Мотивациялық қозғаушы | Балалар әсем әуенмен залға кіреді. Бүгін біздің тобымызға көптеген қонақтар келіп отыр,қане бәріміз қонақтармен амандасайық. Амандасу. Шаттық шеңбері. Қуанамын менде , Қуанасың сенде . Қуанайық достарым, Арайлап атқан күнге. Лучик, лучик золотой Луч везде и луч со мной. Добро в тебе добро во мне Добро кругом на всей земле. Ай кән сей хеллоу Ю кән сей хеллоу Ай кән сей хеллоу төу ю Ю кән сей хеллоу төу мей. Хеллоу, хеллоу төу ю. -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Көктем айларын атайықшы? -Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады? | үш тілде амандасады. Балалар шеңбер бойына тұрып, үш тілде қимылмен өлең жолдарын айтты. -Көктем мезгілі. -Наурыз,сәуір мамыр. -Күн жылынады, құстар ұшып келеді, Ағаштар бүршік атады,жан.жануарлар мен жәндіктер ұйқысынан оянады. |
Ұйымдастырушы ізденушілік | -Ендеше балалар табиғат аясына серуендеп қайтайық. Табиғат қандай тамаша... -Балалар қараңдаршы? Табиғатты тамашалап суретші сурет салып отыр екен. Жақынырақ барайықшы. Суретші: -Саламатсыздарма балалар! -Қандай әдемі балаларсыңдар! -Қай балабақшадан келдіңдер? -Топтарыңның аты қандай? Тәрбиеші: -Суретші сіз нені тамашалап, суретін салып отырсыз? -Біздердің де көбелек пен инелік туралы білгіміз келеді? Суретші: Көбелектер екі түрге бөлінеді. «Күндізгі» және «түнгі» Күндізгі көбелектердің түсі қанық, әдемі болады. Сол себепті олардың гүлге қонып отырғаны көрінбей де қалады. Көбелектердің қанаты нәзік болып келеді. Ал түнгі көбелектер түнде ғана ұшып жүреді. Сондықтан да олардың түсі қанық болмайды. -Көбелектер қалай ұшады? -Қане бәріміз көбелектерше ұшайық. Олар дыбыстарды жақсы естиді. Көбелектердің табиғатқа әкелер пайдасы бар. Олар гүлдердің көбейіп өсуіне көмектеседі. Олар гүлдермен қоректенеді. Көбелектің басы, денесі, көзі, аяқтары,мұрты, аузы болады. -Көбелектің қанаты нешеу? -Ал балалар. Көбелекпен таныстық. Енді Инелікпен танысайық. -Инеліктердің түрі өте көп. Олардың аузы кеміруге бейімделген. Көздері өте үлкен, мұршалары қысқа, қанаттары торланып жүйкеленген. Олар көбелектер сияқты емес, қанаттарын денесіне жинамай жайып жібереді. - Инеліктер қалай ұшады? -Инелік неге ұқсайды? Қане бәріміз инеліктер сияқты ұшып көрейікші. - Балалар сендерді жаз мезгілінде қандай жәндіктер шағады? -Инеліктердің пайдасы шыбын шіркей, маса сияқты ұсақ жәндіктерді азайтып жейді. Инеліктер маса шыбын шіркейлермен қоректенеді. Көзге жаттығу. -Балалар көбелек сендермен ойнағысы келеді. -Сендер олардың қалай ұшатынын байқап, көздеріңмен ілесіп отырыңдар. Көбелек жоғары ұшты, төмен ұшты, оңға қарай ұшты, солға қарай ұшты. Суретші: -Балалар сендер өте білімді екенсіңдер, менің қойған сұрақтарыма жақсы жауап бердіңдер. Тәрбиеші: -Рахмет сізге, біз бүгін «көбелек пен инелік» туралы көп білдік. Енді балалар суретші апаймен қоштасайық. -Сау болыңдар. Енді балалар тобымызға қайтайық. Слайдпен жұмыс. -Нелерді көріп тұрмыз? -Бұлардың барлығын бір сөзбен не деп атаймыз? -Жәндіктер-насекомые-insects -Көбелек-бабочка-butterfly -Инелік –стрекоза-dragonfly -Қане бәріміз қайталайықшы? -Енді балалар түстерді таңдау арқылы орнымызға отырайық. Балалар екі топқа бөлініп, жасыл түсті алған балалар инелікті Жапсырады , ал сары түсті алған балалар көбелекті жапсырады. Шығармашылық орталығында жұмыстану. (әдіс тәсілдерін көрсету, түсіндіру.) Сергіту сәті. | -Үш тілде амандасады. -№ 38 «Жазира» балабақшасынан. -«Ақбота» тобы -Мен көбелек пен инеліктерді тамашалап суретін салып отырмын. -Балалар мұқият тыңдады. -Көбелектерше ұшып көрсетеді. -Төртеу. -Тіке ұшады. -Ұшаққа ұқсайды. -Шыбын, маса. Т.б. -Балалар, көздерінің қарасын, жоғары, төмен, оңға, солға қозғап көздеріне жаттығу жасады. -Үш тілде қоштасады. -Ара, шыбын, маса, көбелек, инелік, т.б. -Жәндіктер. -Қайталап жаттады. Балалар көбелекті,инелікті күрішпен,гречкамен желімдеу арқылы Жапсырады. Экранға қарап сергіту сәтін жасады. |
Рефлексиялық қорытындылаушы | -Балалар біз бүгін серуенге қайда бардық? -Табиғат аясынан қандай жәндіктермен таныстық? -Көбелек қандай жәндік? -Көбелек неше түрге бөлінеді? -Қандай, қандай? -Инелік пен көбелек жәндік пе, өсімдік пе, жануар ма? -Көбелек немен қоректенеді? -Инелік немен қоректенеді? -Жәндіктер не істейді? Балаларды мадақтау Бүгін сендер өте жақсы жұмыстаңдыңдар, Ендеше менің сендерге сыйлығым бар. Жұлдыздар тарату. Келген қонақтармен қоштасайық. | Табиғат аясына. -Көбелек және инелік -Түрлі түсті,әдемі жәндік. -Екі түрге бөлінеді. -Күндізгі, және түнгі. -Жәндік. -Гүлдермен. -Маса сияқты ұсақ жәндіктермен. -Ұшады, жорғалайды, секіреді,ызыңдайды. Үш тілде қоштасады. |