Просмотр содержимого документа
«Көлшіктегі үйректің балапандары»
Саңырау және нашар еститін балаларға арналған облыстық «Мейірім» арнайы түзету мектеп интернаты коммуналдықмемлекеттік мекемесі
МҮСІНДЕУ
Тақырыбы: «Көлшіктегі
үйректің балапаны»
Тәрбиеші Оспанова А.Д.
Тараз қаласы.
Тақырыбы: Көлшіктегі үйректің балапаны
Мақсаты: Балаларға үй құстары туралы түсініктерін кеңейту, үйректің балапанымен таныстыру; екі бөлшекті біріктіру, тегістеу, шымшып созу әдістерін пайдалануды дамыту; Үй құстарына деген қамқорлық сезімдерін ояту. Құстардың қоршаған ортаға тигізер пайдасын мол екендігін түсіндіру.
Тіл түзету мақсаты: Дыбыстардың анық және дұрыс айтылуын қадағалау. Байланыстырып сөйлеуге үйрету. Сөздік қорларын молайту.
Сөздіктер: Балапан , үйрек.
Сабақтың көрнекілігі: Үйректің суреті. Ермексаздан жасалған үлгі. Балапан суреті. Тақтайша, ермексаз, сулық. Құстар туралы бейнефильм.
Сабақтың өту барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу
Қазір жылдың қай мезгілі ?
Күз мезгілінің қай айы ?
Далада ауа-райы қандай ?
Тобымызда кім кезекші ?
ІІ. Кезекші дыбыспен жұмыс.
Кезекші дыбыс П – У
П-п-п-п-п-п
Па-па-па-па
Па - по - пу
Ма – мо - му
КӨЛШІКТЕГІ ҮЙРЕКТІҢ БАЛАПАНЫ
Тақтаға үй құстарының суретін ілу.
Үй құстары туралы қысқаша әңгіме жүргізу.
Үйрек туралы әңгімелеу.
Үйрек суда әдемі жүзеді. Ол балапандарын жүзуге үйретеді. Ақ үйрек, қара үйрек, қоңыр үйрек, ала үйрек – су бетіне көрік береді. Үйректің мойны қысқа, аяқтары жарғақ, тұмсығы жалпақ болып келеді. Үлестірмелі материалдағы көлшікке үйректің балапандарымен ермексаздан мүсіндеп «жүздірейік».
Ол үшін балапанның дене құрылысын талдап алайық: денесі – сопақша, мойны – қысқа, басы – дөңгелек, тұмсығы – жалпақ, көзі – мөлдір қара, қанаты, құйрығы, екі аяғы бар.
Сергіту сәті.
Қазым, қазым, қаңқылда,
Суда жүзіпсалқында.
Жем шашайын , жейсің бе?
«Кәмпит берші» дейсің бе?
Жоқ,
Жоқ,
Кәмпит тәтті болмайды,
Арпа менен бидай шаш.
Педагог балаларға өзі дайындаған үлгіні көрсетеді.
Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп, түсіндіреді:
сары түсті ермексазды екі бөлікке бөлеміз;
үлкен бөліктен сопақша етіп денесін жасаймыз;
кіші бөлікті дөңгелектеп, шар пішіндес етіп басын жасаймыз;
басын, мойнын созып шығарамыз;
басы мен денесін біріктіреміз, сұқ саусағымызбен тегістейміз;
Үлгіге қарап, қызғылт сары ермексаздан аяғын жасаймыз, тұмсығын шымшу тәсілін қолданып шығарамыз;
қара ермексаздан дөңгелектеп, көздерін жасап жапсырамыз.
Балалардың өз бетінше жұмысы:
Қажет болған жағдайда жеке балаға көмек көрсетіледі.
Балалар, бүгін не мүсіндедік?
Біздің көпшілігіміз әдемі болу үшін, жасаған балапандарымызды көлшікке жіберейік.
Балалардың жұмыстарын талдап, баға беру.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: домалақ пішінді үйрек денесіне саусақ ұшымен созу арқылы келтіреді, жеке бөліктері біріктіреді, үйректің басынан шымшу тәсілімен тұмсығын шығарады, ұсақ бөлшектермен толықтырады;
Түсінеді: үйректің үй құстарына жататынын, олардың суда жүзетінін, түстерінің әртүрлі болатынын;
Қолданылады: ермексазды алақан арасына салып, үлкен, кіші домалақтар жасау тәсілін.