Мотивациялық қозғаушылық | - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын, бәріміз қол ұстасып, дөңгелене тұрайық. Күндей жарық, айдай арайлы, Судай мөлдір таза көңілмен Бүгінгі күнді бастайық. - Қазір жылдың қай мезгілі? - Күз неше айдан тұрады? - Күзді неге «алтын күз» деп атайды? | Шеңберге тұрып,тәрбиешінің қимылдарын қайталап, ынталанып тыңдайды. |
Ұйымдастыру- Ізденушілік | - Жер-Ана мейірімді, өйткені ол ... (көкөністер мен жемістерді өсіреді). - Күн мейірімді, өйткені ол ... (жарығын, жылуын береді). Дәптермен жұмыс: Ғ. Қайырбековтің «Алтын күз» өлеңімен таныстыру, жаттату. Жемісі мол теретін, Күз дос екен бізбенен. Бәрін тауып беретін Жомарт екен күз деген. Күз айында жемістер мен көкөністер піседі. Жемістер бақта өседі, көкөністер бақшада өседі. - Жемістер мен көкөністерді ата. Жемістер: алма, алмұрт, шие, өрік, жүзім, т.б. Көкөністер: қызанақ, қияр, қырыққабат, қарбыз, қауын, т.б. Сергіту сәті: (Баяу музыка әуенімен орындалады.) Бастаушы: Күзде ағаш жапырақтары сарғаяды, жел соғады, ағаштар тербеледі, жапырақтар жерге қалықтап түседі. Аспанды бұлт торлайды, жаңбыр жауады. Түк, түк, түк (дыбыс шығару). Күн жарқырап шықты, біз қуанамыз! (Балалар қимылмен көрсетеді). Дидактикалық ойын: «Қай ағаштың жемісі?» Ойын шарты: Алма, алмұрт, шие ағаштары және жемістері көрсетілген. Әр жемісті сәйкес ағаштарға тауып ілу керек. Тәрбиеші: балалардан күзгі табиғат көрінісі жөнінде сұрайды. Балалардың жауабы тыңдалады. Жұмбақ шешу. Жауып жаңбыр, жерде сабыр, Шөп, жапырақ солады. Айтыңдаршы, бөбектерім, Бұл қай кезде болады? (Күзде) | Балалар жыл мезгілдерін естеріне түсіреді. Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді. Сергіту сәтін орындайды Әнгімелесу арқылы балалар тәрбиешінің айтқанын естерінде сақтайды. . Балалар барлығы бірігіп ойынды ойнайды.. |
Рефлексивтік- түзетушілік | Қорытынды. Сабақты қорытындылып, жұмыстарын талдау. Күзде күн суытады, жауын-шашын көп болады. Айнала сары түске өзгереді, бұл мезгіл «алтын күз» деп айтылады. Балалар мектепке барады. Жиын-терін болады. Мадақтау. | Балалар осы оқу іс әрекетінен үйренгендерін естеріне түсіріп жауаптар береді. |