесіңдер?
(Достық- бір-біріне құрмет көрсету,татулық,сыйластық).
-Дос көп болған жақсы ма?
-Жолдасың үшін қандай жақсы істер жасар едің?
-Қалай ойлайсың, сен жақсы дос бола аласың ба?
- Нағыз достар қандай болу керек?
Дәйек сөз:
-Өзің жақсы жолдас болсаң, досың да көп болады- деген мақал –мәтелдің мағнасын қалай түсінесіңдер.
Ойын: «Тірі суреттер»
(Жұптасып ойнау).
Ойынның барысы:
(Ым,пантомима арқылы көрсет.)
Арасынан қыл өтпейтін достар.
Достар керісіп қалды.
Достар армандауда.
Достар қызық бірдеңе ойлап тапты.
Достардың ойлағанындай шықпады.
Ой тастау: Жаман қылықтар... .
-Егер біреу сені өкпелетсе, не істер едің, қалай ойлайсың?
-Ұрыс-керіс болдырмау үшін не істеу керек, қалай ойлайсың?
-«Ер шекіспей, бекіспейді»деген сөздің мағнасын қалай түсінесіңдер?
(өмірде достар арасында түрлі жағдай бола береді, бірақ бір-біріне сенімді шын достар кешірімді келеді, достықтарын бұзбайды.)
-Нағыз достар қандай болады?
(Нағыз достар бір-бірін сыйлайтын, ренжітпейтін, алдамайтын, өтірік айтпайтын болуы керек)
Достық жыры
Дос дегенің- сырларсың,
Дос дегенің- қимасың.
Доссыз адам болмайды,
Доссыз көңіл толмайды.
Досым менің жанашыр,
Көмек берер күнде кеп.
Мен де оған ұмытпай,
Көмектесем рахмет деп .
Дәйек сөз:Адам досымен, ағаш тамырымен мықты - осы мақалды қалай түсінесіңдер.
Балалар бір-біріңді ешқашан ренжітпеңдер!
Дөңгеленіп тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Кездескенше күн жақсы,
Сау- саламат болайық-деп жаттығу соңында балалар бір-біріне жақсы тілектер айтып қоштасады.