1 кезең Мотивациялық - қозғаушы | Балалар қараңдаршы бізге кім келді? Қонақ келгенде не істеу керек? Балалар тыңдаңдаршы не естіп отырсыңдар? Сиқыршы кіріп келеді Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын Жылт-жылт етеді, Жылғадан етеді Су бізге неге керек? Сумен біз не істейміз? | -Қонақтар келді Амандасады үш тілде Музыка дыбысын естіп отырмын Сиқыршымен балалар амандасады Жұмбақты балалар тыңдайды. -Су -Ішуге керек -Сумен тамақ дайындайды -Сумен жуынады |
2 кезең Ұйымдастырушылық ізденіс | Жарайсыңдар Балалар сен сендерге бүгін қызықты сиқыр көрсетемін Билингвалдық компонент: Су-вода, қызыл- красный, жасыл – зеленый, көк – синий, сары – желтый, ақ - белый сиқыршы - фокусник Маған сиқыр жасауға көмектесесіңдер ме? Олай болса мына жерге келіңдерші Балалар біз бүгін судың әр түрлі екенін білеміз. Балалар мынау стақанда не бар? -Балалар, мынау стаканда қандай су? Балалар енді сендер маған көмектесіп суды сиқырлайсыңдар Ол үшін мына бояуларды алып қылқаламмен суға саласыңдар Өте жақсы балалар сендер суды жақсы сиқырладыңдар Ал енді маған тағы бір сиқыр көрсетуге көмектесіңдер Балалар мына жерде не бар? Мұз қандай? Балалар мұзды қолдарыңа алыңдаршы Қолдарыңды қараңдаршы не пайда болды? Неге су пайда болды? Ал далаға суыққа қойсақ не болады? Өте жақсы Сергіту сәті Ал балалар біз демалдық Енді біз тағы да керемет сиқыр жасап көрейік Балалар сендер мына шарадағы суға қолдарыңды салып көріңдер Су қандай? Ал келесі шараға салып көріңдер Су жылы болу үшін не істеу керек? Ал салқын болу үшін? | Балалар Сиқыршыға қуанады Сиқырды қарауға асығып, қызығушылық танытады Балалар сөздердің аудармасын тәрбиешімен бірге қайталайды Балалар көмектесуге келіседі Балалар Сиқыршының жанына барып тұрады. Балалар мұкият тындады. -Стаканда су бар -Стакандағы су таза , түссіз Балалар тәжірибеге қызығады Қатысуға белсенділік танытады Қолдарына қылқалам алып, бояуға батырады Судың түсі қандай екенін айтады. Қызыл Көк Жасыл Сары Ақ (орыс тілінде де айтады) Балалар Сиқыршыны мұқият назар аударып тыңдайды Көмектесуге асығады Мына жерде мұздар бар -Мұз суық -Мұз қатты Балалар мұзды қолдарына алып, алақандарына салады -Қолымызда су пайда болды -Қолымыз жылы, ол ери бастады -Ол қатады Кел санайық, екеуміз. Бас бармағым — папам, Балаң үйрек — апам. Ортан терек — ағам Шылдыр шүмек — мен Титтей бөбек — сен. Балалар сергіту сәтін қимылмен орындайды Балалар таң қалады Сиқыршыға мұқият назар аударады Балалар қолдарын суға салады Судың қандай екенін анықтайды Су суық Балалар қолдарын салып көреді Судың қандай екендігін анықтайды -Су жылы -Суды жылыту керек -Суық жерге қою керек |