Мотивациялық қозғаушы | Шаттық шеңбері: Балалар,қане ортаға шеңбер болып тұрайық. Армысың асыл жер! Армысың көк аспан! Армысың жан досым! Жылуыма жылу қос, Міне ,менің жүрегімнің жылуы. Педагог балаларды тақтаның алдына шақырады: - Балалар үстелдің үстінде фигуралар жатыр. Олардың арасынан шаршыны тауып, маған сол туралы айтып беріңдерші. | Балалар тәрбиешімен сәлемдеседі. Балалар шаршыны тауып, ол туралы әңгімелей бастайды:Шаршының барлық 4 қабырғасы бірдей болады. |
Іздену ұйым-дастырушы | Дәптермен жұмыс. 1- тапсырма. Педагог балаларға дәптердегі суретті мұқият қарап шығып, төмендегі сұрақтарға жауап беруді сұрайды: -Сәбіз нешеу? -Шие нешеу? -Шалқан нешеу? - Қияр нешеу? Мынадай тапсырма беріледі: «Дөөңгелектері бар карточкалар мен басқа заттар бейнеленген карточкаларды заттар мен дөңгелектер саны бірдей болатындай етіп, сызық арқылы қосыңдар». 2 – тапсырма. Тәрелкелердің көлемі қандай? Алмалардың көлемі қандай? Тапсырма: әр алманы өзінің тәрелкесіне сал, ол үшін көлемі жағынан бірдей алмалар мен тәрелкелерді бір – біріне сызық арқылы қосыңдар. Сергіту сәті: «Күшік» Мен – күшік, саққұлақ, Ойнаймын шапқылап. Серікпін қашан да Малшыға шопанға. 3- тапсырма. Педагог балаларға тақпақ оқып береді: Ал, балақай, қарашы, Мынау – біздің шаршы. Теңестірген төрт қабырғасын Бар оның төрт бұрышы. -Балалар, тақпақта қандай геометриялық фигура туралы айтылған? Оның тіктөртбұрыштан қандай ерекшілігі бар? -Суретте қандай фигуралар берілген. -Шаршылардың көлемі қандай? 4- тапсырма. Педагог балалардың жоғарыдағы орындық пен төменгі орындықта отырған аңдарды мұқият қарап шығуын өтінеді. -Жоғарыдағы орындықта неше аң отыр? -Аттарын атап беріңдерші? -Ал енді балалар, жоғарыдағы орындық пен төмендегі орындықта отырған аңдарды сан жағынан салыстырыңдар. Қайсы аң кетіп қалды? -Қанша аң кетіп қалған болса, суреттің астындағы жолақ ішіндегі сонша дөңгелекті бояңдар. Жұмбақ шешу. Бейқам жатқан ел ізднейді Малдан күдер үзбейді. Қорадағы қойға шабады, Қане, жауабын кім табады? Жаңғақ толы орманда, Күндіз тамақ айырып. Жатады кеш болғанда, Өз құйрығын жамылып. Бұл не? | Балалар суреттерді қарап шығады және сұрақарға жауап береді. Үш Екі Бес Төрт Балалар карточкаларды бір – біріне қосады. Балалар суретпен танысқаннан кейін сұрақтарға жауап береді: Үлкен, кіші, кішкентай. Үлкен, кәші, кішкентай. Балалар алмалар мен тәрелкелерді сызық арқылы қосады. Балалар күшік бейнесіне еніп, түрлі қимылдар жасайды. Шаршы туралы. Оның барлық қабырғалары бірдей. Тіктөртбұрыш, үшбұрыш, шаршы, сопақша.Оның ішінде 3 шаршы бар.Үлкен, кіші, кішкентай Балаар тапсырманы орындап, сұрақтарға жауап береді. Бес аң отыр. Қоян, түлкі, кірпі, қасқыр, тиін. Қасқыр мен тиін кетіп қалды. Балалар екі дөңгелекті бояйды. Қасқыр. Тиін. |