kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Қазағымның қазынасы-домбыра"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақ халқының көне заманнан  келе жатқан ұлттық  аспабы домбыра туралы  мектепке  дейінгі тәрбиеленушілерге  түсінік беру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Қазағымның қазынасы-домбыра"»

«Айгөлек» балабақшасының әдіскері Куатбаева Мадина Кемелбаевна

Ересек тобы үшін ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Шығармашылық.

Бөлімі: Музыка.

Тақырыбы: «Қазағымның қазынасы-домбыра».

Мақсаты: Ұлттық аспаптар туралы мағлұмат беру. Қазақ халқының негізгі ұлттық аспабы-домбыра туралы түсінік беру. Оның шығу тарихына, құрылымына тоқталу. Музыканы түсінуге баулу, ұлттық өнерді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: Үнтаспа, слайд, Домбыра аспабы, смайликтер.



Оқу іс-

әрекетінің

кезеңдері


Музыка жетекшісінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық- қозғаушылық


«Балдырғандар маршы»

Ш. Қалдаяқов.

Марш ырғақты әуенмен балалардың қатар түзей, ырғақты сезіне, ширақ адымдай жүре білулеріне мән береді.


Музыка жетекшісі:

-Ал, балалар, бүгін бізде ерекше күн. Бізге қонақтар келіп отыр. Ендеше қонақтармен әндетіп амандасайық.

Амандасу.



Балалар марш ырғағымен залға келіп,шеңберге тұрады.





Амандасады

-Қайырлы таң, ұстазым!

Қайырлы таң, достарым.

Шеңберге тұрайық,

Жылулық сыйлайық!

Доброе утро,учитель!

Доброе утро,друзья!

Посмотрите друг на друга,

Пожелайте добро!

Good morning, good morning!

Good morning to you,

Good morning, good morning!

We are glad to see you!



Ұйымдастырушылық- ізденістік

-Ал, балалар, қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сол жұмбақты мұқият тыңдаңыздар.

Жұмбақ: Ұзын мойын, екі ішек,

Қатар-қатар тепкішек.

Басып көрсең бір-бірлеп,

Үні шығар күмбірлеп.

Бұл не?

-Дұрыс айтасыңдар балалар. Бұл-домбыра.

Екі ішектің бірін қатты,

Бірін сәл-сәл кем бұра.

Нағыз қазақ, қазақ емес,

Нағыз қазақ-домбыра,-деген өлең жолында айтылғандай, бүгін біз ең ежелгі, ең жетілген әрі нағыз табиғи ұлттық аспап-домбырамен танысамыз.

Домбыра-қазақ халқының көне музыка аспабының бірі. Біздің заманымызға қазақ халқының ән-күйлері, жыр дастандары, осы домбыра арқылы жеткен. Домбыраны әрбір қазақ қастерлеп үйінің төріне іліп қояды. Осы домбырада балалар, біздер ән айтамыз, күй шертеміз.

-Балалар, сендер күй тыңдағанды жақсы көресіңдер ме?

Күй дегеніміз-қазақ халқының ұлттық аспабында орындалатын музыкасы.

-Балалар қазір күй тыңдамастан бұрын тәрбиешілерің сіздерге карточкалар үйлестіреді. Бұл карточкаларда әр түрлі көңіл күйдегі смайликтер бейнеленген. Осы күйді тыңдағанда мұқият тыңдаңыздар балалар. Осы күйдің көңіл-күйіне сәйкес қолымыздағы смайликтерді көрсетеміз.




Балалар жұмбақты тыңдап,шешуін ойланып табады.



-Домбыра.





















-Иә










Балалар тыңдаған күйдің көңіл-күйін смайликтер арқылы көрсете білді.



Музыка тыңдау: «Сарыарқа».

-Балалар, күй сіздерге ұнады ма?

-Күй қандай көңіл күйде орындалған?

-Балалар, бұл күй «Сарыарқа» деп аталады.

Сарыарқа күйі-халық арасында кең тараған күйлердің бірі. Күйдің ән сияқты сөзі болмағанымен, белгілі бір мазмұны болады. Бұл күйді Құрманғазы атамыз шығарған.

Құрманғазы Сағырбайұлы- шебер күйші, композитор, ол көптеген күйлер қалдырған. Құрманғазының музыкаға деген бейімділігі сендер сияқты кішкентай кезінен, 6 жасында байқалған. Ол сол кезде байдың қозысын бағып жүріп, өзінің қолынан жасаған домбырасын қолынан тастамай, естіген әуенді домбыраға салып, халықты үрдіс қылған. Жан азығы домбыраны ол еш сәт қолынан тастамаған.

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем әнмен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй,-деп Абай атамыз айтқандай, бүгінгі оқу қызметте танысқан домбырамызға байланысты «Қасиетті домбыра» әнін орындайық.

Ән айту: «Қасиетті домбыра».

-Жарайсыңдар балалар, ойын ойнағыларың келе ме? Олай болса, кәнеки шеңберге тұрайық.

Ойын ойнап, ән салмай,

Өсер бала болар ма?-деп халқымыз айтқандай кезекті ойынға береміз.



-Иә.

-Көңілді, қуанышты, әсерлі.





Балалар слайд арқылы танысады.

























Балалар әнді бірге айтып,оған қоса қимылдарды да жасауға тырысады.









Дл Рефлексиялық-түзетушілік

Ойын: «Мен күйшімін».

Ойын шарты: Балалар шеңберге тұрып, домбыраны қолдан-қолға ұстатады. Музыка әуенін тыңдайды, музыка тоқтағанда, домбыра кімнің қолында қалса, сол бала өнерін көрсетеді.

Ойын солай жалғасады.

-Жарайсыңдар балалар! Ойын ұнады ма?

Ойын:Аспаптардың үнін ажырат.

-Балалар, мұқият тыңдап отырыңыздар.

Сендер аспаптардың үнін ажыратып білесіңдер ме?

Олай болса қазір аспаптарды тыңдайық.

Аспаптардың үнін ажыратып, қалай тартатынын көрсету.

-Жарайсыңдар балалар, сендер керемет ажыратып біледі екенсіңдер!

Біз аспаптарды ажыраттық.






-Ал, балалар, бүгінгі оқу қызметіміз ұнады ма?

-Қандай аспаппен таныстыңдар?

-Дұрыс айтасыңдар балалар!


Бүгінгі оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар, рахмет, өнерлі болыңдар!


Балаларды залдан көңілді әуенмен шығарып салу.

Балалар ойынға қызыға қатысып,бәрі де күйші болып,домбыра аспабын ұстауға тырысады. Домбырамен билеп, шартты бұзбауға талпынады.




-Иә.









Балалар аспаптардың үнін тыңдап,ажырата білді.









Балалардың сұрақтарға көңілді жауап беріп, өз ризашылықтарын білдірді.








-Сау болыңыздар!










Күтілетін нәтиже:

Болу керек: күй өнеріне қызығушылықтары болу керек.

Білу керек: қазақтың аспаптарын білу керек.

Үйрену керек: ұқсас аспаптарды бір-бірінен ажыратуды үйрену керек.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Қазағымның қазынасы-домбыра"

Автор: Куатбаева Мадина Кемелбаевна

Дата: 10.03.2019

Номер свидетельства: 502489


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства