Жетекші балаларға «хатха-йога»туралы түсінік береді. Балалар хатха-йога үнді тілінде «ха»-күн деген, «тха»-ай, «йога»-шоғырлану деген мағынаны береді. Ай-тыныштықтың белгісі. Күн-өмірге деген сенімділік,күш қуаттылықтың шыдамдылықтың белгісі.Балалар осы белгілерді ұстанып отырып,біз хатха-йога жаттығуларын жасаймыз. Балалар қалыпты бастамас бұрын дене қыздыру жаттығуын жасап алайық. Басқа арналған жаттығудан бастаймыз.Балалар бастарын алдыға артқа және оңға солға қозғалтады. (4рет) Қолға арналған жаттығу.Қолдарын алдыға созып,саусақтарын жинап,екі қолын алма кезек айналдырады. (әр қолға 4 рет жасалады) 3)Белге арналған жаттығу.Белдерін оңнан солға қарай солдан оңнан қарай айналдыру.( 4 рет) Ғажайып сәт: Сәбидің жылаған даусы естіледі. Жетекші:балалар бұл кімнің даусы? Дұрыс айтасыңдар балалар! -балалар бөпені сәби деп атауға да болады. Біз енді балалар сәбидің жатқан қалпын үйренеміз. «Сәби»қалпы Тіземізді қосып өкшемен отырамыз.Демімізді ішке тартып,жәймен алға қарай еңкейеміз,маңдайымызды кілемшеге тигізіп жатып көзімізді бір сәтке жұмып ұйықтап аламыз.Жақсы балалар. Ғажайып сәт: (терезе алдында отырған мысықты көреді,мысық даусы шығады.) Жетекші балалардың назарын соған аударады. -Балалар бұл не? Жарайсыңдар балалар.Енді мысықтың қалпын жасаймыз. Етпетімізден жатып екі қолымызды ашып кілемшенің үстіне қойып басымызды қолымыздың үстіне қойып аяғымызды бүгіп жатамыз да енді сүт ішеміз. Ғажайып сәт: (Көңілді әуен естіледі) Жетекші:балалар бізге біреу келе жатқан сияқты кім болды екен? (әсем әуенмен Табиғат ана келеді.) Табиғат ана: -Сәлеметсіңдер ме балалар? Балалармен орманды аралап келе жатып сендердің әдемі дауыстарңды естіп сендерге өтініш айтуға келдім.Сендер аңдардың,құстардың бейнесін салады екенсіңдер.Маған таудың бейнесін салып бере аласыңдар ма? Жетекші: Балалар таудың қалпын жасаймыз ба? Табиғат ананың өтінішін орындаймыз ба? Жетекші: Олай болса таудың қалпын жасаймыз. «Таулар қалпы» Денені тік ұстап,қолымызды жәймен жоғары көтеріп,екі қолымыздың саусағын бір-біріне тигізіп оң аяқты шамалы қисайтып сол аяқтың тізесінің үстіне қоямыз.Жарайсыңдар. Ғажайып сәт: (желдің тұрған даусы қойылады,ағаштың қисық суреті көрсетеді) Жетекші: Балалар енді қисық ағаш қалпын жасаймыз. «Қисық ағаш» Тік тұрамыз.Екі қолымызды жоғары көтереміз желмен солға қарай,оңға қарай қисаямыз Жетекші оқу іс-әрекетін сұрақ жауап арқылы қорытындылайды. Мақтау,марапаттау. Йоганың өзінің символы ретінде молдасын құрып отырып,басбармақ пен сұқ саусақты бір-біріне қосып көздерін жұмып тныс алады. Сау болыңдар балалар! | Балалар денелерін тік ұстап жетекшімен бірге жаттығуларды жасайды. Бөпенің даусы. Балалар қалыпты жасап үйренеді. Мысық деп жауап береді. Мысықтың жатқан қалпын жасайды. Сүт ішкен қалыпты жасайды. Сәлеметсіз бе табиғат ана. -Ия. -Ия. Жетекшімен бірге таудың қалпын жасайды. Қалыпты қайталайды. Балалар жетекшімен қоштасып кілемшелерін қойып залдан шығып кетеді. |