Как тратить минимум сил на подготовку и
проведение уроков?
Как быстро и объективно проверять
знания учащихся?
Как сделать изучение нового материала
максимально понятным?
Как избавить себя от подбора заданий и
их проверки после уроков?
Как наладить дисциплину на своих
уроках?
Как получить возможность работать
творчески?
Просмотр содержимого документа
«Қай вогонға мінемін»
Екінші кіші «» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Білім беру саласы:Таным
Пән: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Өтпелі тақырып: «Көлік»
«Қай вагонға мінемін?»
Мақсаты:
Тәрбиелік: Ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Дамытушылық: Өзіне қатысты кеңістіктегі бағыттарды: жоғары-төмен, алысжақын, ажырата білуді үйрету
Оқыту: 3 көлеміндегі заттарды санауға, қорытынды санын айтуға (мысалы: барлығы 3 доп)үйрету
Педагогикалық технологиялар:ойын технологиясы, сұрақ жауап, түсіндіру
Ресурстармен қамтамасыз ету: фетрдан жасалған түрлі түсті вагондар ,Дүкен , Дәріхана, Мектеп деген жазулары, түрлі түсті дөнгелек, төртбұрыш,тікбұрыш
Ұйымдастырушылық кезең:
Сәлемдесу.
Алтын сәуле арайлы,
Бақшамызға тарайды.
Қуанышпен шат күліп,
Қарсы алайық арайды.
«Оңға бұрыл », «Оң қолында сол құлағыңның ұшына тигіз» деген қозғалыс бағытына қатысты түрлі тапсырмалар ұнайды.
ІІ кезең :
«Дүкенге (тәтті тоқаш сататын жерге және т.б.)қалай баруға болады?» Дәріханаға баратын жол, «Мектепке баратын жол»? Олар балалардың бағдарлау қабілеттерін арттырып,жолды таба білуге үйретеді.
Сергіту сәті:
Қане, достым, аңқайма,
Менен кейін қайтала.
Барша қимыл үш-үштен:
Көзіңді қыс үш рет: 1, 2, 3,
Басыңды еңкейт үш рет: 1, 2, 3,
Иықты көтер үш рет: 1, 2, 3.
Солға-оңға иіл үш рет: 1, 2, 3,
Орныңда секір үш рет: 1, 2, 3,.
Үлестірмелі материалмен жұмыс: Қай вагонга мінемін ?
Вагондарды санаймыз,біріншісі қызыл, екіншісі сары,үшінішсі жасыл
Қай вагонға мінесің ?
Үлгі бойынша пішіндерді, түстерін таңдау арқылы вагондарға терезе, есік, дөңгелектерді дұрыс орналастыруды тапсыру, заттың қай жерде орналасқандығын жұмыстан соң сұрау.
деп сұрақ қою
Мақсаты: Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету, бала қиялын дамыту, пішіндер туралы білімдерін бекіту.
Соңында бір пішінді таңдап алып, бұл пішін неге ұқсайды?
Д идактикалық ойын : Дидактикалық ойын «Алыс-жақын, биік-аласа»
Мақсаты:заттардың кеңістікте орналасуын «Алыс-жақын, биік-аласа» сөздерінің көмегімен белгілеуді үйрету.
Тәрбиеші балалардан алыстағы, жақын заттарды атауды өтінеді.
Қорытынды : Егер сендердің көңіл - күйлерің жақсы болса, онда осы әдемі жүректің ішіне қызыл гүлді жабыстырыңдар, егер көңіл -күйлерің болмаса, онда көк гүлдерді жабыстырыңдар.