Білім беру саласы: «Денсаулық»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Дене тәрбиесі
Тақырыбы: Кегельдер арасымен допты қос қолмен ұстап жүгіріп өту.
Мақсаты:
1.Ереже бойынша кегельдер арасымен допты қос қолмен ұстап жүгіріп өтуге үйрету.
2.Қимыл-қозғалыстарын дамыту.
3.Ұқыптылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап,үлгі
Көрнекіліктер: Балабақша, аю суреттері
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің әрекеті
Балалардың әрекеті
Ынталандыру кезеңі
Ал, балалар, келіңдер!
Сапқа тұрамыз бәріміз.
Мойнымызды бұрамыз,
Қолымызды созамыз.
Аяқтармен топ-топ басып,
Шынығамыз бәріміз!
Балалар барлығы
хормен қайталады.
Негізгі бөлім
Әңгімелесу
Жарайсыңдар, балалар!
Балалар,қараңдаршы, бізге қонаққа не келді? Кәне, қарсы алып, амандасайық!
Балалар, аю кегельдер арасымен допты қос қолмен ұстап жүгіріп өту ережесін үйретеді.
-Аю!
Балалар амандасады.
Балалар қоян мен тәрбиешінің артынан жүреді.
Қимыл-қозғалыс ойыны
Қане, балалар, аюмен бірге қимыл қайталайық.
Ормандағы аюдың.
Құлпынайы көп еді,
Теріп-теріп аламыз.
Қалтамызға саламыз.
Қимылдарды қайталайды.
Сөздік жұмыс
Аю, қорбаңдап жүру, жүгіру, жалауша, тұру.
Балалар сөздерді қайталап, мағынасын түсіндіруге тырысады.
Қорытынды
Қонаққа не келді?
Сабақта нені үйрендік?
Қандай ойыншықтар қонаққа келді?
Балалардың жауаптары.
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: Берілген нұсқау бойынша жүру.
Меңгеруі: Қимыл-қозғалыстарды ереже бойынша қайталау.
Қорытынды: