kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Тақырыбы:Бір және көп, көп заттарды салыстыру және арасындағы сәйкестіктерді орнату. Үлкен және кіші. Шеңбер.(

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Заттарды санына қарай салыстыру, бір зат пен көп затты айыру қабілетін нығайту.                                                                                                                                              

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Тақырыбы:Бір және көп, көп заттарды салыстыру және арасындағы сәйкестіктерді орнату. Үлкен және кіші. Шеңбер.(»

Күні:

Білім беру саласы: Таным

Бөлімдері: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

Тақырыбы:Бір және көп, көп заттарды салыстыру және арасындағы сәйкестіктерді орнату. Үлкен және кіші. Шеңбер.(қайталау)

Мақсаты: Заттарды санына қарай салыстыру, бір зат пен көп затты айыру қабілетін нығайту. Білімділік міндет:санаудың дұрыс тәсілдерін қолдана отырып, заттарды санау; Дамытушылық міндет: Солдан оңға қарай санау, сандарды ретімен атап шығу, санмен затты сайкестендіру; екі топқа заттарды салыстырып, оларды теңестіру; таныс заттарды көлеміне қарай салыстыру;

Тәрбиелік міндет: Геометриялық фигура –шеңбер туралы өткенді пысықтау.

Билингвальді компонент: көп- много.

Ісрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері :

Біздің топта ұл-қыздар,Тату-тәтті ойнайды,Әлемдегі бар адамға, Тек жақсылық ойлайды.

«Жұмбақтар және олардың шешуі» ойыны.

Тікен – тікен, тік пісте Қысы – жазы бір түсте.

(Шырша) Көк жиекті шай табақта Алтын алма тербелер. Кейде бүркер алма жүзін, Ұлпа, мақта, пернелер.

(Күн ) Қалпағы бар, Басы жоқ. Қолы да жоқ, Шашы жоқ. Сыңар аяқ «көкеңнің» Ойлан тап, не екенін.

(Саңырауқұлақ)

Балалар шаттық шеңберде тұрды.


Жұмбақтың шешуін табады.



Шырша




Күн




Саңырауқұлақ

Іздену ұйым-дастырушы

Дәптермен жұмыс.

Педагог 1 тапсырма бойынша балаларға сұрақ қояды.

-Суретте ең көп бейнеленген қандай зат? -Бір – бірден салынған заттың аты қандай? -Бір – бірден салынған заттарды бояп шығыңдар? Педагог балаларға тақтадағы заттарды көлеміне қарай (үлкен – кіші) салыстыруды ұсынады. 2 – тапсырма «Жол сал» ойыны түрінде ұйымдастырылады. Педагог дәптерге орындау үшін мынадай тапсырма береді: олар үлкен шәйнектен үлкен кесеге дейін, ал кішкентай шәйнектен кішкентай кесеге дейін жол « салыңдар» Педагог балалардан «Жолды қалай салдыңдар?» деп сұрайды.

Сергіту сәті. Оңға қарай иілдік, Солға иілдік, Бір отырып, бір тұрып, Бәріміз бір сергідік.

3- тапсырма 1 және 2 затты санауға байланысты берілген. Педагог балаларға сұрақ қояды. –Сол жақ бұрыштағы карточкада неше киіз үй, оң жақ бұрышта неше киіз үй тұр?

-Оң жақта бұрыштағы карточкаданеше тақия, сол жақ бұрышта неше тақия орналасқан? -Тақия көп пе әлде киіз үй көп пе? Педагог балаларға заттарының саны бірдей карточкаларды сызық арқылы қосуды ұсынады.

3- тапсырма. Педагог балаларға жұмбақ жасырады: Бұл орманның пішіні- Бауырсақтың да мүсіні. Кішірейтсек біз мұны, Шығады тоқаш наны боп. Ол не? -Барлық шеңберлерді бояңдар. –Неше шеңбер боядыңдар? –Сендер бояған шеңберлердің көлемі қандай?



Балалар сұрақтарға жауап береді: шырша бүрі, кірпі,, күн, саңырауқұлақ, шырша.

Балалар үлкен шәйнек пен үлкен кесені, ал кішкентай шәйнек пен кішкентай кесені сызық арқылы қосады.





Балалар өлеңнің мәтініне қарай жаттығулар жасайды.




Балалар сұрақтарға жауап береді.



Тақия аз, киіз үй көп. Балалар тапсырманы орындайды.



Балалар жұмбақты шешді.(дөңгелек) шеңбердерді бояйды және педагогтің сұрақтарынв жауап береді.

Рефлексивті түзетушілік

Өзін – өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.Педагог балаларға 1- тапсырманың үлгісін көрсетеді. Егер баланың жасаған жұмысы үлгіге сәйкес келетін болса, ол төменгі оң жақ бұрышына кішкентай жасыл шеңбер, бір қате болса – сары шеңбер, ал егер қате көп болса – қызыл шеңбер сызады.

Балалар өз жұмысын педагогтің қолындағы үлгімен салыстырады.

Біледі: бір және көп затты бір – бірінен ажырата алуды.

Игереді: 2 көлеміндегі заттарды санай білуді, солдан оңға санап, сандарды ретімен атауы және зат есіммен сәйкестендіруді, өзіне таныс заттарды көлеміне (үлкен, кіші) қарай салыстырып, оларды сол белгілері бойынша біріктіруді.

Меңгереді: екі топтағы заттарды салыстыруды.

Қортынды:


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Автор: Ибраева Динара Борамбаевна

Дата: 01.10.2020

Номер свидетельства: 558934


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства