kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Қош келдің-Алтын күз" ертеңгілік

Нажмите, чтобы узнать подробности

Күз кереметтері туралы даярлық балаларының түсініктерін қалыптастыру, эстетикалық талғамдарын ояту, сөйлеу тілдерін, қарым - қатынас дағдыларын қалыптастыру, топтық жұмыстарда ұйымшылдыққа тәрбиелеу

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Қош келдің-Алтын күз" ертеңгілік»

«Қош келдің! Алтын күз!»
/ертеңгілік/



Мақсаты: Күз кереметтері туралы даярлық балаларының түсініктерін қалыптастыру, эстетикалық талғамдарын ояту, сөйлеу тілдерін, қарым - қатынас дағдыларын қалыптастыру, топтық жұмыстарда ұйымшылдыққа тәрбиелеу
(сынып іші мерекеге сай безендіріледі, шарлар, қанатты сөздер т. б күзге байланысты әуен қойылып тұрады)
Жүргізуші: Ерте, ерте, ертеде жер бетінде үш еңбекқор қария өмір сүріпті. Оның бірі өзінің жеміс бағына түрлі жеміс ағаштарын отырғызып, баптап өсіріп, піскен жемістерімен елін асырап келе жатқан Бағбан ата болса, енді бірі қолынан кетпенін тастамаған жер жыртып дән сеуіп, күндіз - түні тыным көрмейтін Диқан ата екен. Ал үшіншісі өз үйінің жанына үлкен бау - бақша салып көкөністің түр - түрін өсіріп, арам шөбін жұлып, түбін қопсытып, суарып тыным көрмейтін Жомарт ата болыпты. Үш қария тынымсыз еңбек ете жүріп жаздың қалай өткенін білмей қалыпты. Бір күні үш қария бір жерде кездесіп қалыпты.
Бағбан ата: Ассалаумағалейкум, құрдастар! Еткен еңбек, төккен тердің жемісін көретін күнге де жетіппіз. Олай болса үшеуміздің қайсысымыз көп еңбек еттік деп ойлайсыңдар? Ел - жұрт қайсымызға көбірек құрмет көрсетер екен а?!
Диқан ата: Әрине маған. Өйткені мен ала жаздай бел жазбай дәнді дақылдардың түр - түрін жайқалттым. Ел қамбасын толтырып, астығын ұн етіп, тары, күріш, жүгерісі мен күнбағыстарын жинап қысқа дайындалып қойды, қарындары тоқ, қайғылары жоқ. Сондықтан маған көбірек құрмет көрсетеді.
Жомарт ата: Жоқ, құрдастар, босқа даурықпаңдар! Сендер еңбек етіп тер төксеңдер мен де қарап қалған жоқпын Мына отырған елдің бәрінің қыстық қоймасын картоп, қызанақ, қызылша, қырыққабатқа толтырдым. Сәбіз, қиярларымнан түрлі салаттар жауып алды, олай болса, маған көбірек құрмет болуға тиіс.
Бағбан ата: Ал мен сонда бос отырды деп пе едіңдер. Мен де жеміс бағымда жемістердің түр - түрін өсіріп, түрлі тосаптар қайнатып алуға көмектестім. Иісі сонадайдан аңқып мұрын жаратын тәтті жемістерімді кішкентай бүлдіршіндер тұр ғой үлкендер тамсана жейді. Сондықтан сый - құрмет маған лайықты.
2. Жүргізуші:
Үш қария осылайша дауласып жатқанда сап - сары алтындай жапырақтарымен жер жаһанға алтын көрпесін жая Алтын Күз келіп жетеді.
Алтын күз: Армысыздар дархан елім! Мен сары алтындай алтын күз болам. Сары желегімді жамылып, сары шапанымды киініп сар даламды аралап сағынып жеттім ортаңа. Жер бетін аралап жүріп жайқалып өскен
Диқан атаның дәнді дақылдарын, Жомарт атаның түрлі көкөніспен жайқалған бақша бауын, Бағбан атаның исі мұрынды жаратын жеміс бағын көріп қатты қуандым. Армысыздар, аталар! Сіздерге еткен еңбек, төккен терлеріңіз үшін басымды иемін. Үшеуіңіз де үлкен құрметке лайықсыздар. Міне, мынау сіздерге арналған халықтың құрмет сыйы. (үшеуіне алғыс медальін табыстайды)
Үш қария: Рахмет сендерге халқым, рахмет саған Алтын күз!
Алтын күз: Ал қане ендеше еңбекшіл қариялар сіздердің жемістеріңізді, көкөністер мен дәнді дақылдарыңыздың өнерін көріп, тамашалағым келеді. Олай болса ортаға жемістерді шақырайық!
(Жемістер қатармен ортаға шығады. Әр топ өздерін таныстырады.)
1. Жемістер тобы
Біздің топ «Жемістер»
Біздің ұран:
Иісі жұпар аңқыған
Жеміс - жидек боламыз
Дәрумендер мол бізде
Күзде пісіп толамыз
Өздерін таныстырады:
1. Алма /Алтош/
Қызыл, сары түсім
Домалақ, сұлу мүсін
Ағашта өсем салбырап
Күзде пісем албырап
2. Шие /Аяла/
Қып - қызыл нарттай
Шиемін өзім
Қызығасың маған
Түскенде көзің
3. Өрік /Ислам Қалов/
Мына мен өрік
Бақшаға көрік
Піскенде жайнап
Аласың теріп
4. Мандарин /Нұрқасым/
Сарғыш түсті мандарин
Ортасында дәні бар
Ауызға салсаң еритін
Балдай тәтті дәмі бар
5. Жүзім /Арнұр/
Мен жүзіммін, жүзіммін
Жаңа пісіп, үзілдім
Күлгін, жасыл, қара, көк
Көркі болам күзіңнің
6. Алмұрт /Камила/
Шамға ұқсаған келісті
Сопақша бір жеміспін
Алмұрт деген атым бар
Тәттісімін жемістің
7. Банан /Мағжан/
Арттырам күшін адамның
Балбыраған бананмын
Ыстығында өсемін
Тропикалық аралдың
Жемістер тобының әні:
Күз жомарт
/Орындарына барып отырады/

Алтын Күз: Ортаға көкеністер тобын шақырамыз
2. Көкөністер тобы
Біздің топ: «Көкөністер»
Біздің ұран:
Көркі болған бақшаның
Көкөністер мол қанша
Салат жауып алды апам
Қыстық қойма толғанша
Өздерін таныстырады:
1. Қызылша /Мадина/
Көкөністің ішінде
Менің атым қызылша
Денсаулығын нығайтып
Қызмет етем адамға
2. Қызанақ /Еңілік/
Қызара піскен бақшада
Қызанақты білерсің
Шырыным мен етіме
Тояттап - ақ жүресің
3. Сәбіз /Алтынай Ж/
Қызыл сары сәбізбін
Жер бетінде бұрымым
Көзге берер күш қуат
Дәруменнің бірімін
4. Тәтті бұрыш /Руслан/
Түрлерім көп сан түрлі
Бұрыш деген мен болам
Келтіріп дәмін тағамның
Дастарханды толтырам
5. Капуста /Алдияр/
Жайлы жұмсақ төсегім
Домаланып өсемін
Қабат - қабат тоным бар
Қалай оны шешемін
6. Картоп/Нұрасыл/
Отаным менің қиырдан
Күз болғанда жиылам
Асыққанда аналар
Мені табаға қуырған
7. Қияр /Ернұр/
Бақшада көп өсетін
Мен кәдімгі қиярмын
Жұлып алып жесеңіз
Қырт - қырт етіп тұрамын
Топтың әні: «Күз»
Алтын Күз: Ортаға «Дәнді дақылдар» тобын шақырамыз
3. Дәнді дақылдар тобы
Біздің топ: «Дәнді дақылдар»
Біздің ұран:
Алтын - күміс тас екен
Арпа, бидай ас екен
Күзде қамба толады
Дәнді дақылдарменен

Өздерін таныстырады:
1. Бидай /Каусар/
Нан анасы бидаймын
Елге астық сыйлаймын
Дәнім толып піскенде
Қауызыма сыймаймын
2. Арпа/Аслия/
Күміс мұртты арпамын
Ырысы мол арпамын
Еңбек етіп баптаған
Еліме сый тартамын
3. Тары /Балғын/
Ақ, қарамын, сарымын
Мен өнімді тарымын
Халқым еңбек сіңірсе
Қайтарамын қарымын
4. Сұлы /Ақтілеу/
Мен сұлымын ұланның
Тұлпарына ұнадым
Халқым еңбек сіңірсе
Басымды иіп тұрамын
5. Күріш /Расул/
Күнді сүйгіш күрішпін
Барлық жұртқа ырыспын
Алсын деп ел мол өнім
Ала жаздай су іштім
6. Жүгері /Диас/
Моншақтай әсем тізілген
Сап сары менің түрім бар
Тойдыратын әрдайым
Жүгерімін біліп ал
7. Күнбағыс /Диашон/
Күннің көзін сүйемін
Күнге басымды иемін
Тонналап май беретін
Күнбағыс деп білемін
8. Бұршақ /Ақнұр/
Бойымда көп дәрумен
Денсаулыққа қорғанмын
Сондықтан да дұрыс қой
Бұршақпен дос болғаның
Топтың әні:
Бұл қай кезде болады? Күз
/Орындарына отырады/
Алтын күз:
Жарайсыңдар! Ал енді менің де сендерге ала келген біраз тапсырмам бар, соны орындап көріңдерші, жарай ма!
1. Алтын күздің тапсырмалары:/әр топтан 2 бала шығарып алу, шартын түсіндіру/
І - ойын: Мен жолда келе жатып дәнді дақылдар, көкеністер, жемістер жинап алған едім. олардың бәрі бірімен бірі араласып кетті. Сендер маған соларды өз аттарыңа байланысты ажыратып топтап беріңдерші!/шыққан балалар араласқан заттардың ішінен жемістер тобы жемістерді, көкөністер тобы көкөністерді, дәнді дақылдар тобы дәнді дақылдарды тауып өз үстелдерінде тұрған себеттерге апарып салулары керек. Уақыт белгіленеді, уақыт біткенде тоқтайды, қай топ қанша жинағандығы сараланып, жиған заттарының көп - аздығына байланысты ұпай беріліп отырады/
Ән: «Табиғатым - тамаша» Бектасұлы Мағжан
Алтын күз: ІІ - ойын
- Жарайсыңдар! Менің ІІ - тапсырмам мынандай:/
Қазір мен сендерге жемістер байланған жіпті алдарыңа қоямын, сендер солардың біреуін қиып алып, қандай жеміс, түсі қандай болады, дәмі қандай болады, пішіні қандай екенін сипаттап бересіңдер, көздеріңді ашқанда дұрыс па, жоқ па анықтаймыз, соған байланысты ұпай сандарын береміз.:/топтардан тағы екі баладан шығару, көздерін байлау, жіпке жемістердің суреттері байланып ілінеді, көзі байланған балалар барып жемісті қиып алады да сипаттап береді/
Би: «Испан» биі Аймұханбетова Алтынай
Алтын күз: ІІІ - ойын
- Ал енді менің сендерге соңғы ІІІ - тапсырмам мынандай: мына жердегі шашылған жапырақтардың ішінен жемістер тобы сары жапырақтар жинайсыңдар, көкөністер тобы қызғылт сары жапырақтар жинайсыңдар, дәнді дақылдар тобы ашық жасыл жапырақтарды жинайсыңдар! Біз барлығымыз 20 - ға дейін санаймыз, ал 20 дегенде тоқтайсыңдар, біз сендердің жиған жапырақтарыңды санаймыз да ұпай сандарын қосамыз. /әр түсті жапырақтарды шашып қойып үш топтан шыққан балаларға әр түсті жапырақтарды жинату, қай топ мол жапырақ жинаса сол топқа ұпай саны қосылады/
Алтын күз: Жарайсыңдар, сендер өздеріңнің сондай бір алғыр, тапқыр белсенді екендіктеріңді көрсеттіңдер, бәріміз сендерге ризамыз. ал енді мен мына жердегі мүсіндерді шолып шығайын/оларға да бір - бір ұпай қосылады/
Ән: «Айгөлек» Мадина Бағалтаева
Алтын Күз: Мен бүгін сендерге сондай ризамын, сендер менің мол байлығымсыңдар. Мен күз мезгілімін, ал сендер - жемістер, көкөністер, дәнді дақылдар менің халыққа берер мол сыйымсыңдар. Бүгін мен сендерге өзімнің керемет сыйымды алып келдім. Ол сендердің алтын күз мерекесінде ерекше өнер көрсеткендерің үшін./Үш топқа мадақтама қағаздар мен жеміс - жидек тарату/
Алтын күз: Ал енді мен қайтайын, тағы аралайтын жерлерім бар, сендер сияқты тағы да алтын күз мерекесін тойлатқан елдерге барып қуанышымды жалғастырайын. Қош сау болыңдар!
Жүргізуші: Алтын күз өзінің халыққа берер керемет сыйларының тамаша өнерлеріне дән риза болып аттаныпты. Күз сыйының кереметтері жемістер, көкөністер, дәнді дақылдар кішкентай ғана мектепалды даярлық оқушылары екен, ал олардың Алтын күз болған аналары Жанат Жанахметқызы болыпты. Назарларыңызға рахмет, келесі Алтын күзде жүздескенше






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Қош келдің-Алтын күз" ертеңгілік

Автор: Идьятова Сабира Елтаевна

Дата: 03.11.2016

Номер свидетельства: 354821

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "«?ош келді?, Алтын к?з!»"
    ["seo_title"] => string(25) "k-osh-kieldin-altyn-kuz-4"
    ["file_id"] => string(6) "306762"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1458198069"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(117) ""?ош келді? алтын к?з" ерте?гілігіне арнал?ан сценарий естияр тобы"
    ["seo_title"] => string(78) "k-osh-kieldin-altyn-kuz-iertien-ghilighinie-arnalg-an-stsienarii-iestiiar-toby"
    ["file_id"] => string(6) "289806"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454861268"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Аққу тобы "Алтын күз" ертеңгілігі"
    ["seo_title"] => string(38) "ak_k_u_toby_altyn_kuz_iertien_ghilighi"
    ["file_id"] => string(6) "471218"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1527439917"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Алтын к?з ерте?гілігі "
    ["seo_title"] => string(26) "altyn-kuz-iertien-ghilighi"
    ["file_id"] => string(6) "236960"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1444208337"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "?ош келді? Алтын к?з "
    ["seo_title"] => string(25) "k-osh-kieldin-altyn-kuz-2"
    ["file_id"] => string(6) "229668"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1441819986"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства