Тәрбиеші балаларға үй құстарының суреттерін көрсетеді.
-Мына суреттерден нені көріп тұрсыңдар балалар?
-Әтеш, балапан, тауық, үйрек, қаз. Оларды біз үй құстары деп атаймыз. Себебі олар үйдің қасында тіршілік етеді. Біз оларға жем, су беріп қараймыз. Біз олардың жұмыртқасын, етін жейміз. Жүнінен жұмсақ жастық жасаймыз.
Жұмбақ
Өзі сары, өзі мамық,
Өзі жұмырқадан шығады
Оның аты не?
(балапан)
Балалар сұрақтарға жауап береді
Тәрбиешінің түсіндірмесін тыңдайды.
Жұмбақты шешеді
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиеші балапанды көрсету арқылы оған сипаттама береді.
-балалар балапан қандай болады?
-үлпілдеген сары мақта сияқты жұмсақ.
-балапан қайдан шығады?
-балапан жұмыртқадан шығады.
-балапан қандай дыбыс шығарады?
-Шип-шип
Осы кезде топқа тауық кіріп келеді. Ол өзінің көгалда жүрген балапандарын жоғалтып алғанын айтады. Балалардан өзіне балапандарын тауып беруге көмектесулерін сұрайды.
Тәрбиеші балалардың тауыққа балапандарын жасап беретіні туралы айтады.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз,
Үлкен шеңбер құрамыз.
Бір отырып, бір тұрып
Орнымызды табамыз.
Үлгі суретті көрсетіп, балапанның бейнесін ретімен жасау жолдарын көрсетеді.
Тәрбиеші балаларға қағаздан қиылған балапанның үлгісін таратады.
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды
Балалар тауыққа көмектесуге келіседі
Балалар сергіту сәтін орындайды
Үлгі суретті тамашалайды.
Балалар балапанды жапсырады.
Рефлексивті-түзетушілік
Балаларға өздері жасаған әдемі жұмыстарын көрсетеді. Балаларды мақтап, мадақтайды.
Тауық балаларға ризалығын білдіріп, рахметін айтып қоштасып кетеді.
Балалар өздері жасаған балапандарын тауыққа береді.