Ұйымдастыру-ізденушілік | Тәрбиеші: Балалар,тілектерін қабыл болсын.Бүгінгі күн өте тамаша.Табиғат бізге жылы шуағын төгіп тұр. -Қазір жылдың қай мезгілі? Балалардан көктемгі күннің ерекшеліктерін сұрап,суреттер ілгізеді. -Ой балалар,бізге біреу келіп тұрған сияқты есік қағып жатыр.Бұл кім екен? Кіріңіз. -Гүл ханшайымы. Гүл ханшайымы: Саламатсыздар ма! -Сендер қандай әдемісіңдер!Балалар мен сендерді қонаққа шақырыпкелдім.Сендер саяхат жасағыларын келе ме? Егер сендер менің тапсырмамды орындасаңдар, мен сендерді көктемгі орманға алыпбарамын. 1.Жұмбақ жасыру: Бұлтты айдап желдеткен, Нөсерлетіп селдеткен. Жаңбырлатып ойнайтын. Қай мезгіл деп ойлайсың? -Дұрыс айтасыңдар. 2.Көктем туралы тақпақ айту. 3.Санамақ айту. 4.Бір ден оңға дейін тура және кері санау. -Жарайсыңдар,балалар. Тәрбиеші: Балалар,сендер орманда жүру ережесін білесіңдер ме? Гүл ханшайымы: Жарайысыңдар,сендер орманда жүру ережесін жақсы біледі екенсіңдер. Тәрбиеші: Қараңдаршы бізде сиқырлы жолдар бар екен,сол жолдар арқылы біз орманға барайық.Мына жолдың түсі қандай,балалар? Бұл түс қай жыл мезгілін білдіреді? -Бұл жол ұзын ба,әлде қысқа ма? -Балалар,маған күз мезгілінің түсін білдіретін жолды тауып беріңдерші. -Неге күз мезгілінің түсі сары деп ойлайсыңдар? -Ал енді ең жұмсақ жолды табыңдаршы?Бұл жол қай түсте екен? -Бұл түс қай мезгілді білдіреді? -Бұл жол кең бе,әлде тар ма? -Ал ақырғы жолымыз қандай түсті және неге ұқсайды екен? -Табиғат оянып көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады? -Енді балалар бой сергітіп алайық. Сергіту сәті: Жоғары қарап күн көрдім, Төмен қарап жер көрдім. Оңға солға бұрылып, Жасыл орманды ел көрдім. -Ағаштардың несі болады? -Балалар сендер қандай ағаштарды білесіңдер? -Ағаштардың бізге қандай пайдасы бар? -Балалар сендер орман жайлы қандай өлең білесіңдер? Сергіту сәті:Тербеледі ағаштар, Алдымен жел еседі. Кіп кішкентай ағаштар, Үп үлкен боп өседі. -Балалар мына ағашқа қараңдаршы,бұл ағашта не байқадыңдар? Оның несі жоқ? -Олай болса біз осы ағашты киіндірейік.Бізге ол үшін қыстырғышпен жапырақтар керек.Жапырақтар мен қыстырғыштың түсі қандай? -Балалар орманда тек ағаштар ғана емес,онда жабайы аңдар өмір сүреді. Сендер олардың қандай түрлерін білесіңдер ме? Гүл ханшайымы: Ал енді осы орман таза ауасында сендермен ойын ойнағым келеді. -Әлемді жақсы көрсең,былай жаса(қол шапалақтау) -Қасыңда досың болса,былай жаса(аяқпен секіру) -Егер де жаңбыр жауса,былай жаса(қолын шапалақтау) -Анаң саған күлімдесе,былай жаса(қолдарын шапалақтап,секіру) Тәрбиеші: Балалар біз сендермен ойын ойнап жүріп жазық далаға шығып қалыппыз. Жазық далада не көріп тұрсыңдар? -Көктемнің алғашқы гүлдері қалай аталады? -Балалар гүлдердің алдында не жатыр? -Балалар осылай қоқыс тастауға бола ма? -Олай болса қоқыстарды жинап,қоқыс жәшігіне салайық. -Балалар біз сендермен ойын ойнап жүріп орманнан шығып кетіппіз. Енді біз сендермен бірге гүлдің тұқымын егіп,оны күтіп баптайық. Бұл гүл «Бақыт гүлі» деп аталады. Гүл тұқымын егу. Алдын-ала дайындалған топыраққа тұқымды себіп,тырмалап,су құю. Гүл ханшайымы: Маған сендермен орманға саяхат жасаған ұнады.Сендер көп нәрсе біледі екенсіңдер.Сендермен қоштасатын сәт келді. Тәрбиеші: Гүл ханшайымына сыйлық тұсынайық. Гүл ханшайымы: Сау болыңдар,балалар! Тәрбиеші: Сендер сабақты жақсы меңгеріпсіңдер,осымен сабағымызды аяқтаймыз. Ән: «Көктем келді» | -Көктем мезгілі Күн жылынады,қар ериді. Суреттер ілді. -Саламатсыз ба гүл ханшайымы! -Ия -Көктем мезгілі 1-бала:Көктем қандай көңілді, Күміс жаңбыр төгілді. Мөлдір аспан ащылып, Күннің көзі көрінді. -Бір дегенім бесік Шықтың содан өсіп, Екі деген елім Далам,тауым,көгім Балалар тура және кері санады. -Орманда шуламау керек.Бір-бірінен қалмай ждүру керек.Айқайлап өлең айтпау керек,себебі ормандағы жануарлар мен құстарды шошытып аламыз.Бұтақтарды сындырмау керек. -Мына жол қызыл түс. -Бұл түс жаз мезгілін білдіреді. -Бұл жол ұзын. -Күз мезгілінің түсі сары. -Себебі күз мезгілінде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.Жер беті сары кілемге ұқсайды. -Бұл жол ақ түсте екен. -Қыс мезгілін білдіреді. -Бұл жол кең екен. -Жасыл түсті.Шөптердің түсі сияқты. -Жер беті жасыл шөпке толады,құстар ұшып келеді.Ағаштар бүршік атады. Сергіту сәтін қимылмен орындады. -Тамыры,діңі,бұтағы,жапы-рағы. -Ағаштар таза ауа береді.Ағаштардан үйлер соғамыз.Ағаштар ыстық күнде көлеңке береді. -Ну орман,жасыл орман,мынау орман, Далаға қорған болып тұра қалған. Барлығы баласындай бір үйдің Барлығы жаралғандай бір адамнан. Сергіту сәтін қимылмен орындады. -Оның жапырағы жоқ -Жасыл түсті -Аю,түлкі,қасқыр,тиін,қоян. Ойынды қызығушылықпен ойнады. -Гүлдерді Бәйшешек,қызғалдақ,бақбақ. -Қоқыстар -Жоқ болмайды.Табиғатты аялау керек.Табиғатты таза ұстау керек.Табиғат тіршілік көзі.Табиғатты гүл жайнатайық. -Балалар қоқысты жинап,қоқыс жәшігіне салады. -Балалар гүл ханшайымына «Бақыт гүлін сыйлады». -Сау болыңыз,Гүл ханшайымы. Балалар әнді орындады. |