Просмотр содержимого документа
«"К?ктем г?лі" .Тілінде ауыр кемістігі бар балалар?а арнал?ан ашы? саба?.»
«Көктем гүлі»
№ 11 «Арай» балабақшасы, Көкшетау қаласы
Тәрбиеші: Абдирова Айгуль Кайратовна
Тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған ашық сабақ.
Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық».
Бөлімі: Айналамен танысу,тіл дамыту,жапсыру.
Тақырыбы: «Көктем гүлі»
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ.
Мақсаты:
Білімділік: қиылған дайын пішіндерді қағаз бетіне дұрыс орналастыра білуге үйрету; түстерді, көлемді ажырата білуге үйрету; [с] -[ш] дыбыстарын есту және ажырата білу; [с] -[ш] дыбыстарының айырмашылығын нақтылай отырып, анық айтуға үйрету;көктем туралы білімдерін толықтырып, гүлдердің атымен таныстыру; 1-5 дейін сандарды қайталау; ұсақ моторикасын,фонематикалық есту қабілетін, тыныс алуын дамыту.
Дамытушылық: балалардың сөздік қорын молайтып, ой-өрісін, тілін, қиялын дамыту. Әдемілікті сезіне білуге, көркемдік талғамдарының жетілуіне ықпал ету.
Тәрбиелік: табиғатты қорғауға, адамгершілікке, ұқыптылыққа, бастаған ісін аяқтай білуге тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, сергіту, мадақтау, жеке баламен жұмыс. Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, айналамен таныстыру,жапсыру. Сөздік жұмыс:көктем,бәйшешек, гүлдің сабағы. Көрнекілігі: слайд,буклеттер,күнтізбелік балалардың суретімен,ағаш макеты, күннің көзі,жапырақтар, құстар, гүлдер, төл ойыншықтары, жасыл шөп, демонстрациялық материалдар.
Рефлексивтік түзету
Шаттық шеңбері: қонақтармен амандасу -Сәлеметсіздерме! Сәлем саған Алтын Күн! Сәлем саған Көк аспан! Сәлем саған Жер ана! Сәлем маған! Сәлем саған! -Балалар, біздің бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Көктем гүлдері».
Мезгілдерді қайталау (буклет)
Музыка әуені естіледі Көктем кіреді.
Тәрбиеші: Балалар бұл кім?
Балалар: Көктем!
Көктем: Сәлеметсіңдер ме, балалар! (Қолында гүлдермен кіреді, оны балаларға таратады)
Балалар, қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер сол жұмбақтың жауабын тауып көріңдерші. Мұқиятт тыңдаймыз.
Жұмбақ: Ақ қар еріп, су көбейіп,
Сай салаға толады.
Ағаш басы бүршік ашып,
Гүл бәйшешекке толады.
Айтындаршы: бұл қай мезгіл болады? - Дұрыс балалар, қазір көктем мезгілі. - Көктемде табиғат өзгерістері қандай болады?(Слайд көктем өзгерістері)
Балалар: Қар ериді, ағаштарда жапырақ пайда болады,құстар ұшып келеді,күн жылынады, шөп шығады.
Дидактикалық тапсырма: Ал енді осы айтқанымызды іс жүзінде көрсетейікші,балалар. Ағашта нелер пайда болады? (3-4бала жапырақты ағаштың бұтақтарына жапсырады)
- Нелер ұшып келеді? Олар қайда қонады? (2 -3 бала құстарды ағашқа отырғызады)
- Көк шөп қайда өседі?( 1 бала көк шоптің макетін ағаштың бауырына төсейді)
- Төлдер қайда ойнақтайды? (көк шөп үстіне төлдерді орналастырады, атайды)