kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект на тему "таби?ат аясында"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Орта??ы топ, ?йымдастырыл?ан  о?у  іс-?рекеті.

Білім  сапасы: ?атынас.

Б?лімі:             К?ркем ?дебиет:

Та?ырыбы:    «Таби?ат аясында».

Ма?саты:  Балаларды   таби?атта   болатын   ??былыстарды   танып  оны  тере?   сезінуге т?рбиелеу.  ?рбір   заттармен  ??былыстарды   ?ле?,  та?па?,  ертегілер  ар?ылы  сипаттап ж?не ж?мба?  жасырып, оны  шешуге  сол  ар?ылы  балаларды?   с?здік    ?орын    дамыту к?зделеді. Таби?атты  аялау?а,  ?ор?ау?а, таби?атта?ы  ?семдікті   сезінуге   т?рбиелеу.

?олданылатын к?рнекілік, Б?лт пен найза?ай кейіпкері, суретті ?лгі

С?здік ж?мыс;  сылдыр, ?лпілдек, ?иыршы?, м?лдір, ?йнек.

?рекетті туындату.  Эксперимент  ж?ргізу  барысында    ?орша?ан   таби?ат  заттарымен таныстыру ?шін «Су- тазалы? негізі» та?ырыбында балалар?а ?здеріні? к?нделікті ?мірде кездесіп    пайдаланып   ж?рген    суды?   ?андай   ?асиеті   барын   ??ындыру, оны   ?немі пайдалану?а, таза ?стау?а т?рбиелеу.

Саба? барысы: «Жыл мезгілдері»  диафильмін  к?руден   басталады.  Балалар  суды?  ?лі таби?ат?а   жататынын,   с?йы?ты?ы,  т?ссіздігі, т.б.  ?асиеттерін  ??гімелеп  айтып береді. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конспект на тему "таби?ат аясында"»

ШҚО Семей қаласы.

ЖОББ №7 мектеп лицейі КММ

Шағын орталық.

Тәрбиеші:

Мұсамағамбетова. К.К.


Ортаңғы топ, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті.


Білім сапасы: Қатынас.

Бөлімі: Көркем әдебиет:

Тақырыбы: «Табиғат аясында».

Мақсаты: Балаларды табиғатта болатын құбылыстарды танып оны терең сезінуге тәрбиелеу. Әрбір заттармен құбылыстарды өлең, тақпақ, ертегілер арқылы сипаттап және жұмбақ жасырып, оны шешуге сол арқылы балалардың сөздік қорын дамыту көзделеді. Табиғатты аялауға, қорғауға, табиғаттағы әсемдікті сезінуге тәрбиелеу.


Қолданылатын көрнекілік, Бұлт пен найзағай кейіпкері, суретті үлгі

Сөздік жұмыс; сылдыр, үлпілдек, қиыршық, мөлдір, әйнек.


Әрекетті туындату. Эксперимент жүргізу барысында қоршаған табиғат заттарымен таныстыру үшін «Су- тазалық негізі» тақырыбында балаларға өздерінің күнделікті өмірде кездесіп пайдаланып жүрген судың қандай қасиеті барын ұғындыру, оны үнемі пайдалануға, таза ұстауға тәрбиелеу.

Сабақ барысы: «Жыл мезгілдері» диафильмін көруден басталады. Балалар судың өлі табиғатқа жататынын, сұйықтығы, түссіздігі, т.б. қасиеттерін әңгімелеп айтып береді.

Тәрбиеші: А.Меңжанованың «Тазалықтың досы» өлеңін оқиды:

Сылдырлайды мөлдір су

Мөлдір суға қолың жу.

Жуынсаң сен әрдайым

Әппақ бетің маңдайың

Су – дегенің осы.

Тәрбиеші балаларға қандай сөздер қолданып, сөйлем құрау мүмкіндіктерін байқау үшін бірнеше сұрақтар қойып, тапсырмалар орындатады.

- Сендер табиғаттың қандай құбылыстарын білесіңдер?

- Жаңбыр, бұлт, найзағай, жел, қар, боран.

- Жаңбырдың қандай пайдасы бар?

- Гүлдер, саңырауқұлақтар өседі, жемістерге пайдалы.

- Жарайсыңдар балалар! Дұрыс айтасыңдар.

(Музыка әуені естіледі; қонаққа «Бұлт» келеді. Бұлт ашулы кейіппен.)

- Мен болмасам жаңбыр қалай жауады. Мені неге айтпайсыңдар – деп алай- дүлей жүгіреді.

Тәрбиеші – Бұл кім болды екен балалар.

Бұлт – Мен сендерге жұмбақ айтамын шешуін тапсаңдар мен сол жұмбақ иесі боламын.

1 Зәулімде тұрағы

Тіреусіз тұрады. (Бұлт)

2 Аспандағы көлеңке,

Жерге суын шашады. (Бұлт)

Балалардың жауабы айтылады.

Бұлт – Мен аспанда қалықтаған, үлпілдек ақша бұлтпын. Менің бойымда біртіндеп су тамшылары жиналады, соңынан жаңбыр жауар қара бұлтқа айналамын. Кенет есік тарс –тұрыс етіп найзағай келеді.

Найзағай; - Е, Бұлт досым осында екенсің ғой. Мен сені іздеп таба алмай жүрмін.

(Әдемі әуен естіледі жел соғып бұлт пен найзағайды аспанға ұшырып әкетеді)

Тәрбиеші – Жел қандай екен балалар, жел туралы қандай тақпақ білесіңдер?

Балалар – Жел өте мықты. Ауладағы көп ағаш

Тербеледі желменен.

Сары, жасыл жапырақ

Құс секілді ұшады.


Тәрбиеші балаларды қолшатырға шақырады. (Кенет жаңбыр жауып күн күркірейді).

Сәлден соң «Күн» шығып, кемпірқосақ көрінеді. Балалар шатыр астынан шығып «Жау –жау жаңбыр» өлеңін айтады.

Тәрбиеші: - Кім табиғат құбылыстары жайында жұмбақ айтады.

Балалар: - Жел соғып еді қауымдап,

Құйып кетті сауылдап. (Жаңбыр)

Жарқ етсе, сабау қамшы,

Төгіліп жауар тамшы. (Найзағай)


Келістіріп өрнегін,

Құрып қойды өрмегін. (Кемпірқосақ)


Тәрбиеші: - Балалар қай мезгілде күн суытып жаңбыр көп жауады?

Балалар: - Күз мезгілінде жаңбыр жиі жауады.

Тәрбиеші: - Су қатып, мұзға айналды. Аспандағы бұлттан қар жауды. Бұл қай мезгіл?

Балалар: - Қыс мезгілі.

Содай-ақ қар мен мұзды салыстыруға байланысты сұрақтар қойып, балалардың еркін сөйлеуге мүмкіндік жасау.

- Қар мен мұзды салыстыр.

- Қар ақ, жұмсақ, үлпілдек,суық, қиыршық, т.б.

- Мұз қатты, мөлдір, әйнек сияқты, т.б. жаңа сөздер пайдаланылады.

Тәрбиеші: - Мұз қайдан пайда болады?

Балалар: - Су қатады, мұзға айналады.

Тәрбиеші: - Қар қайдан пайда болады?

Балалар нақты жауап бермегенімен, жобалап мұз бен қардың судан пайда болатыны жайында түсініктері барын көрсетті. Балаларға қар мен мұз туралы тапсырма бергенде олар: Қардың қиыршықтары әр түрлі болады. Қар жауған күні із жақсы көрінеді.Мен мұзда коньки тептім. Мұздың беті жылтыр. т.б. Сөйлемдер құрастырды.


Сабақ қортындысы: Балалардың сөздік қорын мөлайту мақсатымен тірек сөздер беріп, сөйлем құрастырып байқау. Осы тұста жаңбыр, су, бұлақ, өзен деген сөздер негізінде түрлі сөйлем құралады.

Сабақтың соңында өтілген тақырып бойынша ақ қағаз бетіне жаңбырдың, қардың, мұздың суретін салады. Көрме ұйымдастыру.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Конспект на тему "таби?ат аясында"

Автор: Мусамагамбетова Кумисбала Кайсахановна

Дата: 05.01.2016

Номер свидетельства: 272629


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства