Дәлелдеп талаптану | Балалар шеңбер жасап тұрады. «Шаттық шеңберін» айтады Балалар бүгін бізде ерекше күн бәріміз қонақтармен амандасып алайықшы. Қонақтарға жылы лебіздерін білдіреді. Қазір жылдық қай мезгілі? Қыста неше ай бар? Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады? Біз қыста қалай киінеміз? Жұмбақтар: 1.Қыста ғана болады, Ұстасаң қолың тоңады. 2.Қанаты жоқ ұшады, Аяғы жоқ желеді, Аузы жоқ, ұшады 3. Тікен-тікен тік пісте, Қысы-жазы бір түсте. Балалар киініп, автобуспен орманға баруға шақырады. Ары қарай жай жолмен барамыз. Балалар бүгін біз қайда барамыз? Осы кезде тәрбиеші қардан жасалған моншақты сыйқырлы қобдишаның ішінен алады. | Балалар тәрбиешімен бірге шеңбер жасайды. Шеңбер болып тұрайық, Жүрекке жылу сыйлайық. Жинаған жылы шуақты, Қонақтарға шашайық. Балалар сұрақтарға жауап бере алады. Қазір жылдың қыс мезгілі. Желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қыста қар жауады, күн суытады, жер мұз болады. Қыста жылы, қалың киінеміз Балалар жұмбақтарды бірігіп шешеді. (қыс) (жел) (шырша) -Бүгін біз кірпіге қонаққа орманға барамыз. Моншаққа қызыға қарайды Оның қардан жасалғанын, оның түсі ақ екенін айтады. |
Ұйымдастырушылық ізденіс | Аяқпенен топ- топ-топ, Жолменен топ-топ-топ, Орманға да келдік (осы кезде орман дыбыстарын есту). Орманда қандай жануарлар өмір сүреді? Ал мына жерде біреу отырған сияқты. Ой мынау кірпі ғой отырған, неге көңілсізсің? Менің туған күнім, ал мен болсам тоңып отырмын, не киерімді де білмеймін. Туған күніңмен, біз саған моншақты сыйлаймыз. Кірпі: Балалар менің сендерге тапсырмаларым бар соны бәріміз бірге орындайық. Жарай ма? Пішіндерді анықтап, түстерін атау. Сергіту сәті: «Кірпі» Балалар, кірпіге инелері не үшін керек? Ол қалай қорғанады? Мен сендерді кірпілерге айналдырамын (сиқырлау, музыка). Кірпінің сыйлығын кірпінің үйіне қалдырып кетеміз де, далаға ойнауға шығамыз. Ал қазір ойын ойнайық. Қасқыр, түлкі келсе кірпі қалай қорғанады. Ойын «Кірпілер» Ой жарайсыңдар балалар, сендерді ешкім таба алмады. Ары қарай барайық. Кірпінің қысқы азығын түлкі кірпіні алдап жасырып қойған екен, соны орманнан себетті іздеп тауып алуға кірпіге көмектесейік. Ол себетте саңырауқұлақ, алма, алмұрт, сәбіздер салынған. Балалар кірпінің жейтіндерін алып, ал керек еместі қалдырады. Неге қалдырды, соны сұрау керек. Мен алманы, алмұртты, саңырауқұлақты достарыма беремін, олар қайда жүр екен? - Сендер менің туған күніме моншақ әкелген сияқты едіңдер, мен соны таққым келіп тұр. Ол моншаққа не болды? Неге? | Балалар моншақты кірпіге апарып туған күніне сыйлайды. Балалар тақпақтарын айтып орманға келеді Орман дыбысын естиді. Орманда қоян, түлкі, қасқыр, аю, кірпі өмір сүретінін айтады. Кірпіге таңғала қарайды. Туған күніңмен құттықтап кірпіге моншақ сыйлайды.. Балалар тапсырмалар орындауға кіріседі. Жұп-жұмыр жоны бар, Инеден тоны бар. Түйреген түрпі- Біздің сүйікті кірпі. - Басқа аңдардан қорғану үшін инелері керек. Ол бүктеледі, тұмсығын жасырады. Ойыншықты (түлкі, қасқыр) алып, балаларға кірпінің маскісін кигізіп, ойын ойнату. Балалар кірпі сияқты бүктеліп отырады. Ойын екі рет ойналады. Кірпілердің қайда отырғандарын айтады. Себетте тұрған алманы, алмұртты, саңырауқұлақты кірпіге береді, ал сәбізді кірпі жемейтін болғандықтан алмайды. - Ой, біз сенің үйіңе тастап кеттік қой. Балалар өздерімен әкелген моншақты көрсетеді, бірақ ол моншақ еріп кеткен, өйткені ол қардан жасалған. |
Рефлекстік түзету | Жылама, кірпі, біз саған басқа моншақ береміз. Кірпіге арнап балалар түрлі тақпақтар айтады. Тәрбиеші балалардан қайда барғанын, не істегенін, не көргендерін сұрайды. Кірпі сендерге мынадай сиқырлы кәмпиттерді сыйға тарту етті. Балаларды мадақтап кәмпиттерді тарату. | Балалар-ау балалар, Қаракөз Мұнан қызық не болар. Қыстың да бар қызығы, Жылында бір оралар. Келді тағы қыс, Әліби Дала аппақ түс. Қос таяқты шаңғымыз, Дөңге шықтық бәріміз. Қыстың аппақ қалама, Елжас Ағартыпты қаланы. Аралап жүр аяз кеп, Ауладағы баланы. Дала қандай тамаша, Ақерке Ақ мамыққа оралған. Ақ дастархан жапқандай, Көз тоймайды қараса. Қыраулаған жағада, Сабина Аяз беттен өбеді. Бірі мініп шанаға, Бірі шаңғы тебеді. Жапалақ қар себелеп, Айша Аспан астын қаптаған. Секілді көп көбелек, Қонарға жер таппаған. Балалар арнайы тастардан кірпіге моншақ жасап береді. Кірпінің туған күніне біз моншақты сыйлаймыз. Балалар кірпімен қоштасады. Балалар берілген сұрақтарға жауап қайтара алады. Біз кірпіге әдемі моншақ жасап бердік. Ал сыйлық моншағымыз еріп кетті, өйткені ол мұздан жасалған. Жабайы аңдармен танысып, олардың қайда тұратынын білдік. |