kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспекта урока "Та?ырыпты? саба?"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: «Су – ?мір н?рі»

 Ма?саты:  Су ж?не оны? ма?ызы туралы білімдерін тере?дету.

Білімділік: Су –тіршілік к?зі екенін, пайдасы, ма?ызы, ?асиеті туралы білімдерін ке?ейту.

т?жірибе жасау барысында ба?ыла?ышты?, д?м сезу да?дыларын жетілдіру.

?орша?ан ортаны ?ор?ау, суды ластамау?а, ??ыптылы??а, жина?ылы??а т?рбиелеу.

Саба?ты? к?рнекілігі:суреттер, су, с?т, ?асы?, бояу т?рлері, шырын, т?тікше, ж?мырт?а, т?з, стакан, ?ар, м?з, бу

?олданылатын ?дістер: т?сіндіру, с?ра? – жауап, ойын, к?рсету, т?жірибелер, суреттерді ??растыру.

Саба?ты? барысы

?йымдастыру кезе?і:

«Жылулы? ше?бер»

Самал жел бізді желдетші,

К?н н?ры бізді жар?ырат.

Таза ауа дем берші,

М?лдір су бізді сал?ындат.

Балалар, «су» деген с?зді естігенде кезде к?з алдарына е? алдымен не елестейді?  (балаларды? жауаптары ты?далады)        -Д?рыс айтасы?дар арине. Суды адамдар не ?шін пайдаланады?           Жануарлар мен ?сімдіктерге не ?шін ?ажет? (балалар ?з ойларын орта?а салады). Ал суды? пішіні болады ма? (тарелкага суды ??йып к?рсету) ?те д?рыс, жарайсы?дар! Ал енді мен сендерге ж?мба? жасырайын.

Ал сендер су?а байланысты ?андай ма?ал-м?телдер билесі?дер?

Суды?да с?рауы бар.

Су анасы — б?ла?,

С?з анасы — ??ла?.

Суды? жолын ??м б?гер,

Ерді? жолын с?м б?гер.

Сумен ойнама — батарсы?,

Отпен ойнама — жанарсы?.

Т?нгі су — ну, к??дізгі су — бу.

Ж?мба?тар: (жауабын тап?ан бала сол суреттерді та?та?а іледі)

1 Д?міде жо?, т?сі жо?,

Пайдаланбас кісі жо?.  (Су)

2 Монша?ым к?кті?,

Тестім т?бін ш?птін.  (Тамшы)

3 К?з жасын т?гіп елжіреп,

Ж?реді к?кте к?лбіреп,

Жел ?уса кетер селдіреп. 

Т?рбиеші: — Міне осыларды? барлы?ы сумен байланысты. Балалар  ал сендер білесі?дер ме су ?айдан, ?алай пайда болатынын?  (балаларды? жауаптары ты?далады) Д?рыс айтасы?дар. Ендеше мен сендерге толы?ыра? т?сіндіре кетейін.

Су ?мір бойы айналымда болады. Ол жа?бырмен жерге т?седі, ары? болып а?ып, ?зенді ??райды, ал содан кейін ?айтадан к?н шуа?ымен бу болып аспан?а к?теріліп, жер бетіне жа?быр болып, ?айта оралады. Жа?бырдан а??ан кішкентай сулар бірігіп, жыл?алар болып, ?лкен те?із ??райды.

Таби?атта?ы суды? айналымы туралы сызба н?с?асы

(Балалардан сызбаны ?айтадан ?айталат?ызып с?рау) Ал, енді сендермен бірігіп бірнеше  т?жірибелер ж?ргізіп к?рейік.

«Суда д?м жо?» т?жрибе

? Балалар т?тікше ар?ылы су ішіп к?реді. Онда д?м бар ма? Олар?а салыстыру ?шін шырынны? д?мін к?рулерін ?сынады. Су?а ?ант ?осып, д?мінде ?згертуге болады. Балалар ?з ойларын айтады, неліктен суды? д?мі ?згергендігін.

сергіту с?ті

Ал, балалар т?райы?, мойнымызды б?райы?,

?олымызды созайы?, су ішінде ?алы?тап,

?ане, ж?зіп алайы?,

О??а бір, сол?а бір ?арап, денемізді б?райы?. (12 слайд)

Ал, балалар жа?а ?ана біз сендермен ж?мба?тарды? жауабын шештік, бірнеше т?жірибелер жасады?.

Саба?ты ?орытындылау:  

Сонымен балалар, б?гі?гі саба?та не туралы айтылды?

Жер бетінде су ?андай к?йде кездеседі?

Су ?айдан пайда болады екен?

Сендермен бірге ?андай т?жірибелер жасады??

Суды? пішіні болмайды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конспекта урока "Та?ырыпты? саба?"»

Сабақтың тақырыбы: «Су – өмір нәрі»

 Мақсаты:  Су және оның маңызы туралы білімдерін тереңдету.

Білімділік: Су –тіршілік көзі екенін, пайдасы, маңызы, қасиеті туралы білімдерін кеңейту.

тәжірибе жасау барысында бақылағыштық, дәм сезу дағдыларын жетілдіру.

Қоршаған ортаны қорғау, суды ластамауға, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:суреттер, су, сүт, қасық, бояу түрлері, шырын, түтікше, жұмыртқа, тұз, стакан, қар, мұз, бу

Қолданылатын әдістер: түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, көрсету, тәжірибелер, суреттерді құрастыру.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі:

«Жылулық шеңбер»

Самал жел бізді желдетші,

Күн нұры бізді жарқырат.

Таза ауа дем берші,

Мөлдір су бізді салқындат.

Балалар, «су» деген сөзді естігенде кезде көз алдарына ең алдымен не елестейді?  (балалардың жауаптары тыңдалады)        -Дұрыс айтасыңдар арине. Суды адамдар не үшін пайдаланады?           Жануарлар мен өсімдіктерге не үшін қажет? (балалар өз ойларын ортаға салады). Ал судың пішіні болады ма? (тарелкага суды құйып көрсету) Өте дұрыс, жарайсыңдар! Ал енді мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Ал сендер суға байланысты қандай мақал-мәтелдер билесіңдер?

Судыңда сұрауы бар.

Су анасы — бұлақ,

Сөз анасы — құлақ.

Судың жолын құм бөгер,

Ердің жолын сұм бөгер.

Сумен ойнама — батарсың,

Отпен ойнама — жанарсың.

Түнгі су — ну, күңдізгі су — бу.

Жұмбақтар: (жауабын тапқан бала сол суреттерді тақтаға іледі)

1 Дәміде жоқ, түсі жоқ,

Пайдаланбас кісі жоқ.  (Су)

2 Моншағым көктің,

Тестім түбін шөптін.  (Тамшы)

3 Көз жасын төгіп елжіреп,

Жүреді көкте көлбіреп,

Жел қуса кетер селдіреп. 

Тәрбиеші: — Міне осылардың барлығы сумен байланысты. Балалар  ал сендер білесіңдер ме су қайдан, қалай пайда болатынын?  (балалардың жауаптары тыңдалады) Дұрыс айтасыңдар. Ендеше мен сендерге толығырақ түсіндіре кетейін.

Су өмір бойы айналымда болады. Ол жаңбырмен жерге түседі, арық болып ағып, өзенді құрайды, ал содан кейін қайтадан күн шуағымен бу болып аспанға көтеріліп, жер бетіне жаңбыр болып, қайта оралады. Жаңбырдан аққан кішкентай сулар бірігіп, жылғалар болып, үлкен теңіз құрайды.

Табиғаттағы судың айналымы туралы сызба нұсқасы







(Балалардан сызбаны қайтадан қайталатқызып сұрау) Ал, енді сендермен бірігіп бірнеше  тәжірибелер жүргізіп көрейік.

«Суда дәм жоқ» тәжрибе

● Балалар түтікше арқылы су ішіп көреді. Онда дәм бар ма? Оларға салыстыру үшін шырынның дәмін көрулерін ұсынады. Суға қант қосып, дәмінде өзгертуге болады. Балалар өз ойларын айтады, неліктен судың дәмі өзгергендігін.

сергіту сәті

Ал, балалар тұрайық, мойнымызды бұрайық,

Қолымызды созайық, су ішінде қалықтап,

Қане, жүзіп алайық,

Оңға бір, солға бір қарап, денемізді бұрайық. (12 слайд)

Ал, балалар жаңа ғана біз сендермен жұмбақтардың жауабын шештік, бірнеше тәжірибелер жасадық.

Сабақты қорытындылау:  

Сонымен балалар, бүгіңгі сабақта не туралы айтылды?

Жер бетінде су қандай күйде кездеседі?

Су қайдан пайда болады екен?

Сендермен бірге қандай тәжірибелер жасадық?

Судың пішіні болмайды.







































№ 9 жалпы орта білім беретін мектеп









Сабақтың тақырыбы: «Су – өмір нәрі»

Мектепалды тобы







































Тақырыбы: Дәрумендер - денсаулық кепілі
Мақсаты: Балаларға дәрумендердің ағзадағы рөлі және дәрумендер жетіспегеннен болатын аурулар, көкөністердің пайдасы туралы білімдерін жетілдіру мақсатында ізденуге, тез ойлауға, алғырлыққа, тапқырлыққа баулу.
Көрнекілігі: көкөніске толы себет, газет «Денсаулық және көкөніс»
Сабақтың барысы

Балалар бүгін біздер көптеген дәрумендер туралы айтамыз.олар біздің ағзамызға қандай пайдасы бар.Адамдар дәрумендерді дәріханалардан сатып алғаннан көрі,оны пайдалы тағамдарды жеп солардан құнар алған жақсы.

Енді жұмбақтарды шешіп көрейік

Іші сары, сырты қатты,
Дәні – дәрі, дәмі тәтті.
Пісіріп жесең ас - тамақ,
Оның аты – (асқабақ).

Домалаған дәу өзі,
Құшағыңа сыймайды.
Күзге дейін бақшада,
Суық түсе жинайды.
(Орамжапырақ )
Дәмді болсын десең
Орамжапырақты егер,
Жаздай суар оны,
Жатпасын шөлдеп бекер.
Орамжапырақ та сенің
Еңбегіңді өтер.

Деп орамжапырақ пен асқабақ айтысып қалыпты
Орамжапырақ: – Сен керемет емессің, бірақ мақтана бер, асқабақ. Мен де кішкентай емеспін, бәріне де белгілімін.
Асқабақ: – Онда неге сені бұлай атаған?
Қияр келеді.
Қияр: – сопақшы көк өңім бар,
Пайдалы, мөлдір сөлім бар.
Піскен кезде жиярсың,
Менің атым – қиярмын.
Қазір ұзын сабағым
Жан – жағыма тарайды.
Қол ұстасқан баладай,
Бақшаны алып барады.
- Әрине, басқа көкөністерге қарағанда мен дәрумендерге бай емеспін, сонда да мен сүйікті көкөніспін. Қыста да, жазда да бармын.





Қызанақ келеді.
Қызанақ: – Немене бәрің оны ренжіте бересіңдер? Мен де кішкентай болсам да адамдарға пайдалымын.
Асқабақ: – сен де мақтанғың келіп тұр ма?
Қызанақ: – Жо – жоқ, мен өзімнің отаным Перуді мақтан тұтамын. Көптеген дәрумендерге баймын, мәселен, А дәрумені жетіспесе адам ағзасы өсуі баяулайды.
Әсем, нәзік көріктімін,
Көктей жеуге болмайды.
Салатқа мені қосқанда
Қияр қасымнан қалмайды.
Қып – қызыл боп пісемін,


Сәбіз: – Сары, дәмді, ұзынмын,
Жер астында тығылған.
Тартсаң шыға келемін,
Өсіп тұрған бұрымнан.
Күзде қазып аласыз,
Тамаққа да саламыз.
Егер мені көп жесең,
Биік, ұзын боласыз.
Сәбізде дәрумендер – витаминдерге өте бай. А, В, С, К, Д, Е, сонымен қоса микроэлементтер де бар, кобальт, темір, йод, мысқа да бай. Садат– Барлығың да дәмдісіңдер,

Сөйтіп барлық жеміс жидектер, көкөністер өздерінің адамдарға беретін пайдасы туралы айтады
Шырқап айтар әнімсіңдер.
Көз тоймайтын кереметтер,
Дастарханның сәнісіңдер!
Ән: «Дастархан»
Мұғалім: – «Бірінші байлық – денсаулық» деген халық мақалы бекер айтылмаса керек. Адам баласы ерте заманнан – ақ денсаулық үшін күрес жүргізіп келеді. Осымен «Дәрумендер – денсаулық кепілі» деп аталатын қойылымымыз аяқталды. Сіздерге көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет айта отырып, зор денсаулық және дастархандарыңызға көкөністерге толы болсын демекпін! Кешімізді әртүрлі сайыстармен жалғастырамыз.
«Сурет» сайысы
Ойын «Кім көп ойлап табады?» сайысы (Көкөністерді ұстап атын айтқызу, көзі байлану керек.).



























№ 9 жалпы орта білім беретін мектеп











Тақырыбы: Дәрумендер - денсаулық кепілі

Мектепалды тобы































Ъ

Сабақтың тақырыбы: « Сіріңке -ойыншық емес»

Сабақтың мақсаты:

1) Оқушыларға оттың пайдасы мен зияны туралы түсіндіру.

2) Сөйлеу тілін, ойлау дағдысын, дүниетанымын кеңейту.

3) Отпен ойнамауға, үлкеннің тілін алуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: сюжетті суреттер

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ – жауап, сурет салу.

Өтілу барысы:

І. Ұйымдастыру

Балалар, біз бүгінгі сабағымызда сендермен сіріңкенің пайдасы мен зияны туралы айтпақшымыз.

Тақтамен жұмыс.

Мына суреттен нені көріп тұрсыңдар?

Отты.

Ал, балалар, оттың қандай пайдасы бар?

Отпен тамақ істейміз, үйімізді жылытамыз.

Ал, енді оттың зияны туралы не білеміз?

От қатты лаулап жанса, өрт болуы мүмкін. Өрттің кесірінен қаншама адамдар үйінен, тіпті өмірінен айырылып қалуы мүмкін.

Жұмбақ шешу.

- Ал енді, мен сендерге мынадай жұмбақтар жасырамын. Кім шешуін табады екен? Ойланып, жауап берейік.

Бір нәрсе төрт бұрышты білесіз бе?

Жаны жоқ қимылдауға денесінде.

Ішінде жансыз шоқпар тығулы тұр,

Қажетін кешке жақын білесіз де. (сіріңке)

Жаурағанды күлдірер,

Аяғы жоқты жүргізер.

Өз еркіне жіберсең,

Дүниені бүлдірер. (от)

Үй үстінде ақ аю билейді. (түтін)

Ситуациялар шешу. (көрініс түрінде көрсету)

- Бақдәулеттің ата – анасы жұмыста болатын. Ол үйде жалғыз қалды. Бір кезде оған досы Қаршыға келді.

- Бақдәулет не істеп отырсың?

- Сабақ қарап отырмын.

- Сабақты қайтесің, одан да екеуіміз ойнайық.

- Жарайды.

Екеуі ойнауға кіріседі. Бір кезде Қаршыға қалтасына қолын салып, сіріңкені алып шығып:

Бақдәулет, мынаны қара, менде сіріңке бар. Қане, сіріңкемен от жағып көрейік.Қызық болатын шығар? Екеуі от жағуға кірісті. Содан от қатты жанған кезде екеуі шошып, үйден қаша жөнелді.

Ал, балалар, айтыңдаршы Бақдәулет пен Қаршығаның істегені дұрыс па?

Балалар пікірі тыңдалады.

Екінші ситуацияны мұғалім оқып береді.

Өртке байланысты ережелермен таныстыру.

Сіріңке балаға ойыншық емес.
Үйде үлкендер болмаса, электр жабдықтарын қоспа.
Сіріңкені қалтаға салып жүргенді әдет қылма.
Үйде өрт болған жағдайда, әке – шешеңе немесе көршіңе хабарлас.

Өрт сөндіруге қарсы «101» телефонына қоңырау шалу керек.

Сабақты бекіту. Сабақ бойынша алған әсерлерін сурет арқылы көрсету. Сабақты қорытындылау.


№ 9 жалпы орта білім беретін мектеп







Сабақтың тақырыбы: « Сіріңке -ойыншық емес»

Мектепалды тобы






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Конспекта урока "Та?ырыпты? саба?"

Автор: Уташова Гульжаннат Ибатуллаевна

Дата: 03.02.2016

Номер свидетельства: 287671


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства