Өткен оқу іс – әрекетін қайталау: 1.Қазір жылдың қай мезгілі? 2.Бір жылда неше мезгіл бар? 3.Ауа райында қандай өзгерістер байқадыңдар? (балалардың жауабын фишка арқылы бағалау) Ғажайып сәт : Сиқырлы қорапша. Қорапшаның ішінде жемістер мен көкөністерді салып қою. Педагог балаларға қорапты көрсетіп Оны ашу үшін жұмбақ шешу керектігін айтады. Жұмбақ: Көгеріп май алдында түрге келген Күшімен адамзаттың өсіп өнген Тамыз бен қыркүйекте күні толып Адамзат пайдаланар алып жерден (Көкөніс) Қорапшаның ішінен қызанақ, Қияр, сәбіз, орамжапырақ алып шығу және олардың бақшада өсетінін айту. Әр көкөністің пішінін, иісін, түсін айту. Бақшада қияр, қызанақ, сәбіз, орамжапырақ өседі. Көкөністерден салаттар дайындайды, сондай-ақ ас әзірлеуге пайдаланады. Көкөністердің құрамында адамдардың ағзасына өсуі мен дамуына пайдалы түрлі дәрумендер бар. 2. Қорапшаның жұмбағын шешу: Аспай піскен Қайнамай түскен (жеміс) Қорапшаның ішінен Алма, Шие, Өрік, Алмұрт алып шығу және олардың бақта яғни ағашта өсетінін айту. Жемістердің иісін иіскету, пішінін және дәмін айту. .. Жемістер бақта, ағаштарда өседі, яғни жемістерге алма, шие, өрік, алмұрт жатады.Жемістерден әртүрлі дәмді, тосаптар мен шырындар дайындайды. Шырынды адамдар сүйсініп ішеді. Жемістердің де көкөністердің де құрамында адам ағзасының өсуі мен дамуына пайдалы дәрумендер бар Оларды адамдар тағам ретінде жейді. Оларға адамның күтімі қажет Жемістер мен көкөністер – адам ағзасына өте пайдалы Сергіту сәті: Орамжапырақ Біз орамжапырақты аламыз Оны алып ораймыз Сосын оны тураймыз Оған тұз себеміз Орамжапырақты мыжимыз Дайын салаттымыз осы Дидактикалық ойын: Жемістер мен көкөністерді ажырат. Себеттегі жемістер мен көкөністерді екі топқа бөлініп тиісті себетке салу. |