kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект урока для средней группы по теме: "Жабайы а?дар"

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза? тілі м??алімі : М?ратова С.К.

О?у іс-?рекетін ?йымдастыруды? технологиялы? картасы

Білім сапасы: ?атынас
Білім б?лімі: Тіл дамыту
Саба?ты? та?ырыбы: Жабайы а?дар. ?оянмен таныстыру
Ма?саты: Балаларды а?дарды? атын д?рыс атау?а жатты?тыру ж?не оларды? тіршілік ететін ортасы туралы т?сініктерін бекіту.
Білімділік: ?оянмен таныстыру. ?оян?а деген с?йіспеншілік сезімдерін ояту.
Дамытушылы?: с?ра?-жауап ар?ылы тіл байлы?ын, ойлау ?абілеттерін дамыту.
Т?рбиелік: а?дарды ?ор?ау?а, ?ам?орлы? жасау?а т?рбиелеу.
?діс-т?сілдер: т?сіндіру, с?ра?-жауап, ойын ж?не мада?тау.
К?рнекілік: ойыншы?тар, к?рнекіліктер

Мотивациялы? ?оз?аушы: — С?леметсі?дер ме балалар, ?андай керемет к?н! Б?л к?нді жа?сы, ?уанышты к??іл- к?ймен ?ткізу ?шін сендерді шаттыы? ше?беріне ша?ырамын. Осы ше?берде бір-бірімізге г?л шо?ын сыйлай отырып, жа?сы тілек білдірейік.
Іздену-?йымдастырушы: саба? с?ра?-жауаптан басталады.

Сергіту с?ті: Шымыршы?
?й, шымыршы?, шымыршы?
Аю ?алай ж?реді
Міне былай-міне былай ж?реді
?й, шымыршы?, шымыршы?
Т?лкі ?алай ж?реді
Міне былай ж?реді
Міне, былай, міне былай ж?реді (?ас?ыр, ?оян ?алай ж?реді к?рсету)

Енді есікті ты?ылдатып ?оян кіреді.
Т?рбиеші: ?ара?даршы балалар бізге ?она??а жабайы а? келді
— Бізге ?она??а ?оян келіпті
— С?леметсі?дер ме балалар? ?оян ма?ан ??ла?ыма сыбдырлады. Балалар мен туралы не біледі екен? Соны ты?дау?а келдім дейді.
Т?рбиеші: Ойыншы? ?оянды к?рсетіп, ?оян туралы ??гімелеседі. ?оян—жабайы а?. Оны? денесі ?зын, иілгіш, ?ар?у?а, секіруге, икемді, ??йры?ы ?ыс?а. ?зын ??ла?тары дыбысты жа?сы сезеді. К?зі ма?дайына ?арай жо?ары орналас?ан, сонды?тан да мойнын б?рмай-а? ма?айын жа?сы к?реді. ?ыста оны? с?р ж?ніні? орнына ?ардай аппа? ж?н ?седі. Ол секіріп ойнайды, ш?пті, с?біз жегенді ?натады. Т?рбиеші балалар?а ж?мса? ойыншы? ?оянды алып, оны сипап сезу ар?ылы жылы с?здер айт?ызып, сипат?ызады. Балалар ?оян?а деген с?йіспеншілік сезімдерін ояту барысында оны? с?йкімділігіне, ж?нні? ж?мса?, мамы?ты?ына, дене ??рылысына назарларын аударады.

Мынау ?оян, ?оянны? т?сі а?, ж?ні ж?мса?, ??ла?ы ?зын.
«?оянны? ??ла?ы неге ?зын?» ертегісі.
?оян орман патшалы?ында т?ратын достарын ту?ан к?ніне ша?ырды. ?йін т?рлі ?демі г?лдермен безендірді. ?оян ту?ан к?ніне арнап ?демі к?йлегін киді. Ол ту?ан к?ніне Кірпіні, Т?лкіні, ?ас?ырды, Аюды ша?ырды.
— Ту?ан к?ні? ??тты болсын, А? ?оян!-деп, кірпі бірінші келді. Ол ?оян?а шырша жа??а?тарын ?келді.
— ?йі? ?андай жылы, к?йлегі? ?андай ?демі-деп Т?лкі келеді. Ол с?біз ?келді. Бауырым ?оян, ту?ан к?ні? ??тты болсын!-деп, ?ас?ыр бір шо? раушан г?лін ?сынды.
— Аю неге кешікті-деп, т?ртеуі бір-біріне ?арады.
— Біраздан со? со? есік сыртынан ты?ыр естілді. Аю кешіккеніне кешірім с?рап, ?оян?а арнап бал ?келді.
— Ту?ан к?ні? ??тты болсын!-деп, ?оянны? ??ла?ын созып тартады. ?оянны? ??ла?ы лезде ?амыстай ?ал?иып, ?зарып кетті. Содан бері ?оянны? ??ла?ы ?зын екен.
— ?оянны? ту?ан к?ніне «?ояндар» биі
— Ал, балалар кім ?оян туралы та?па?тар біледі?

Сергіту с?ті: «С?р ?оян»
?зын ??ла?, с?р ?оян
Естіп ?алып сыбдырды
Ойлы-?ырлы жерлермен
Ыт?ып-ыт?ып ж?гірді
?арап еді артына
?иы?ын сап к?зіні?
Келе жат?ан томпа?дап
К?жегі екен ?зіні?.

Тосын сый «Алая? т?лкі»
(торт ?рлау)
Ж?мба?тар:
Далада ж?р шап?ылап
Керемет тым са???ла?
Тек есектен бас?ада,
О?ан ??сар жо? ??ла?. (?оян)

?ыс бойын жатады
Т?тті ?й?ы?а батады (аю)

?зі айлакер, ?зі ?у
Ж?рген жері, ай?ай шу (т?лкі)

Тілді жатты?тыру:
ян-ян-ян-секе?деген а? ?оян
ю-ю-ю-?орба?да?ан аю
кі-кі-кі-б?л айлакер т?лкі
?ыр-?ыр-?ыр-б?л к?кжал ?ас?ыр.

«А? ?оян» ?имылды ойыны. Балалар ше?берде т?рып, бір бала ?оян болып отырады. Балалар ше?берді айнала ж?ріп, та?па? айтады.
А??оян-ау, а??оян
Орны?нан т?рса?шы
Беті?ді жуса?шы
Айна?а ?араса?шы шашы?ды тараса?шы
?й-?й к?йлек кисе?ші
Біреуді? ?олын ?зсе?ші-дегенде, ?оян бол?ан бала та?па?та?ы айтыл?ан ?имылды т?гел істеп, ?ле? бітісімен ж?гіріп барып,ше?бердіб?зу?а тырысады. Егер бала ше?берді ?зсе, ?зі ше?берге ?осылып т?рады. ?зілген ?олды? о? жа?ынанда?ы бала ?оян болады.
Рефлексивті коррециялушы:
Жа?сы балалар, ?оян сендерге к?п рахмет айтады. ?зі туралы к?п білетіндері?е ?уанып отырмын.
?оян: сендерге к?п рахмет. Мен туралы к?п біледі екенсі?дер, ?уанып т?рмын.

?оян ж?н, ??ла?ы. Немен ?оректенеді. Б?гінгі саба??а би ?йрендік. Ж?мба? шештік. Ойын ойнауды?. Белсене ?атыс?андар марапатталады.
Белсене ?атысып отыр?ан балаларды мада?тау.

К?тілетін н?тиеже:
Аю, ?оян, т?лкі, ?ас?ыр-жабайы а?дар
Жабайы а?дар орманда тіршілік етеді.
?оян жылдам, са?, ?ор?а?.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конспект урока для средней группы по теме: "Жабайы а?дар"»

Қазақ тілі мұғалімі : Мұратова С.К.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың технологиялық картасы

Білім сапасы: Қатынас
Білім бөлімі: Тіл дамыту
Сабақтың тақырыбы: Жабайы аңдар. Қоянмен таныстыру
Мақсаты: Балаларды аңдардың атын дұрыс атауға жаттықтыру және олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін бекіту.
Білімділік: Қоянмен таныстыру. Қоянға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Дамытушылық: сұрақ-жауап арқылы тіл байлығын, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: аңдарды қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын және мадақтау.
Көрнекілік: ойыншықтар, көрнекіліктер

Мотивациялық қозғаушы: — Сәлеметсіңдер ме балалар, қандай керемет күн! Бұл күнді жақсы, қуанышты көңіл- күймен өткізу үшін сендерді шаттыық шеңберіне шақырамын. Осы шеңберде бір-бірімізге гүл шоғын сыйлай отырып, жақсы тілек білдірейік.
Іздену-ұйымдастырушы: сабақ сұрақ-жауаптан басталады.

Сергіту сәті: Шымыршық
Әй, шымыршық, шымыршық
Аю қалай жүреді
Міне былай-міне былай жүреді
Әй, шымыршық, шымыршық
Түлкі қалай жүреді
Міне былай жүреді
Міне, былай, міне былай жүреді (қасқыр, қоян қалай жүреді көрсету)






Енді есікті тықылдатып қоян кіреді.
Тәрбиеші: Қараңдаршы балалар бізге қонаққа жабайы аң келді
— Бізге қонаққа қоян келіпті
— Сәлеметсіңдер ме балалар? Қоян маған құлағыма сыбдырлады. Балалар мен туралы не біледі екен? Соны тыңдауға келдім дейді.
Тәрбиеші: Ойыншық қоянды көрсетіп, қоян туралы әңгімелеседі. Қоян—жабайы аң. Оның денесі ұзын, иілгіш, қарғуға, секіруге, икемді, құйрығы қысқа. Ұзын құлақтары дыбысты жақсы сезеді. Көзі маңдайына қарай жоғары орналасқан, сондықтан да мойнын бұрмай-ақ маңайын жақсы көреді. Қыста оның сұр жүнінің орнына қардай аппақ жүн өседі. Ол секіріп ойнайды, шөпті, сәбіз жегенді ұнатады. Тәрбиеші балаларға жұмсақ ойыншық қоянды алып, оны сипап сезу арқылы жылы сөздер айтқызып, сипатқызады. Балалар қоянға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту барысында оның сүйкімділігіне, жүннің жұмсақ, мамықтығына, дене құрылысына назарларын аударады.

Мынау қоян, қоянның түсі ақ, жүні жұмсақ, құлағы ұзын.
«Қоянның құлағы неге ұзын?» ертегісі.
Қоян орман патшалығында тұратын достарын туған күніне шақырды. Үйін түрлі әдемі гүлдермен безендірді. Қоян туған күніне арнап әдемі көйлегін киді. Ол туған күніне Кірпіні, Түлкіні, Қасқырды, Аюды шақырды.
— Туған күнің құтты болсын, Ақ қоян!-деп, кірпі бірінші келді. Ол қоянға шырша жаңғақтарын әкелді.
— Үйің қандай жылы, көйлегің қандай әдемі-деп Түлкі келеді. Ол сәбіз әкелді. Бауырым Қоян, туған күнің құтты болсын!-деп, Қасқыр бір шоқ раушан гүлін ұсынды.
— Аю неге кешікті-деп, төртеуі бір-біріне қарады.
— Біраздан соң соң есік сыртынан тықыр естілді. Аю кешіккеніне кешірім сұрап, Қоянға арнап бал әкелді.
— Туған күнің құтты болсын!-деп, Қоянның құлағын созып тартады. Қоянның құлағы лезде қамыстай қалқиып, ұзарып кетті. Содан бері Қоянның құлағы ұзын екен.
— Қоянның туған күніне «Қояндар» биі
— Ал, балалар кім қоян туралы тақпақтар біледі?

Сергіту сәті: «Сұр қоян»
Ұзын құлақ, сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің.

Тосын сый «Алаяқ түлкі»
(торт ұрлау)
Жұмбақтар:
Далада жүр шапқылап
Керемет тым саққұлақ
Тек есектен басқада,
Оған ұқсар жоқ құлақ. (қоян)

Қыс бойын жатады
Тәтті ұйқыға батады (аю)

Өзі айлакер, өзі қу
Жүрген жері, айқай шу (түлкі)

Тілді жаттықтыру:
ян-ян-ян-секеңдеген ақ қоян
ю-ю-ю-қорбаңдаған аю
кі-кі-кі-бұл айлакер түлкі
қыр-қыр-қыр-бұл көкжал қасқыр.

«Ақ қоян» қимылды ойыны. Балалар шеңберде тұрып, бір бала қоян болып отырады. Балалар шеңберді айнала жүріп, тақпақ айтады.
Аққоян-ау, аққоян
Орныңнан тұрсаңшы
Бетіңді жусаңшы
Айнаға қарасаңшы шашыңды тарасаңшы
Әй-әй көйлек кисеңші
Біреудің қолын үзсеңші-дегенде, қоян болған бала тақпақтағы айтылған қимылды түгел істеп, өлең бітісімен жүгіріп барып,шеңбердібұзуға тырысады. Егер бала шеңберді үзсе, өзі шеңберге қосылып тұрады. Үзілген қолдың оң жағынандағы бала қоян болады.
Рефлексивті коррециялушы:
Жақсы балалар, қоян сендерге көп рахмет айтады. Өзі туралы көп білетіндеріңе қуанып отырмын.
Қоян: сендерге көп рахмет. Мен туралы көп біледі екенсіңдер, қуанып тұрмын.

Қоян жүн, құлағы. Немен қоректенеді. Бүгінгі сабаққа би үйрендік. Жұмбақ шештік. Ойын ойнаудық. Белсене қатысқандар марапатталады.
Белсене қатысып отырған балаларды мадақтау.

Күтілетін нәтиеже:
Аю, қоян, түлкі, қасқыр-жабайы аңдар
Жабайы аңдар орманда тіршілік етеді.
Қоян жылдам, сақ, қорқақ.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Конспект урока для средней группы по теме: "Жабайы а?дар"

Автор: Муратова Саягул Канапиевна

Дата: 30.01.2016

Номер свидетельства: 285420


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства