kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"К?ктем ??стары".

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы:     К?ктем ??стары
Ма?саты:        Балаларды? к?ктем туралы т?сініктерін та?па?, тиым с?здер,   
                        ж?мба?тар ар?ылы есте са?тауын, ойын ар?ылы а?ыл-ойын 
                        арттыру. ??старды? адам ?міріндегі пайдасы туралы ма?л?мат  
                        беру.
Білімділігі:     Балаларды? к?ктем ??стары туралы білімдерін ж?не оларды?   
                        немен ?оректенетіні, дене бітімі туралы білімдерін бекіту.
Дамытушылы?ы: ??стар туралы к?ркем с?здерді пайдаланып с?здік ?орын, 
                        ой-?рісін дамыту.
Т?рбиелігі:     Таби?ат байлы?тарын ?ор?ап, ??стар?а деген с?йіспеншілік се-  
                        зімдеріне т?рбиелеу.
К?рнекілігі:    Си?ырлы санды?, ??старды? суреті, торда?ы ??сты? суреті, 
                        орманны? суреті т.б
?діс-т?сіл:      С?ра?-жауап, ??гімелесу, т?сіндіру, ой ?оз?ау страдегиясы  
                         кубизм ?дісі, венн диаграммасы.
Т?рі:                Саяхат
Ж?ру барысы: І. ?йымдастыру кезе?і.
2) ?она?тармен амандасу
3) Балаларды? зейінін саба??а аудару.
ІІ. Жа?а саба?. Та?ырыпты ашу
1)    Сурет бойынша ??гіме ж?ргізу.
2)    Ой ?оз?ау страдегиясы:

Балалар ?з ойын ауызша айтып шы?ады.

ІІІ. Орман?а саяхат.
Балалар ?азір біз б?ріміз орман?а барайы?. Орман?а «К?ктем» ?нін тындап барайы?.
Осы мезгілде к?ктем музыкамен билеп кіреді.
К?ктем: С?лем, достар аман ба?
              Шат-шадыман К?ктеммін
             Мынау бейбіт заманда
             Шатты? болсын ?мманда.
Саламатсыздарма ?она?тар, саламатсыздарма балалар!
Міне мен  сіздерге асы?а жеттім! К?ктем мерекелері? ??тты болсын! Мен сендерге ??р ала?ан келгенім жо?.
«Си?ырлы сыр санды?» алып келдім. 
IV. Болжау страдегиясы
Ішінде не бар деп ойлайсындар?
-Ал балалар к?ктемге бізге ?те ?демі сыйлы?пен келіпті, ішінде не бар деп ойлайсыздар? (балаларды? ?иялы)
-Ал, балалар біз ашып к?релік. Санды?та аш?ан кезде ішінен ??старды? дыбысы естіледі.
-Балалар ??ла? т?ріп ты?дайы?шы ?андай дыбыс естіліп т?р?
-??старды? дыбысы естіледі.     

??стар?а сипаттама береміз.
К?кек-б?л ?з атын ша?ыратын ??с. Б?ны? жаман ?асиеті ж?мырт?а баспай-ды. ?зіні? ж?мырт?асын бас?а?а салып кетеді. Балапанын бас?а ??стар басып шы?арады. К?кек улы ??рттарды жейді.
?за?- к?ктемде ал?аш ?шып келетін ??с. Б?л ??сты к?ктем жаршысы дейміз. 
?арлы?аш- ?асиетті ??с дейді. О?ан жаманды? жасау?а болмайды. ?арлы?аш адамны? досы. Б?л ??сты? ерекшелігі- ол жемін ауада ?шып ж?ріп ?а?ып алып жейді. 
Тырна- б?л ??сты? ая?ы ?зын болып келеді. Тырналар ?шб?рыштанып ?шады. Тырна келген со? жер жырту?а болады-дейді ауылды? кісілері.
А??у- б?л киелі ??с. А??у к?лде ж?зеді. А??у ?те ?демі ??с. А??у тек екеу болып ж?реді. А??уды ату?а болмайды деген ма?ал бар. 
VI. Сен жал?астыру ойыны.
Шарты: Мысалы ?арлы?аш балшы?тан.
                             Тор?ай балапандарына.
                             А??у ?те.
                             К?кек ж?мырт?асын.
                             ?ар?а бар дауысымен.
VII. ??стар туралы с?йлем ойлау.
Сергіту с?ті.
5.??стар т?різді ?анат жасап, ше?бер бойымен айнала ?шу. 
6. ??стар сия?ты к?лден су ішу
7. Бір орында т?рып айнала ?шу
8. Орындарына барып ?ону. 
К?ктем. Сендерге ж?мба? жасырайын. 
Кеудесі ?ай?а?дап,
Ж?реді байпа?дап.
(?аз)

К?міс санды? ашылды,
Ішінен жібек шашылды.
(балапан)

Киімі ала, ісі бар шала,
Мекені орман дала.
(сауыс?ан)

Балапанын басатын бас?а ??с бар,
Бар сондай ?ас?а ??с.
(к?кек)

 VIII. Венн диаграммасы.   

Айырмашылы?ы. ?й ??стары ?йде болады. ?й ??стары жем, тары т.б н?рселермен ?оректенеді. Ал к?ктем ??стары далада ?шып ж?реді. Олар жемтігін ?здері тауып жейді. 
??састы?ы: Екеуі де ??стар
К?ктем: ??стар туралы кім тиым с?здер, ма?ал-м?тел та?па? біледі. Мысалы, ??сты? ?ясын б?зба, ж?мырт?асын алма. 
А??уды атпа, досы?ды сатпа.
??стар туралы та?па?тар.
Б?дыр-б?дыр балшы?ты.
Жинаймын мен талшы?ты.
??сатып ?амыт?а
?я саламын жабы??а.

К?ктемді хабарлап
?за?ым келді? бе?
?ойым ем даярлап
?я?ды к?рді?бе?

Балалар ??стар бізді? досымыз екен. ?йткені олар ??рт-??мырс?аны, зиянды ж?ндіктерді жейді. ??стар адам ?міріне с?н салтанат беріп, ?сем сазды ?німен жанды рахат?а б?лейді. Сонды?тан да біз ??сты? ?ясые б?збауымыз керек. Балапандарына тиіспеуіміз керек. Себебі оларды? да аналары шырылдап балапандарын іздейді. К?зде кеш кеткен ??стар к?ктемде ерте келеді. К?зде ерте кеткендері к?ктемде кеш келеді. Сонды?тан да біздер балалар осы ??стар?а ?ам?орлы? жасап ?я жасауымыз керек. 

ІХ. Ойын. "??стар?а жем шашайы?"
Шарты: мына ??стар?а жауап берсек, онда ??стар?а жем береміз. 
1.    ?ыста ?алатын ??старды ата?
2.    К?ктем жаршысы ?ай ??с?
3.    ??стар немен ?оректенеді?
4.    ?ай ??стармен танысты??
5.    ?андай ?й ??старын білесі??

Х. Кубизм ?дісі. ?андай ??с?
Шарты: Кубикті ла?тырып ?андай ??с екенін табу.
К?ктем: ?те жа?сы балалар. Сіздер тамаша білімдері?ізді к?рсетті?дер, ризамын.
Міне, мынау сіздерге ?келген сыйлы?ым. Балалар таби?атты аяласын, ??старды ?ор?асын олар бізді? ?анатты достарымыз ?ой. Ал енді мен бас?а мектептерге ормандар?а баруым керек. Келесі кездескенше!
-Бізді? балаларымыз да сізге арнал?ан ?ндері бар ты?дап кеті?із. Шожелер ?німен бізде орманнан ?айтайы?. 

ХІ. ?орытынды: Ал балалар біз б?гін к?ктем ??старымен танысты?. ?алы?тап ?ш?ан ??сты елестетші к?з алдары?а.
Елімізді? болаша?ы мына сіздерді? білім аспанында ??сша шары?тап ?шы?дар. Ендеше білімге ?арай талпын?ан ?анаттары? талмасын. 

ХІІ. Мада?тау. 
К?ктемні? ?келген сыйлы?ын, я?ни б?йшешекті балалр?а берейін. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"К?ктем ??стары".»

Көктем құстары

Тақырыбы:     Көктем құстары
Мақсаты:        Балалардың көктем туралы түсініктерін тақпақ, тиым сөздер,   
                        жұмбақтар арқылы есте сақтауын, ойын арқылы ақыл-ойын 
                        арттыру. Құстардың адам өміріндегі пайдасы туралы мағлұмат  
                        беру.
Білімділігі:     Балалардың көктем құстары туралы білімдерін және олардың   
                        немен қоректенетіні, дене бітімі туралы білімдерін бекіту.
Дамытушылығы: Құстар туралы көркем сөздерді пайдаланып сөздік қорын, 
                        ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелігі:     Табиғат байлықтарын қорғап, құстарға деген сүйіспеншілік се-  
                        зімдеріне тәрбиелеу.
Көрнекілігі:    Сиқырлы сандық, құстардың суреті, тордағы құстың суреті, 
                        орманның суреті т.б
Әдіс-тәсіл:      Сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру, ой қозғау страдегиясы  
                         кубизм әдісі, венн диаграммасы.
Түрі:                Саяхат
Жүру барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
2) Қонақтармен амандасу
3) Балалардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Жаңа сабақ. Тақырыпты ашу
1)    Сурет бойынша әңгіме жүргізу.
2)    Ой қозғау страдегиясы:

Балалар өз ойын ауызша айтып шығады.

ІІІ. Орманға саяхат.
Балалар қазір біз бәріміз орманға барайық. Орманға «Көктем» әнін тындап барайық.
Осы мезгілде көктем музыкамен билеп кіреді.
Көктем: Сәлем, достар аман ба?
              Шат-шадыман Көктеммін
             Мынау бейбіт заманда
             Шаттық болсын әмманда.
Саламатсыздарма қонақтар, саламатсыздарма балалар!
Міне мен  сіздерге асыға жеттім! Көктем мерекелерің Құтты болсын! Мен сендерге құр алақан келгенім жоқ.
«Сиқырлы сыр сандық» алып келдім. 
IV. Болжау страдегиясы
Ішінде не бар деп ойлайсындар?
-Ал балалар көктемге бізге өте әдемі сыйлықпен келіпті, ішінде не бар деп ойлайсыздар? (балалардың қиялы)
-Ал, балалар біз ашып көрелік. Сандықта ашқан кезде ішінен құстардың дыбысы естіледі.
-Балалар құлақ түріп тыңдайықшы қандай дыбыс естіліп тұр?
-Құстардың дыбысы естіледі.     

Құстарға сипаттама береміз.
Көкек-бұл өз атын шақыратын құс. Бұның жаман қасиеті жұмыртқа баспай-ды. Өзінің жұмыртқасын басқаға салып кетеді. Балапанын басқа құстар басып шығарады. Көкек улы құрттарды жейді.
Ұзақ- көктемде алғаш ұшып келетін құс. Бұл құсты көктем жаршысы дейміз. 
Қарлығаш- қасиетті құс дейді. Оған жамандық жасауға болмайды. Қарлығаш адамның досы. Бұл құстың ерекшелігі- ол жемін ауада ұшып жүріп қағып алып жейді. 
Тырна- бұл құстың аяғы ұзын болып келеді. Тырналар үшбұрыштанып ұшады. Тырна келген соң жер жыртуға болады-дейді ауылдың кісілері.
Аққу- бұл киелі құс. Аққу көлде жүзеді. Аққу өте әдемі құс. Аққу тек екеу болып жүреді. Аққуды атуға болмайды деген мақал бар. 
VI. Сен жалғастыру ойыны.
Шарты: Мысалы Қарлығаш балшықтан...
                             Торғай балапандарына...
                             Аққу өте...
                             Көкек жұмыртқасын...
                             Қарға бар дауысымен...
VII. Құстар туралы сөйлем ойлау.
Сергіту сәті.
5.Құстар тәрізді қанат жасап, шеңбер бойымен айнала ұшу. 
6. Құстар сияқты көлден су ішу
7. Бір орында тұрып айнала ұшу
8. Орындарына барып қону. 
Көктем. Сендерге жұмбақ жасырайын. 
Кеудесі қайқаңдап,
Жүреді байпаңдап.
(қаз)

Күміс сандық ашылды,
Ішінен жібек шашылды.
(балапан)

Киімі ала, ісі бар шала,
Мекені орман дала.
(сауысқан)

Балапанын басатын басқа құс бар,
Бар сондай қасқа құс.
(көкек)

 VIII. Венн диаграммасы.   

Айырмашылығы. Үй құстары үйде болады. Үй құстары жем, тары т.б нәрселермен қоректенеді. Ал көктем құстары далада ұшып жүреді. Олар жемтігін өздері тауып жейді. 
Ұқсастығы: Екеуі де құстар
Көктем: Құстар туралы кім тиым сөздер, мақал-мәтел тақпақ біледі. Мысалы, құстың ұясын бұзба, жұмыртқасын алма. 
Аққуды атпа, досыңды сатпа.
Құстар туралы тақпақтар.
Бұдыр-бұдыр балшықты.
Жинаймын мен талшықты.
Ұқсатып қамытқа
Ұя саламын жабыққа.

Көктемді хабарлап
Ұзағым келдің бе?
Қойым ем даярлап
Ұяңды көрдіңбе?

Балалар құстар біздің досымыз екен. өйткені олар құрт-құмырсқаны, зиянды жәндіктерді жейді. Құстар адам өміріне сән салтанат беріп, әсем сазды үнімен жанды рахатқа бөлейді. Сондықтан да біз құстың ұясые бұзбауымыз керек. Балапандарына тиіспеуіміз керек. Себебі олардың да аналары шырылдап балапандарын іздейді. Күзде кеш кеткен құстар көктемде ерте келеді. Күзде ерте кеткендері көктемде кеш келеді. Сондықтан да біздер балалар осы құстарға қамқорлық жасап ұя жасауымыз керек. 

ІХ. Ойын. "Құстарға жем шашайық"
Шарты: мына құстарға жауап берсек, онда құстарға жем береміз. 
1.    Қыста қалатын құстарды ата?
2.    Көктем жаршысы қай құс?
3.    Құстар немен қоректенеді?
4.    Қай құстармен таныстық?
5.    Қандай үй құстарын білесің?

Х. Кубизм әдісі. Қандай құс?
Шарты: Кубикті лақтырып қандай құс екенін табу.
Көктем: Өте жақсы балалар. Сіздер тамаша білімдеріңізді көрсеттіңдер, ризамын.
Міне, мынау сіздерге әкелген сыйлығым. Балалар табиғатты аяласын, құстарды қорғасын олар біздің қанатты достарымыз ғой. Ал енді мен басқа мектептерге ормандарға баруым керек. Келесі кездескенше!
-Біздің балаларымыз да сізге арналған әндері бар тыңдап кетіңіз. Шожелер әнімен бізде орманнан қайтайық. 

ХІ. Қорытынды: Ал балалар біз бүгін көктем құстарымен таныстық. Қалықтап ұшқан құсты елестетші көз алдарыңа...
Еліміздің болашағы мына сіздердің білім аспанында құсша шарықтап ұшыңдар. Ендеше білімге қарай талпынған қанаттарың талмасын. 

ХІІ. Мадақтау. 
Көктемнің әкелген сыйлығын, яғни бәйшешекті балалрға берейін. 

 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"К?ктем ??стары".

Автор: ?ошанбаева Жанаркул Жетпісбай?ызы

Дата: 24.04.2016

Номер свидетельства: 322042


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства