Просмотр содержимого документа
«К??ілді к?ктем (ашы? саба?) »
Сабақтың тақырыбы: Көктем
Сабақтың мақсаты: Балалардың көктем мезгілі туралы білімдерін кеңейту. Сөздік жұмыстары арқылы сөздік қорларын байытумен бірге есте сақтау қабілеттерін дамыту. Берілген сұраққа нақты жауап беруге үйрету. Құстарға, ағаштарға қомқор және еңбекқор болуға тәрбиелеу.
Жылулық шеңбері. Мына сұлу әлемде, Адам өмір сүреді, Үлкен менен кішіге, Күн сәулесін төгеді. –Күнге қол бұлғайық! Әрбір адам күннің көзіне қарап қуанады. Ол бізді өзінің жылуымен жылытып, біздің тезірек өсуімізге көмектеседі.
Балаларға төмендегі сұрақтарды қою: -Жыл мезгілі нешеге бөлінеді? -Жыл мезгілі төртке бөлінеді. –Ендеше жыл мезгілін атаңдар? -Күз, қыс, көктем, жаз. –Дұрыс айтасыңдар, балалар. Назарларымызды тақтаға аударайық. (Интерактивті тақтадан көктем мезгілі туралы бейнефильм көрсету) -Суреттен қандай жыл мезгілін көріп отырсыңдар? -Бұл-көктем мезгілі. –Көктем мезгілі екенін қайдан білдіңдер? -Өйткені жердегі мұз, қарлар еріп жатыр. Ағаштардың бүршік ата бастаған. Балалар құстарға ұя жасап жатыр. –Жарайсыңдар, қандай ақылды, аңғарымпаз балаларсыңдар. Біз бүгінгі сабақта «Көктем» тақырыбында әңгіме жүргіземіз.
II. Негізгі бөлім.
-Көктем мезгілін жақсы көресіңдер ме? -Иә, жақсы көреміз. Бізге көктем мезгілі ұнайды. –Көктем мезгілін мен де жақсы көремін. Сондықтан да: -Көктем нұры қуатты, Қарлар еріп су ақты. Күн күлімдеп төбеде Төгіп тұр ғой шуақты. Құстар келді ән салып, Дала толды гүлдерге Осы шақты аңсадық, Ғажап қой бұл білгенге!-деп жырға қосамын.
-Көктем-жылдың төрт мезгілінің бірі. Көктем наурыз, сәуір, мамыр айларын қамтиды. Қыс мезгілінен кейін келетін жазға дейінгі кезең. Көктемде күн ұзарып, ауа райының жылынуынан мұздар, қарлар еріп, су болып, сай салаға аға бастайды. Жануарлар да қысқы ұйқыларынан оянып, тіршілігін бастайды. Жыл құстары бүршік жарып, гүлдене бастайды. Көктемнің алғашқы гүлі бәйшешек, қызғалдақ, сарғалдақ.
-Менің қолымда бірнеше көктем гүлдері бар. Сабаққа жақсы қатысқан балаларға сабақ соңында тарту етемін.
Әліппе-дәптермен жұмыс.
Тұманбай Молдағалиевтің «Көктем» мәнерлеп оқып беру, жаттату. Сөздік жұмысын жүргізу. Баға біл-малды жайылымға апарып бағу, баптап-күту. Қой айдасып-қойды екеулеп айдау, көмектесу.
Сергіту сәті
«Көктем гүлдері» дидактикалық ойын. Шарты: себеттегі гүлдердің ішінен көктемде гүлдейтін гүлдерді шығарып алып, сол гүлді сипаттау.
Мысалы: Сарғалдақ гүлінің түсі –сары. Өте әдемі көктем гүлі. Иісі-керемет т.с.с.
Дәптердегі үлгіге қарап, бәйшешектің суретін салады.
III. Оқу іс-әрекетін қорытындылау. Топтастыру арқылы сабақты қорытындылау. Сабаққа белсене, жақсы қатысқан балаларға көктем гүлдерін сыйға тарту.