Орнымыздан тұрайық,
Алға қадам басайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Бойымызды жазайық.
Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Орнымыздан тұрайық,
Алға қадам басайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Бойымызды жазайық.
МКҚК «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Костанай қаласы әкімдігінің №7 бөбекжай-бақшасы»
Дидактикалық ойындар жинағы
«Ойындар еліне саяхат»
Құрастырушылар: Жанғон А.С. Есенеева М.Б.
Қостанай 2016ж
Дидактикалық ойындар жинағында 3-6 жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту.Мемлекеттік стандарты бойынша балалардың жас ерекшелігі мен жеке мүмкіндіктеріне қарай, олардың негізгі құзыреттілігін қалыптастыру қажеттілігін ескере отырып, балалардыңойлау мен даму қабілетін анықтауға арналған дидактикалық, сюжетті-рөлдік, дамытушылық, драматизациялау, қимылды ойындар, саусақтармен ойын - жаттығулар ұсынылады.
МазмұныТүсінік хат------------------------------------------------------------------------------------6-7Дидактикалық ойындар ( таным)--------------------------------------------------------8-19«Әлеуметтік орта» (қоршаған ортамен таныстыру)---------------------------------20-23«Қатынас» тіл дамыту ---------------------------------------------------------------------24-28Сюжетті – рөлдік ойындар----------------------------------------------------------------29-34Драматизацияланған ойындар------------------------------------------------------------35-47Қимылды ойындар--------------------------------------------------------------------------38-59Сергіту сәттері ------------------------------------------------------------------------------60-76Саусақпен ойнаймыз-----------------------------------------------------------------------77-87Пайдаланған әдебиеттер ---------------------------------------------------------------------88
Түсінік хат"Ойын бала үшін ойын емес, білім мен тәрбие негізін қалайтын басты құрал"Ыбырай АлтынсаринМектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Ойын баланың барлық қабілетінің, тілінің дамуына, айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңейуіне, құрбылармен жақындасуына көмектеседі. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып, жақсы ұғысады, бірінен-бірі ептілікті үйренеді. Ойын үстінде бала өзін еркін ұстайды, ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы. Сондай-ақ ойын баланың болашақ өміріне есік ашып, оның ізденімпаздық, тапқырлық қабілетін оятады, жеке қасиеттерін қалыптастырады. Ойын кезінде бала айналадағы құбылысты өзінше түсініп, бейнелейді, өзінің күш-жігерін, сезімін білдіруге мүмкіндік тауып, айналадағы қоршаған ортамен қарым-қатынасын нығайтып, адамдардың күнделікті іс-әрекетіне көңіл бөліп, араласа алады. Сондықтан ойынды сабақтан тыс уақытта пайдалану - үлкен нәтиже бepepi анық. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен мәнді де мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Себебі, ойынды бар өнердің бастауы деп білеміз. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік стандарты бойынша балалардың жас ерекшелігі мен жеке мүмкіндіктеріне қарай, олардың негізгі құзыреттілігін қалыптастыру қажеттілігін ескере отыра балалардың көру, есту, қабылдау, есте сақтау, зейіні мен ойлау қабілеттерінің даму барысын анықтауға арналған дидактикалық, сюжетті-рөлдіr, дамытушылық, драматизациялау, қимылды ойындар, саусақтармен ойын - жаттығулар жинағын ұсынамыз.Ойын жинағының мақсаты: Балалардың ой-өрісін, тіл байлығын дамыту, заттарды белгілері бойынша тану, түйсіну, зерттеп салыстыру қабілетін ұштап, сөздік қорын молайту; ізденімпаздық, тапқырлық, байқағыштық, шығармашылық қабілеттерін ояту, қырағылығын,зеректілігін, тапқырлығын, ептілігін арттырып,сезімталдыққа, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеуОйын жинағына қойылатын міндеттер:
Ойын түрлерімен таныстыру, балаларға жеткізе білу
Балаларды ойын шартын бұзбай ойнауға дағдыландыру
Ойын кезінде бір-біріне деген достық қарым-қатынастарын қалыптастыру
Ойындарды балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты қолдану
Балалардың ойын кезінде жеңімпаздыққа ұмтылысын тудыру
Балалардың өздеріне ұнаған ойынды, рөлді өзі таңдай білуіОйын жинағын қолдану барысында күтілетін нәтиже:Білу: Балалардың ойын түрлерін біліп, заттарды белгілері бойынша танып, салыстыра білуіБолу: Әрбір ойынның шарты болатындығы жайлы түсініктерінің болуыҚолдану:Балалардың өз беттерінше ойынды ұйымдастыра білуі, өз ойларын толық жеткізе білуі, балалармен қарым-қатынаста болып, ойын шартын бұзбай ойнауы Бұл жинақ 5 бөлімнен тұрады:
Дидактикалық ойындар. Оның мақсаты – баланы оқыту, олардың ойлау қабілеттерін жаттықтыру және дамыту, игі қасиеттерді тәрбиелеу. Дидактикалық ойындардың мазмұны қандай да болмасын ақыл – ой міндеттерін жүзеге асыруға негізделеді. Ережені орындау ойды, қиялды, есті дамытуға ықпал етеді. Әрбір ойынның мазмұны, шарты, дидактикалық мақсаты, керекті құралдары берілген. «Таным» Қарапайым математикалық түсiнiктердi қалыптастыру, «Таным» Экология негіздері, «Қатынас» Тіл дамыту, «Әлеуметтік орта» Қоршаған ортамен таныстыру білім беру салалары бойынша балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты дидактикалық ойындардың мақсатын екі нұсқа түрінде ұсынамыз.
Сюжетті – рөлдік ойындар. Сюжеттi-рөлдiк ойындар мектепке дейiнгi балаларға тән, ең сипатты ойындар болып табылады. Олар балалардың ой-өрісін, танымын кеңейтіп, олардың іс-тәжірибелерін толықтыра түседі.
Драматизацияланған ойындар. Драматизацияланған ойындар балаларға керекті сөздер мен сөйлемдерді меңгеруді, интонацияны дұрыс пайдалануды, мәнерлеп және көркемдеп оқытуды дамытуда көп әсерін тигізеді.
Қимылды ойындар. Бұл ойындарда баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректігі, тапқырлығы, ынтасы артып, жетіле түседі. Сонымен қатар ойын - балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал. Балалар ойын ережелерін бұлжытпай орындауға үйренеді, олардың санасында достық, жолдастық сезімдердің алғашқы элементтері қалыптаса бастайды, ұжымдық қарым-қатынасқа түсу мәдениетін меңгереді.
Саусақтармен ойын-жаттығулар. Бұл жаттығуларды саусақ қимылымен көрсетіп және өлең жолдарымен қоса орындайды. Саусақтарымен әртүрлі жаттығуларды орындай отырып, бала қолының ұсақ моторикасы жақсы дамиды. Бұл тілдің дамуына ғана әсер етпей, баланы бейнелеуге және жазуға дайындайды. Саусақтарын шынықтыру арқылы баланың тек қимылын ғана арттырмай, оның ой-қабілетін, қиял, ес процесстерін де дамытуға болады.Бұл жинақтағы ойындар 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларға арналады. Тәрбиешілер ойындарды балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты таңдап алып, оқу-тәрбие үрдісінде қолданады.
Дидактикалық ойындар
Дидактикалық ойын кезінде баланың жеке қасиеттері қалыптасады. Ойын іс-әрекетінде бала айналадағы құбылысты өзінше түсініп, бейнелейді, өзінің күш-жігерін, сезімін білдіруге мүмкіндік тауып, айналадағы қоршаған ортамен қарым-қатынасын нығайтып, адамдардың күнделікті іс-әрекетіне көңіл бөліп, араласа алады. Әрекет – ойынның негізгі бөлігі. Әрекетсіз ойынның мақсатын жүзеге асыру мүмкін емес. Әрбір дидактикалық ойынның міндеті әрбір баланың мінез – құлқын анықтап, ұйымдастырып, біртұтас ұжымға біріктіретін әрекет арқылы іске асады. Ол балалардың қызығушылығын тудырып, олардың ойынға деген эмоциялық қатынасын анықтайды. Дидактикалық ойындар қоршаған ортамен таныстыру, математика, тіл дамыту, сауат ашусабақтарында жиі қолданылады. Дидактикалық ойынның орталығы ойыншықтар мен ойын құралдары. Балабақшада осындай дидактикалық ойындарды жиелі түрде қолдану арқылы баланың: ақыл – ойын жүйелеу, ойлау қабілеттерін жетілдіру, дәлдікке үйрету, шындыққа тәрбиелеу, логикалық қабілеттерін дамытуға болады.Құрылым реті: «Таным» Қарапайым математикалық түсiнiктердi қалыптастыру, «Таным» Экология негіздері, «Қатынас» Тіл дамыту, «Әлеуметтік орта» Қоршаған ортамен таныстыру білім беру салалары бойынша балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты дидактикалық ойындардың мақсатын екі нұсқа түрінде ұсынамыз: 1 нұсқа - 3тен 5 жасқа, 2 нұсқа - 5тен – 6 жасқа дейін.
«Таным»Қарапайым математикалық түсiнiктердi қалыптастыру
«Ұқсас затты тап»1 нұсқа (3-5 ): Ойын мақсаты: Қоршаған ортадан геометриялық пішіндерге (тіктөртбұрыш, сопақша, трапеция) ұқсас заттарды тауып, оларды тұрмыстағы заттармен (кірпіш, қияр, үйдің шатыры) сәйкестендіре білуге үйрету. 2 нұсқа (5-6 ):Ойын мақсаты: Геометриялық пішіндерге, денелерге ұқсас заттарды тауып, атын атай бiлуге үйрету. Баланың түстердi, пiшiндi ажыратудағы ой-қиялын дамыту. Қажетті құралдар:Геометриялық пішіндер, денелер, суреттер.Ойын барысы:Ойынға басшылық. Тәрбиешi үш түрлi пiшiндердi көрсетiп, аттарын сұрайды. Оларды атаған соң, түстерiн сұрайды. Бұдан кейiн балаларға тапсырма бередi. Тәрбиешi: - Таратып берiлген суреттерге қараңдар, мен үшбұрышты көрсетемiн, соған ұқсас сурет тауып көрсетiңдер. (тіктөртбұрышты көрсетедi, дөңгелектi көрсетедi). Балалар өздерiндегi ұқсас затты көрсеткенде, олардан не екенiн, түр-түсiн сипаттап айтуды талап етедi. (Үшбұрыш сызғыш, үйдiң төбесi). Топ бөлмесiнде үшбұрышқа ұқсас зат бар ма? Тiк төртбұрыш: кiтап, терезе, есiк т.б. Дөңгелек: доп, алма, шар т.б.Суреттегi заттар жайында кiмнiң қандай өлең, тақпақтар, жұмбақтар бiлетiнiн сұрау. Ендi балаларды үш топқа бөлiп, үш түрлi пiшiндi таратып бередi. “Өз орныңды тап” қимылды ойыны ұйымдастырылады. Балалар жиналатын орындағы пiшiндер көлемi жағынан қолындағыларынан үлкен болады. Ойын аяқталған соң балалардың iс-әрекетiн бекiтiп, талдау жасайды.
“Қай қолымда көп» 1 нұсқа (3-5 ): Ойын мақсаты: Заттардысипап сезу және көру тәсілдері арқылы салыстырыпзерттеу іскерліктерін дамыту.2 нұсқа (5-6 ): Ойын мақсаты:Заттың екi жиынтығын салыстыра бiлуге үйрету. Көз мөлшерін дамыту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.Қажетті құралдар: Ұсақ нәрселер. Ойын барысы: Топ екi топқа бөлiнедi, оның әрқайсысы алма-кезек тәрбиешiнiң столына өз топ басшысын жiбiредi. Стол басына келген бала қолын артына ұстайды. Алдымен тәрбиешi, одан соң балалардың бiрi оның қолына кубик, түйме, шарик секiлдi әртүрлi ұсақ нәрселердi ұстатады, бiрақ олар бiр қолда көп, екiншiсiнде аз болуы тиiс. Бала алдымен көз мөлшерiмен нәрсенiң қай қолында көп екенiн анықтауы, одан кейiн нәрселердi бiрiнiң артына бiрiн қойып, қайсысының қатарында көп, қай қатарда аз екенiн салыстыруы тиiс. Тәрбиешi екi қатардағы нәрселердiң санын теңестiру үшiн не iстеу керектiгiн 2 тәсiлмен орындауы керек.
«Кім алғыр?»
Мақсаты (5-6 ): таңбалар арасындағы байланысты жете түсінуіне, сан құрамын анықтай білуге, жазбаша есептеуге дағдыландыру.Қолданылатын көрнекіліктер: ( + - = ) таңбалары 10 көлеміндегі сандар.Ойынның барысы:Балалардың қолында сандар мен таңбалар үлестіріледі. Ойын мазмұнын түсіндіргенде кез келген түпкі нәтижемен таңбаны ескере отырып, өрнектерлі құрастыру. Ойлаған өрнектерін тақтада жазбаша орындайды.
«Сен де сонша көрсет»
1 нұсқа (3-5 ): Мақсаты: Балалардың көру, есту, зейін, ес және ойлау қабілеттерін дамыту.2 нұсқа (5-6 ): Мақсаты:Балалардың көрген нәрселерін немесе естіген дыбыстарын санап, есте сақтап, оған басқа нәрселерді сәйкестендіруге үйрету.Керекті материалдар: фигуралардың, ою- таңбалардың суреті салынған карточкалар, бала санайтын материалдар.Ойынның мазмұны:1 нұсқа. Тәрбиеші карточканы көрсетеді де, алып қояды. Балалар карточкада неше фигура, ою- таңба бар екенін айтып, сонша жалауша көрсетуі тиіс.2 нұсқа. Тәрбиеші бірнеше рет алақанын соғады. Балалар оны зейін қоя тыңдап, одан соң соншама жалауша көрсетеді.
«Қай вагонға мінемін?»
Мақсаты (3-5): 5 көлеміндегі заттарды санауға, қорытынды санын айтуға (мысалы: барлығы 5доп) үйрету, ойлау қабілеттерін жетілдіру.Мақсаты (5-6): сандардың құрамын білу, таңбаларды айыра алу, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.Қажетті материалдар: тепловозға нөмірленіп тіркелген сан өрнектері жазылған карточкалар.Ойынның барысы: амалдарға берілген сан өрнектері жазылған карточкаларды тарату. 1+4, 1+2, 3-1, 5-1. Олардың мәні бала отырған вагонға сәйкес. Мысалы, 5-ші нөмірлі вагон, өрнектердің жауабы 5-ке тең оқушылар, сан вагонға ілесіп, тіркелуге тиіс.
«Қол соғу»
1 нұсқа (3-5 ): Мақсаты: Балалардың есту, қабылдауқабілеттерін жетілдіру, қарапайым сан мен санау түсініктерін қалыптастыру; 2 нұсқа (5-6 ): Мақсаты: Тез, дәл қимыл жасау, есту қабілетін жетілдіру, ретімен санауды, қанша болса сонша ұғымдарын қалыптастыру үшін жаттықтыру. Керекті материалдар: Тәрбиеші мен әрбір баланың алдында тілі бар дөңгелек (3 сурет ) болуы тиіс.Ойынның мазмұны.1 нұсқа. Тәрбиеші қол соғады. Балалар санайды. Одан соң тақта алдына шақырылған балалардың бірі тәрбиешінің қол соғуын қайталап, оның неше рет қол соққанын айтуы немесе дөңгелектің тілін қол соғу санына сай келетін сандық фигураға қаратып қоюы тиіс.2 нұсқа.Ойын күрделенеді. Балалар үндемей, қол соғу санын есептейді, әрқайсысы дөңгелек тілін өздігінен жылжытады. Тәрбиеші ойын ережесінің дұрыс орындалуын қадағалайды.«Сипаттамасы бойынша тап»
1 нұсқа (3-5 ): Мақсаты: Ұзын–қысқа, жуан-жіңішке, үлкен–кіші, оң-сол, ұғымдарын қайталау.2 нұсқа (5-6 ): Мақсаты: Заттардың (5 және одан артық) ұзындығын, биіктігін, ені мен жуандығын анықтау іскерлігіне үйрету,оң-сол ұғымдарын бекіту.Керекті материалдар.Табиғи материалдар: ұсақ тастар, жаңғақтар,таяқшалар т.б.Ойынның мазмұны. Бала қолын артына ұстайды. Тәрбиеші оның қолына үлкендігі түрліше, бірақ тегі бірдей екі затты ұстатады. Бала қолына қарамастан, оң қолында үлкен тас, сол қолында – кіші тас бар екенін айтуға тиіс. Балалар оның жауабының дұрыстығын тексереді. Енді тәрбиеші екінші баланың қолына жуандығы бірдей, ұзындығы әр түрлі екі таяқша немесе жуандығы әр түрлі ұзындығы бірдей екі қарындаш ұстатады. Топ алдына шақырылған әрбір бала бір – біріне ұқсас 2-3 жаттығу орындайды. Ешқандай қателік жібермеген балалар жеңімпаздар болып есептеледі.
« Дүкен »
Мақсаты (5-6): Сұйық зат пен сусымалы заттың қалай өлшенетінін балаларға үйретіп жаттықтыру.Ойынның мазмұны: ойыншық таразысына дүкенші бала сатып алушының сұраған нәрсесін өлшеп беріп тұрады. Сұйық заттарды белгілі көлемдегі ыдыспен, сусымалы заттардытаразыға салынып өлшейді.
“Балық ұстау”
Мақсаты (3-5): 5 көлемінде заттарды санап үйрету, көлемдік және реттік санауды ажырата білу. «Барлығы нешеу?», «Қайсы?», «Нешінші?»Мақсаты (5-6): Ойын арқылы қосу, азайту дағдыларын қалыптастыру, түсті ажырату, тез ойлау қабілеттерін арттыру, шапшаңдыққа баулу.Қажетті құралдар: Аквариум iшiнде жүзiп жүрген балықтар суретi, 1-10 сандар. Ойын барысы: Аквариум iшiнен, ондағы жүзiп жүрген балықтар көрiнiсiн алу. Екi түрлi түске боялған балықтардың келесi бетiне толық ондықтарды, 1, 2…- 9-ды қосып, азайтуға 8-дi өрнектер жазулы тұруы керек. Ойынды топқа бөлiп ойнатсақ, аквариум iшiнен алынған балықтағы жазылған өрнектiң нәтижесiн тез ойлап, дұрыс шешсе, көп ұстаса сол топтың жеңгенi болып табылады. Ойын нәтижесiнде толық ондықтарды қосу және азайтуға жаттықтыру көзделедi.
« Өз жұбыңды тап »
1 нұсқа (3-5): Мақсаты: Санды көру, есту және қимыл арқылы қабылдау қабілеттерін пысықтау.2 нұсқа (5-6): Мақсаты: Санды көру,есту және дұрыс қабылдау қабілеттерін, ойлау вариативтілігі сияқты танымдық үдерістерін дамыту; Ойынның мазмұны. Балалар 10 адамнан командаларға бөлініп ойнайды. Ойынға қатысушылар қарама – қарсы қарап, сапқа тұрады. Бір қатардағы балалардың омырауында – суреттер салынған карточкалар. Екінші қатардағы ойнаушының біреуі алақанын соғады. Бірі неше соққы болғанын санайды. Омырауында осы соққы санына сай келетін карточкасы бар бала ойын бастаушының қасына жүгіріп келеді де, екеуі бірге ойыннан шығады. Барлық балалар өзіне жұп болғанда ойын аяқталады. Ойынға қатысушылар жеңімпаз команданы атайды.
« Қапшықтан неше ойыншық алдың?»
1 нұсқа (3-5): Мақсаты: Балаларды затты қолмен сипалап, пішінін айтуға үйрету, ойлау қабілетін дамыту.2 нұсқа (5-6): Мақсаты: Балаларды қолдың саусақтарымен сипалап, көп заттардың ішінен белгілі бір затты алып шығуға үйрету, ой-өрісін жетілдіру.Ойынның мазмұны. Тәрбиеші балаларға қолдың саусақтарымен сипалап білу арқылы қапшықтан 4 шарик алуды тапсырады. Балалар тапсырманы орындау үшін қапшықтан шариктерді алып, стөл бетіне қояды және санайды. Осыдан кейін балалар тапсырманы орындауын өзара тексереді, қателік жөнінде тәрбиешіге айтады.Тапсырма бірнеше рет қайталанады. Ешқандай қателік жібермеген балалар жеңімпаздар атанады.
«Ол не?» 1 нұсқа (3-5): Мақсаты: Балаларды заттардың бір-бірінен үлкен-кішілігін анықтай білуді үйрету, аңғарымпаздылыққа баулу.2 нұсқа (5-6): Мақсаты:Заттарды санына қарай салыстыру арқылы көп-аз, үлкен-кіші ұғымдары жайында түсініктерін одан әрі жетілдіру.Керекті материалдар. Балалардың санына есептеліп, бөлшектелген ағаш матрешкалар.Ойынның мазмұны. Тәрбиеші балаларға мынадай жұмбақ айтады: Бойы әр түрлі, жұмбағымды тыңдашы,Өзара ұқсас жүзі менен сымбатты.Бір-біріне сыйып кеткен көрінбей,Жинағанда бір ойыншық сияқты.Матрешканы бөлшектеп, оның жоғарғы және төменгі бөлігіне балалардың назарын аударады, оларды салыстырады, соңынан қайтадан құрастырады. Балалар бір матрешканы екіншісінің ішіне салып, оның қайсысы үлкен екенін анықтайды.
«Қолымда не бар?»
1 нұсқа (3-5): Мақсаты. Мынадай ұғымдарды пысықтау: ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, үлкен-кіші, оң-сол. Баланың тілін, ойын, танымдық қабілетін дамыту.2 нұсқа (5-6): Мақсаты: Ұғымдардың мағынасын түсініп, бір-бірінен ажырата білуге үйрету. Кеңістік түсінікті пысықтау, қимылды, түсіну сезімдерін дамыту.Керекті материалдар.Табиғи материалдар: ұсақ тастар, жаңғақтар, таяқшалар.Ойынның мазмұны. Балалар қолын артына ұстайды. Тәрбиеші оның қолына үлкендігі түрліше, бірақ тегі бірдей екі затты, мысалы, үлкен және кіші тасты ұстатады. Балалар қолына қарамастан, оң қолында үлкен тас, сол қолында-кіші тас бар екенін айтуға тиіс. Балалар оның жауабының дұрыстығын тексереді. Енді тәрбиеші екінші баланың қолына жуандығы бірдей, ұзындығы әр түрлі екі таяқша немесе жуандығы әр түрлі, ұзындығы бірдый екі қарандаш ұстатады. Топ алдына шақырылған әрбір бала бір-біріне ұсақ 2-3 жаттығу орындайды. Ешқандай қателік жібермеген балалар жеңімпаздар болып есептеледі.«Өз үйiңдi тап»
1нұсқа (3-5): Мақсаты: Балаларды биiк-аласа, үлкен-кiшi, оң жақта, сол жақта - деген ұғымдарды айтуға, бір-бірінен ажырата білуге үйрету2 нұсқа (5-6): Мақсаты: Балаларды тапсырма бойынша өз үйлерін табуға үйрету.Жылдамдыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.Қажетті құралдар: «Ағаштардың бейнесі». Үйлердің суреттері.Ойын барысы:Тәрбиешi балаларды екi топқа бөлiп, әр топтың ойнайтын орнын немесе “үйiн” тағайындайды. Екi топқа да өсiп тұрған бiрi биiк, бiрi аласа ағашты көрсетедi де 1-топтағы балалардың үйi биiк ағаштың оң жағы, ал 2-топтағы балалардың үйi аласа ағаштың сол жағы - деп белгiлейдi. Қай топ өз үйлерiне тез барады. Ойын екi рет қайталанады. Ойынның соңында әр топтың балаларын мадақтап отырады. “Апта күндерi”
1 нұсқа (3-5): Мақсаты: Апта күндердi есте сақтап, айтуға үйрету. 2 нұсқа (5-6): Мақсаты: Апта күндерін рет-ретімен айта білуге дағдыландыру. Баланың тілін, ойын, танымдық қабілетін дамыту.Қажетті құралдар: Апта күндерiн шартты түрде белгiлейтiн 1-7-ге дейiн фигуралардың немесе ұлттық таңбалардың суретi салынған 7 және суретi жоқ 1-2 тәж.Ойын барысы:Тәрбиешi балалардың мынаған келiсiп алуын өтiнедi. Бiр таңба бар тәж аптаның бiрiншi күнi дүйсенбi, екi таңба бар тәж аптаның екiншi күнi сейсенбi және т.б. бiлдiредi. Балалар апта күндерiнiң атын хормен қайталайды. Тәрбиешi 7 баланы шақырып оларға тәждердi таратып бередi. Шақырылған балалардың әрқайсысы тәжбен таңбаның санына қарап: “Сабыр – сәрсенбi”, “Мен – жұмамын” және т.с.с. дейдi. Осыдан кейiн тәрбиешi аптаның кез-келген күнiнiң атын дауыстап атайды. Бiлетiн бала алдына шығып тұрады. “Апта күндерi, сапқа тұрыңдар” деген бұйрық берiлiсiмен, басқа балалар оның қатарына дұрыс ретпен сапқа тұруы тиiс.
«Осы, өткен, келер уақыт»
1 нұсқа (3-5): Мақсаты: Бүгін, ертең, кеше сөздердің қай уақытқа арналғаны туралы түсініктерін бекіту2 нұсқа (5-6): Мақсаты: Балалардың осы, өткен, келер уақыт туралы түсініктерін нығайту. Сәйкес сөздер туралы білімдерін тексеру; бар, қазір, бүгін-осы шақ; болды –өткен шақ; ертең, болады-келер шақ.Ойын барысы. Жұмбақтарды мұқият тыңдау. Ойланып алып, сонан кейін ғана іс-әрекеттің, қимылдың, оқиғаның қай уақытта болып жатқанын, болғанын және болатынын айту. Барлық уақытты белгілермен көрсетеді: осы шақ-көгілдір түспен, өткен шақ-сұр-түспен, келер шақ-қызыл түспен. Белгі бойынша кім уақытты дұрыс көрсететінін көреміз.Қане, бастайық!Бүгін балалар мектепке бара жатыр.Кеше біз саяжайдан келдік.Ертең біздің балабақшаға қонақтар келеді.Құстар ұя салып жатыр.Тауда ұяда балапандар пайда болды.Бүгін балалар текшелерден үлкен кеме жасап жатыр.
«Қателесіп қалма?»
1 нұсқа (3-5): Мақсаты: Балалардың күннің түрлі мезгілі туралы білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту2 нұсқа (5-6): Мақсаты: Жылдам ойлау қабілеттерін дамыту, балалардың күннің әр түрлі мезгілінде не істейтін туралы біліктерін нығайту.Ойынның мазмұны: Тәрбиеші күннің түрлі мезгілі туралы білімдерін бекіте отырып, балалармен әңгіме жүргізеді. Балалар таңертең, күндіз, кешкісін, түнде не істейтіндерін еске түсіреді. Сонан кейін тәрбиеші ойын ойнауды ұсынады:Балалар, қане былай істейік. Мен күннің бір мезгілін атаймын, ал сендер сол кезде не істейтіндеріңді еске түсіресіңдер. Мәселен, мен «таңертең» деп айтамын. Сендер қандай іс-қимылдарынды атайсындар?Балалар еске түсіреді:Оянамыз, амандасамыз, жуынамыз, тіс тазалаймыз, таранамыз.Дұрыс,- дейді тәрбиеші. – Бірақ ойын кезінде мен текше берген бала ғана жауап береді және тек бір әрекетті ғана айтады. Әрекетті атаған соң ол текшені өзге ойыншыға береді.Тәрбиеші күннің түрлі уақытын айтады, ал балалар жауап береді.
«Таным»Экологиялық негіздері«Тез жауап бер»
1 нұсқа (3-5): Мақсаты: Балалардың құстар, жәндіктер, балықтар, аңдар туралы білімдерін бекіту.2 нұсқа (5-6): Мақсаты: Балаларды жіктеуге, салыстыруға, жалпылауға үйрету. Сан мен сын есімді зат есіммен сәйкестендіруге жаттықтыру.Ойынның ережелері. Тәрбиеші балалардың көз алдына кестені іліп, қарауды ұсынады және қойылған сұраққа олар жауап беруі тиіс. Дұрыс жауапқа ойыншы фишка алады. Кестеге сұрақтар.1 Бірінші қатарда бейнеленген суреттерді жалпы қалай атауға болады?2. Кестеде барлығы неше құс? Оларды ата.3. Не артық? Аңдар ма, жәндіктер ме? Неге?4. Бірінші, екінші бағандағы барлық аңдарды салыстыру. Қандай ортақ белгіні байқадыңдар? (әр бағанда құстар, аңдар, жәндіктер бейнеленген).5. Балықтарды ата.6. Құстарды ата.«Экологиялық пирамида»
1 нұсқа (3-5): Мақсаты: Балаларды логикалық ойлай білуге, әр сатыны таңдауын негіздей отырып, экологиялық пирамида құрастыруға үйрету. 2 нұсқа (5-6): Мақсаты:Табиғаттағы барлық нысандардың өзара байланысын көре білуге баулу.Ойынның ережелері. «Экологиялық пирамида» құрудың тәртібі. 6 текше қолданылады. Олардың төрт жағында суреттер бейнеленген, бесіншісі мен алтыншысында- «экологиялық пирамида» деген жазу бар.Ойынның барысы. Тәрбиеші балаларға текшенің тірі және өлі табиғат бейнеленген беттерін көрсетеді.Бірінші беті – күн, жер, дәндер, тышқан, жылан, қаршыға.Екінші бетте – күн, жер, гүл, көбелек, шымшық, жапалақ.Үшінші беті – күн, жер, шөп, орман, қоян, қасқыр, түлкілер.Төртінші беті – күн, су тоғаны және балдырлар, су жәндіктері, бақа мен балық, кірпі.Пирамида құрастырылғаннан кейін тәрбиеші балаларға әр сатының өз маңызы бар екенін айтады.
«Гүл шоғын құрастыр»
1 нұсқа (3-5): Мақсаты: Бақшада, далада, орманда өсетін гүлдерді дұрыс тауып, аттарын есте сақтауға үйрету.Әсемпаздық талғамдарын дамыту.2 нұсқа (5-6): Мақсаты: Әсем гүлдерді пайдаланып, олардың қасиеттерін, қайда өсетіндерін анықтау, атауларын қайталау. Ойынның ережелері. Гүлдің кімге арналғанын, қайда өсетінін және қалай аталатынын көрсету.Ойын барысы.1. Тәрбиеші балалармен орманға, баққа, шағын далаға «экскурсия» жүргізіледі. Онда балаларды түрлі гүлдермен таныстырады. Бағбанның, көбелектің, Дәрігер Айболиттің суреттері қойылды. Бағбан бақтан, көбелек шағын даладан, ал Дәрігер Айболит орманнан гүл жинауды (өйткені олардың дәрілік қасиеттері бар) өтінеді. Гүлдердің суреттері араластырылады да, балаларға үлестіріліп беріледі. Олар Кейіпкерлерге кезекпен келіп өз гүлдерін ұсынады. Тәрбиеші мен балалар сыйлықтарға баға береді.2. «Дүкен» - Егер балалар гүлді дұрыс атаса және гүлге анықтама бере алса, олар гүлді сатады.3. «Гүл шоғында не артық?» - Дала, бақ және орман гүлдерінен құрастырылған гүл шоқтарын тексеру ұсынылады. Артық гүл алынады.
«Зоологиялық домино»
1 нұсқа (3-5): Мақсаты: Балаларды жабайы аңдарды үй жануарларынан ажыратып, аттарын дұрыс айтып беруге үйрету. Көргенін тез айта білуге дағдыландыру.2 нұсқа (5-6): Мақсаты: Балалардың жабайы және үй жануарлары туралы білімдерін бекіту. Ұғымталдыққа, зейін қоюшылыққа баулу.Ойын ережелері: Кімде-кім өз карточкаларын бірінші болып қойса, сол жеңімпаз болады. Жүрісті жіберіп алмай, карточканы дер кезінде қойып, мұқият болу.Ойынның барысы: Карточкаларда жабайы және үй жануарлары бейнеленген. Ойынға төрт адам қатысады. Карточкалардың сурет жағы теріс қаратып қойылады. Балалар алты кар- точкадан санап алады. Сонан соң тәрбиеші ойын ережесін түсіндіреді: Бір-бірінің қасына тек бірдей суретті карточканы қоюға болады. Егер ойынға қатысушының біреуі карточкасыз қалса, онда ол женген болып саналады. Егер керек карточка жоқ болса, онда ол адам өзінің жүрісін жібереді. Карточкаларды араластырып ойынды ары қарай жалғастыруға болады.
«Қайда не өседі?»
1 нұсқа (3-5 ): Ойын мақсаты: Балалардың өсімдіктер жөніндегі білімін бекіту, оларды бір-бірінен айырып, өсетін жеріне байланысты топтастыру, сөздік қорын молайту.2 нұсқа (5-6 ): Мақсаты: Заттардың арасында кеңістік байланыстарын қоя білу дағдыларын дамыту; өсімдіктерді өсетін жерлеріне байланысты топтастыру, белсенділіктерін және өздігінен ойлау қабілеттерін дамыту.Ойын ережелері: Орман, егістік, бау-бақша бейнеленген үлкен карточкалардағы бос тор көздерді кім өсімдіктердің суреттерімен жылдам толықтыратынын анықтау.Ойын барысы: Ойынға қатысушылардың әрқайсысына түрлі пейзаждар салынған үлкен карточканы таратып беру; кішкене карточкалар қорапта жатады. Жүргізуші белгі бергенде балалар үлкен карточкалардағы суреттерге сәйкес келетін кішкентай карточкаларды табады. Бос тор көздерді жылдам жауып, өсімдіктерді дұрыс атаған бала жеңеді. Бұл ойында дәндердің, саңырауқұлақтардың атауларын қиындық келтіретіндіктен, балаларды олармен ойын іс-әрекеттері кезінде, экскурсияға барған кездерде алдын ала таныстыру қажет. Балалар карточкаларды ауыстырып, кішкене карточкаларды араластырады да, ойынды жалғастырады.
«Менің үйім қайда?»
1 нұсқа (3-5 ): Мақсаты: Балалардың су мекендеушілері туралы білімдерін кеңейту, оларды сөзбен айтып жеткізуге дағдылау. Балалардың ойлау және зейін қабілеттерін дамыту.2 нұсқа (5-6 ): Мақсаты: Балаларды аквариум мен су тоғандары тұрғындарын жіктеп,аттарын атауға үйрету.Ойын ережелері: Өз тобына арналған тапсырмаға сәйкес келетін суреттерді таңдап алу: балықтар, жәндіктер, құстар, жануарлар, су өсімдіктері.Ойын барысы: Топ бөлмелерінің әр жерлеріндегі үстелдерге карточкалар қойылады. Балалар 6 топқа бөлінеді (ең көбі-балықтар). Жүргізушінің белгісі бойынша балалар бөлмеге кіріп,сәйкес келетін карточкаларды таңдап алады, сонан кейін топ болып, бас қосады. Олар жинаған суреттерді қойып, әр топ өз жануарына немесе өсімдігіне «үй» таңдайды(аквариум немесе су тоғаны).
«Кім қандай?»
1 нұсқа (3-5 ): Мақсаты: Балаларға жәндіктер – тірі жан екеніне көздерін жеткізу. Жәндіктерді ажыратып, аттарын дұрыс айтуды үйрету, есте сақтауға баулу.2 нұсқа (5-6 ): Мақсаты: Балаларды жәндіктердің сыртқы кейпіне,дағдыларына, мекеніне, қозғалыс тәсіліне анықтама беруге ынталандыру.Ойын ережелері: Кім? Не? Қандай? деген сұрақтарға нақты жауап беру керек.Ойынның барысы: Тәрбиеші жәндікке анықтама бере отырып, оның сыртқы кейпінің ерекше- ліктері, қозғалыс тәсілдері туралы айта отырып үлгі көрсетеді. Бірінші кезеңде ил- люстрациялық материал қолдануға болады.
«Экологиялық тізбек»
1 нұсқа (3-5 ): Мақсаты: Қоректік тізбектің буындары туралы түсініктемелер беру: тірі табиғат, өсімдіктер,жыртқыш аңдар. Табиғат заңымен таныстыру: табиғатта жануарлар да, өсімдіктерде өз бетінше тіршілік ете алмайды.2 нұсқа (5-6 ): Мақсаты: Қоректік тізбектің буындары туралы түсініктемелер беру: тірі табиғат,өсімдіктер, улы өсімдіктер, жыртқыш аңдар. Табиғат заңымен таныстыру: табиғатта жануарлар да, өсімдіктерде өз бетінше тіршілік ете алмайды.Ойын ережелері:Таңдауға негізделе отырып, экологиялық тізбек құрастыру.Ойынның барысы: Тәрбиеші алдымен қоректік тізбектің жекелеген буындарын қояды. Балаларға қай жануарға тізбек құратынын таңдауға көмектеседі. Карточканың теріс жағында- ғы цифрларға қарап, тізбек дұрыс құрастырылғанын тексереді. Мысалы: Жапырақ-құрт-шымшық-ителгі. Дәндер-тышқан-аққұлақ-жапалақ. Ағаш-қоян-қасқыр.
«Менің мекенім, менің отбасым»
1 нұсқа (3-5 ): Мақсаты: Балалардың үй және далажануарлары туралы білімдерін бекіту2 нұсқа (5-6 ): Мақсаты:Жануарлар мен олардың балалары туралы, олар мекендейтін жерлер туралы білімдерін нығайту.Ойын ережелері: Жануарлар отбасын біріктіріп, олардың «үйін» атау.Ойын барысы: Балаларға жануарлардың суреті бар үлкен карточкалар және олардың кішкентай балалары бейнеленген шағын карточкалар беріледі. Барлық үлкен карточкалар араластырылады да, «аңның балаларына» өзінің отбасын тауып, «ата-анасының» не екенін және «үйі» қайда екенін айту тапсырылады.
Қоян-көжек; қасқыр-шулан-бөлтірік; түлкі-түлкішек-жаутаң; кірпі-ұрғашы кірпі-кірпінің баласы; аю-кірекей-қонжық; тиін-ұрғашы тиін-тиіннің баласы; тышқан мен балалары.
Ат-байтал-құлын; қой-саулық қой-қозы; ешкі-теке-лақ; бұқа-сиыр-бұзау; шошқа –торай; қораз-тауық-балапан; ит-кәндек-күшік.
«Әлеуметтік орта»Қоршаған ортамен таныстыру
«Менің кім болып жұмыс істейтінімді тап»
1 нұсқа (3-5 ): Мақсаты: Балаларды ойын арқылы мамандықты дұрыс тауып, айтып беруге жаттықтыру. Үлкендердің еңбектеріне қызығушылықты қалыптастыру.2 нұсқа (5-6 ): Мақсаты: Мамандықтар туралы білімдерін бекіту.Ойынның барысы: Әр бала қандай да бірмамандықты ойлап, жасырады, ал қалғандары оны табу керек. Балалар бір-бірден шығады, ал қалғандары сұрақ қояды. Жауаптарына бай- ланысты бала «иә» немесе «жоқ»деп, олардан неге сол мамандықты таңдағанын сұрап, қысқаша айтуды ұсынады. Міне, осы жауаптардан балалар сіздің маман- дығыңызды табуы қажет.
«Жұбын тап»
1 нұсқа (3-5): Мақсаты: Балаларды ойнай отырып, заттың қандай материалдан (пластмасс, шыны, резина) жасалғанын анықтауды үйрету. Ойлау қабілетін дамыту.2 нұсқа (5-6): Мақсаты: Балалардың шыны, пластмасса, тері және резина материалдары туралы білімдерін бекіту.Ойынның барысы: Тәрбиеші балаларға шыныдан, теріден,пластмассадан және резинадан жасалған заттардың бейнесі бар суреттерді үлестіріп береді. Балалар топқа бөлінеді.Тәрбие- шінің белгісі бойынша, балалар өздеріне жұп табу керек, яғни нақты сол мате- риалдан жасалған заты бар баланы табу керек. Балалар өздерінің екінші жұптарын тапқаннан кейін тәрбиеші олардың дұрыс-бұрыстығын тексереді, олардан неге дәл осы суретті таңдағанын сұрайды.
«Сүйікті қаламызға саяхат»
1 нұсқа (3-5): Мақсаты: Сурет арқылы туған қаланыңнегізгі ерекшеліктерін тани білу. Көргендерін айтуға үйретіп, тілдерін дамыту.2 нұсқа (5-6): Мақсаты: Туып-өскен қаласы туралы білімдерін бекіту; үлкендер еңбегі,автокөліктер жайлы өз ой-пікірлерін айту, сөз қорларын молайту.Ойынның барысы: Тәрбиеші балаларды үш топқа бөліп, карточкаларды таратады. Содан соң қала- ның көрікті жерлері, үлкендер еңбегі, автокөліктер туралы әңгімелеуге тапсырма береді. Балалар қолдарындағы карточка бойынша әңгіме құрастырады. Әңгімені мазмұнды айтқан топ жіңішке жетеді. Топтар қағаздарын алмастырып, ойынды әрі қарай жалғастырады.
«Менің қайда екенімді тап»
1 нұсқа (3-5 ): Мақсаты: Қазақстан қалалары туралы түсініктерін кеңейту, сұрақтар арқылы өз ойларын дұрыс айтуға, қалалардың атауларын есте сақтауға баулу. 2 нұсқа (5-6 ): Мақсаты: Балалардың туған қаланың көрікті орындары туралы білімдерін бекіту.Керекті құралдар. Қазақстан қалалары туралы ашықхаттар жиынтығы.Ойынның мазмұны. Тәрбиеші балаларға бір данадан қаланың көрікті орындары бейнеленген ашық- хаттарды таратып береді және балалардан онда не бейнеленгенін, нақты орынның атын атамай, әңгімелеп берулерін сұрайды. Ал басқа балалар қай қала екенін табу- лары керек. Тәрбиеші балаларға көмектеседі, сұрақтар қояды, жауабын шешуге кө-мектеседі.
«Нені қайдан алуға болады?»
1 нұсқа (3-5 ): Мақсаты: Адамға қажетті заттарды дұрыс атай білуге, жалпы атауын айтуға үйрету. 2 нұсқа (5-6 ):Мақсаты: Адамға қажетті заттарды тани, талдай білуге, нені қайдан алуға болатынын үйрету, балалардың сөздік қорын молайту.Қажетті құралдар: ыдыс аяқтардың, тамақтардың, киім-кешектердің, ойыншықтардың, суреттері салынған карточкалар және «Дүкен» жазуы бар таблица.Ойынның барысы.Тәрбиеші үстел үстіне нанның, киімнің, ыдыс-аяқтың, сүт, ет тағамдарының (шұжық ет) суреттерін қояды. Бұл суреттер «Дүкенді» бейнелейді. Суреттердің жанына түрлі заттар аралас қойылады. Шақырылған бала суреттердің ішінен біреуін алады да, не алғанын, қайда сатылатынын айтады. Мысалы, тәрбиеші: «Пальтоны, көйлекті қайдан алуға болады?» - деп сұрайды. Бала: «Киім сататын дүкеннен аламыз»Ыдыстарды (кесе, табақты) қайдан алуға болады? – ыдыс сататын дүкеннен аламыз.Осы жауаптардан соң тәрбиеші «мына суреттердің ішінен біреуін ал да, қай дүкенде болатынын айт, сол дүкенге апарып қой», - деп тапсырма береді. Шақырылған бала тапқан суретін тәрбиешінің үстеліндегі «Дүкеннің» біріне апарып қояды (егер дұрыс таппаса басқа балалар орындайды). Сол зат жөнінде сөйлем құратады. – Нан неден пісіреледі? – Ұннан пісіреледі. – Ұн неден жасалады? – Ұн бидайдан жасалады. – Нанды қайда пісіреді? – Нанды наубайханда пісіреді. – Нан қайда сатылады? – Нан сататын кісіні қалай атаймыз? – Нан сататын кісіні сатушы дейміз. Ойынын соңында нанға байланысты өлең, тақпақтар және мақал-мәтелдер айтылады.
«Заттар өзі жайлы не дейді?»
1 нұсқа (3-5 ): Мақсаты: Балаларды заттарды танып, атай білу іскерлігін жетілдіру, сөздік қорын дамыту2 нұсқа (5-6 ): Мақсаты: Заттардың атын білу, не үшін қажеттігі және неден жасалғандығын ажырата білу дағдыларын дамыту Қажетті құралдар: әр түрлі материалдан жасалған заттарОйын барысы: Тәрбиеші балалармен бірге әр түрлі материалдан жасалған заттар түрлерін немесе заттық суреттерді көріп тамашалайды. Сосын барлық заттарды жинап алып, бір ғажайып қапшыққа салып қояды. Балалар әрқайсысы қапшықтан заттарды біртіндеп алып, оның қажеттігі жайлы атын айта отырып, толық сипаттама береді.
«Өз үйіңді тап»
1 нұсқа (3-5 ): Мақсаты: Көлік түрлері жайлы балалардың білімдерін бекіту.2 нұсқа (5-6 ): Мақсаты: Көліктердің жерде, ауада, суда жүретін көліктер болып жіктелетіні туралы білімдерін бекіту.Қажетті құралдар: допОйын барысы.Балалар бір сызық бойына тұрады. Тәрбиеші әр балаға кезекпен допты бере отырып, қандай да бір көлік түрінің атын атайды. Допты алған бала бұл көлік көліктің қандай түріне (суда, ауада және жерде жүретін) жататынын айтуы керек. Егер де бала дұрыс жауап берсе, келесі сыныпқа өтеді, яғни бір адым алға аттайды. Ал егер қателесетін болса, өз орнында тұрады. Алғашқы болып төрт адым жасаған бала жеңіске жетеді. Тапсырманы өзгертуге болады: тәрбиеші көлік түрінің атауын атайды, ал балалар осы көлік түріне жататын көліктің атын атайды.
«Не болды, не бар?»
1 нұсқа (3-5 ): Мақсаты: Балалардың тұрмыстық техника туралы білімдерін бекіту, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.2 нұсқа (5-6 ): Мақсаты: Күнделікті тұрмыста қолданылатын заттар туралы білімдерін шыңдау.Қажетті құралдар: қағаздар (карточкалар) жинағы: сыпырғыш, шаңсорғыш, шылапшын, кір жуғыш машина, ине, тігін машинасы, пеш, газ плитасы, есепшот, компьютер, т.б.Ойын барысы: Балалар жұпты қағаздарды таңдайды.
Сыпырғыш – шаңсорғыш
Ине - тігін машинасы
Есепшот – компьютер
Пеш - газ плитасы
Шылапшын - кір жуғыш машинаБалалар тұрмыстағы заттардың адамдарға келтіретін пайдасын айтып берулері керек.
«Қатынас»Тіл дамыту
«Қарама – қарсы сөздер».
1 нұсқа (3-5): Мақсаты: Балалар ойынды ойнай отырып, қарама-қарсы сөздерді дұрыс тауып айтуды үйрету. Тілдерін және ойлау қабілеттерін дамыту.2 нұсқа (5-6): Мақсаты: Антоним сөздерді салыстыру жолымен балалардың ой-өрісін кеңейту,Ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын қарама-қарсы сөздермен молайту, зейінділігін арттыру.Көрнекілігі:Доп, карточкалар.Ойын шарты: Тәрбиеші шеңбер бойымен тұрған балаларға кезекпен допты лақтырып антоним сөздерінің бірін айтады, ал допты ұстап алған бала тәрбиешігекері лақтырып, айтылған сөзге қарама-қарсы сөзді айтуы керек.
«Сөз ойла, тез ойла».
1 нұсқа (3-5 ): Мақсаты: Дыбыстарды дұрыс, анық айтуға жаттықтыру, тілдерін дамыту.2 нұсқа (5-6 ): Мақсаты:Берілген дыбысқа, сөз ойлап, ойлаған сөздегі дауысты, дыбыссыздыбыстарды ажырата білу. Сөздік жұмыс жүргізу арқылы баланың сөздік қорын молайту. Ойын арқылы балаларды тапқырлыққа баулу. Көрнекі құралдар: кеспе әріптер қалтасы, текшелер салынған сандық, текшелер(дыбыстардын дауысты, дауыссыз екендігін білдіретін ерекше белгісі бар.)Ойын барысы: Тәрбиеші әріп қалтасынан кез келген бір әріпті көрсетеді. Балалар сол әріптен басталатын сөздерді айтады. Сандыққа бірнеше текше салып қояды. Бала өз қолымен біреуін алып сол дыбыстан басталатын заттарды атайды.
«Кім тапқыр?»
1 нұсқа (3-5): Мақсаты: Балаларды белгіленген бір дыбысты сөздің қай бөлігінде орналасқанын анықтауды үйрету. Зейін, ойлау қабілеттерін дамыту.2 нұсқа (5-6): Мақсаты: Берілген дыбыстың орнын таба білуге машықтандыру. Ойын барысында балаларды зейінді болуға дағдыландыру. Түстерді тез айырып,жылдамдыққа, тапқырлыққа баулу. Достық қарым-қатынасты тәрбиелеу.Көрнекілігі: Берілген дыбысқа арналып салынған түрлі-түсті суреттер,ойыншықтар, жалаулар.Ойын шарты: Тәрбиеші берілген дыбыстың сөздің басында, ортасында, соңындакелетіндігін айтады. Балалар зейін қойып тыңдап, егер өтілген дыбыс сөздің басында болса, көк жалаушаны, ортасында болса, жасыл жалаушаны, соңында болса, қызыл түсті жа- лаушаны жоғары көтереді.
«Ойлан да аяқта».
1 нұсқа (3-5): Мақсаты: Балалардың сөздік қорын байыту, сөйлеу барысында қолдануларын қалыптастыру.2 нұсқа (5-6): Мақсаты: Тілдің грамматикасын дұрыс сақтауын қалыптастыру, сөйлеу іскерліктері мен сөздік қорын байыту.Ат шабады, ал қарқа ...(ұшады)Ит үреді, ал қарға...(қарқылдайды)Жылан жорғалайды, ал балық...(жүзеді)Қасқыр ұлиды, ал қой...(маңырайды)Түйе боздайды, ал жылқы...(кісінейді)Лимон қышқыл, ал қант...(тәтті)Өзен арықтан терең, ал арық...(саяз)Егер үстел орындықтан биік болса, онда орындық... (үстелден аласа)Сен аяғыңмен жүресің, ал затты ұстағанда немен ұстайсың... (қолыңмен)Егер Самал үйден Айманнан бұрын шықса, ал Айман ... (кейін)
«Жаңа ертегі»
1 нұсқа (3-5 ): Мақсаты: Ертегіні бірнеше мәрте тыңдап, оның мазмұнын айтып, сюжеттің негізінде шағын көрністер құрастыруға үйрету.2 нұсқа (5-6 ): Мақсаты: Ертегі тыңдауға, талдауға, тыңдағанды «жандандыруға», құрастырған ертегі кейіпкерлеріне қатысты эмоционалдық тұрғыда толқу қабілеттерін дамыту, үйрету.Жүргізуші отырған балаларға ертегі кейіпкерлерін атайды, суреттерін көрсетеді.Мысалы: кемпір, шал, түлкі, арыстан, тышқан, қоян, қасқыр. Аталған кейіпкерлерді біріктіре отырып жаңа ертегі мазмұнын құрастырып айтуды ұсынады. Балалар ертегі ойлап тапқан бала жүргізуші болып ойын жалғасады.
«Қажетті суретті тап»
1 нұсқа (3-5 ): Мақсаты: Логиқалық ойлауға үйрету, күн тәртібіне қажет іс-әрекетті еске түсіру; қай кезде, не істелетінін айтуға үйрету. 2 нұсқа (5-6 ): Мақсаты: Логиқалық ойлауға үйрету, күн тәртібіне қажет іс-әрекетті еске түсіру; қай кезде, не істелетіні жөнінде сөйлем құрап айтуға үйрету; түрлі жаттығу жұмыстарын өздігінен орындауға төсілдіру.Керекті заттар: үлкен және кішкене суреттер немесе қуыршаққа арнаған ыдыстар, ермек саздан, балшықтан жасалынған тоқаш, нан, бауырсақ, шұжық, айран, сүт, шәй қораптары.Ойынның барысы.Ойын суреттер қатыстырылып жүргізілсе, тәрбиеші үлкен суретті, мысалы, үлкен тәрелке немесе қасық ұстаған қыздың суреті. Балалар қораптағы суреттердің ішінен тақтаға ілінген сурет мазмұнына сәйкес заттарды алып, үстелге қояды. Не істегені туралы айтады. Мәселен қасықтың суретін алса: «Мен қасық алдым. Қасықпен тамақ ішеді. Қасық ағаштан, (металдан) жасалынған. Бұл үлкен қасық. Онымен сорпа ішеміз»,- деп жауап береді. Ойынның соңында балалар ойынға қатысты заттардың суретін салады.
«Сен нені ұнатасың?»
1 нұсқа (3-5): Мақсаты: Көкөністер мен жеміс жидектерді таный біліп, дұрыс атату, ұқсас жемістер мен көкөністерді табуға дағдыландыру.2 нұсқа (5-6): Мақсаты: Көкөністер мен жеміс жидектерді таный біліп, дұрыс атату, сөздік қорларын молайту, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру.Көрнекі құралдар: көкөністер мен жеміс – жидектер суреттері.Ойынның барысы.Көкөністер мен жеміс-жидек суреттері алынған карточкалар тақтаға ілінеді. Үстел үстінде көкөніс, жеміс суреттері аралас жатады. Шақырылған бала өзіне ұнаған жеміс немесе көкөністерді танып алады да, карточкаға (қалтаға) салады. Қайда өсетіні, түсі, пішіні, дәмі туралы сипаттап айтады.
«Жалпы атауын ата»
1 нұсқа (3-5): Мақсаты: Балаларға заттарды жеке-жеке таныта келе, ең соңында заттардың жалпы атауын бір сөзбен ойлана отырып шешу арқылы тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулу.2 нұсқа (5-6): Мақсаты: Балаларға заттарды жеке-жеке таныта келе, ең соңында заттардың жалпы атауын бір сөзбен айтқызу. Көкөністер деген сөзге сөйлем құрастыру, көкөністер қалай өсіп шығатынын қимылмен көрсету. Түстеріне, пішініне қарап бір - бірінен айырмашылықтарын салыстыру.Көрнекілік: жемістер, ойыншықтар, оқу құралдары, үй жиһаздары.Ойынның барысы.Тәрбиеші балаларға хатқалтаның ішіне салынған жемістер, ойыншықтар, оқу құралдары, үй жиһаздарының суреттері бар бірнеше сериялы дидактикалық материалдарды таратып береді. Осы материалдарды жалпы атауына сәйкес топтастыру қажет. Өзінің топтағанын дәлелдеп айтуы тиіс.Мысалы: алма, өрік, алмұрт жемістерге жатады. Өйткені олар-жеміс ағаштары.«Заттың атын ата»
1 нұсқа (3-5): Мақсаты: Заттарды көріп сипаттау арқылы балалардың сезімталдығын дамыту, қоршаған орта жайлы танымдарын кеңейту, сөздік қорын дамыту.2 нұсқа (5-6): Мақсаты: Заттың сапасын сипап байқату арқылы ажырата білу және оларды тегіс, кедір – бүдір, жұмсақ, қатты, қою, сұйық, ауыр, жеңіл деп дұрыс атай білуді дамыту.Көрнекілігі: ыдыс, көкөніс пен жемістердің суреттері, муляждары, қоржын.Ойынның барысы. Әр түрлі жемістер немесе көкөністер суреттері және муляждар салынған ыдыстан бір бала осы заттардың бірін алады. Алған затының атын атап, оны жан-жақты сипаттайды. Баланың көзін байлап, қоржыннан кез келген затты алғызуға болады. Бала оны сипалап, не екенін ажыратады да атын айтып, сипаттайды, атын айтады.
«Ойлан тап»
1 нұсқа (3-5): Мақсаты: Балаларды тыныс белгілерімен таныстыру, ойлау қабілетін жетілдіру.2 нұсқа (5-6): Мақсаты: Балалардың тыныс белгілері жайында түсініктерін кеңейту, сөйлемнің айтылу мәнеріне қарай бір-бірінен айыру.Ойын шарты: тәрбиеші бірнеше сөйлем айтады. Балалар сөйлемнің айтылу мәнеріне қарай ерекше назар аударып отырады. Екі командаға бөлініп, тақтаның ортасынан сызып, екі бағанаға бөлінеміз.Әр команданың жауабын тыныс белгілерімен белгілеп тұрамын. Ойын соңында санап қортындысын шығарамын. Тәрбиеші: Ал бастаймыз деп, ойынды бастайды.Сәуле бақшаға келді. Қандай тыныс белгісін қоямыз? - деп егер бірінші команда мүшелері айтса, тақтаға бірінші бағанаға нүкте белгісін қоямыз. Осылайша ойынды жалғастыра береміз.
«Радио»
1 нұсқа (3-5): Мақсаты: Балаларды байқампаздыққа тәрбиелеу және сөздік қорларын дамыту2 нұсқа (5-6): Мақсаты: Балаларды өз бетінше сөйлеу мәнері мен мәнерлеп айту іскерлігін қалыптастыру. Жай және күрделі сөйлемдерді қолдануға жаттықтыру.Ойынның барысы.Біз бүгін «Радио» деп аталатын жаңа ойын ойнаймыз. Радиодан сөйлейтін адамды диктор дейді. Бүгін диктор радиодан біздің топтың балалары туралы айтады. Ол біздің ішіміздегі бір баланы сипаттайды, ал біз оның сөзінен ол баланы табуымыз керек. Алдымен мен диктор боламын.
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Қыз бала жоғалды. Оның үстінде қызыл күртеше, қара юбка, бұрымында-ақ бантик. Ол өлеңді жақсы айтады және Айгүлмен дос. Бұл қызды кім біледі?Осылай тәрбиеші ойынды бастап, балаларға сипаттау үлгісін көрсетеді. Балалар өз топтарындағы қызды көрсетеді. «Ал енді сендердің араларыңнан біреу диктор болады», - дейді тәрбиеші. Жаңа дикторды санау арқылы таңдап алады. Тәрбиеші ойын кезінде балалар өз жолдастарының мінез-құлқын, киімін дәл, дұрыс айтуын қадағалайды.
Сюжетті – рөлдік ойындарБалалар ойынының алғашқы формаларының бірі - сюжетті – рөлдік ойындар. Сюжетті – рөлдік ойындарды өз мәнінде ойнату үшін алдын-ала дайындық жұмысына көңіл бөліп, балалардың ой-өрісін, танымын кеңейтіп, олардың іс-тәжірибелерін толықтыра берген жөн. Сюжеттi-рөлдiк ойындарының ерекшелiгi сол, оны балалардың өздерi жасайды. Ойынның дербес әрекетi айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та қысқа да болуы мүмкiн. Сюжеттi-рөлдiк ойында бейнелеу құралы рөл мен ойын әрекеттерi болып табылады. Мысалы: «Дукен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушының әрекеттерiне,ал «Аурухана» ойынын ойнағанда дәрiгер мен науқастың әрекеттерiне елiктейді.Сюжетті – рөлдікойындарды балалар өздігінен үш-төрттен бірігіп ойнай береді. Көбіне олардың сюжетті өрбіте алмай, қарапайым ғана ойнап әрі қарай не істерлерін білмей дағдаратын кездерін жиі байқауға болады. Ал, тәрбиешінің міндеті - ойынға бастапқы кездері басшылық жасай отырып, ойынды өз мәнінде ойнай білуге үйрету. Ол үшін, сюжетті – рөлдік ойындарды талдап, ойнау жолдарын қалай кеңейтуге болатынын жан-жақты ойластыра білген жөн. Ойын кезінде баланың мінез-құлқы өзгереді. Қойылым кезінде бала өз-өзін тез жинап, өзін байсалды ұстайды, сюжеттің мазмұнын есіне тез сақтап қалады.Білім беру салалары: «Әлеуметтік орта», «Қатынас»
«Ғарышкерлер»
Ойын мақсаты: Балаларды еңбекті құрметтеуге, ұйымшылдыққа, достыққа баулу.Қажетті атрибуттар:көкшіл матадан тігілген ғарышкердің костюмі, бас киім, жалаушалар.Ойын шарты. Ойын серуенде, зымыран ойыншығының жанында өткізіледі. Балаларды рөлдерге бөлу: командир, механик, дәрігер, ғарышкерлер.Командир ғарышкерлермен жаттығу жүргізеді. Дәрігер денсаулықтарын тексереді. Ракетаға әр жолы 4-5 баладан отырып ұшады. Жерде жалаушамен белгі беріп, ұшатын, қонатын бағытын сілтеп көрсетеді. Ойынды түрліше күрделендіріп өткізуге болады.
«Сән ательесі»
Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілеттерін, тілдерін дамыту, достық қарым-қатынастарын тәрбиелеу.Қажетті атрибуттар: іс тігетін ойыншық машина, үлгілер, матаның қиықтары, қуыршақ, сән журналдары.Ойын шарты.Балаларды рөлдерге бөлу: 3-4 бала тігінші, 2-3-уі киім пішуші (модельер)Ательеге 2-3 бала қуыршақтарын көтеріп, көйлек, т.б. заттарды тіккізуге тапсырыс береді. Киім пішуші арнайы өлшеуішпен қуыршақтың көйлегінің ұзындығын, кеудесін, жеңін өлшеп алады да, дайын үлгімен қияды.Бұл жұмысты ұжымды түрде барлық балалар бірігіп істеуіне әбден болады.
«Пошташы»
Ойынның мақсаты:Балаларды достыққа, ізгілікке, т.б. қасиеттерге тәрбиелеуҚажетті атрибуттар: пошташының қалпағы, сөмкесі; пошта жәшігі, «Балдырған» журналдары, хаттыстар (конверт).Ойын шарты. Тәрбиеші балаларға: «Қазір бір-біріңе хат жазасыңдар» ,- деп хабарлайды. Ол үшін хаттыстың сыртына достарыңның атын жазып, ішіне өздерің қалаған суреттеріңді салып, пошта жәшігіне тастайсыңдар.Пошташы хаттарды жәшіктен сөмкесіне салып, өз иесіне тарата бастайды. Ойынды әрі қарай өрбітуге болады. «Сәуле , саған кім хат жазды?» немесе «Ненің суреті, атын ата?» т.б. сұрақтарды қоя отырып, балалардың танымын кеңейтуге болады.
«Кеме»Мақсаты: Адамдардың әр түрлі мамандықтары туралы балалардың білімдерін жетілдіру, ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.Қажетті атрибуттар:ағаштан жасалынған кеменің макеті, руль, капитанның қалпағы, балықтар.Ойын шарты. Балалар өз қалаулары бойынша капитан мен кеме жүргізушіні тағайындайды, содан кейін әрқайсысы өз орындарына отырады.Капитан өзінің жүргізушісіне оңға бұр, солға бұр, тура жүр,- деп басқарып отырады.Кемемен серуенге шыққанда теңізшілердің еңбегі, балықтардың түрлері жайында мағлұмат беріледі. Саяхат көңілді болу үшін ән айтады. Бұл ойын балаларды ұйымдасқан түрде ойнай білуге баулиды.
«Балықшылар»
Ойынның мақсаты:Балаларды балықшылардың еңбегімен таныстыра отырып, еңбек құралдарымен және оларды қалай пайдаланатынын білгізу.Қажетті атрибуттар:ау, қармақ, балықтар.Ойын шарты. Балалар ау тартуға әзірленеді. Бір шетте суда жатқандай ау жатады. Балалар аудың бір жақ шетінен тұрып екі қолдарымен алма-кезек тарта бастайды. Екінші шетінде бір-екі бала жай жүріп тартып келеді. Ойын барысында балалардың қимыл-әрекеттерін қадағалау. Ұстап алған балықтардың түрлерін сұрау. Ау саланып болғаннан кейін реттеп жинап қояды.Ойынға «Балықшы» тақпағын пайдалануға болады.Дауылға да қарамай,Жауынға да қарамай Балықшылар айдындаАу тартады жағалай.
Ұшқыш
Ойынның мақсаты: Балаларды еңбекті құрметтеуге, ұйымшылдыққа, достыққа баулу.Қажетті атрибуттар:ұшқыштың бас киімі, билет, дүрбіОйын шарты.Балаларды рөлдерге бөлу: 4 бала ұшқыш рөлінде, қалған балалар жолаушылар, 1 бала – хабарлаушы, 1 бала тексеруші (кондуктор), 1 бала – кассир.Тәрбиеші ұшақтың 2-3 түрін атайды: «Ту», «АН»,т.с.с.Топтағы балаларды үш не төрт командаға бөліп, ұшқыш рөліндегі балалардың соңынан қатарға бөлініп тұрады. Хабарлаушы микрофоннан хабарлайды: «Қостанай – Алматы рейсі бойынша ұшаққа отырғызу басталады». Билеттерін тексерушіге көрсетіп, ұшаққа мінеді. Ұшқыш бала қолын пропеллер сияқты айналдырып, қолдарын екі жаққа жайып ұшақ сияқты ұшады. Екі-үш айналып ұшады да, жерге қонады. Ұшқыш болам.Көкке ұшамын -Ұшқыш болар баламын.Соңына еремҒарышкердей ағаның.
Балабақша
Ойынның мақсаты: Балаларды еңбекті құрметтей білуге баулу.Ойын шарты. Балаларды рөлдерге бөлу: 1 бала тәрбиеші, 2-сі күтуші, 3-сі - медбике, 4-сі – аспазшы.Тәрбиеші ойынға басшылық жасап, ойынды өрбітеді. Таңертең бақшаға келген балаларды «медбике» қабылдайды., тазалығын қарайды. «Тәрбиеші» ойыншықтарды ұсынып, оларды ойнатады. «Аспазшы» рөліндегі бала ойыншық ыдыс-аяқтарды үстелге қойып, балаларды тамақтануға шақырады. Балалар қолдарын жуған боп, тамаққа отырады.Әрі қарай күнделікті режим сәттеріне орай ойынды өрбітеді.«Сәлеметсіз бе, сау болыңыз, кешіріңіз, рахмет», т.б. сыпайы сөздерді дер кезінде айтқыза отырып, сыпайыгершілікке баулу.
Азық - түлік дүкені
Ойынның мақсаты: Балаларды еңбекке, еңбекті құрметтей білуге, сыпайыгершілікке, ізгілікке, адалдыққа баулу.Қажетті атрибуттар: ойыншықтар, ыдыс-аяқтар, папье-машеден жасалынған тағам түрлері, ақ халат, қалпақ, есеп шот, қағаздан жасалған дөңгелектер.Ойын шарты.Бұл ойынды әуелі жеке-жеке ойнатып, әбден жаттыққаннан кейін үш дүкенді қатар ашып ойынды күрделендіру.Балаларды рөлдерге бөлу: 2 бала сатушы, 1 бала кассир, қалғандары тұтынушылар.Тәрбиеші ойын ережесін түсіндіреді. Ереже бойынша сатушылар да, тұтынушылар да бір-бірімен сыпайы сөйлеседі. Бір затты сатып алған соң, рахмет айтуды ұмытпауы керек. Сатушыда өз кезегінде «Тағы да келіп тұрыңыз», - деп ілтипат білдіреді.Бірінші ойыншық дүкенін ұйымдастыру. Ойыншық сөресінің жанына үстел қойылып сөреде «Дүкен» деген жазу ілулі тұрады. Кассирдің алдында есепшот, ақша салатын қорап, ақ қағаз, қарындаш. Ойыншық алғысы келген балалар ең әуелі кассирге ақшасын төлейді. Не алғысы келетінін айтады. Кассир чек жазып береді. Чекті алып сатушыға береді. Сатушы «тағы да келіп тұрыңыз» - дейді.Тәрбиеші ойынға жалпы басшылық жасайды.
Автобус жүргізуші
Ойын мақсаты: Балаларды жүргізуші мамандығымен таныстырып, оның пайдасы мен қажеттілігін айқындау,еңбекті сүюге баулу, қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.Қажетті атрибуттар: руль, абонементтер, орындықтар, микрофон.Ойын шарты. Бір баланы автобус жүргізуші, екіншісін тексеруші етіп тағайындайды. Қалған балалар жүргіншілер. Егер ойын бөлмеде өткізілсе, орындықтар екі қатар етіп қойылады. Борменен еденге алдыңғы, артқы есік белгісін, яғни екі параллель сызығын сызады. Аялдамада тосып тұрған жүргіншілер артқы есіктен кіріп, біртіндеп қолдарындағы абонементтерін компостерге тесіп орындарына отырады.Жүргізуші рөліндегі бала «ал кеттік» деп, аузымен мотордың дүрілін салып жүргізеді. Біраз жүрген соң, келесі аялдамаларды «дүкен, дәріхана, парк» деп микрофонмен хабарлағанда, әр аялдамада 4-5 баладан түсіп отырады. Тексеруші рөлін алғашқы кезде тәрбиеші өзі атқарады. Балалар автобустан түскенде қолдарындағы абонементтерін жинап алады. Автобустан түскен балалар «дүкен», т.б. орындарға кіріп, оны-мұны сатып алып, тағы да аялдамаға келіп тосады.Ойынды осылайша қайта жалғастыруға болады.
Емхана
Ойынның мақсаты: Ақ халатты абзал жандардың игілікті еңбегіне деген балалардың сүйіспеншіліктерін арттыру. Дәрігердің сезімталдығы, кішіпейілділігі, қамқорлығы сияқты қасиеттерін жете түсіндіру.Қажетті атрибуттар:дәрігердің ақ халаты, қалпақ, рецепті жазатын қағаз, қалам, фонендаскоп, градусник т.б. құралдар.Ойын шарты.Балаларды рөлдерге бөлу: дәрігер, медбике, ауру бала - қуыршақ, ауру баланың шешесі.«Шешесі» ауру баласын дәрігерге әкеледі. Дәрігер «қай жері аурады?» деп сұрап балаға градусник қояды, өкпесін тыңдайды, рецепт жазады. «Медбике күніне үш рет укол салады» деп процедура кабинетіне жібереді.Ойын барысында, егер дәрігерге келушілер кезек күтіп ұзақ отырып қалса, балаларға емханада шуылдауға болмайды, шу дәрігерге де, ауру адамға да бөгет жасайды деп, дер кезінде араласып, дұрыс бағыт беріп отыру керек.Ақ халаты үстіндеАппақ оның ісі де;-Ауырсаң сен, емдейдіКеледі түн ішінде
Сұлулық салоны
Ойынның мақсаты: Балалардың достық қарым-қатынастарын, ұжымдық сезімдерін дамыту. Еңбекке деген сүйіспеншіліктерін арттыру.Қажетті атрибуттар: қайшы, шаш алатын машинка, иіс су шашатын пульверизатор, айна, тарақ, ақ жапқыш, халат.Ойын шарты. Балаларды рөлдерге бөлу: 2-3 бала «шаштаразшы», 1 бала-кассир, қалған балалар шаш алдырушылар (клиенттер). Тәрбиеші ойын ережесін түсіндіре отырып, балаларға шашты қию дағдыларын көрсетеді. Әуелі шашты тарап, сосын қиған тәрізді қимылдар жасап, иіс су сепкен тәрізді (пш-пш) деп сеуіп, сосын шашты оңға, не солға жатқызып тарайды.Балалар кезекпен «Шаштаразға» кіріп, шаштарын алғызып, рахметін айтып ризашылық сезімдерін білдіреді. Әсіресе қыз балалардың шашын тарқатып, қайта өріп әсемдеуге болады. Осылайша арнайы 2-3 рет ұйымдастырылып ойнағаннан кейін, балалар ойынды өздігінен әрі қарай өрбітіп ойнай береді.
Драматизацияланған ойындар. Драматизацияланған ойындар балаларға керекті сөздер мен сөйлемдерді меңгеруді, интонацияны дұрыс пайдалануды, мәнерлеп және көркемдеп оқытуды дамытуда көп әсерін тигізеді. Драматизацияланған ойындардың түрі басқа ойындарға қарағанда күрделірек, себебі, ол ертегілерден және әдеби шығармалардан құрылады. Рөлдік ойындарды меңгергеннен кейін балалар бұл ойынның түрін тез меңгереді. Драматизациялық ойындарда мазмұны, рөлдер, ойын әрекеттерi қандай да бiр әдеби шығарманың, ертегiнiң т.б. сюжетi мен мазмұнына сәйкес болады. Драматизация ойынында балаға қандай болсын айқын тәсiл көрсетпеу керек. Ол үшiн ойынның шын мәнінде ойын болғаны дұрыс. Драматизациялық ойындарды екі түрлі дайындауға болады: І. Шығарманы өзгертпей дәл түрінде сахнаға қою.ІІ. Мәтінге шығармашылық түрде өзгеріс жасап, сахнаға қою. Драматизацияланған ойындардың белгілі, айқын мақсаты болады:1. Дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықгыру.Тілдік қарым-қатынасқа түсу дағдыларын дамыту.2. Балаларды сөйлеуге үйрету. 3. Өмірде кез-келген оқиға туралы естігенін ұғуға және іс-әрекет жүзінде көрсете білуге үйрету.
Білім беру салалары: «Қатынас», «Денсаулық»
«Қатынас»Көркем әдебиет
«Бауырсақ» ертегісі(саусақ театры).Мақсаты: Ертегі мазмұның балалардың естеріне түсіріп,сұрақтарға толық жауап берулерін қадағалау. Тіл байлықтарын дамыту. Артистік өнерге машықтандыру, дауыс ырғағын өзгерте отырып,кейіпкерлердің дауысына сала білуге үйрету.Ойын құралдары: Саусақ басына кигізілетін ойыншықтар.Ойын барысы: Автор: Ерте-ерте-ертеде шал мен кемпір тұрыпты. Бір күні шал кемпіріне айтады.Шал(1-бала):Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берші.Кемпір(2-бала):Неден пісірейін? Ұн жоқ қой.Шал: Әй, кемпір, қойманың түбін қырып көрсең. Бір бауырсақ пісіретін үн табылар.Автор: Кемпір солай істеді. Қойма түбін қырып-қырып екі уыс ұн табады да. Қаймақ қосып, қамыр илейді. Бауырсақты майға пісіріп, терезе алдына суытуға қояды.Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан домалап түсіп, жолға шығып, домалап кетеді. Жолда домалап келе жатса, алдынан қоян шығады.Қоян(3-бала): Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!Бауырсақ(4-бала): Жоқ, сен мені жеме, қоян, мен өлең айтып беремін, тыңдап көрші. Әже қойма қырнаған, Екі уыс ұн жинаған, Қаймаққа илеген, Майға пісірген, Терезе алдына суытқан, Бауырсақпын домалақ! Атадан кеттім, Әжеден кеттім, Қоян сенен де кетемін!Автор: Бауырсақ алға қарай домалап кетеді, қоян қалып қояды. Бауырсақ орман ішіиен домалап келе жатқанда, алдынан қасқыр шығады.Қасқыр(5-бала): Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!Бауырсақ: Жоқ, сен мені жеме, мен өлең айтып беремін, тыңдап көрші. Әже қойма қырнаған, Екі уыс ұн жинаған, Қаймаққа илеген, Майға пісірген, Терезе алдына суытқан, Бауырсақпын домалақ! Атадан кеттім, Әжеден кеттім, Қояннан кеттім, Қасқыр сенен де кетемін!Автор: Бауырсақ домалап кетеді. Қарсы алдынан қорбандап аю шығады. Аю(6-бала): Әй, бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!Бауырсақ: Жоқ, сен мені жеме, мен өлең айтып беремін, тыңдап көрші. Әже қойма қырнаған, Екі уыс ұн жинаған, Қаймаққа илеген, Майға пісірген, Терезе алдына суытқан, Бауырсақпын домалақ! Атадан кеттім, Әжеден кеттім, Қояннан кеттім, Қасқырдан кеттім, Аю сенен де кетемін!Автор:Бауырсақ домалап кетеді, аю қалып қояды. Бауырсақ зымырап келе жатса, алдынан түлкі шыға келеді.Түлкі(7-бала):Амансың ба, бауырсақ! Көргендерге ұнайсың, қандай әдемісін!Автор: Бауырсақ қуанып, өлеңін айта бастайды. Түлкі болса тыңдаған болып, білдірмей бауырсаққа жақындап отырады. Бауырсақ: Әже қойма қырнаған, Екі уыс ұн жинаған, Қаймаққа илеген, Майға пісірген, Терезе алдына суытқан, Бауырсақпын домалақ! Атадан кеттім, Әжеден кеттім, Қоян сенен де кетемін!Түлкі:Әдемі өлең екен! Айналайын, бауырсақ, мен қартайдым, құлағым естімейді ғой. Кәне, менің тұмсығыма отырып, өлеңді тағы бір айтып берші.Автор: Бауырсақ мақтағанға мәз болып, түлкінің тұмсығына шығып, өлеңін айта бастағанда, түлкі бауырсақты «ап!» деп жеп қояды.
« Шалқан » ертегісі(фланелеграфта )Мақсаты: Балаларды ертегіні мұқият тыңдай білуге үйрету, сөз қорын жетілдіру,әңгімелей білуге дағдыландыру. Еңбекке, бірлікке тәрбиелеу.Ойын құралдары: Фланелеграф тақтасы,ертегі кейіпкерлерінің суреттері.Ойын барысы: Автор: Атай көктемде шалқан егеді. Шалқан үлкен дәу болып өседі. Күзде атасы шалқанды жапырағынан ұстап тартып көрді. Бірақ шалқан жұлынбады. Атай: Көмекке әжені шақырады.Автор: Әже - атадан, атай – шалқанның жапырағынан ұстап тартты, жұлынбады.Әже: Әжесі немере қызын шақырады.Автор: Немересі - әжесінен,әжесі – атасынан, атасы – шалқанның жапырағынан ұстаптартты, жұлынбады. Немере: Немересі итті көмекке шақырады.Автор: Ит –немересінен, немересі - әжесінен,әжесі – атасынан, атасы – шалқанның жапырағынан ұстап тартты, жұлынбады. Ит: Ит мысықты көмекке шақырады.Автор: Мысық – иттен, ит –немересінен, немересі - әжесінен, әжесі – атасынан, атасы – шалқанның жапырағынан ұстап тартты, жұлынбады. Мысық: Мысық тышқанды көмекке шақырады.Автор: Тышқан –мысықтан, мысық – иттен, ит –немересінен, немересі - әжесінен, әжесі– атасынан, атасы – шалқанның жапырағынан ұстап тартып - тартып.Осылай бәрі қосылып шалқанды жұлып алды.
« Шұбар тауық » ертегісі(сахналау)
Мақсаты: Балаларды таныс ертегіні аяғына дейін қызығушылықпен тыңдауға үйрету. Ертегі мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беруін,кейіпкерлердің қимылдарын көрсете отырып, ертегінің мазмұның айтып беруге үйрету.Ойын құралдары:Қуыршақтар, ойыншықтар.Ойын барысы: Автор: Ертеде бір шал мен кемпір өмір сүріпті, олардың Шұбар тауығы болыпты. Бір күні тауық жай емес, алтын жұмыртқа тауыпты. Шал мен кемпір қуаныпты.Шал: Кемпір,жұмыртқаны жарып көрсек қайтеді, мүмкін ішінде гауһар тас бар шығар? Автор: Шал жұмыртқаны қасықпен ұрып-ұрып сындыра алмапты.Кемпір: Әкелші мен жарып көрейін.Автор: Кемпір де жұмыртқаны ұрып-ұрып сындыра алмапты. Тарсылды естіген тышқан інінен шығып, үстелдің үстімен жүгіріп бара жатып, жұмыртқаны құйрығымен қағып кетеді. Жұмыртқа еденге түсіп жарылып қалады. Шал мен кемпір жылайды.Шұбар тауық: Ата,әже жыламаңыздар!Мен сендерге алтын емес жай жұмыртқа тауып беремін.Автор: Көп кешікпей тауық бір себет ірі де тәтті жұмыртқа тауып береді. Осылайша олар бақытты өмір сүре береді.
«Үш аю» ертегісі
Мақсаты: Балаларды ертегі мазмұны бойынша шағын көрініс қоя білуге үйрету. Тіл байлықтарын дамыту. Артистік өнерге машықтандыру, дауыс ырғағын өзгерте отырып, кейіпкерлердің дауысына сала білуге үйрету.Ойын құралдары: конус түріндегі қуыршақтар: Маша, әкесі-аю, шешесі-аю, Мишутка. Ойын барысы:Автор: Маша бірде орманға барып адасып кетіпті. Жол іздеп келе жатып бір үйге келді. Бұл үйде аюлар тұратын.Олар: әкесі-аю, шешесі-аю және қоңжық-Мишутка еді. Үйге кірген Маша үстелде тұрған үш табақ бөкпенді көрді.Маша: Бөкпенді жеп көрейінші.Автор: Маша үлкен және орташа табақтағы бөкпенді жеп едіМаша: Жоқ, ұнамайды.Автор: Ал кішкене табақтағы бөкпенді жеп көріпМаша: Дәмді екен!Автор: Сөйтіп,кішкене табақтағы бөкпенді түгел жеп қойды. Маша ең үлкен орындыққа шығып еді, құлап қалды. Орташа орындық та Машаға ұнамады.Маша: Кішкентай орындық маған ұнайды.Автор: Маша тербеліп еді, орындық сынып қалды. Маша ұйықтайтын бөлмеге кірді. Үлкен төсекке жатып еді, ол-биік екен. Орташасы-өте кең екен.Маша: Кішкентай төсек маған ұнайды.Автор: Сөйтіп, кішкентай төсекте ұйықтап қалды. Кешке аюлар келді.Әкесі-аю: Менің табағыма кім тиіскен?Шешесі-аю: Менің бөкпемді де біреу татып көріпті ғой!Мишутка: Кім менің бөкпемді жеп қойған?Орындығымды кім сындырған?Автор: Содан кейін аюлар ұйықтайтын бөлмеге кіреді.Әкесі-аю: Менің төсегіме кім тиіскен?Шешесі-аю: Менің төсегімді біреу умаждап тастапты ғой!Мишутка: Міне жатыр, міне, ұстаңдар оны,ұстаңдар!Автор: Аюлардың дауысынан шошып оянған Маша атып тұрып, терезеден секіріп қаша жөнелді. Аюлар оны қуып жете алмай қалды. Сөйтіп, Маша аман-есен үйіне оралыпты.
«Аққу-қаздар» ертегісі.
Мақсаты: Балаларды ертегіні дұрыс түсініп әңгімелей білуге үйрету. Сөздік қорындамыту. Ертегі кейіпкерлерінің образына ене отырып көрініс қоя білу. Кішіге деген қамқорлыққа тәрбиелеу.Ойын құралдары: ертегі кейіпкерлерінің маскалары. Ойын барысы: Автор: Бір күні ата-анасы бір жаққа кеткенде, достарымен ойнап жүріп қыз інісін қарауды ұмытып кетіпті. Осы кезде Мыстан кемпірдің аққу-қаздары інісін іліп алып ұшып кетіпті. Қыз інісін іздеп шығады. Келе жатса нан пісіретін пеш тұр екен.Қыз: Пеш, пеш, аққу-қаздар қай жаққа ұшып кеткенін көрдің бе?Пеш: Менің пісірген тоқашымнан жесең айтамын.Қыз: Менің қарным ашқан жоқ.Автор: Алдынан алма ағашы кездесті.Қыз: Алма ағашы, аққу-қаздар қайда ұшып кетті?Алма ағашы: Менің алмамды жесең ғана айтамын.Қыз: Сенің алмаларың көк шығар?Автор: Әрі қарай сүт бұлағы кездесті.Қыз: Сүт бұлағы, айтшы аққу-қаздар қайда ұшып кетті?Сүт бұлағы: Менің сүтімді ішсең ғана айтамын.Қыз:Менің сүт ішіп отыруға уақытым жоқ!Автор: Алдынан қоян кездесіп, аққу-қаздар қайда ұшып кеткенін айтыпты. Қыз Мыстан кемпірге көрсетпей, інісін ала қашып еді аққу-қаздар қуа жөнелді. Қыз сүт бұлаққа келеді.Қыз: Сүт бұлағы, мені жасыршы.Сүт бұлағы: Менің сүтімнен ішсең, жасырамын.Автор: Қыз сүтінен ішіп еді, сүт бұлағы жасырып қойды. Аққу-қаздар байқамай ұшып кетті. Әрі қарай жүгіріп келе жатып кездескен алма ағашынаҚыз: Алма ағашы, мені жасыршы.Алма ағашы: Менің алмамнан жесең жасырамын.Автор: Қыз алмадан жеп еді, алма ағашы бұтақтарымен жасырып қалды. Қашып келе жатып пешке келді.Қыз: Пеш, мені жасыршы.Пеш: Мен пісірген тоқаштан жесең, жасырамын.Автор: Қыз тоқаштан жеп еді, пеш оларды жасырып қойды. Осылайша, қыз інісін құтқарып алып, үйіне оралды.
« Үйшік » ертегісі(көлеңкелі театр)
Мақсаты: Ертегіні сұрақ-жауап әдісі арқылы еске түсіру. Сұраққа толық жауап бере алуын қалыптастыру.Кейіпкерлер роліне енуге көмектесу. Достыққа, татулыққа тәрбиелеу.Ойын құралдары: Көлеңкелі театрдың жабдықтары, ертегі кейіпкерлерінің сұлбасы.Ойын барысы: Автор: Алаңда бір үйшік тұр еді. Жертесер тышқан оны көріп қалды.Тышқан: Неткен үйшік! Кімдікі бұл үйшік?Автор: Ешкім жауап қатпады. Тышқан үйшікке кіріп, сонда тұра бастады. Секіріп бақылдауық бақа келді.Бақа: Неткен үйшік! Үйшікте кім тұрады?Тышқан:Мен, жертесер тышқанмын. Ал сен кімсің?Бақа: Мен - бақылдауық бақамынТышқан: Кел, бірге тұрайықАвтор:Екеуі бірге тұра бастады. Секектеп секек қоян келді.Қоян:Неткен үйшік! Үйшікте кім тұрады?Бақа: Біз – жертесер тышқан, бақылдауық бақа, ал сен кімсің?Қоян: Мен - секек қоянмын.Тышқан: Кел, бірге тұрайықАвтор: Олар үшеуі болды. Жүгіріп жылмаң түлкі келді.Түлкі: Неткен үйшік! Үйшікте кім тұрады?Тышқан: Біз – жертесер тышқан, бақылдауық бақа және секек қоян, ал сен кімсің?Түлкі:Мен - жылмаң түлкімінҚоян: Кел, бірге тұрайықАвтор:Олар төртеу болды. Үйшікке аю келіп, есік қақты.Аю:Неткен үйшік! Үйшікте кім тұрады?Қоян: Біз – жертесер тышқан, бақылдауық бақа, секек қоян, жылмаң түлкі, ал сен кімсің?Аю: Ал мен – жантайғыш аюмын. Үйшігіңе жантая кетсем – бәрің жаншылып қаласыңдар.Автор:Қорқып кеткен аңдар үйшіктен қашып шықты. Ал жантайғыш аю үйшіктің үстіне жантая кетіп еді, үйшік қирап қалды. Жертесер тышқан, бақылдауық бақа, секек қоян, жылмаң түлкі, жантайғыш аю жиналып жаңа үлкен, әдемі үйшік салып, бірге өмір сүрді.
« Мақта қыз бен мысық » ертегісі
Мақсаты: Балаларға ертегіні мәнерлеп оқып беріп,түсіндіру, кейіпкерлерімен таныстыру, оларды атау. Сұрақ қоя отырып,ертегі мазмұның әңгімелей білуге үйрету,сөздік қорын молайту. Достыққа, татулыққа тәрбиелеу. Қоршаған орта туралы түсініктерін толықтыру.Ертегіні балалар өздері ойнап көреді, тәрбиеші рөлдерді тағайындайды.Ойын құралдары: Маскалар, сюжетті суреттер, қыздың ұлттық киімі,мысықтың құйрығы,т.б.Ойын барысы: Автор: Мақта қыз үйін жинап жүреді. Дән тауып алады. Мақта қыз мысықты шақырады.Мақта қыз: Мысығым менің қайдасың? Мяу? Келе ғой. (Мақта қыз жан-жағына қарайды. Ашуланады).Мақта қыз:Келмесең, өз обалың өзіне. (Мақта қыз дәнді өзі жеп қояды. Бір кезде асықпай мысық келеді).Мысық: Мақта қыз, сен мені неге шақырдың?Мақта қыз: Айтпаймын. Мысық: Ендеше мен сенің қатығыңды төгемін.(Мысық Мақта қыздың қатығын төгеді). Мақта қыз: Сол үшін мен сенің құйрығынды кесіп аламын.(Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады).Мысық: Берші құйрығымды?Мақта қыз: Қатығымды қайтарып бер.(Мысық сиырға барады).Мысық: Сиыр, сиыр, маған қатық берші.Сиыр: Менің қарным ашты. Маған жапырақ әкеліп берші.(Мысық ағашқа барады).Мысық: Ағаш, ағаш, маған жапырағыңнан берші.Ағаш: Мен шөлдеп тұрмын, су әкеліп берші. Сонда мен саған жапырақ беремін.(Су әкеле жатқан қызға келеді).Мысық: Маған суыңнан берші.Қыз: Сен маған сағыз әкеліп берші, мен саған су беремін.(Мысық дүкенге барады).Мысық: Дүкенші, дүкенші, маған сағыз беріңізші.Дүкенші: Сен маған тауықтың жұмыртқасын әкеліп берсең, мен саған сағыз беремін.(Мысық әбден шаршайды. Жұмыртқаны іздеп, тауықтарға барады).Мысық: Тауық, тауық, маған жұмыртқаңнан берші.Тауық: Менің қарным ашты, сен маған дән әкеліп бер.(Мысық не істерін білмей отырады. Бір кезде ін қазып отырған тышқанды көреді).Мысық: Үйіңде не бар? Айт тез. Әйтпесе жеп қоямын.Тышқан: Үйімде бір қап тары бар.(Тышқан қорқып тұрады).Мысық: Маған бір уыс тары бер:Тышқан: Мә-ә-ә-ә ала ғой.Мысық: Тауық, тауық, міне дән саған.Тауық: Міне саған жұмыртқа.(Тауық дәнді алып, жұмыртқаны тәрелкеге салып береді).Мысық: Дүкенші, дүкенші, міне жұмыртқа. Маған сағыз беріңізші. Қыз:Алақай, мысық маған сағыз әкелді. Міне саған бір шелек су.(Мысық суды ағаштың түбіне құяды).Ағаш: О, рахат қандай. Міне саған жапырағым.Мысық: Сиыр, сиыр, жапырақты ал. Маған қатығыңнан берші.Мысық: Мақта қыз, міне сенің қатығын, ал. Мақат қыз: Көрдің бе, мысығым, дән же деп шақырғанда, келмедің. Айтқан тілді алмадың,құйрығыңнан айырылдың.Мысық: Ке-е-е-е-шірші, мяу-у-у. Мен енді бұзық болмаймын. Айтқаныңды тыңдаймын.Автор: Мақта қыз қатығын алып, мысықтың құйрығын қайтарады. Сөйтіп, екеуі тату дос болып қалды.
«Түлкі мен тырна» ертегісі
Мақсаты: Балаларды ертегідегі берілген жануарлар мінез-құлқын, іс-әрекетін түсінуге, соның ішінде түлкінің жағымсыз қылықтарын көре білуге үйрету. Балалардың тілін дамыту, диалог құра отырып, мәнеріне келтіре сахналау. Балалардың сахна өнеріне деген қызығушылығын тәрбиелеу.Ойын құралдары: Тырна мен түлкінің маскалары, құмыра, тәрелкеОйын барысы:Автор: Ерте, ерте, ертеде түлкі мен тырна дос болыпты. Түлкі бір күні тырнаны қонаққа шақырыпты.Бала-түлкі: Тырна, маған қонақ болып кет.Автор: Тырна белгіленген уақытта келді. Бала-түлкі: Кел, тырна, кел. Сені көргеніме қуаныштымын!Автор: Түлкі тамақты екеуіне де тәрелкеге салды.Бала-түлкі: Же, тырна достым, же, үялма!Автор: Тырна қанша тырысса да, түлкінің берген тамағын жей алмады. Ұзын тұмсығымен тәрелкені ары тоқылдатып, бері тоқылдатып, тамақты татып та көрмеді. Түлкі өзінің тәрелкесіндегіні тілімен жалап жеп қойды да тырнаға айтты.Бала-түлкі: Кешір, тырнажан, саған беретін басқа менде ешнәрсе жоқ.Бала-тырна: Жарайды, сен де маған қонаққа кел.Автор: Келесі күні түлкі тырнаға қонаққа келді.Бала-түлкі: Амансың ба, тырнажан! Жағдайың қалай? Бәрі жақсы ма?Бала-тырна: Қайырлы күн, түлкішек! Сені күтіп отырмын.Автор: Тырна түлкіні үйіне кіргізіп, үстелдің үстінде сұйық тамақ құйылған биік, жіңішке құмыраны беріп, айтадыБала-тырна: Же, түлкіжан, же, ұялма! Шамам келгенше дәмді дайындауға тырыстым.Автор: Түлкі құмыраның ар жағына бір, бер жағына бір шығады, ал құмыраның мойыны жіп-жіңішке, ұзын. Түлкінің тұмсығы ең болмаса тілімен жалауға да жетпеді. Ал тырна тамақты ұзын тұмсығымен ішіп жатып, түлкіге қулана қарап қояды.Бала-тырна: Түлкі, сен неге ішпейсің? Менің тамағым ұнамай ма?Автор: Түлкінің көңіл-күйі түсіп, қоштаспастан есікті қатты жауып, шығып кетті. Ал тырна болса қанатын қағып қала берді. Содан бері тырна мен түлкі дос болмайтын болды.
«Дос іздеген бота» ертегісі
Мақсаты: Ертегі көрініс арқылы балаларды достық сезімге тәрбиелеу. Рөлдеріне еніп, оны іскерлікпен, үлкен шығармашылықпен орындауға тәрбиелеу; көркем сөздерді мәнерлеп орындауға бағыттау, жануарларға деген сүйіспеншілігін, қамқорлық сезімін қалыптастыру.Ойын құралдары: маска, костюмдерОйын барысы: Автор: Ерте, ерте, ертеде боталы түйе болыпты.Түйе: Түйе, түйе, түйемін Жануармын киелі Жан-жағыма қараймын, Күн мен түнді санаймынАвтор: Түйе өзінің жібек жүнді, сүйкімді баласына мейірімділікті, адалдықты үйретіпті. Мөлдір көзді бота өте ақылды болып өседі.Түйе: Боташым, мен саған жақсы достан басқасының бәрін бердім. Енді тура өзің сияқты дос тап. Доссыз өмір қиын, әрі қызық емес. (бота басын изеп тұрады)Автор: Бота өзіне ұқсайтын жалт-жұлт еткен жүні бар, жағымды үні бар дос іздеп шығады.Бота: Бота, бота, ботамын Ақылды боп атандым Тостағандай көзім, Әдемімін өзім.Автор: Жайылып жүрген құлынды көріп:Бота: Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмінҚұлын: Иһ-һ-һі, кел, екеуміз дос болайықБота: Жоқ, сен сияқты дос емесҚұлын: Мүмкін бұзау боларАвтор: Бота бұзауға келіп:Бота: Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмінБұзау: Мө-ө-ө, кел, екеуміз дос болайықБота: Жоқ, сен сияқты дос емесБұзау: Мүмкін қодық боларАвтор: Бота қодыққа келіп:Бота: Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмінҚодық: И-а-и-а, кел, екеуміз дос болайықБота: Жоқ, сен сияқты дос емесҚодық: Мүмкін қозы боларАвтор: Бота қозыға келіп:Бота: Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмінҚозы: Мә-ә-ә, кел, екеуміз дос болайықБота:Жоқ, сен сияқты дос емесҚозы: Мүмкін күшік боларАвтор: Бота күшікке келіп:Бота: Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмінКүшік: Әуп-әуп, кел, екеуміз дос болайықБота: Жоқ, сен сияқты дос емесБұзау: Мүмкін мысық боларАвтор: Бота мысыққа келіп:Бота: Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмінМысық: Мияу-мияу, кел, екеуміз дос болайықБота: Жоқ, сен сияқты дос емесМысық: Мүмкін әтеш боларАвтор: Бота әтешке келіп:Бота: Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмінӘтеш: Ку-ка-ре-ку, кел, екеуміз дос болайықБота: Жоқ, сен сияқты дос емесӘтеш: Мүмкін қарға боларАвтор: Бота қарғаға келіп:Бота: Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмінҚарға: Қа-а-рр,қа-а-рр, кел, екеуміз дос болайықБота: Жоқ, сен сияқты дос емесҚарға: Мүмкін бақа боларАвтор: Бота бақаға келіп:Бота: Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмінБақа: бақ-бақ, кел, екеуміз дос болайықБота:Жоқ, сен сияқты дос емесБақа: Мүмкін ара боларАвтор: Бота араға келіп:Бота: Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмінМысық: З-з-з-зз, кел, екеуміз дос болайықАвтор:Ара ызылдап қуа жөнеледі. Бота арадан зорға қашып құтылады. Басы салбырап, ерні салпиып бота өз анасына келеді.Түйе: Дос таптың ба, ботам?Бота: Жоқ, анашым, тура мен сияқты ешкім жоқ екенТүйе: (жымиып) Өзің сияқты дегенім, адалдығыңды айтқаным, боташым. Досты жан тазалығымен таңдау керек.Автор: Бота қуанып, адал достары: құлынды, бұзауды, қодықты, қозыны, күшікті, мысықты, әтешті, қарғаны, бақаны ертіп келіпті. Ал, араны сабырсыздығы үшін қоспаған екен.
«Түлкінің жазасы» ертегісі
Мақсаты: Балаларды ертегідегі берілген хайуанаттар мінез-құлқын, іс-әрекетін түсінуге, соның ішінде түлкінің жаман қылықтарын көре білуге үйрету. Балалардың сахна өнеріне деген қызығушылығын тәрбиелеу.Ойын құралдары: маскаларОйын барысы: Автор: Түлкі, Үйрек, Қоян үшеуі дос екен. Қылышын сүйретіп қыс та келді.Үйрек: Үшеуіміз бірігіп үй салсақ қайтеді? Түлкі: Өздерің сала беріңдер. Мен ептеп оңышып шығармын.Автор:Сөйтіп екі дос бірігіп үй салып алады. Қандай рақат. Іші жылы. Қақаған суықтан тоңатын түрлері көрінбейді. Бір кезде есік қағылады. Есікті ашса, досы Түлкі. Ұсқыны қашып кеткен. Дір-дір етеді.Түлкі: Үйлеріңе кіргізіңдерші. Тоңдым, қалт-қалт етіп.Қоян: Сендей опасыз достың бізге қажеті жоқ, - дейді.Автор: Түлкі досы жоқ, жалғыз екенін сонда білді.«Орманға қар не үшін керек?» ертегісі
Мақсаты: Қыс мезгіліне тән белгілер туралы түсініктерін кеңейту. Қардың қалай және қайда пайда болатыны және оның қысқы табиғаттағы рөлі туралы түсінік беру. Диалог сөздерді мәнеріне келтіре айта білуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру.Ойын құралдары:кейіпкерлердің маскаларыОйын барысы: Автор: Бұл қоянның сәнді, үлпілдек құйрығы бар болған кез еді. Орманды қар басып қалған әрі-бері өту мүмкін емес. Орман ішімен қоян зытып келе жатты.Қоян: Үйіліп қалғанын қарашы. Тұқымың құрып кеткір, қар-ай!Автор: Мұны қайың басында отырған кәрі құр естіп қалады, құйрығын төмен салып, бұлтаң еткізеді де, былай деп тіл қатады:Құр: Құр- құр- құр! Оу, қоян қайда асығып барасың?Қоян: Ой, бұл кім? Құр: Қорықпа, мен құрмын ғой. Кімге ұрсып барасың? Кімді жерден алып, жерге салып барасың?Қоян:Кімді, кімді дейді ғой (құлақтарын сілкілеп қойды). Қарды баяғы! Қайда барсам да, артымнан іздерім ұстап береді: біресе ит, біресе түлкі, біресе, тфә-тфә, тілім тасқа, қасқыр соңыма түспесе болғаны! Осы қар деген пәлені кім ойлап тапқан?Құр: Қоян, сенікі дұрыс емес (басын шайқайды). Қар деген тамаша емес пе? Мына язды түнде қарға аунаймын. Түні бойы жып-жылы қардың астында жатамын.Қоян: Жоқ, жоқ. Қалай айтсаң да, қар зиянды нәрсе!Құр: Неге, ол өте пайдалы (үрпие қарайды). Қоян:Жоқ, зиян!Құр: Пайдалы:Қоян: Зиян! Кел, бәстесейік!Құр: Бәстесейік, неге бәс тігеміз?Қоян: Кел, онда құйрыққа бәстесейік (құлағын қасиды). Кім жеңілсе, сол өзінің құйрығын кесіп береді. Құреке, сол кезде көрерміз, жұрттың мазағына қалмағаныңызды.Құр:Оны әлі көре жатармыз (бұртияды).Автор: Сөйтіп, Құр мен Қоян дауларына төреші іздеп келе жатса, алдарынан Тышқан кезігеді.Құр: Ей, Тышқан, дауымызды шешіп бер, сен қардың астында қалай өмір сүресің?Тышқан: Жақсы, Құреке. Бізге қардың асты жылы, ыңғайлы және тыныш.Қар жамылығы бізді тек аяздан ғана емес, жапалақ пен түлкіден де қорғайды. Қарлы шатырдың астында жасыл шөп те, күзгі жидек те және әр түрлі тұқымдар да көп табылады.Құр:Естідің бе, қалқаң құлақ? Екеуіміздің қайсымыз жеңілген? Қане, құйрығыңды бер!Қоян: Қуын қарай көр! Біз әлі басқалардан да сұраймыз.Автор: Содан олар ары қарай жүгіріп кетеді. Аюға барып еді, оны тәтті ұйқысынан ояту қиын болды. Соған қарағанда қардың асты оған жайлы. Торғайлардан сұрап көріп еді, олар жауап бермеді, Осылай Қоян мен Құр қыс бойы дауласып шықты. Сөйтіп жүргенде көктем келді.Құстар: Қардың көп жауғаны қандай жақсы болды. Қараңдаршы, айнала жап-жасыл. Яғни, тәтті дәндер мен жидектер көп болады.Бидай: Қардың көп болғаны қандай жақсы болды. Мен оның астында аязға үсіп кетпей жақсы қыстап шығамын. Ал оның жер-анасы суға қалай тойдырғанын айтпай-ақ қояйын! Біздер қап-қалың, биік болып өсеміз. Егін бітік шығатын болды.Автор: Барлық тіршілік иелері қысты жақсы сөздермен естеріне алып жатты.Міне, дау да шешілді.Қоян қалай бұлтарса да жеңілуге мәжбүр болды. Оған өзінің құйрығымен қоштасуына тура келді. Содан бері қоянда құйрық та емес, құйыршық та емес, бір нәрсе қалды. Осымен ертегіміз аяқталды, кім тыңдады, соларға рахмет.
Қимылды ойындар Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Бала ойынмен өседі. Ойынсыз бала қалыпты дамымайтыны белгілі. Дұрыс басшылықпен жүргізілген ойындар баланы жан-жақты дамытуда ғажайып жетістіктерге жеткізеді. Сол себептен тәрбиешінің басшылығы мына жағдайларды бекітуге тиіс деп есептейміз:
Тәрбиеші балалардың өз шығармашылығымен ойнау белсенділігін, қызығушылығын арттыру;
Ойын шарты мен ұжымдық талаптарды орындауда балалардың мүмкіндіктері мен тәртібін реттеп жетілдіру керек.
Балалардың өз беттерімен ойынын ұйымдастыруы неғұрлым жоғары болғанда, тәрбиешінің ойынға қатысуының соғұрлым аз болғаны абзал.
Күнделікті тұрмыстағы іс-әрекетте қажетіне қарай пайдалану үшін дағды ретінде қарастыруы тиіс.
Қимылды ойындарды ұйымдастырғанда тәрбиеші балалардың тұрақты тәртіп жүйесін қалыптастыруы қажет.
Ойын шартына сәйкес қажетті атрибуттар мен құралдарды балалардың ойындарында өздіктерінен пайдалана білуіне қол жеткізу.
Ойын шартын немесе оның атын баланың өз шығармашылығымен дамытып ойнауына жағдай туғызу, рөлдерді өз қалауларымен таңдауға мүмкіндіктер жасау.Ойын тек қызықты әрекет қана емес, ол білім мен әдет-дағдыларды игеруге де мүмкіндік береді. Олай болса,қимылды ойындарды үйретіп, оның мазмұны мен маңызының бала өміріне қаншалықты қажет екенін ұмытпай, балалардың қызығушылығын арттырып отыру керек. Бала ойынының тәрбиелік мәні зор.Қимылдыойындар негізінде балаларды тапқырлыққа, ептілік пен төзімділікке, күштілікке, жақсы мінез-құлыққа, көпшілікпен санаса білу сияқты жақсы қасиеттер қалыптасады. Ойын үстінде баланың қиялы, ойлауы, қабылдауы, зейіні, ес сияқты психикалық үрдістері белгілі деңгейде дамиды. Сөйтіп, бала құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауда мінез-құлық ережелерін сақтауға, орындауға үйренеді.Білім беру саласы: «Денсаулық»
"Ақ серек, көк серек "Ойын мақсаты: Балалардың тіл байлығын жетілдіру, достық қарым-қатынастарын дамыту.Ойын шарты: Ойын ашық алаңда өткізіледі. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Аралығы 30-40 метрдей жерге бір-біріне қарама-қарсы орналасады. Қаз-қатар қол ұстасып, тізіліп тұрады. Жеребе бойынша ойынды бастаған топтың балалары әндете өлең айтады.- Ақ серек, көк серек,Бізден сізге кім керек? Екінші топтағылар ойыншының атын атайды. Сол кезде аты аталған бала өз тобынан шығып, екпіндей жүгіріп келеді де, қарсы топтың тізбегін үзіп кетуге тырысады. Егер үзіп кетсе, бір баланы жетелеп апарып, өз тобына қосады. Үзе алмаса, өзі сол топта қалады.
« Аю мен аралар »
Ойын мақсаты: Ойын сөздерін айта отырып,кейіпкерлерді нақ көрсете білу.Ойын құралдары:Аю мен аралардың маскалары,бүлдірген муляждары.Ойын шарты: Аю болып киінген бала немесе тәрбиеші орындықта отырады(орманында). Ал аралар болып киінген барлық балалар орманға бүлдірген теруге барады.Қимылдармен көрсетіп,мынадай сөздерді айтады:Орманында аюдың,Бүлдіргені көп екен, (екі қолды жайып көрсетеді)Теріп-теріп алайық, (тереді)Қалтамызға салайық! (салады)Аю шықты апаннан (шығады)Бол тезірек қашайық ! (балалар қашады) Соңғы жол сөздерін айтқанда аю тұрып балаларды қуып, ұстайды. Осылай ойын 2-3 ойнатылады.
"Ақсүйек"Ойын мақсаты: Балаларды қырағылыққа, дәлдікке үйрету.Ойын шарты: Ойынға қатысушы балалар бір қатарға тұрады. Тәрбиеші ақсүйекті қолына алып, балалардың ту сыртына шығады да, алысқа лақтырады. Балалар ақсүйектің лақтырылған бағытын көрмеуі керек. "Ақсүйек" жерге түскеннен кейін тәрбиеші: Ал ақсүйекті іздеңдер, кім тез табар екен? - дейді. Ойынның шарты бойынша ақсүйекті тауып алған бала басқаларына білдірмей, тәрбиешіге тез әкеліп беруі керек. Егер балалардың бірі байқап қалса, ақсүйекті тауып алған баланы қуып жетіп, денесіне қолын тигізуі керек. Сонда ақсүйек өзіне беріледі. Сөйтіп, ақсүйекті ешкімге жеткізбей тәрбиешіге табыс еткен бала жеңімпаз аталады.
« Сорпа пісіреміз »
Ойын мақсаты: Көкөністердің атауларын қайталап отыру.Ойын кезінде жүргізушіні зейін қойып мұқият тыңдау, бір-бірімен соғылыспай шеңбер ішінде жүру,жүгіру.Ойын құралдары: Көкөністердің муляждары немесе басқа киетін маскалар.Ойын шарты: Жүргізуші:Балалар,сендер көрдіңдер ме қазанда су қалай қайнайды? Көкөністер піскенде суда қалай жүзеді? Біз барлығымыз қазан боламыз. Қайсы көкөністі атайды,сол қазанға түседі де қазанның ішінде жүзіп, жүгіріп жүреді, бір-бірін соқпайды. Балалар шеңбер құрып тұрады, әрқайсысында көкөністен.Анамның қазанында су қайнайдыБарлық көкөністер онда секірді.Әй,картоп (сәбіз,пияз ) қазанға барАна сорпасын пісіреді.Ойын бірнеше рет қайталанады.
"Қаршыға мен қарлығыш"Ойын мақсаты: Балаларды ойын шартын бұзбай ойнауға, шапшаңдыққа тәрбиелеу.Ойын шарты: Бұл ойынға қанша бала болса да, қатыса беруге болады. Ойыншылар екі топқа бөлініп, екі бағытқа қарап, екі қатарға тұрады. Бұлардың бір қатары "Қаршығалар" да, екінші қатарындағылар "Қарлығаштар" болады. Бір ойыншыны басқарушы етіп сайлайды. Басқарушы екі саптың арасымен ерсілі-қарсылы жүріп дауыстайды. Алдымен "қар..." дейді де, содан соң қалауынша "шығалар" немесе "лығаштар" деп қосады. Сол кезде бастаушы атын атаған топтағылар бытырай қаша жөнеледі де, аты аталмаған топ оларды қуалайды. Олардың міндеті - қашқан топтағылардың біреуін ұстап алу. Ұсталған ойыншы сол топқа өтеді. Қайсы топ қарсы топың ойыншысын көп қосып алса, сол топ жеңеді.
"Белбеу соқ"Ойын мақсаты: Балаларды байқампаздыққа, ептілікке баулу.Ойын құралдары: белбеуОйын шарты:Ойынға қатысушылар шеңбер құрып отырады. Ширатылған шүберек белбеуді бірі қолына алып айналады да, біреудің артына білдіртпей тастап кетеді. Ол айналып келгенде артында қалған белбеуді отырған адам байқамаса, әлі тастаған адам белбеуді алып оны қуады, ұрады. Егер қолма - қол білсе, ол белбеуді тастағанды, қашан өз орнына жеткенше пергілейді. Ойындағы бір шарт: отырғандар артына қарамайды. Тек қағілездікпен ғана белбеуді білуі керек."Сақина тастамақ"Ойын мақсаты: Ойын шартын дұрыс қолдана білу, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.Ойын құралдары: сақинаОйын шарты: Балалар дөңгеленіп, екі-екіден қатарласып отырады. Ойын бастаушы бала ортаға шығады, оның қолында сақинасы болуға тиіс. Ол сол сақинаны бір шеттен бастап қолдан-қолға жүгіртіп, отырғандардың біреуінің алақанына салу керек. Алақанына сақина түскен бала мұны жанындағы көршісіне сездірмейді. Осыдан кейін ойын бастаушы ортаға шығып, "бір, екі, үш, сақинам ұш" дейді. Сонда сақинасы бар адам орнынан шапшаң тұруы керек. Егер ол тұра алмай, көршісіне өзін ұстатып қойса, айып тартады. Ал, керісінше, көршісі оны ұстай алмаса, өзі жазықты болады. Көпшіліктің ұйғаруы бойынша ән, күй, би немесе басқа бір білетін өнерін көрсетеді. Содан кейін ол алғашқы ойын бастаған адамның орнына тұрып, ойынды қайта жалғастырады.
"Арқан түю"Ойын мақсаты: Балаларды байқампаздыққа, ұжымдыққа баулу.Ойын құралдары: арқанОйын шарты:Ойнаушылар шеңбер жасап дөңгелене тұрғаннан кейін, қолында арқаны бар ойын жүргізуші топ ортасына шығады да: "Ойынды бастадым!" - деп дауыстайды. Содан соң арқанның түйілмеген басынан ұстап шеңбер бойымен айналдырады, ал ойнаушылар болса секіріп тұрып, арқанды аяқтарының астарынан өткізіп жібереді. Кімде-кім арқанды өткізе алмай, аяғына тигізіп алса, онда айып тартады. Көпшіліктің ұйғаруымен ортаға шығып өнер көрсетеді және орын ауыстырады. Осылайша ойын одан әрі жалғаса береді.
"Кім жылдам?"Ойын мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа, жылдамдыққа баулу.Ойын құралдары: белбеуОйын шарты: Ойыншылар ойынға екі-екіден қатынасады. Ортаға шыққан екі ойыншы бір-біріне арқасын беріп, екі жаққа қарап тұрады.Аяқтарының арасын иықтарының деңгейімен бірдей етіп ұстайды. Сонан соң ойын жүргізуші екеуінің аяғының арасына ұзыннан ұзақ белбеу тастайды да "бір, екі, үш" деп санайды. "Үш" деген де кім еңкейіп белбеуді бұрын алса, соның жеңгені. Бұл адамның өз денесін еркін меңгеріп, тез қимылдауының нәтижесінде жүзеге асады. Ойынға басқа ойыншылар шығады. Екінші кезекте әр жұптың жеңімпаздарымен арадағы жарыс болады. Ең соңында жеңген екі ойыншы қалады. Сол екеуінің қайсысы жеңіп шықса, сол жеңімпаз атанады."Көген тартыс"Ойын мақсаты: Балалардың өзара қарым-қатынастарын арттыру, шапшаңдыққа баулу.Ойын құралдары: арқан, борОйын шарты: Бұл ежелден келе жатқан көне ойындардың бірі. Ертеде оны малшылар ойнайтын болған. Ойынды кең алаңда, дене шынықтыру залында өткізуге болады. Ойынға қатынасушылар тепе-тең екі топқа бөлінеді. Араларынан екі топқа ортақ ойын жүргізуші тағайындалады. Ойынға ұзын арқан таңдап алынады. Ортасынан 1-1,5 метрдей ашық орын қалдырылып, арқан әрбір 40- сайын түйіледі. Ортадан екі топты бөліп тұратын көмбе сызығы сызылады. Әр ойыншы бір-бір түйіншектен ұстап, бір-біріне қарсы қарап тұрады. Ойын басқарушының белгісімен басталады. Ортадағы көмбе сызықтан қай жақтың ойыншысы тартып өткізілсе, сол топ жеңіліп, оны тартып өткізген жақ жеңіске жетеді. Ойын осылай жалғаса береді.
"Дауыста, атыңды айтам"Ойын мақсаты: Балаларды дауыс ырғағын өзгерте білуге үйрету, есту , қабылдау қабілеттерін дамыту.Ойын құралдары: орамал, таяқОйын шарты: Ойынға көз байлайтын орамал, ұзындығы 1- таяқ керек. Ойынға қатынасушылардың саны шектелмейді. Ойнаушылардың саны көп болса, ойын солғұрлым қызықты болады. Ойнаушылар қол ұстасып, шеңбер бойымен дөңгелене тұрады. Шеңбердің сыртына шығарып,бір ойыншының көзін байлайды да қолына таяқ ұстатып, шеңбердің ішіне кіргізеді. Көзі байлаулы ойыншы шеңбердің ортасына келген соң, қолындағы таяғын өзіне қарсы тұрған ойыншылардың кез келгеніне ұсынады да "дауыста, атыңды айтам" дейді. Таяқтың екінші басынан ұстаған ойыншы атын біліп қоймас үшін дауысын өзгертіп үн қатады. (Шеңбер бойында тұрған ойыншылар белгілі бір бағытпен үнемі қозғалыста болады, тек ортадағыкөзі байланған ойыншының таяғы бір ойыншыға тиген кезде ғана бір орында тоқтап тұрады). Көзін байлаған ойыншы таяғының кімге тигенін дәл тапса, сол ойыншымен орын ауыстырады. Таба алмаса, көзі шешіліп, сол ортада тұрған бойында көпшіліктің ұйғарымымен өнер көрсетеді.
"Тауқырайдан"Ойын мақсаты: Балалардың ұлттық ойындарына деген қызығушылықтарын арттыру, аңғарымпаздылыққа баулу.Ойын құралдары: тақияОйын шарты: Ойнаушылар бірінің қолы бірінің басына жетерліктей мөлшерде дөңгеленіп отырады. Ойын бастаушыдан басқаның бәрі жалаңбас болуы керек. Ол: "Тауқырайдан-тауқырайдан" деп, қайталап айта береді де, өз басындағы тақияны оң жағындағы көршісінің басына кигізе қояды. Көршісі де сол сөзді қайталап, оң жақтағы көршісіне кигізеді. Осылай жалғасып кете береді. Бір мәзетте ойын бастаушы көзін жұмып отырады да: "Тау-тау" деп, басын өз қолымен баса қояды.Тақия кімнің басында қалса, соған айып салады. Ән, тақпақ айтқызады, не би билетеді.
"Теңге алу"Ойын мақсаты: Балаларды ойынды өз мәнінде өрбіте білу, жылдамдыққа баулу.Ойын құралдары: теңге, ағаш атОйын шарты: Екі топ ойыншылардың әрқайсысы жеке - жеке шыбықты ат қып мінеді. Ойынды бастаушы жүргізеді. Ойын кезегі басталатын жерге сызық сызылады. Одан әрі 20-32 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай (15-) екі шұңқыр қазылады. Әр шұңқырға он-оннан тас салынады. Екі топтан екі сайыскер шығады да, сызыққа келіп, қатарласып тұрады. Бастаушының белгісі бойынша, шыбық аттарын құйғытып, шаба жөнеледі. Сол беттерімен әлгі шұңқырға жетіп, қол сұғып жібереді де, тасты іліп алып, әрі қарай кетеді. Шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды. Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына қарай есептеледі. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді.
"Итеріспек"Ойын мақсаты: Балаларды дене бітімін ұстай білуге үйрету, жеңімпаздыққа баулу.Ойын құралдары: борОйын шарты: Ойын көгалда, кең жерде өткізіледі.Ойыншылар санына шек қойылмайды. Ойнаушылар жиналып болғаннан кейін, үлкен шеңбер сызылады да, ортаға екі ойыншы шығады. Егер бір аяқпен секіріп жүріп, екі ойыншының біреуі екінші аяғын жерге тигізбестен, қарсыласын шеңберден итеріп шығарса - жеңгені. Аяғын жерге тигізіп алса - жеңілгені. Ойын жалғаса береді.
«Бауырсақ»Ойын мақсаты: Балаларға жақсы мен жамандықты айыра білуге үйрету.Ойын құралдары:Бауырсақ пен түлкінің маскаларыОйын барысы: Балалар маскаларды киіп, ойынға қатысады. Бауырсақ болып ойнайтын балалар түлкіден қашып құтылу керек. Егер ұсталса, онда түлкі болады. Автордың ролін ересек адам ойнайды: -Мен бауырсақпын, бауырсақпын!
«Шалқан» ойыны.
Ойын мақсаты: Балалармен ойын арқылы ертегі мазмұның қайталай отырып, есте сақтау, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Ойын құралдары: Маскалар.Ойын барысы:Балалар бір-бірінің белінен ұстап, еденде теңселіп отырады. Бұл-«шалқан». Жүргізуші-«Атай» «шалқанның» алдында тұрады. Жүргізуші айналып жүріп, өлең айтады: -Шалқаным, шалқаным! Егілген,қоршалған! Кім сені екті, Кім сені суарды? Балалар: -Бізді атай өсірді, Бізді атай суарды. Сол кезде жүргізуші 1-ші баланы қолынан ұстап тартады. Кімді тартып алады, сол жүргізушінің артына тұрады. Ойын әрі қарай жалғасады.Осылай ойын 2-3 ойнатылады.
«Аққу-қаздар»
Ойын мақсаты: Балалардың жалпы координациясын жетілдіру, шапшандылығын, ептілігін дамыту, жылдам қабылдау сияқты ерешеліктерін дамыту.Ойын құралдары: қасқырдың маскасы.Ойын барысы: Ойыншылардың ішінде қасқыр,бақташы тандап алынады.Басқа балалар қаздар болады.Ортада бір сызық болады.Ол қаздардың тұратың жері.Қасына шығыршық қойылады.Ол қасқырдын үйі болады.Бақташы қаздарды жайып шығады.Олар далада жайылып жүреді.БАҚТАШЫ: - Қаздар! Қаздар!ҚАЗДАР: - Қаңқ, қаңқ, қаңқ.БАҚТАШЫ: - Тамақ жейсіндер ме?ҚАЗДАР: - Иә,иә,иә.БАҚТАШЫ: - Ендеше ұшындар!ҚАЗДАР: - Жоқ,аш қасқыр бар - Жібермейді ол жолда.БАҚТАШЫ: - Тез! Ұшындар қалайда! Осы кезде қаздар қанаттарын қағып ұшып,бақташыға қарай жүгіреді.Қасқыр ұстағандарын шығыршықтың ішіне кіргізіп қояды. 2 рет ойнағандар ауысып,басқа балаларға кезек береді.
«Айгөлек»
Ойын мақсаты: Балалардың шапшандылығын дамыту, ептілікке тәрбиелеу, балалардың үйлесімді қимыл-әрекеттерін, жылдамдық сияқты қасиеттерін жетілдіру.Ойын барысы: Балалар тендей екі топқа бөлінеді.Аралары 20-30 қадамдай аралықта бір-бірлеріне қарама-қарсы қарап,қол ұстасып тұрады. Бірінші топ:Айгөлек-ау,айгөлек, Айдын жүзі дөнгелек. Ақ терек пен көк терек, Шауып алдым бәйтерек. Ақ терек,көк терек,Бізден сізге кім керек? – деп хормен сұрайды.Екінші топ:Айгөлек-ау,айгөлек, Айдың жүзі доңгелек. Ақ терек пен көк терек, Шауып алдым бәйтерек. Ақ терек,көк терек,Анау тұрған ... .(бір баланын аты) керек! – деп хормен жауап береді. Аты аталған бала жүгірген күйін барып,қарсы топтың ұстап тұрған қолдарын үзіп өтуі керек. Егер үзіп өтсе,сол балалардың бірін өзімен бірге алып қайтады,үзе алмаса, өзі сол топта қалады. Ойынның соңында қай топтың балалары көп болса, осы топ жеңімпаз болып есептеледі.
«Ормандағы аю»
Ойын мақсаты: Балалардың тілдерін дамыту, ойын тәртібін сақтай отырып ойнауға, достыққа, ұжымдыққатәрбиелеу.Ойын құралдары: аюдың маскасыОйын шарты: Алдымен ойын алаңы белгіленеді. Санамақ бойынша аю болған бала «орманда» тұрады. Қалғандары онда саңырауқұлақ, жеміс-жидек теру үшін келе жатыр және жол-жөнекей былай деп ән шырқайды:Қарағайлы орманныңАюы ұйықтап жатқанда,Саңырауқұлақ, жидегінТереміз түспей «қақпанға»-Ұйықтай бер, маубас маймағым,Мүлгіген күйі орныңда.Орманның ішін аралап,Жасаймыз мұнда той-думан.Ойыншылар соңғы сөздерін айтқан уақытта ұйықтап жатқан аю ары-бері дөңбекшіп, керіле бастайды және апанынан ерініп зорға шығады. Бірақ ол күтпеген жерден ойыншыларға қарай жүгіріп, біреуін ұстап алуға күш салады. Ал ұсталған бала аю болып, ойынды жалғастырады.
"Ақ қоян"
Ойын мақсаты: Балалардың ойынға деген қызығушылықтарын арттыру, тілдерін дамыту, достыққа, ұжымдыққа тәрбиелеу.Ойын құралдары: қоянның маскасыОйын шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады да, ал бір бала ортада "қоян" болып отырады. Шеңбердегі балалар қол ұстасып, қоянды айнала жүріп, тақпақ айтады:Ақ қоян-ау, ақ қоян,Орныңнан тұршы,Бетіңді жушы,Шашыңды тарашы,Әй-әй көйлек киші,Біреудің қолын үзші, -дегенде, қоян болған бала тақпақтағы айтылған қимылды түгел істеп, өлең бітісімен, жүгіріп барып, шеңберді бұзуға тырысады. Егер бала шеңберді үзсе, өзі шеңберге қосылып тұрады. Үзілген жердегі, оң жақтағы бала "қоян" болады.
"Кім епті?"
Ойын мақсаты: Балаларды ойын кезінде жеңімпаздыққа ұмтылысын тудыру.Ойын құралдары: Ең алдымен ұзындығы 5-6 метрге жететін жіп қажет. Оның екі ұшына жіңішке таяқ байлау. Таяқтың ұзындығы шамамен 25-. болу қажет. Жіптің ортасын белгілеп алу, сол жерге басқа түсті жіп байлап қою.Ойын барысы: Ортаға екі адам шығады да бір-бірінен алшақ тұрып жіпті орауы тиіс. Кімде-кім жіпті тез ораса, сол жеңімпаз болып есептеледі. Жеңген адамның орнына басқа ойыншы шығып ойынды жалғастырады. Кейбір екі жеңімпазды кездестірсе де болады.
"Орныңды тап"
Ойын мақсаты: Балалардың ой-өрісін кеңейту, достыққа, ұжымдыққа, бірлікке тәрбиелеу. Ойын барысы: Бұл ойынға ойнағысы келгендердің бәрі қатынаса алады. Жүргізуші ойнаушыларды жұп-жұбымен шеңбер бойына тұрғызады. Әрбір жұптың ара қашықтығы 2-3 адым. Жүргізуші жұбы жоқ, артық қалған ойыншыны қуа жөнеледі. Артық қалған ойыншы кез-келген жұптың біреуінің алдына тұра қалады да, үшінші артық қалған адам жүгіре жөнеледі. Осылай ойын жалғаса береді.
"Хан " ойыны
Ойын мақсаты: Балалардың ұлттық ойынға деген қызығушылықтарын арттыру, ойын кезінде бір-біріне деген достық қарым-қатынастарын қалыптастыруОйын құралдары: асыктар, «Хан»- үлкен асықОйын барысы:Асық ортаға шашылады. Ішінен екі сақа екі жақтың ханы делінеді. Асық шашылған соң екі жақ өз ханымен шашылған асықтарды атады. "Хан" тиген асық басқа біріне тиіп кетсе атқан жақ ұтылып, кезекті қарсыласына береді. Сонан соң ол асықты өзі шашып, атуды өзі бастайды. Бұл атыс қайта-қайта қайталанып ақырында біреу ұтып хан болады. Ұтыс асықты кімнің көп алғанына байланысты. Өйткені, асықты аз алған жақтың ханы әскерінен айырылды ғой.
"Үш орындық"
Ойын мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа баулу.Ойын құралдары: орындықтарОйын шарты: Ойын кең бөлмеде, спорт залдарында өтеді. Ол үшін ортаға үш орындық қойылады. Ойынға қатынасушылардың санына байланысты орындықтың көбейе түсуі мүмкін. Ойын басқарушының берген белгісі бойынша ойыншылар ортада тұрған орындықтарды айнала жүгіреді. Ойын қыза бастағанда басқарушы "Отырыңдар" деген белгі береді. Сол кезде ойыншылар орындықтарға отыра қалады. Ал орындыққа отырып үлгіре алмағандар ойыннан шығады. Енді орындықтың бірі алынып қойылады да, ойыншылар қалған орындықты айнала жүгіреді. Ойын бір орындық пен екі ойыншы қалғанға дейін, олардың бірі жеңіп шыққанға дейін жүргізіле береді. Сонан соң, ойын қайта басталады да, артынан жеңімпаздар арасында өзара тартыс басталады. Жеңіп шыққан ойыншы ең жылдам ойыншы деп аталады.
"Қара құлақ"
Ойын мақсаты: Балалардың достық қарым-қатынастарын, ұжымдық сезімдерін дамыту.Ойын шарты: Ойынға 5 - 10 бала қатысады. Оңаша жерге топтасады. Өз араларынан "Қара құлақ" атап бірбаланы қазық етіп, арнайы белгілейді. Қазық жатқан жерінен қозғалмай жата береді. Басқалары ары таман кетіп қалады. Содан кейін ойынға қатысушылар қазық - ойыншыны алыстан қоршап, бірте - бірте жақындай түседі. Таяп кеп: - Мына жатқан кім? - деп, шошынғандай бірінен - бірі сұрасады. Біреуі: - Ойбай - ау, бұл "қара құлақ" қой, - деп, тұра қашады.Басқа ойыншылар да: - Қара құлақ, қара құлақ, - деп, жан - жаққа қаша жөнеледі. "Қара құлақ" тұра қуады. Қолға түскен бала "Қара құлақ" болады. Ойын қайта басталып, сол ретпен жалғасын табады.
"Соқыр теке"
Ойын мақсаты: Балалардың тілін дамыту, ойын шартын бұзбай ойнауға тәрбиелеу.Ойын құралдары: орамалОйын шарты: Бұзау, Бота, Қозы, Лақ,Тоқты, Серке, Құлыншақ,Торпақ, Тана, Тай, Тайлақ,Құнан, Дөнен, Бесті бар -Бәрін біліп, естіп ал!Сүзегенсің, тентек Теке аппақ,Ізде оларды, ұста оларды, бақ-бақ!Ойнайтын балалар қатар-қатар тұрады. Ойын басқарушы тұрғандардың әрқайсысын жеке-жеке мал атымен атап шығады. Ең соңғы аты аталған бала "Соқыр теке" болады.Далада ойналғанда жерге шеңбер сызылады. Ойын басқарушы ортаға көзі орамалмен таңылған "Соқыр текені" шығарады. Содан кейін балалар:Соқыр теке, бақ-бақ,Қайдан бізді таппақ?!- деген өлеңді барлығы қосыла айтады. Өлең айтылып болысымен, шеңбердің ортасында қалған "Соқыр теке" балаларды ұстауға ұмтылады. Бірақ бұл кезде ойнаушылардың шеңберден шығып кетпеуі қатты қадағаланады. "Соқыр теке" ұстаған бала оның орнына тұрады, ойын әрі қарай жалғаса береді.
"Жігіттер жарысы"
Ойын мақсаты: Балалардың ойын кезінде жеңімпаздыққа ұмтылысын тудыру.Ойын құралдары: әдемі өрнектелген орамал, барабанОйын шарты: Бұл ойынға бірыңғай ұлдарды қатыстыру керек. Ортаға әдемі өрнектелген орамал қойылады. Жүргізуші барабанның дауысымен балалардың жеңіл жүгіруін қадағалайды. Барабан дауысы тоқтаған кезде біреуі дереу орамалды басына көтеріп алуы керек. Кім бірінші көтерсе, сол жеңіске жетеді.
Сергіту сәттері
Жабайы жануарлар1.Аюдың орманындаЖеміс-жидек көп екенТеріп- теріп алайықҚалтамызға салайықАюдың орманындаЖеміс-жидек көп екенТеріп- теріп алайықОрнымызға барайық
2.Аюдың үйі үлкенҚояның үйі кішкентайАю үйіне келедіҚоян соңынан ереді
. 3.Мен қоянмын, қоянмын, Күндіз-түні ояумын. Қаша-қаша қасқырдан, Құлауға да таяумын.
4.Үстінде үйдің Тұр еді мысық. Қасына келді Бір торғай ұшып. Бассалмақ болып, Ыршыды мысық. Жөнелді торғай Пыр етіп ұшып. Биіктен жерге Топ ете түсіп. Мысықтың қалды Жамбасы ісіп.
Үй жануарлары
1.Қошақандар ұйықтап жатырОрындарынан тұрдыКерілді, созылды, оңға солға бұрылдыСосын жұмысқа кірісті
2.Құлыншағым –құндызым, Құлдырайды,шабады. Жылтылдаған жұлдызым, Құстай қанат қағады.
3.Қаз-қаз-қаз, Қаздаң бас, Бір-екі-үш, Аздан бас. Қаз-қаз бас, Құлама. Құласаң, Жылама. .4.Жылқы иесі – Қамбар ата, Сиыр иесі – Зеңгі баба, Түйе иесі – Ойсылқара, Қой иесі – Шопан ата, Ешкі иесі – Сексек ата. 5.Бие құлындайды, Қой қоздайды, Ешкі лақтайды, Түйе боталайды, Сиыр бұзаулайды. Биені құраулап, Түйені көс-көстеп, Сиырды аухаулап, Ешкіні шөрелеп, Қойды пұшайттап, Шақыра аламыз, Сауамыз,бағамыз. 6.Әукім,әукім,сиырым! Мүйізіңнің сүйірін! Шүйгін жерге келгелі Шығып қапты бүйірің. 7.Ешкі деген жануар Лақ кезден шынығар. Жапырағы жайқалған Ағаш көрсе жыны бар. 8.Шөре-шөре, лағым, Тентек болма шырағым. Секектеме, деміңді ал, Селтеңдемей құлағың. 9.Қара көзің мөлдіреп, Қызықтырмай қоймайды. Жібек жүнің үлбіреп, Қарасам көз тоймайды. 10.Балалар алқа –қотан отырысады. Ойын бастаушы ортаға шығады. Балалар екі қолын алға созады.Ойын бастаушы: Бір, Екі, Үш, Төрт.... (Осылай қолы кір балаға дейін санап барады). Қолың кір, Орныңнан тұр, Ортаға жүр. Бәрі қосылып әндетеді:Кір-қожалақ, сатпағым, Кір-қожалақ, сатпағым, Қолға жағып алыпсың Көшенің бар батпағын. Ай –ай –ай! Ай –ай –ай! 11.Кір-қожалақ, сатпағым,Кір-қожалақ, сатпағым.Жақсы емес пе торғайменЖар түбінде жатқаның.Ай-ай-ай!Ай-ай-ай!
Үй құстары1.Екі қанат қазда барҚазды іздесең сазға барЕкі қанат құста барҚуып жет те ұстап ал!
2.Әтеш,әтеш, әтешім,Алтын айдар әтешімМайлы басты әтешім,Мамық жүнді әтешім.
Құстар1.Торғай, торғай, тоқылдақ,Жерден тары шоқып- ал.Бөтегесі бұлтиып,Шиқ- шиқ етіп отырмақ.
2.Аққу болып ұшайық,Көлдің бетін құшайық
3.Қарлығашқа ұқсайықКәне қанат жазайық,Қарлығаш боп ұшайықҰшып, ұшып алайы.
4.Ауыл маңы саз,саз,саз. Жайылады қаз,қаз,қаз. Жем шашсаң, мәз,мәз,мәз. Тоймай қалса қаз,қаз,қаз. Шашқан дәнің аз,аз,аз.5.Тырау-тырау тырналар,Жерлермен ұштың бірқатар.Талай бел артта қалды ғой,Қанаттарың талды ғой.
6.Қандай жер саған ұнады?Деді ол сонда тыраулап:-Туған жердей жер болмас !-Еш жер оған тең болмас!
7.Біз ұшамыз , ұшамыз,Бар әлемді құшамыз./Қолды екі жаққа қанатша керіп, бірінің артынан бірі шеңбер жасай жүгіру/
Әрбір үй мен қалаға,Тыныштық бақыт сыйлаймыз./Бір-бірінің қолдарынан ұстап шеңбер құру/
Бірімізбен біріміз,
Отбасы 1.Мынау- менің отбасым.Танысыңдар, достарым.Мынау- әкем, бұл шешем,Інім, әпкем және мен.Менің халім тамаша,Сіздікі де тамаша!Сенің халің жақсы ма?Оның халі жақсы ма?Барлығы да тамаша!2.Шешем менің — дәрігер,Адамдарды ол емдер.Әкем менің – инженер,
3.Әлди,әлди, ақ бөпемАқ бесікке жат,бөпем. Жылама,бөпем,жылама, Көзіңнің жасын бұлама. Әлди,әлди,бөпешім, Қозы жұнді көрпешім. Жұрт сүймесе сүймесін, Өзім сүйген бөпешім. 4.Көшелерден біз өткен, Ата көрсем, жақын кеп Сәлем берем ізетпен, Ассалаумағалейкүм! – деп. Алдан әже жолықса, Бөгелем кеп әдейілеп. Сәлем берем сол тұста, Есенсіз бе, әжей? – деп.
5.Шындық деген – ар-ұят, Әділдік пен адалдық. Бол ісіңе мұқият, Қашсын десең жамандық. Айтпа, жаным, өтірік, Болам десең үлгілі. Мәпелеген өсіріп, Сен де еліңнің бір гүлі....
6.Мамам,мамам,ақ мамам Мен де өзіңдей ақ балаң. Айтқан тілді аламын, Жұмсағанда барамын. Ақ төсекке жатқызсаң, Көзім жұма қаламын.
Қыс1.Боран соғады оң жақтанБоран соғады сол жақтанҚар лақтырып ойнасақСу өтеді қолғаптан
2.Қыста да қызық табамыз, Аяққа шаңғы тағамыз. Қуанып, күлім қағамыз. Сынаптай сырғып ағамыз, Көк мұзға өрнек саламыз. 3.Аппақ тонын оранып, Базарлықты мол алып, Келді алыс сапардан, Аяз ата оралып. 4.Қыс қызығын көреміз, Шаңғы, коньки тебеміз. Таза ауада көп жүрсек, Шынығады денеміз.
5.Жаңадан көп түрлі Машина бергейсің. Жаңадан көп сырлы Үйлерге кіргейсің. Жаңа жыл!
Дала жануарлары1.Ұзын құлақ сұр қоян,Естіп қалып сыбдырды.Ойлы –қырлы жерлерден,Ытқып-ытқып жүгірді.
2.Көжегім тұршыБетіңді жушы,Айнаға қарашыШашыңды тарашыКиіміңді кишіБақшаға жүрші
3.Ормандағы аюдың,Құлпынайы көп екен,Теріп –теріп алайық.Қалтамызға салайық.
Көктем1.Алтыбақан тербеледі,Алға артқа шайқала.Қызғалдақтар жайқалады,Қандай әсем айнала! 2.Келіп көктем құстары, Бау-бақшада ән салды. Оларды жас достары Ұя жасап қарсы алды.
3.Армысың , ардақты Аспан-ата !Армысың ,мейрімді Жер-ана !Армысың ,шұғылалы алтын күн !Күліп шықты күн бүгін ,Қуант бізді таңырқап ,Қуанатын күн бүгін .Қайырлы таң , қайырлы күн !Күліп шықты күн бүгін . Kүз1.Саябаққа барамызЖүзім теріп аламызЖүзім теріп аламызСебетке біз саламыз
2.Алақай –ау, Алақай! Алақай ау, Алақай! Бұдан былай мен енді, Емеспін жай балақай! Осыдан да көлемді Оқи алам өлеңді. Бардым бүгін мектепке, Оқушымын мен енді.
3. Берекелі, Мерекелі, Келді жомарт алтын күз Қалада да, Далада да, Жанның бәрі жарқын жүз.
4.Алақай –ау, Алақай! Алақай ау, Алақай! Бұдан былай мен енді, Емеспін жай балақай! Осыдан да көлемді Оқи алам өлеңді. Бардым бүгін мектепке, Оқушымын мен енді. 5.Әйт, шу, ала атым! Сүйеніш қанатым! Жалғыз сен бейнетпен Егінді салатын. 6.Жаз шөпті шабатын,Пайданы табатын, Күн болса, алақай, Еңбегің жанатын!
Балабақша1.Би билегім келеді Бірақ қалай бастайынБір анда, бір мындаӨзіңді- өзің айналаБас аяқты топ, топ, топШапалақта көп, көп, көп
2.Оң қолым менің алдаСол қолым менің арттаАпарып оны алғаБылай былай сен жасаБіз билейміз көңілденіпАйналамыз дөңгеленіпҚолымызды қатты соғайықБір-екі-үшБуги-вуги О-кей
3.Сәулетші,құрылысшы, Малшы болып ойнаймыз. Теміржолшы, жұмысшы, Әнші болып ойнаймыз. Қуан,шаттан! 4.Қуан, шаттан!Қуанатын күн бүгін. Қайырлы таң! Қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін!
. 5. Міне,дала Бір топ бала, Жүгіреді айнала. Мінген таяқ, Жалаң аяқ, Табандарын көк бояп. Жұлып сасыр, Салады асыр, Аунап жерге көк-жасыл
Санамақтар
1.Балта екеу, Жалғыз көсеу, Қашау бесеу, Балға жетеу, Үскі төртеу, Тоғыз таға, 2. Жалғыз саусақ тіпті де Ұстай алмас жіпті де. Екі саусақ бірікті, Ине қолға ілікті. 3. Үш саусағым орамды, Жүгіртеді қаламды. Өнерлі екен он саусақ, Қала салсақ, жол салсақ.. 4.Бас бармағым –атам- үйдің данасы, Балаң үйрек -әжем –ошақ анасы. Ортан терек -әкем- отау панасы, Шылдыр шүмек – анам –шаңырақ ажары. Титтей бөбек –мен –бәрінің базары. 5.Мынау саусақ – бас бармақ, Санау содан басталмақ. Мынау саусақ – сұқ саусақ, Ақыл сөзді ұқ –саусақ. Мынау саусақ –аты жоқ, Қатарда тұр –қапы жоқ. Мынау саусақ – шынашақ, Нешеу болды санасақ? Бесеу болды санасақ Бесеуі де тамаша-ақ! 6.Бас бармақ қойды баға ғой, Сұқ саусақ шөпті шаба ғой. Ортан қол суға бара ғой, Аты жоқ қолға жұмыс жоқ. Шынашақ ұйықтап қала ғой.
7.Ескі жұрттан Таптық олжа. Кейбіреуі Тіпті тозған. Кейін жаңа. Кәне, сана:
Отыз шеге. Төстен бесеу, Сегіз семсер, Алты кепсер Зерек бала Кәне, сана!8. Бір дегенім –бесік, Шықтық содан өсіп. Екі дегенім –елім, Далам,тауым,көгім, Үш дегенім –үміт, Үміт артар жігіт. Төрт дегенім –төзім Төзе білем өзім. Бес дегенім –бақыт Бағалайтын уақыт. Алты дегенім –ақыл, Тыңдағаның мақұл. Жеті дегенім –жалау, Жүректегі алау. Сегіз деген – сөзің, Серт беретін кезің. Тоғыз деген тоқтау, Елдің жоғын жоқтау. Он дегенім –Отан, Қорға соны, ботам!
Қазақстан менің Республикам 1.Дөңгеленіп тұрамызУықтарды құрамызАйналамыз, айналамызКиіз үйді құрамыз
2.Киіз үй, киіз үй, киіз үйДөңгелек өзі, әсем үйҚонақ келсе болғаныБәрі дайын боладыАсығады көмір деТәтті шәй да әзірдеТез-ақ, тез-ақ, Дайын болды бауырсақ
3.Топ, топ, басайықЖалаудан күн жасайықЖаса, жаса алтын күнЖаса, жаса жарқын күн
4.Шағала көлін қорғайды, Шопан төлін қорғайды. Егінші жерін қорғайды, Ер жігіт елін қорғайды.
5. Отан – атам, Отан - әкем! Осы сөзім қате ме екен?! Қате болса, Неге біздер Дейміз оны: « АТАМЕКЕН?!»
6.Отан – сенің ата-анаң, Отан –досың, бауырың. Отан - өлкең,астанаң , Отан – аудан,ауылың.
7.Күн әдемі, көк әлемі, Бұл – суреті жас баланың. Ақ қағазға салған ізі, Қалдырған бұл сөзі. Қайырмасы: Әрқашан күн сөнбесін!Аспаннан бұлт төнбесін! Қасымда болсын мамам, Болайын мен де аман. Ойыншықтар1.Доп, допТоп, топДоп жоғалдыДоп жоқҚап, қапТап, тап
2.Добым, добым домалақ Қайда кеттің домалапҮстел үстін бүлдірдіңТәрелкені сындырдың
3.Ду, ду,ду! Дүк, дүк! Пойыз келеді. Ду, ду, ду! Дүк, дүк! Бәрі жол береді. Ду, ду, ду! Дүк, дүк! Жүгіріп өтпе. Ду, ду, ду! Дүк, дүк! Тұра тұр шетте. Ду, ду, ду! Дүк, дүк! Пойызды өткіз. Қол бұлғап қалайық: - Жол болсын! – деп біз.
Дене мүшелері1.Ал балалар, келіңдер,Бой жазайық бәріміз.Мойнымызды бұрамыз,Аяқтармен топ- топ,Орнымызға барамыз.
2.Орныңнан тұршыБетіңді жушыАйнаға қарашыШашыңды тарашыОрныңа отыршы.
3.Ал балалар тұрайықАлақанды соғайық 1,2,3Бір отырып,бір тұрыпБіз шынығып алайық 1,2,31,2,3 білекте міне күш3,4,5 кане отыр тез
4.Екі көзің не үшін керек? Жақсыларды көру үшін! Құлақ деген не үшін керек? Ақыл-кеңес тыңдау үшін! Екі қолың не үшін керек? Елге көмек беру үшін! 5. « Басты байлық – денсаулық» Бабаң айтқан даналық. Ол үшін көп қозғалып, Таза ауа жұт көбірек. . 6. Су – табиғат байлығы, Өзен –көлге барғайсың. Кемі екі рет әр күні Суға түсіп алғайсың 7. Жазда суда жүземіз, Құмда күнге күйеміз, Жалаң аяқ жүреміз, Қыста қызып денеміз, Коньки, шаңғы тебеміз. Жалқаулықты тастаймыз, Жаттығуды бастаймыз. 8.Қуыр –қуыр, қуырмаш,Тауықтарға тары шаш. Бас бармақ, Балалы үйрек, Ортан терек, Шылдыр шүмек, Кішкене бөбек. Бас бармағым – папам, Балан үйрек – апам, Ортан терек – ағам, Шылдыр шүмек – мен, Кішкене бөбек – СЕН!
Саусақпен ойнаймыз Мектеп жасына дейiнгi балалардың тiл байлығын дамытуда түрлi ойыншықтардың, әңгiмелердiң, саусақ жаттығулардың, балалармен қыдырып жүрген кезде сыртқы ортамен танысуының маңызы үлкен.Саусақ жаттығуларына жеке тоқталып өтсек, бұл жаттығуларды саусақ қимылымен көрсетіп және өлең жолдарымен қоса орындайды.Саусақтарымен әртүрлі жаттығуларды орындай отырып, баланың қолының ұсақ моторикасы жақсы дамиды. Бұл тілдің дамуына ғана әсер етпей, баланы бейнелеуге және жазуға дайындайды. Саусақтарын шынықтыру арқылы баланың тек қимылын ғана арттырмай, оның ой-қабілетін, қиял, ес процесстерін де дамытуға болады. Оларды тақпақ, жаңылтпаш, жұмбақтармен бірге жүргізген жағдайда баланың қызығушылығы, сөйлеу процесстері дамиді. Осы оқу құралы екі бөлімнен тұрады: біріншісі-саусақпен жұмыс;екіншісі-таяқшалармен жұмыс. Білім беру салалары: «Қатынас», «Денсаулық», «Таным»
«Көңілді саусақтар»
Бас бармақ –атам,Балан үйрек - әжем,Ортан терек - әкем,Шылдыр шүмек – анам,Кішкентай бөбек – мен,Міне, менің барлық отбасым. «Қуырмаш»Қуыр-қуыр, қуырмаш,Бидай қуыр, қуырмаш,Тауықтарға бидай тары шаш.Бас бармақ,Балаң үйрек,Ортан терек,Шылдыр шүмек,Кішкене бөбек.
Сен тұр, қойыңа бар!Сен тұр, жылқыңа бар!Сен тұр, тұйеңе бар!Сен тұр, сиырыңа бар!Ал, сен, алаңдамайҚазанның түбін жалапҮйде қал!
Мына жерде қант бар,Мына жерде жент бар,Мына жерде қатық бар,Мына жерде қытық бар!
Предмет: Дошкольное образование
Категория: Уроки
Целевая
аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС
Пожалуйста, введите ваш Email.
Если вы хотите увидеть все свои работы, то вам необходимо войти или зарегистрироваться
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт