Тақырыбы: «Көктем аруы»
Мақсаты: Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай
келтірілген,ептілігін және балаларды салауатты өмір салтын
ұстану барысында сөйлеу, жүріп-тұру мәдениетін бала бойына
қалыптастыру.
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, балалар, бүгін біздер алғашқы
көктем мерекесін қарсы аламыз.
«Көктем аруы» атты қыз сыны байқауын қыздарымыздың ибалы
да инабатты, тәрбиелі де мәнді, ару да сымбатты, сұлу да көркем
болып өсу ниетімен өткізгелі отырған сайысымызға қош
келдіңіздер!
Айдын
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары, жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
Жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен танысайық!
Балабақшамыздың меңгерушісі: Шакирова Сәуле Майшақызы
Әдіскеріміз: Мушакулова Салтанат Базарбайқызы
Тобымыздың ата-аналар комитетінің төрайымы:
Ендеше байқауға қатысқалы отырған қыздарымызды ортаға шақырайық.
(Әр қыз өзінің реттік нөмірін таңдайды)
Бірінші қыз білімді,
Меңгерген бар ілімді Ерсайын Бибіфатима
Екінші қыз елгезек,
Алады тез тілінді. Қайыр Құралай
Үшінші қыз үлбіреп
Қос жанары мөлдіреп Нұрболатқызы Қарақат
Төртінші қыз өнерлі,
Төгеді бар өнерді. Сағындықова Асылай
Бесінші қыз талантты,
Өң бойында бар талап. Боранбай Айару
Жүргізуші:
Өнер қуып арулар өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәсекеге түссе бес ару кезектесіп,
Таныстырып өздерін кетер деймін.
І бөлім: Таныстыру
Ерсайын Бибіфатима
2. Қайыр Құралай
3. Нұрболатқызы Қарақат
4. Сағындықова Асылай
5. Боранбай Айару
Сүйікті аналар, сіздерге деген балаларымыздың «Біз өмірдің гүліміз» әнін қабыл алыңыздар!
(Әділқазылар бағасы таныстыруға)
ІІ бөлім: Қыздардың білімін тексеру барысында жеке-жеке 5 сұрақ қойылады. (қазылар алқасының алдынан билет суырып алады)
Ертегідегі кейікерлерді атап бер
Бауырсақты кім жеп қояды?
Қуыршақтармен кімдер ойнайды?
Суретте нені көріп тұрсың?
Жылдың қай мезгілі?
Жүргізуші: Қариясы бар үйдің, қазынасы бар,- дегендей әжелерге арналған тақпақтарымызды қабыл алыңыздар.
Айдын, Аяп, Бекзат, Наурыз,Жалғас,Қуандық,Айбек.
(Әділқазылар бағасы сұрақтарға)
Жүргізуші:
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Бүгінгі қыз сынында бәйге алуға,
Арулар аянбай-ақ жан салыпты.
ІІІ бөлім: Өз өнері
(Әділқазылар бағасы)
Жүргізуші:
Көктемнің шуақ күнінде гүл өседі жайқалып,
Көңілденіп, шаттанып , біз билейік, ән салып!
Балалардың орындауында ән «Құттықтаймын мама туған күніңмен»
Жүргізуші:
Сымбатына сән киімі жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сай келіп дайын тұрған,
Аруларға қызығып қарасатын.
ІV бөлім: Көктем келді, сән келді
(Қыздар сән үлгісін көрсетеді)
(Әділқазылар бағасы)
Ойлы қызы халқымның,
Отаным деп тұрады.
Бос жібермей әр күнін,
Ана жолын қуады.
Қанаттанса балапан,
Қалайша ұшпайды,
Әр бір қыз, әр балапан, анасына ұқсайды.
V бөлім: Менің сүйікті ісім
Бұл бөлімнің мақсаты үйде анасымен қызының бос уақытында жасайтын сүйікті жұмысын қорғау.
Жүргізуші: Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Әділқазыларға төрелікті берейікші.
Жеңіп шыққан аруды құттықтап, сәттілікті тілейікші!
Келесі сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі
Аруларды марапаттау
Құттықтау сөзі балабақша меңгерушісі: Шакирова Сәуле Майшақызына беріледі