kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

К?ктем мезгілімен таныстыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

К?ктем белгілерін ??гімелей отырып ерекшеліктерімен таныстыру. Д?рыс с?йлей білу да?дыларын ж?не ізденушілік ?абілеттерін дамыту. Таби?атты с?йе білуге ж?не оны ?ор?ай білуге т?рбиелеу. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«К?ктем мезгілімен таныстыру»

Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы балабақшасы коммуналдық мемлекеттік мекемесі









Ашық сабақ

«Көктем»









№7 Ересектер тобының тәрбиеші: Бултрикова Ж.К















Ақтау 2015ж

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Оқу, іс-әрекет: Көркем әдебиет.

Сабақтын тақырыбы: «Көктем»

Сабақтың мақсаты: Көктем белгілерін әңгімелей отырып ерекшеліктерімен таныстыру. Дұрыс сөйлей білу дағдыларын және ізденушілік қабілеттерін дамыту. Табиғатты сүйе білуге және оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Әдіс –тәсілдері: сұрақ жауап, түсіндіру.

Меңгерілетін сөздер: шұғыла, жайнаған, жасыл бүршік...

Өткізілетін ойын: «Көктеми құбылыс»

Көрнекілік: Көктем қөрінісі, ойындарға байланысты суреттер.

Өту барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері:

Амансың ба,алтын күн?!

Амансың ба,көк аспан?!

Амансың ба жер ана?!

Қайырлы күн достарым!

Қайырлы күн қонақтар!



Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Барша жанды құрметтеп

Бас иеміз біз.

  • Балалар бір аптада неше күн бар?

  • Апта аттарын кім атап береді?

  • Бүгін аптаның нешінші күні?

  • Кеше қандай күн, калай аталады?

  • Ертең қандай күн, қалай аталады?

  • Ал, бір жылда неше мезгіл бар? Дұрыс айтасыңдар!

Қары еріп даланың

Арықтардан су ақты.

Ақ жүзіндей ананың

Күн де келді шуақты!



  • Бұл өлең жылдың қай мезгіліне арналған? (көктем)

  • Көктемде неше ай бар? (наурыз,сәуір,мамыр)

  • Көктемнің қандай ерекшелігі бар?(көктемде құстар ұшып келеді,ағаштар бүршік атады,жер көгереді,күн жылына бастайды)

  • Көктемде адамдар қалай киінеді?(жеңіл аяқ киім,жұқа бас киім,қыстағы қалың тондарды шешеміз)

  • Көктемде қандай құбылыстар болады?(жердегі қар ериді,жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күн ұзарып, түн қысқарады)

  • Көктем қай айдан басталады?(наурыз айынан басталады)

  • Наурыз айында қандай мерекелер бар? (аналар мерекесі, қазақтың жаңа жылы, наурыз мерекесі бар)

Дұрыс айтасындар балалар, кәне сендер шаршаған боларсындар, бой сергітіп алайық:



Ал, балалар тұрайық

Алақанды ұрайық

Оңға қарай бұрылып

Солға қарай бұрылып

Бір отырып, бір тұрып

Бой сергітіп алайық.



  • Балалар,айтыңдаршы, көктемде алғаш қандай құстар ұшып келеді? (ала қарға ұшып келеді, одан кейін сауысқан, қарлығаш, көкектер ұя салып жұмыртқа басады)

  • Осы құстарға қандай қамқорлық жасаймыз,кім айтады? (ұя саламыз, жем береміз)

  • Дұрыс айтасыңдар,құстарға қамқорлық көрсетіп,өнуге,өсуге жағдай жасауымыз керек, ұя жасап,жем беріп,оларды атуға,өлтіруге болмайды.

  • Көктемнің алғашқы күндерінен бастап жерден қылтиып гүлдер өседі, ол гүлдер қалай аталады? (бәйшешек)

  • Балалар, табиғатымызға сән беріп, көрік беріп тұрған ағаштарды сындыруға бола ма? (жоқ!)

  • Ағаштарды күтіп,топырағын қопсытып, суару керек. Ағаштар сонда ғана жайқалып өседі.

Балалар, көктемде күн көкжиекке көтеріліп, күн ұзарып, түн қысқарады. Көктемде адамдар жер жыртып әр түрлі өсімдіктер егеді. Бау бақша өсіреді. Көктем жылдың ең тамаша мезгілі, сұлулығына сүйсініп, құстар әнін тыңдап, жұпар иісімен демалуға болады екен.

Осы сендер көктем туралы тақпақ білесіңдерме?

Қане, Назерке:

Көктемде көңілді

Құстар кеп жатқанда

Құлпыртып өңірді

Гүл ектік бақтарға

Гүл ектік аулаға

Көктемде көңілді

Бақта да, бауда да

Ақ гүлдер өрілді.

Мадина:

Көктем,көктем,көктемде

Құстар келіп жеткенде

Қуанып бір қаламыз

Әнмен қарсы аламыз.

Жансерік:

Көктем келді бүгін

Күнім төкті нұрын

Сайрап, барлық құстар

Ән салуға құштар.

Ал енді осы айтқандарымызды іс жүзінде көрсетеикші балалар, қане ортаға жақындайық.

  • Ағашта нелер пайда болады? (жапырақтар пайда болады)

  • Нелер ұшып келеді? (құстар ұшып келеді)

  • Құстар қайда қонады? (құстар ағаш бұтағына қонақтайды, 3-4 бала құстарды отырғызады)

  • Көк шөп қайда өседі? (жерде өседі, балалар әкеліп жапсырады)

  • Төлдер қайда ойнақтайды? (көк шөп үстінде, төлдерді орналастырады)

  • Бұның бәрі қай мезгілде болады? (көктемде)

  • Ал осы көктемге не жетпей тұр балалар? (күн шуағы)

Жарайсыңдар балалар,орнымызға отырып, көз жаттығуын жасап алайық.

Балалар сабағымыздың тақырыбына байланысты тақтадағы суреттерге көңіл бөлейік, осы суреттерге қарап кім әңгіме құрап береді? (сурет)

Өте жақсы балалар енді сендерге жұмбақ жасырайын.

Күн көк жиекке көтеріліп

Күн ұзарып,түн қысқарып

Құстар ұшып келіп

Адамдар жер жыртып,егін егіп,бау бақша өсіретін кез қай мезгіл? (көктем)

Екі айыр құйрығы,

Қияқ мұрт қанаты,

Ұшқырлардың жүйрігі. (қарлығаш)



Көктемде келіп,күзде кетеді

Жаздай бауда әндетеді. (жыл құстары)



Талдың басында

Жемі бар қасында

Там тұр саялы

Достарға аялы(құс ұясы)



Дейді барі киелі

Иір моинын иеді

Аппақ адал болғасын

Оны бәрі сүйеді. (аққу)

Балалар, осымен сабағымыз аяқталды. Сабақта балалар жақсы отырып, белсенді араласып отырдыңдар, сендерге рахмет!








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
К?ктем мезгілімен таныстыру

Автор: Бултрикова Жанылсын Куралбековна

Дата: 11.07.2016

Номер свидетельства: 337266


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1460 руб.
2430 руб.
1180 руб.
1970 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства