Просмотр содержимого документа
«?арапайм математикалы? т?сініктерін ?алыптастыру»
Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев атындағы№3
Явленка орта мектебі жанындағы шағын орталық
Қарапайм математикалық түсініктерін қалыптастыру
(ашық оқу іс-әрекеті)
Тәрбиеші: Рамазанова Г.С.
2016ж
Білім беру саласы: Таным.Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі. Қарапайм математикалық түсініктерін қалыптастыру,қоршаған ортамен таныстыру,тіл дамыту.
Сабақтың тақырыбы:Баланың логикалық ойлауын дамыту.
Сабақтың мақсаты:Балаларды кеңістік қатынастары мен (оң-сол,астында –үстінде,арасында)таныстыру,балаларды заттың көлеміне қарай салыстыруға үйрету(жоғары –төмен,ұзын- қысқа)
Логикалық ойлауларын жетілдіру,қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту.
Тәрбиеші:Балалар,ертеде байдың үш қызы болыпты.Үлкені Айнұр-ең ұзыны ,ортаңғысы Айгүл-,кішкентайы Айжан-ең тапалы .
-Ең ұзын қыздың аты кім? (Айнұр)
-Айнұрдан қысқа қыздың аты кім ?(Айгүл)
-Ал Айгүлден қысқа қыздың аты кім?(Айжан)
Балалар күндердің күнінде бай дүние салады,ал қыздарына мұраға бір бір үйден қалдырады.Ал қыздар қай үй қайсыныкы екенін білмейді.Балалар біз Айнүрға,Айгүлге және Айжанға үйлерін тауып беруге көмектесейікші.
Дәптермен жұмыс.
-Әр қыздың қай үйде тұратындығын ойлап тауып,олардың үйлеріне жол салыңдар.
-Биік(қандай)үй биік
-Одан аласа үй қандай?( ортанғы үй)
-Ең сонғы үй қандай? Кішкентай.
Бір күні қыздар қарындары ашып орманға жидек тере барыпты.Орманға барар жолда өзенге тап болады.Өзен жағасында екі ағаш өсіп тұр екен,оның аласасы шырша екен де,биігі қарағай екен.(Суреттер тақтаға ілінеді)
-Шырша қай жерде өсіп тұр?(өзен жағасында)
-Қарағай ше?(шыршаның қасында)
Орманда қыздар нені кезіктіргенін жұмбақ шешу арқылы табыңдар.
Үсті толы инелер
Бірақта іс тігіп,түйме қадамайды.(кірпі)
Бұтақтарға секіріп,
Әр жерден қылт етеді.
Кейде жаңғақ кеміріп,
Жоғары өрлеп кетеді.(Ақтиін)
Қорыққанда жел аяқ
Отырғанда томардай ақ.(қоян)
Тәрбиеші аңның немесе құстың тұрған жерін айтады,ал балалар тақтаға оны іледі.
-Қоян шырша жанында отыр
-Ақ тиын қарағайдың басында отыр
-Шымшық шырша үстінде ұшып жүр.
-Кірпі қарағай түбінде отыр.
-Ақ тиын төмен түсті.
-Шымшық шыршаға қонды.
Жарайсындар балалар
Сергіту сәті.
Ұзын мұртты шегіртке
Келе жатты жұмысқа
Дәл алдына доп қойды
Оң жағын қарады,сол жағына қарады
Тау екен деп ойлады.
Дәптермен жұмыс.
Қыздар орманда ұзақ серуендеп,себеттерін жидектерге толтырып қайтты.
Жолда дем алып Айнұр себетін үлкен түбірге ,Айгүл ортаңғы түбірге , Айнұр кішкентай түбірге себеттерін қойды.Қыздар бір сәт сергіу үшін ойын ойнайды,ойнап жүріп себеттерін қойған тұбірлерден адасып қалды.
Балалар,қыздарға өз себеттеріне апарар жолды көрсетейік.Қыздардың себеттерін түбірге сызық арқылы қос.
Рефлекциялық,корекциялаушы.
Балалар,біз байдың (неше) үш қызы мен орманға саяхат жасадық.
Орманда (нені және кімдерді)шырша,қарағай ағаштарын,құстармен аңдарды көрдік және қыздарға үйлеріне апарар жолды және жидек толы себеттерін тауып бердік.
Көп жақсы істер жасадық,енді осы жақсы істерімізді ғажайып сөздермен толықтырайық.