Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Ортаңғы «Шаңырақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізі күні: 25.05.20ж
Тәрбиеші:Фаткуллина К.С.
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Пән: Сөйлеуді дамыту
Өтпелі тақырып: «Табиғаттың гүлденуі»
Тақырыбы:Шуақты көктем
Мақсаты
Тәрбиелік: Балаларды сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ұжымдық жұмыс арқылы сөйлеу арқылы сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Оқыту:Көктемгі тіршілік арқылы білімдерін кеңейту.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,әңгімелесу,көрсету.
Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, үнтаспа, хрестоматия.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы.
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Ғажайып сәт: Балалар бүгін бізге ерекше қонақ келеді. Кім келетінін білу үшін менің жұмбағымның жауабын тауып көріңдер.
Жұмбақ жасырамын.
Қар, мұз еріп, су көбейіп,
Сай-салаға ағады,
Бүршік шашып, жапырақ ашып
Гүл бәйшешек басады
Ал, балалар айтыңдаршы
Бұл қай мезгілде болады? (көктем)
-Ой,балалар тыңдаңдаршы, біреу есікті қағатын сияқты.Қәне, есікті ашайық.
Қараңдаршы балалар,бізге «Көктем ханшайымы» қонаққа келді.
Балалар біз бүгін көктем ханшайымына өзіміздің көктем туралы білетіндерімізді айтып берейік.
2.Негізгі бөлім
Көктем мезгілі бейнеленген слайдтарға назарларын аударады. Ауа райы, көктем құбылысы туралы сұрақтар қойып, түсіндіремін.
Дұрыс айтасыңдар. Қар еріп,жылғалардан су ағады. Жылы жаққа ұшып кеткен құстар ұшып келеді. Көктемде күн жылынады, жылы жел соғады.
-Көктемнің алғашқы гүлін қалай атаймыз? Бәйшешек — қар астынан қылтиып шығатын көктемнің алғашқы гүлі. Бәйшешек сары түсті болады.
Билингвалдық компонент: бәйшешек- подснежник
Балалар, бізге көктем жаршысы – жылы жақтан ұшып келетін құстың бірі – қарлығаш. Ол әлемге көктемнің келгенін хабарлап жүр. Біз оған көктемнің суретін жинап қоржынына салып берейік.
Мына суреттердің ішінен көктем мезгілі бейнеленген суреттерді таңдап алындар.
-Көктем мезгілі екенін қандай белгілері арқылы білдіңдер?
Жеке жұмыс: Айару сенің суретіңде не бейнеленген?
Сергіту сәті:
Көктем келді бүгін,
Күнім төкті нұрын.
Сайрап барлық құстар,
Ән салуға құштар.
Көктемде табиғатта ғана емес жануарларда да өзгерістер болады. Балалар мына суретке қараңдаршы орманда нелерді көріп тұрсыңдар?
Мынау қандай аң?
- Қыста аю не істейді?
- Қай мезгілде ұйқысынан тұрады?
Балалар біз аюға тақпақ айтып, оны ұйқысынан көңілді оятайық.
Тірек-сызба бойынша тақпақ айтқызу.
Қар еріді, су ақты
Күндер туды шуақты
Байтақ дала келбеті
Түкті кілем сияқты
Балалар біз табиғатты қорғап, табиғатқа қамқорлық жасауымыз керек. Көктемде адамдар да еңбек етуге далаға, егіс даласына шығады. Адамдар еңбек ету арқылы дамып жетіледі. Көптеген еңбектердің түрлері бар.Сол еңбектің бірі көктемгі еңбек.
Балалар көктемде ерінбей еңбек етсек ауылшаруашылық өнімдерімізде мол болады.
Балалар көктемде сендер еңбектің қай түрімен айналысасыңдар? Мысалы: ауланы тазалаймын, құстарға ұя жасаймын.
Тіл ұстарту жаттығулары
Тем-тем-тем
Келді көктем
Шек-шек-шек
Шығады бәйшешек
3.Қорытынды
Ал, енді, осы айтқандарымызды іс жүзінде көрсетейікші, балалар. Қане, ортаға жақындайық.
Ағашта нелер пайда болады? (ортаға ағаш қойылады)
- Жапырақтар пайда болады. (3 - 4 бала жапырақты қыстырады)
- Нелер ұшып келеді?
- Құстар ұшып келеді.
- Құстар қайда қонады?
- Ағаштың бұтағына қонақтайды. (3 - 4 бала құстарды отырғызады)
- Көк шөп қайда өседі?
- Жерде (2 - 3 бала әкеліп қояды)
- Бұның бәрі қай мезгілде болады?
- Көктемде.
Көктем ханшайымы: Жарайсыңдар балалар! Сендер көктем мезгілі туралы білімдерің мол екен. Мен сендерге өзімнің шуақты күнімнің сәулелерін сыйлаймын.
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт