kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Көңіл-күйлер қалашығы" тақырыбындағы ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ересек топқа арналған музыка оқу қызметінен ашық сабақ жоспары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Көңіл-күйлер қалашығы" тақырыбындағы ашық ұйымдастырылған оқу қызметі»

Тақырыбы: «Көңіл-күйлер қалашығы»

Мақсаты: Музыкалық әрекеттердің көмегімен балалардың эмоциалық түсініктерін қалыптастыру

Міндеттері:

*Қуаныш, реніш, ашу, қорқыныш сияқты түрлі эмоциялар туралы білімдерін бекіту

*Ән айту, ырғақтық біліктіліктерін қалыптастыру

*Өз сезімдерін жеткізе білуге, музыканы сүюге тәрбиелеу

Көрнекіліктері: Слаидтар, смаиликтер, суреттер

Бағдарламалық мазмұны:

Тыңдау

«Көңілді әуен», «Көңілсіз әуен»

Ойындар

«Мысықтың үйі», «Сандықтың кілті»

Ән айту

«Жаттығу», «Біз бақытты балалар»

Музыкалық-ритмикалық ойын:

«Қоңыздар мен көбелектер»

Барысы: Балалар залға әуенмен кіреді. Амандасу.

М.Ж: Балалар бүгін бізде ерекше күн. Бізге «Көңіл күйлер» қалашығы тқрғындарынан хат келді. Оларда бір қиындық туындап тұр. Жайланып отырыңдар. Мен сендерге барлығын айтып берейін. Ол қалашықта біздерге ұқсас тұрғындар тұрады.Олар біз сияқты көңілдене алады, ренжи алады, таңданады. Бірақ бұл қалаға өте қатігез сиқыршы келіп, қалың бұлтты шақырыпты. Содан жауын жауып, барлық тұрғындардың жүздерін шайып кетіпті. Содан кейін олардың барлығы еш кейіпсіз, ешқандай бейнесіз, аппақ болып шайылып кетіпті. Енді бұл тұрғындар сендерден көмек сұрайды. Олар бізден сиқыршыны қуып жіберуімізді, бұрынғы эмоциялық кейіптерімізді қайтарып берсе дейді. Көмекке барамыз ба балалар?

Ал осы жолда бізге ең басты көмекші кім балалар?

-Әрине-музыка! Ол көтеріңкі көңіл күйді де, ренішті де, таңданысты да жеткізе алады ғой!

Ендеше әуенмен әндетіп сол қалашыққа аттанайық!

М:Ж: Балалар мына әуенді тыңдаңдаршы! Ол қандай көңіл күйді білдіреді?

(Көңілді әуен ойнайды)

Балалар: Көңілді, қуанышты....

М.Ж: Олай болса көңілділікті білдіретін смаиликті таңдайық! Енді осы тұрғынымызға ат қояйықшы!

Балалар: «Қуаныш»

М.Ж: Енді келесі әуенді тыңдайық!

(Көңілсіз әуен ойнайды)

Балалар: Көңілсіз,ренішті

М.Ж: Олай болса көңілсіздікті білдіретін смаиликті таңдайық! Енді осы тұрғынымызға ат қояйықшы!

Балалар: «Ренжігіш»

М.Ж: Ал енді келесі екі тұрғынымызға біз басқа жолмен көмектесеміз! Ол үшін барлығымыз бір үлкен шеңбер құрайық та «Дин-дон» ойынын ойнайық!

Дин-дон, дин-дон дин-дон!

Мысықтың үйі жанып жатыр!

Мысық қорқып қашты,

Көзін қатты ашты.

Әтеш келіп су сеуіп

Жанған отты басты!

М.Ж: Балалар бұл ойында қандай эмоцияны байқадыңдар?

Балалар: Қорқыныш, шошыну.

М.Ж: Ал енді «Сандықтың кілті» атты ойынымызды бастайық!

Сандыққа көп кәмпит салдым.

Сандықтың кілтін алып алды.

Кім?

Мен білемін, білемін,

Амаль сенен көремін!

Амаль: Мен бе? Мен алған жоқпын! (Ойын осылай жалғаса береді)

М.Ж: Бұл ойын қандай эмоцияны білдіреді?

Балалар: Таңдану, келіспеу.

М.Ж: Міне біз тағы да екі тұрғынның көңіл күйін тауып бердік! (слаид-смаилик) ат қояйық балалар!

Балалар: «Қорқақ» пен «Таңданғыш»

М.Ж: Ал қазір барлығымыз мына көрініске қарайық!

(Күлкілі көрініс көрсетіледі)

М.Ж: Балалар қандай көңіл-күйді аңғардыңдар?

Балалар: Күлкі, көңілділік.

М.Ж: Ал енді мына тұрғынымызга да ат қояйық!

Балалар: «Күлегеш»

М.Ж: Балалар бізде тағы екі тұрғынымыз қалыпты ғой! Қане оларға көмектесу үшін «Қоңыздар мен көбелектер» деген ойын ойнайық! Ол үшін екі топұа бөлінеміз. Топ басшыларына бетперде кигіземіз. Көңілді әуенмен көбелектер билейді, ауыр әуенге қоңыздар билейді.

М.Ж: Балалар қоңыздар қандай?

Балалар: Қатігез, қорқынышты.

М.Ж: Ал қоңыздар ше?

Балалар: Олар әдемі, нәзік,мейірімді.

М.Ж: Міне ең соңғы тұрғындарымыздың да көңіл күйін қайтарып бердік. Ал енді оларға ат қойыңдар!

Балалар: «Қатігез» «Сүйкімді»

М.Ж: Міне балалар біз барлық тұрғындарға көмектесіп, эмоцияларын қайтарып бердік! Ал енді мына «Көңіл-күйлер» қалашығына қараңдаршы. Сендерге несі ұнайды? Мүмкін бір жерлерін өзгертейік пе?

Балалар: Бұлттарды алып тастау керек, ағаштарды жайнату, гүлдер отырғызу.

М.Ж: Міне біз бұл қалашыққа өз әдемілін қайтарып бердік! Балалар айтыңдаршы қалашық тұрғындарына қол ұшын беруге бізге не көмектесті?

Балалар: Музыка, ойындар!

М.Ж: Балалар бүгін біз сендермен қандай әуендер тыңдадық?

Балалар: Көңілді, көңілсіз, т.т

М.Ж: Қандай ойындар ойнадық?

Балалар: «Дин-дон», «Сандықтың кілті»

М.Ж: Ендеше балалар осы қалашықтың тұрғындарына тілектерімізді арнап,ән айтып берейік!

Ән «Біз бақытты баламыз»

М.Ж: Бүгін өте ерекше қатыстыңдар! Рахмет балалар сендерге! Топқа барған соғ әртүрлі эмоцияны білдіретін смаиликтердің суреттерін салып үйреніңдер, жарай ма! Сау болыңдар!







































ЖШС «Бакыт» шағын орталығы















ҰОӘ «Көңіл-күйлер қалашығы»

Ересек топ «Болашақ»















Музыка жетекшісі:

Кусембаева Г.С















2018-2019 оқу жылы




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Көңіл-күйлер қалашығы" тақырыбындағы ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Автор: Кусембаева Гулпия Слямхановна

Дата: 04.12.2018

Номер свидетельства: 488819


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства