Ма?саты: Таби?атты? ?сем бейнесін музыка ар?ылы сезіне білу. Мерекелік к??іл-к?й сыйлау. Дауыс жатты?улары ар?ылы с?йлеу дикциясын, тыныс алу да?дыларын ?алыптастыру.
Міндеттері:
1) Білімділік: ??старды? негізгі белгілері жайлы т?сінік беру, ?анатты жануарлар - ??старды? таби?атта?ы тіршілігі, соны? ішінде жыл ??старыны? к?ктемгі тіршілігі туралы, ??стар?а ?атысты халы? болжамдары, пайдасы, емдік ?асиеттері туралы ме?герту.
2) Дамытушылы?: О?ушыларды? тілін, ой - ?иялын ?штау, д?ниетанымын ?алыптастыру, ??стар ?леміне деген ?ызы?ушылы?ын арттыру. Жа?а технологияны? ?дістерімен ж?мыс істей білуге білімдерін арттыру.
3) Т?рбиелік: Таби?атты? жаршысы - ??старды ?ор?ау?а, аялау?а, ?ам?оршы болу?а т?рбиелеу.
Просмотр содержимого документа
«К?ктемді ?о?дырып ?анатына »
Тақырыбы: Көктемді қоңдырып қанатына
Мақсаты: Табиғаттың әсем бейнесін музыка арқылы сезіне білу. Мерекелік көңіл-күй сыйлау. Дауыс жаттығулары арқылы сөйлеу дикциясын, тыныс алу дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:
1) Білімділік: Құстардың негізгі белгілері жайлы түсінік беру, қанатты жануарлар - құстардың табиғаттағы тіршілігі, соның ішінде жыл құстарының көктемгі тіршілігі туралы, құстарға қатысты халық болжамдары, пайдасы, емдік қасиеттері туралы меңгерту. 2) Дамытушылық: Оқушылардың тілін, ой - қиялын ұштау, дүниетанымын қалыптастыру, құстар әлеміне деген қызығушылығын арттыру. Жаңа технологияның әдістерімен жұмыс істей білуге білімдерін арттыру. 3) Тәрбиелік: Табиғаттың жаршысы - құстарды қорғауға, аялауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, құстар, әр түрлі гүлдер, слайд материалдары.
Залға музыка мен кіреді
Балар амандасады: Топ – топ болып амандасады.5 топ болады
Торгайлар: чик чирик
Тырналар: тру тру
Қарлығаш: чик-чик-чик
Тоқылдақ: тоқ тоқ
Аққу: музыкамен амандасады
Шаттық шеңбер: Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Күлкімізді күн қылып,
Гүл өссін деп тілейік.
Ал енді балалар ән- күй сабағында міндетті түрде дауыс жаттығу жасаймыз. Қане жарты шенберге турайық.
Дауыс жаттығу: ма-ма-ма, ко-ко-ко, чирик – чирик, тру-тру
Балаларды отыргызамын.
ІІ Кіріспе сөз
- Балалар, біз бүгін табиғаттың бір бөлігі құстар туралы әңгіме қозғаймыз. Құстар бау- бақшаның сәні, бау- бақшаның емшілері. Құстар- біздің досымыз. Олардың сазды әуені табиғатты құлпыртып, адамдардың көңіл күйіне әсер етеді.
-Құстар, құстар келеді Жерді шуға бөледі
Көктем келді деп бізге Жақсы хабар береді.
- Балалар, табиғатты құстарсыз елестету мүмкінбе?. - Елімізде 500- ге жуық құстың түрі бар. Олар табиғатты зиянкестерден қорғайды. Сондықтан олар табиғат емшілері. Олар тіршілік иелері. Балапандарын қанаттандырып, жауларынан қорғайды. Құстар табиғатқа сән береді. Жыл құстары дегеніміз- салқын түссе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып келетін құстар.
- слайдты тамашалайық!
Слайд арқылы құстар туралы айтып беру. Салыстыру.
Акку Салмағы 5 – 10 кг, жетеді. Қанатының ұзындығы 150 – 180 см. Тіршілігінің көп уақытын суда өткізеді, жақсы жүзеді, бірақ сүңги алмайды, құрлыққа сирек шығады. Аққу – жұп құрып тіршілік етеді. Ұясына (су жағалауындағы өсімдіктердің арасындағы болады) 3 – 7-ге дейін жұмыртқа салады, оны көбіне аналығы басады. Аққу кандай болады?
Тырна. Тырналар — ірі, мойны, аяқтары және тұмсығы ұзын, ал құйрығы қысқа, жақсы жүгіретін құстар. . Бұлар далалы және батпақты жердің барлығында да кезде-седі. ). Тырнанын ұзындыры 120 см салмағы 6 кг-дай ірі құс. Ұясын жерге салады. Ұясында 2—3 жұмыртқасы болады. Тырналар өсімдік тамырларымен, құрттармен,Жәндіктермен , бақалармен, қоректенеді.
Қарлығаштың тұмсығы қысқа, тұмсығының түбі кең, езулерінің арасы алшақ. Қанаттары жіңішке әрі ұзын. Дене бітімі ерекше сымбатты. Саусақтары қысқа, әрі әлсіз,. Қ-тың қауырсыны тығыз, жотасы қара түсті жылтыр. Сыртқы түрінен еркегі мен ұрғашысының айырмашылығы байқалмайды. Дене тұрқы 9—23 см, салм. 10—60 г.
Тоқылдақтар — тұмсығы қашау сияқты, ағашқа өрмелегіш құстар. Табандары қысқа, тырнақтары ішіне қарай иіліп, ал сыртқы саусағы арт жағына қарай қайырылып тұрады. . Ұясында 3—5 жұмыртқа болады. Жұмыртқасын атасы да, анасы да басады. Балапандары жұмыртқадан шыққанда әлсіз келеді. Орман шаруашылығында тоқылдақтардың пайдасы үлкен. Олар күн сайын бірнеше жүз зиянды насекомдарды қырады. Тоқылдақтар әсіресе жаз айларында пайдалы, өйткені, олар бұл кезде насекомдармен қоректенеді.
Салыстыру
Қазақ халқы әнші қыздарың – бұлбылға тенеген
Сұлу қызды – аққуға
Ардақты ер азаматты – сұнқарға
Ал кішкентай баласын – балапанға тенеген екен!
Мұғалім сөзі: Қыран құсы туралы не білеміз? Қыран қандай құс?
Қайда бейнеленген? Еліміздің рәміздерінде. Туымыздағы бүркіт бейнесі – тәуелсіздік алып, қанатын қомдаған, қазақ елінің қыраны, еркіндік алған қайратты құс.
Жумбақ жасыру:
Тақылдатып,
Мазаны ап,
Ағаштарды тазалап,
Ормандарды емдейдi,
Зиянкестi жазалап. (Тоқылдақ)
Екi айыр құйрығы,
Қияқ мұрт қанаты,
Ұшқырлардың жүйрiгi. (Қарлығаш)
Ойын: «Құстардың үнін тап»
Құстардын үнін тындайды, табады
Сергіту сәті: Қане қанат қағайық, Біз құстарша самғайық. Бір отырып, бір тұрып, Бой сергітіп алайық! (іс қимылмен көрсетед)
-Бәйшешектін келіуі.
- Мен көктемнің алғашқы гүлі -бәйшешекпін. Менің достарым жоқ. Мына жерден сендердің тақпақ естіп, көңілденген дауыстарыңды естіп келдім. Сендер менімен дос боласыңдар ма?
- Иә!
Жүргізуші: Онда бізбен бірге болып, балалардың өнерін тамашала.
-қыздардын әні «Көктем келді»
Тақпақтарың айтады
Бәйшешек: жарайсындар! Мен сендерге сыйлық алып келдім, бұл көктемнін алғашқы гүлі.(гүлдерді таратады)
Қорытынды: Біз бүгін қандай құстармен таныстық?
Олардын пайдасы қандай?
Тоқылдақ – емдейді
Қарлығаш – қоқым жинайды
Торғай – зиянды жәндіктерден қоргайды ағашты
Аққу – көлдін көркі
Тырна – олар ұшқанда, біз білікті, достықты байқаймыз.
Құстардын ұясын бұзбау керек, жұмыртқасын жармау керек.
Жалпы балалар, табиғатты қорғау керекпіз. Ешқандай зиян келтірмеу керекпіз!
Сабақ ұнадыма? Ал ендеше тобымызға барып көктемнің қызғалдағын терейік.
Құстар, аңдар болмаса табиғат құриды, аңдарды атуға болмайды. Табиғат құрыса адамға өте қауіпті.
1.Құстарды қалай қорғаймыз? 2. Қалай көмек береміз? Балалардын жауабы...