kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект музыкального занятия в старшей группе детского сада на тему "Туған жер"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Конспект музыкального занятия для старшей группы детского сада с казахским мязыком обучения на тему "Туған жер"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конспект музыкального занятия в старшей группе детского сада на тему "Туған жер"»

10 «Бал бұлақ» ясли-бақшасы гуманитарлық-эстетикалық және сауықтыру бейіндегі» КМҚК ШҚО, Семей қаласы

Музыка жетекшісі: Аманжолова Карлыгаш Кураловна

Топтың жас ерекшілігі: ересектер тобы

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: «Музыка»

Тақырыбы: «Туған жер»

Мақсаты: патриоттық сезімін тәрбиелеу; табиғи дауыспен әнді таза айтуға үйрету.

Міндеттері:

БМ: шығарманы сезіне білуге үйрету.

ДМ: музыка сипатына сай жаттығу қимылдарын үйлестіре білуге байлу.

ТМ: патриотты сезімін тәрбиелеу; ән айтуға қызығушылықтарын тәрбиелеу.

Қолданатын құрал-жабдық: астананың, Семей қаламыздың көрнекті жерлерінің, еліміздің сұлу табиғатының көрінісін бейнелейтін суреттер-слайдтар.

Сөздік жұмыс: Отан, туған жер.

Қостілділік компонент: Отан-родина, қала-город-city.


Қызметтің кезендері

Музыка жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық -

қозғаушылық

«Марш» әуенін ойнатып, балаларға әуен екпінін сезіне жүруді ұсынады.

Бір, екі, үш!Бойға жинап күш.

Шынығамыз таңертен,

Ағалардай Отанға

Ұлан болам мен ертең!

Тізені жоғары көтере нық басып, арқаларын түзу ұстауларын қадағалайды.

Әуен екпінімен нық басып, ырғақты сезіне жүруге талпынады.




Мақтанышпен жүріп, өлең жолдарын қосыла айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік





Марш қайта ойналып,балаларға әуен екпінімен жүрүді ұсынады.

Марш пен адымдап жүреміз,

Ержетіп өсіп келеміз!- деп марш- екпінімен жүріп, орындықтарына отыруын сұрайды.

Еліміздің сұлу табиғатын бейнелейтін суреттерді, Астана, Семей қалаларының суреттерін көрсетеді. Балаларды суретке қарап әңгімелеуге, ойларын толық жеткізуге дағдыландырады.

Жайнаған сансыз қаласы,

Жайқалған жомарт даласы,

Ел-Отан біздің кең- байтақ

Отанның біздер баласы.

(Қ.Жанғытбаев).

Балалардан Отан, туған жер туралы білетін өлендерін сұрап, белсене қатысқан балаларды мақтайды.

Отан – менің ата-анам,

Отан досым, бауырым.

Отан- өлкем, астанам,

Отан- туған ауылым.

(С. Оспанов).

-Кең байтақ отанымыз туралы ақын ағаларымыз осылый жырлайды.

Дауыс жаттығуы:

Дауысымыз әдемі,

Шықсын созыла.

Әндетейік енді біз

Бірге қосыла!

(Дауыс ырғақтарына мән бере тындалады).

Жақсы білетін әндерді қайталау «Туған жердей жер болмас»

(Бота Бейсенова).

-Бұл әннің көңіл күйі қандай?

-Ән мазмұнында не туралы айтылады?

- Сен өз Отаныңды жақсы көрсін бе?- деген сұрақтар қою арқылы балалардың отан туралы түсінік – ұғымын кеңейте түседі.

Ән «Сарбаздар»: Сарбаздар туралы суреттерге қарап әңгімелесу.

Қысылып еш саспайық Қызық ойын бастайық!

Ойын: «Киіз үй»:

Шартын түсіндіру: Балаларды үш топқа бөліп, шеңберге тұрғызады, ортаға үш құрсау қояды («шаңырақтар»: сары, тоқ сары, жасыл түсті); ән аяқталғанда, балалар тез жүгіріп, өз киіз үйдің «шаңырағын» көтеру керек.


Марш екпінін сезіне жүреді.





Суреттерге назар аударып, кызыға қарайды.


Астана қаласы, туған Семей қаламыз туралы әңгімелейді.





Балалар жатқа білетін тақпақ, өлендерін жарысқа айтады, бір-біріне қошемет қөрсетіп, қол шапалақтайды.

«Менің Отаным» атты слайдты немесе сурет көрмесін тамашалайды.

Дауыс жаттығуын бірге бастап, бірге аяқтап, дауыстарын соза әндетеді.

Терең тыныс алып, жаттығуды еркін айтуға дағдыланады.

Композитор Бота Бейсенова туралы мағлұмат алады.

Әннің сипатын ажыратып, мазмұнын әңгімелейді.

Тұған жеріне деген сүйіспеншіліктерін жеткізуге тырысады; қойылған сұрақтарға жауап береді.



Сарбаздар туралы әнді орындайды.


Балалар шеңберге тұрады, ән айтады:

Қане-қане тұрайық,

Бір-бір уық алайық,

Керегеге тағайық,

Арқанды да тартайық,

Киіз үйді құрайық.

Алақай-ау, алақай,

Тез үйге кір, балақай!

Тез жүгіріп, ойында жеңімпаз атануға талпынады.

Рефлексиялық-түзетушілік


Балаларға шеңбер бойымен жайғасып отыруды ұсынады.

-Туған жерің кандай?

-Қай қалада тұрасын?

Балаларға сұрақтар қойып, оқу – іс әрекетін бекітеді.

Балалар қойылған сұрақтарға толық жауап береді.

Қызығушылықтары артып, көтерінкі көңіл-күймен қоштасады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: шығарманы сезіне тыңдап, әнді табиғи дауыспен орындай білуді.

Игереді: әуен ырғағымен маршпен жүруді, әнді әуенімен айтуды.

Меңгереді: әнді тыңдап, мәтінін әңгімелеуді, ырғақпен қозғалуды.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Конспект музыкального занятия в старшей группе детского сада на тему "Туған жер"

Автор: Аманжолова Карлыгаш Кураловна

Дата: 13.05.2020

Номер свидетельства: 549520


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства