Тақырыбы: Құстар- біздің досымыз
Мақсаты: Балаларды табиғаттағы құстарды баптап, күтуге үйрету. Құстарға деген қамқорлық көзқарастарын тереңдету. Ертегіні рөлдерге бөліп беріп ойнату арқылы балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі: дискі, атрибуттар
Амандасу:Сәлеметпе балалар !
Балалар біз қазір қысқа қайырымды әндерімізді айтып еске түсірейік.
1.Бақа әні
2.Санамақ
3.Жәй және жылдам
- Балалар қазір қай мезгіл?
- Көктем
- Көктемнің қанша айы бар?
- Үш
- Олар қандай айлар?
- Наурыз, сәуір, мамыр
- Қазір қандай ай?
- Сәуір
- Көктемде қандай өзгерістер болады?
Келді көктем қалаға,
Келді сұлу шағалы.
Аспандағы көп құстар,
Ауылымды арала
А-ай келді көктем,
А- ай сүйді беттен,
Сол көктемді қарсы алып,
Би билейміз, ән салып.
Слайд қарау
Қазір балалар осы көктем айындағы бау-бақшамызда, төбемізде ұшып жүрген құстармен теледидардан қарап танысайық. Бәріміз назарымызды теледидарға қояйық.топқа көктем аруы келеді.Сәлеметсіңдер ме балалар !Сәлеметсізбе көктем аруы!Балалар сендер менің достарым құстар туралы айтып жатқасын естіп менде олар туралы сендерге көп нәрсені айтып беруге келдім.Сендерге олар туралы менің жұмбақтарым айтып береді.Оларды шешуге дайынсыңдар ма?(балалардың жауабы)
1.Су бетін сызып,
Ақ құман жүр жүзіп. (аққу)
2.Мойын сұрақ белгісі,
Бұл қандай көл құсы? (аққу)
3.Екі айыр құйрығы,
Қияқ мұрт қанаты
Еркін самғап ұшсын деп,
Мәпелейміз, баптаймыз.
Бейбітшілік құсы деп
Қайсы құсты мақтаймыз (көгершін)
Түнде жортады,
4.Жарықтан қорқады. (жарқанат)
Жақсы жарайсыңдар ендеше сергіту сәтін жасап дем алып алайық.
Сергіту сәті:
Аппақ болып таң атты
Түтін тікке ұшады
Қарлығаштар қанатын
Биік самғап ұшады.
Қане қанат қағайық
Қарлығаш болып ұшайық
Ұшып-ұшып алайық
Жарайсыңдар.Балалар біз көктем аруына құстар туралы білетін тақпақтарымызды айтып берейікші!? (құстар туралы білетін тақпақтарымызды айтады )
1.Меруерт:
Көлге келіп қонады,
Көлдің көркі болады.
Аңшы бірақ атпайды,
Аққудың бар обалы.
2.Айым:
Торғай, торғай тоқылдақ,
Жерден тары шоқып ап.
Бөтегесі бұлтиып,
«Шиқ-шиқ» десіп отырады.
3.Мирас:
Сауысқан, сауысқан
Жауыр атқа жабысқан.
Ойда жауыр көрінсе,
Ойбайлатқан сауысқан
Қырда жауыр көрінсе
Қиқаңдатқан сауысқан.
4.Адэля:
Бір қонып, бір секектеп,
Менің атым көкек деп
Мен ғой келген жетектеп,
Қорықпаңдар жаз өтеді деп,
Тұрады жаз тамылжып,
Десем болды «көкек» деп
Жақсы жарайсыңдар балалар.Сонымен біз қандай құстарды білеміз?(балалардың жауабы)
Ал бүгін біз «қарлығаш» деген әнді тыңдаймыз.
Көктем аруы балалар сендер менімен ойын ойнағыларын келе ме?Ендеше барлығымыз «ұшты-ұшты» ойынын ойнаймыз
Ойын: «Ұшты-ұшты»
Көктем аруы менің өз достарыма баратын уақытым болды балалар.Сау болыңдар сендермен уақытты өте көңілді өткіздім.Сендерге көп рахмет.Құстар туралы көп нәрсе білдіңдер деген ойдамын.Келесі кездескенше !Сау болыңдар!
Балалар бізге бүгін қонаққа кім келді?
Ол не жасырды?
Біз қандай құстар туралы білдік?
Жақсы жарайсыңдар.Балалар қараңдаршы мынау не?Себет?Себетте не бар екен?!Ой, балалар бұл көктем арудың сендерге арналған сыйлықтары екен!
(балаларға сыйлықтар таратылады, марапатталынады)