kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Кел Жаңа Жыл" ортаңғы топ ертеңгілігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларды қыс мезгілі туралы білімдерін тиянақтау,қысқы табиғатының ерекшеліктерімен таныстыру,қысқы негізгі белгілерін атап, ажырата білуге үйрету,табиғатқа деген сүйіспеншілігік,қамқорлық сезімдерге тәрбиелеу.
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Кел Жаңа Жыл" ортаңғы топ ертеңгілігі»



"Кел Жаңа Жыл" ортаңғы топ ертеңгілігі

Ақшақар шығады, тақпақ айтады.
Армысыздар, халайық!
Бармысыздар халайық!
Жаңа жылда жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық.
Балаларды мерекеге шақырады.Балалар кіреді, шыршаны айналып тұрады.
Ән: «Жаңа жыл»
Жүргізуші: -Балалар, айналаға қараңдаршы, бүгін залдың іші әдемі болып кетіпті. Төрде жарқыраған ойыншықтармен безендірілген шырша тұр. Біз қандай мерекеге келдік?
Балалар:- Жаңа жыл мерекесіне келдік!
Жүргізуші: -Иә, дұрыс айтасыңдар! Ақшақар бізді жаңа жыл мерекесіне шақырды. Енді Ақшақармен бірге ән шырқап, би билеп мерекені тойлайық.
Ақназар:
Қандай суық қыс деген?
Қалтырайды құс деген
Құлақ шынды кимесең,
Құлағыңды тістеген.
Кәусар:
Қандай қызық қыс деген
Бәрін шебер істеген,
Бақша–бауды, тауды да,
Бояған ақ түспенен
Айдай:
Жаңа жыл келгенде,
Қуанып қарсы аламыз.
Аяз ата келгенде,
Би билейміз ән саламыз.
Асылжан:
Жапалақтап ақшақар,
Жауды күнде қайталап,
Қырға шықты балалар,
Шаңғыларын арқалап.
Айбибі:
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған
Міне, сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған.



Айым:

Тілеймін мен бар әлемге,
Дос көп болсын жанашыр,
Ата-әже, ата-әже
Құтты болсын Жаңа жыл!
Жүргізуші: -Ақшақар, балалар сендер шана ойнын ойнағыларың келеді ме? Ендеше бір-біріміздің қолымыздан ұстап, шанаға мінейік.
Ойын: “Шана”
Жүргізуші:-Осы қардан не жасауға болады?
Балалар:- Аққала.
(жарық өшеді. Аққала кіреді)
Аққала
-Сәлеметсіздерме, балалар! Қандай қуаныштымын, сендерді көргеніме.
Жүргізуші: -Ой, балалар, қараңдаршы, Аққала! Қош келдің, Аққала! Балалар сені өте жақсы көреді. Өзіңе арнап тақпақтар жаттады.
Айша:
Ауыл алды Ақшақар,
Ақшақарда балалар.
Кіп–кішкентай боп қана,
Соғып жатыр аққала.
Ескендір:
Аппақ күміс бар әлем,
Зымырайды шанамен,
Жиналып ап, бар бала,
Тұрғызамыз аққала.
Рауан:
Қар жауғанда топ бала,
Соқтық келіп Аққала
Мұрны сәбіз үп –үшкір
Көзі көмір қап-қара.
Мансұр:
Жаңа жыл келгенде,
Қуанып қарсы аламыз.
Аяз ата келгенде,
Билейміз ән саламыз.
Мөлдір:
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оранып.
Аққала:-
Рахмет балалар! Тақпақтарың жақсы екен ризамын! Енді мен


сендерді билеуге шақырамын.
Би: «Аққала»
Аққала: (шыршаға қарап)-Балалар, мына шыршаның шамдары әлі жанбапты ғой. Шырша шамын кім жағуы мүмкін?
Балалар: -Аяз ата.
Аққала: -Ендеше, Аяз атаны шақырайық!
Балалар: -Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата.
Аяз ата: (есік сыртынан) Естідім, естідім
Армысыздар ұлдарым,
Армысыздар қыздарым!
Асулармен алысқан,
Асу жолмен жарысқан
Аталарың сендерге,
Шаршап келді алыстан.
Жүргізуші: -Аяз ата амансың ба? Біз сені сағынып күтіп отырмыз. Қош келдіңіз ортамызға.
Аққала:Армысыз,Аяз ата! Аяз ата біз шырша шамдарын қалай жағуды білмей тұрмыз. Енді өзіңіз жағып беріңізші.
Аяз ата:-Жарайды жағайын! (таяғымен жағуға тырысады, жанбайды) Жан –жағына қарайды. –Қап, неге жанбайды? Ааа, таяғым су болып қалыпты ғой! (гномдарды көреді) Оу, мұнда менің кішкентай көмекшілерім отыр екен ғой. Кәне, сендер көмектесіңдер.(Шамдарды ортаға қою)
Би: «Гномдар»
Би аяқталғанда Гномдар шырша түбіне шамдарын қалдырып отырады. Шырша тағы жанбайды.
Аяз ата:-Шамдар әлі жанбады ғой. (ойланады) Ә, таптым, таптым, Балалар шыршаға арнап ән айтып берейік, мүмкін сол кезде жанып қалар.
Ән: «Кішкентай шырша»
Аяз ата: Шырша әлі жанбады,ойланады. Балалар сиқырлы сөзді айтып қарайық. Мүмкін сол кезде жанар.
Балалар: Бір,екі,үш. Шырша шамы жана түс ( 3рет) Шырша жанады.
Аққала:-Міне, тамаша шыршаның шамдарын жағып айналамыз жарқырап кетті.
Жүргізуші: -Рахмет, Аяз ата! Шыршамыздың құрметіне Шырша биін қабыл алыңыз.
Би: «Шырша»
Жүргізуші: Аяз ата,енді балалардың өзіңізге арнаған тақпақтарын тамашалаңыз.
Меруерт
Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам оң болсын.

Төрле, төрле, жаңа жыл,
Бізге құтты жыл болсын!
Мерей:
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды,
Мұз болады қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.
Амина:
Аяз ата ақ сақалды,
Ақ таяқты паң ата
Асып өтіп асқар тауды,
Жеттің бізге таң ата.
Адия:
Сақалы аппақ күмістей,
Тістері аппақ күріштей.
Қызыл ала шапаны
Сағындым Аяз атаны.
Амир:
Аяз ата келді,
Тамашаны көрді,
Риза болып қуанып,
Бізге сыйлық берді.
Жүргізуші:
Аяз ата, балалардың сізге арнаған әндері де бар:
Ән: «Аяз ата»
(шыршаны айналады, ән біткенде балалар отырмайды)
Аяз ата: -Мен жолдан шаршасам да, балалар мен ойнаудан шаршамаймын.
Жүргізуші: Балалар, Аяз ата бізбен ойнағысы келеді. Ойын «Қар лақтыру»деп аталады. Ойын шарты түсіндіріледі.
Ойын: «Қар лақтыру»
(Аяз ата ойын ойнап шаршайды.)
Аяз ата:-Ой, балалар, бәрің епті, әрі жылдам екенсіңдер.Уһ! Шаршамаймын деп едім, бірақ шаршап қалдым.
Жүргізуші: -Аяз ата отырыңыз. Демалыңыз, қазір балалар өз өнерлерімен сіздің көңіліңізді көтереді, шаршағаныңызды басады. Кәне, балалар Аяз атаға арнаған тақпақтарыңды айтып беріңдер.
Кәусар:

Көрдің бе Аяз атаны,
Аппақ екен сақалы.
Аппақ екен мұрты да,
Аппақ екен шапаны.


Нүрпейіс:

Келіңіздер, келіңіздер,
Биде билеп беріңіздер
Қызығы мол жаңа жылдың,
Тамашасын көріңіздер.
Інжу:
Аяз ата аппақ,
Кәмпиттері тәтті ақ.
Кәмпиттерді көп берсе,
Тағы айтамын тақпақ.
Ақнұр:
Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
Іңкәр:
Орала ма ол енді,
Айтар едім өлеңді,
Жылдамырақ келсе екен
Бізге сыйлық берсе екен.
Арайлым:
Жап-жасыл шырша,
Орманның төрінде,
Шыршаны құрса
Керемет көрме.
Айша:
Жаңа жылмен, жаңа жылмен!
Құттықтаймыз әрине
Әкемізді, анамызды
Қонақтардың бәрін де.
Жүргізуші:- Кәне, енді кішкетай ұлпақарлар Аяз атаға билеріңді билеп беріңдерші.
(Қолдарына шашақтар таратып беру)
Би: «Ұлпақарлар»
Аяз ата: -Жарайсыңдар, ұлпақарлар рахмет сендерге!
Аяз ата:-Ән тыңдадық,
Шын көңілмен қуандық,
Мерекені бітірейік,
Қайдасың қызым кетелік.
Жүргізуші:-Аяз ата, ал мына балаларыңызға сыйлығыңыз қайда?
Аяз ата:-Қап, асығып жүріп орманда қалдырып кетіппін.

Аққала:-
Ата мен барып алып келейін. (Аққала шығып кетеді, осы кезде қапшық сыйлықтар шығып жүгіреді, артынан Аққала қуып шығады)
Аққала -Ұстаңдар, көмектесіңдер!
Аяз ата ұстай алмай қалады қапшық шығып кетеді
Аққала сыйлық салған мешокты сүйреп алып келеді
Аяз ата сыйлық таратады .
Аяз ата:- Рахмет қарақтарым! Міне, балаларым, Жаңа жыл құтты болсын! Келер жыл елімізге құт, береке әкелсін! Дендерің сау, бақытты болыңдар!
Жүргізуші:- Құрметті қонақтар кіріп келе жатқан жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Барлықтарыңыздың отбасыларыңызға бақыт, шаттық, молшылық тілейміз.











































Жаңа жыл әнінен кейін:

Ақназар:
Қандай суық қыс деген?
Қалтырайды құс деген
Құлақ шынды кимесең,
Құлағыңды тістеген.
Кәусар:
Қандай қызық қыс деген
Бәрін шебер істеген,
Бақша–бауды, тауды да,
Бояған ақ түспенен
Айдай:
Жаңа жыл келгенде,
Қуанып қарсы аламыз.
Аяз ата келгенде,
Би билейміз ән саламыз.
Асылжан:
Жапалақтап ақшақар,
Жауды күнде қайталап,
Қырға шықты балалар,
Шаңғыларын арқалап.
Айбибі:
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған
Міне, сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған.
Айым:
Тілеймін мен бар әлемге,
Дос көп болсын жанашыр,
Ата-әже, ата-әже
Құтты болсын Жаңа жыл!














Аққала келгесін айтады:

Айша:
Ауыл алды Ақшақар,
Ақшақарда балалар.
Кіп–кішкентай боп қана,
Соғып жатыр аққала.
Ескендір:
Аппақ күміс бар әлем,
Зымырайды шанамен,
Жиналып ап, бар бала,
Тұрғызамыз аққала.
Рауан:
Қар жауғанда топ бала,
Соқтық келіп Аққала
Мұрны сәбіз үп –үшкір
Көзі көмір қап-қара.
Мансұр:
Жаңа жыл келгенде,
Қуанып қарсы аламыз.
Аяз ата келгенде,
Билейміз ән саламыз.
Мөлдір:
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оранып.




















Шырша биінен соң:

Меруерт
Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам оң болсын.
Төрле, төрле, жаңа жыл,
Бізге құтты жыл болсын!
Мерей:
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды,
Мұз болады қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.
Амина:
Аяз ата ақ сақалды,
Ақ таяқты паң ата
Асып өтіп асқар тауды,
Жеттің бізге таң ата.
Адия:
Сақалы аппақ күмістей,
Тістері аппақ күріштей.
Қызыл ала шапаны
Сағындым Аяз атаны.
Амир:
Аяз ата келді,
Тамашаны көрді,
Риза болып қуанып,
Бізге сыйлық берді.





















Қар лақтыру ойынынан соң:

Кәусар:
Көрдің бе Аяз атаны,
Аппақ екен сақалы.
Аппақ екен мұрты да,
Аппақ екен шапаны.

Нүрпейіс:
Келіңіздер, келіңіздер,
Биде билеп беріңіздер
Қызығы мол жаңа жылдың,
Тамашасын көріңіздер.
Інжу:
Аяз ата келді,
Бізге сыйлық берді.
Бір қолында шоколад,
Бір қолында мармелад.
Ақнұр:
Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
Іңкәр:
Орала ма ол енді,
Айтар едім өлеңді,
Жылдамырақ келсе екен
Бізге сыйлық берсе екен.
Арайлым:
Жап-жасыл шырша,
Орманның төрінде,
Шыршаны құрса
Керемет көрме.
Айша:
Жаңа жылмен, жаңа жылмен!
Құттықтаймыз әрине
Әкемізді, анамызды
Қонақтардың бәрін де.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Кел Жаңа Жыл" ортаңғы топ ертеңгілігі

Автор: Айтимова Ақбота Амангелдіқызы

Дата: 22.03.2020

Номер свидетельства: 543738

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Кел жа?а жыл орта?а!"
    ["seo_title"] => string(19) "kielzhanazhylortaga"
    ["file_id"] => string(6) "315064"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459831678"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) ""?ош келді?, Жа?а жыл!" ерте?гілік кеш"
    ["seo_title"] => string(38) "koshkieldinzhanazhyliertienghilikkiesh"
    ["file_id"] => string(6) "272745"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452059417"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "?ош келді? жа?а  жыл"
    ["seo_title"] => string(21) "koshkieldinzhanazhyl1"
    ["file_id"] => string(6) "268515"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1450634145"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) ""Келді міне Жаңа ЖылІ""
    ["seo_title"] => string(25) "kieldi_minie_zhan_a_zhyli"
    ["file_id"] => string(6) "366815"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1481099812"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "«Жасыл шырша жанында» ерте?гілігі ІІ- с?билер тобы"
    ["seo_title"] => string(49) "zhasylshyrshazhanyndaiertienghilighiiisbiliertoby"
    ["file_id"] => string(6) "330466"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1464266864"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства