Тәрбиеші:Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?Балалар,бүгін біз қыс мезгіліндегі орманға серуенге барамыз.Орманда қандай өзгерістер болып жатқанын көреміз.
(Музыка ырғағымен серуенге шығады).Орман қандай тамаша!Айнала ап-аппақ.Ағаштардың бұталарын қар басқан.Балалар,қараңдар сандық тұр.
Тәрбиеші:Қане,ендеше көрейікбұл сандықта не бар екенін?Сандықты ашады,ашылмайды.
Балалар мына сандық ашылмайды ғой.Бұл сандық жай сандық емес,сиқырлы сандық болды.
Бұл сандықтың ішіне аңдарды ,жалмауыз кемпір сиқырлап салып қойыпты.Аңдарды құтқарайық.Аңдарды құтқару үшін жұмбақтар шешуіміз керек екен.
Жұмбақтар шешеміз.
1.Сыбдыр шықса қашады
Қырдан бірақ асады. (қоян)
2.Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады. (аю)
3.Өзі қу,жүрген жері айғай да шу. (түлкі)
Тәрбиеші:Жарайсыңдар,балалар,жұмбақтың шешуін таптық.Кане, балалар сандықта қандай аңдар бар екенін қарайық.
Мынау не?
Балалар:Аю.
Тәрбиеші:Аю қандай?Түсі ше?Ол қыста не істейді?
Балалар:Үлкен,қомпиған.Түсі қоңыр.Ол қыста ұйықтайды.
Тәрбиеші:Түлкі ше?Түсі қандай?
Балалар:Түлкі қу,айлакер .Түсі қызғылт сары.
Тәрбиеші:Қоян қандай?Түсі ше?
Балалар:Қорқақ.Түсі аппақ.
Тәрбиеші:Міне,балалар,біз аңдарды құтқардық.Осы аңдарды бір сөзбен қалай айтамыз?
Балалар:Жабайы аңдар дейміз.
Тәрбиеші:Қане,тағы да қайталап жабайы аңдарды атайық.
Аю,түлкі,қоян.
Балалар,аңдар бізге рахмет айтып жатыр.Сендер оларды сандықтан құтқарып алдыңдар ғой.Әсіресе мына кішкентай қоян қорқып қалыпты.Қане, қоянның көңілін көтерейік және өзімізде дем алып ойын ойнайық.
Сергіту сәті.
Аяқпенен топ-топ-топ,
Ал қолменен хлоп-хлоп-хлоп,
Бір оңға,бір солға
Айналайық ,кел мында.
Қолымызды бір сілтеп,
Басымызды шайқайық,
Бір оңға,бір солға.
Айналайық кел мұнда..
Есікті тарсылдатып қоян кіреді.
Сәлеметсңдер ме ,балалар!Сендерді кездестіргенім қандай жақсы болды!Сендер маған көмек беретін шығар деп ойлаймын.
Тәрбиеші:Қандай көмек жасайық.Бүгін біз жабайы аңдарға көмек жасап жатырмыз.Саған да көмек береміз.
Қоян:Сендер сияқты менің де достарым көп болса ғой.
Тәрбиеші:Балалар қоянға өздерің сияқты көңілді достар құрастырып береміз бе?
Балалар:Иә.
Тәрбиеші:Балалар,біз ендеше қоянға достар жасап берейік.Қоян,сен мына жерде отыра тұр.Біздің балалар саған қояндар жасап берсін.
Құрастыру тәсілі:Балалар, біз қоянды қарап алайық, ол неше бөліктен тұрады екен.Сопақша денесі,дөңгелек басы,екі сопақша құлағы,екі қолы,екі аяғы.
Жұмыс барысы: Бірінші сопақша денесін қоямыз,екіншіден басын қоямыз,басына екі сопақша ол құлақтары,екі сопақша қолдары,екі сопақша аяқтары.
Қоян балаларға рахмет айтады.
. Қоян:Балалар,сендер менің көңіл күйімді көтердіңдер,маған көп достар жасап бердіңдер, Сендерге көп рахмет.Мен енді көжектеріме барайын.Сау болыңдар балалар!
Балалар:Сау болыңыз!
Тәрбиеші:Балалар,міне қоянға біз көп достар құрастырып бердік .Енді балалар ,біздің топқа қайтатын уақыт жетті,қане орындарыңа жайғасып
Отырыңдар.
Тәрбиеші:Балалар,біз бүгін қайда бардық?
Онда біз не тауып алдық?
Сандықта нелер болды?
Біз қоянға нелер жасадық?
Қоян қуанды ма?
Балалар,сендер бүгін маған өте ұнадыңдар.Барлықтарың оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстыңдар.Міне ,қоян сендерге арнап сыйлық беріп жіберіпті.Бұны тобымызға барғаннан кейін ашамыз. Қане,орнымыздан тұрып қонақтармен қоштасайық.
2.Балаларды таза киіндіріп,қалтасына қол орамалын салу.
3.Топқа тәрбиешінің рұқсатымен сыртқы киімін шешіп кіру.
4.Бала ауырып қалған жағдайда,міндетті түрде тәрбиешіге хабарлау,анықтама әкелу.
5.Баланы тәрбиешінің рұқсатынсыз алып кетпеу.
6.Ескертпе,талас сұрақтарды баланың көзінше айтпау.
7.Баланың балабақша төлемін әр айдың 3мен10 аралығында төлеп отыру.
"Менің отбасым-Менің байлығым"
Мақсаты: балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеугеүйрету. Ойын арқылы есте сақтау қабілетін, қарым қатынас дағдыларындамыту.Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Әдістер: Әңгімелеу, жұмбақ, тақпақ айту, ойын, сұрақ - жауап, сергіту, шаттық шеңбері. Көрнекіліктер: отбасы суреттері, қуыршақтың киімдері, макеті.
Сабақтың барысы Шаттық шеңбері: Көтеріліп шаңырақ, Уықтары шаншылар. Керегелер керіліп, Өрімдей боп өрілер. Бәріміз жүрсек айналып, Киіз үй болып көрінер.
Балалар, біз қандай заттың бейнесін жасадық? - Ал, киіз үйде кімдер тұрады? - Оларды бір сөзбен қалай атаймыз? - Дұрыс айтасыңдар. Бүгінгі біздің тақырыбымыз өз отбасымыз туралы болмақ. Балалар, айналамызға қарасақ, көптеген үйлерді көреміз. Ол үйлерде кімдер тұрады деп ойлайсыңдар? - Иә, балалар, барлық үйдің өз отбасы болады олар бір - бірімен тату - тәтті тұрады.
Жұмбақ:
Онсыз қызық жоқ маған, онсыз бақыт жоқ маған. Ол әр баланың панасы, ол не екен, балалар? (отбасы) - Міне балалар, бұл жұмбақтың шешуі отбасы екен. - Олай болса бәріміз тақтаға назар аударайықшы. Бұл суретте кімдердің суретін көріп тұрсыңдар? - Иә, бұл суретте сүйіспеншілігі мол, бір - біріне ыстық ықыласпен, аялы сезіммен қарап отырған дастархан басындағы отбасы мүшелерін көріп отырмыз. Отбасы туралы әңгімелеу. Ойын: " Мынау кім?" Мақсаты: Балаларды тапқырлыққа, есте сақтау қабілетін дамытуға баулу. Шарты: отбасындағы мүшелердің атын атап, жасырынған отбасы мүшесін табу. Сергіту жаттығуы:
Атамның алып күрегін,
Ауланың қарын күредім. Әжеме мен құдықтан, Су әкеліп беремін. Еденді де жуамын, Шаң - тозаңды қуамын. Ойын сұрақ: " Көңілді доп" - Отбасы мүшесін ата. - Отбасында кімді жақсы көресің? - Отбасында кімге сыйлық жасайсың? - Анаңа қалай көмектесесің? - Үйге қонақ келгенді ұнатасың ба? - Дастархан басында өзіңді қалай ұстайсың? - Үйдегі ініңе, қарындасыңа қалай көмектесесің? - Жарайсыңдар, балалар, өте жақсы. Үстел үсті ойыны: "Қуыршақты киіндіреміз" Мақсаты: балаларды адамгершілікке, сыйластыққа, мейірімділікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Шарты: қатты қағаздан қиылған қуыршақ макетін киім үлгісімен киіндіру. Балалардың жұмысын мадақтау. - Балалар, қуыршаққа өте жақсы киімдерін киіндіре білдіңіздер, адамгершілік, мейірімділік қасиеттеріңізді көрсете білдіңіздер. - Өте жақсы балалар.
Қорытынды: Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат отбасымыз туралы әңгімеледік. Біз оларды жақсы көруді, сыйлауды, көмектесуді үйрендік. Отбасы ең жақын адамдардың ошағы екенін білдік. Ойындар ойнадық. Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатысып, сұрақтарға жауап бере білдіңдер. Бәріміз бірге отбасымызға тілек сөздер айтып, бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз!
« МЕНІҢ СҮЙІКТІ АНАМ!»
Мақсаты: Балаларға адам баласын жарық дүниеге әкеліп,оны тәрбиелеп өсіретін ана екен түсіндіру.Үлкендерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.
Әдістер: Әңгімелеу , тақпақ айту,мақалдар айту ойын . Көрнекіліктер: аналарға қатысты суреттер.
Шаттық шеңбер!
Мейірімді,сымбатты,
Қадірменді,қымбатты,
Ең жақын жан балаға,
Кім десеңдер?
Ол-ана.
«Күннің шуағы жылы,ананың құшағы жылы»деген мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?»
Ойын:» Ана баласын қалай сүйеді?»
-Ана туралы қандай мейірімді сөздер білесіңдер?
-Аналарың жұмыстан шаршап келгенде,қалай қарсы аласыңдар?
-Балалар,аналарың шаршағанда көмектесесіңдер ме?
-Аналарыңа қалай көмектесесіңдер? Неге?
-Балалар,аналарыңды жақсы көресіңдер ме?
Ойын:«Ананың алақаны қандай?»
(Мейірімді,жылы,ыстық..)
-Балалар,қалай ойлайсыңдар,аналарың неге қуанады немесе ренжиді?