Просмотр содержимого документа
«Қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған оқу іс-қызметінің әзірлемесі»
Білім беру саласы: Әлеумет
Ұйымдастырылған оқу іс-қызметі:Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздері»
Мақсаты:а) Рәміздер туралы білімдерін толықтырып,оларды жатқа айтуға үйрету.
ә) Зейіндерін дамыту.
б) Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: Демонстрациялық материалдар. елтаңба, тудың суреттері, гимн мәтіні, слайд, жұмыс дәптері, түрлі-түсті қарындаштар.
Билингвальды копонент: мемлекеттік елтаңба-государственный герб, мемлекеттік әнұран-государственный гимн, мемлекеттік ту-государственный флаг, мемлекеттік рәміздер-государственые символы.
Мотивация-лық-қозғау-шылық
Шаттық шеңбері
- Менің Отаным өте сұлу!
- Менің Отаным өте бай!
- Менің Отаным әдемі!
- Мен Отанымды, рәміздерімді мақтан етемін!
Балалар шеңберге тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Ұйымдасты-рушылық-ізденушілік
Кіріспе әңгіме
- Бүгін біз өзіміздің туған жеріміз – Отанымыз туралы әңгімелесеміз.
- Балалар біз қандай мемлекеттке тұрамыз?
Әрине Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Қазақстан Республикасының астанасы қандай?
- Біздің ұлтымыз қандай?
- Біз қай тілде сөйлейміз?
- Ал. Сендер біздің елді басқарып отырған Елбасымыздың есімін білесіңдер ме?
Әрине, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаhармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін,арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр.
- -Қазақстан Республикасының Мем-лекеттік Туы көгілдір түсті. Мемлекет Тудағы көгілдір түс Қазақстан халқының жеке мемлекет болуға ұмтылған ниет-тілегінің тазалығын, асқақтағын көрсетеді. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді. Қанатын жайған қыран құс-билік, айбындылық бейнесі.
Елтаңба - Қазақстан Республика-сының негізгі мемлекеттік рәміздерінің бірі. Елтаңбаның негізгі бөлігі-шаңырақ .Шаңырақ-мемлекеттің түп негізі - отбасының бейнесі. Қанатты тұлпар-ұшқыр арманның, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлық-тың көрінісі. Қанаттты тұлпар уақыт пен кеңістікті біріктіреді. Бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүретін Қазақстан халқының өсіп-өркендеуін, рухани байлығын паш етеді. Бес бұрышты жұлдыз елтаңбаны тәжі іспетті. Әрбір адамға жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар .Еліміздің әнұраны-«Менің Қазақстаным» әні.
- Балалар, Қазақстан Республикасының рәміздерін не жатады?
- Дұрыс айтасыңдар балалар, Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, туы, гимні бар.
Педагог елтаңбаның, тудың, әнұранның авторларын айтып өтеді.
- Балалар, кәне кім Мемлекеттік ту не үшін көгілдір түсті деп ойлайсындар?
Нұрға бөлеген алтын күн, қыран құс неге бейнеленген?
Елтаңба - Қазақстан Республика-сының негізгі мемлекеттік рәміздерінің бірі.
- Енді, балалар, Кім рәміздер туралы өлең, тақпақтар біледі?
«ҚР- ның рәміздері» бейнеленген сурет құрау
Дәптермен жұмыс.
Дәптердегі берілген тапсырманы бала-ларға түсіндіру.
Сергіту сәті:
«Қара жорға»
.Дидактикалық ойын: «Менің сүйікті қалам».
Ойынның шарты: балалар дөңгелене тұрады. Ойын бастаушы «Сүйікті қалаңды ата!» деп, допты бір балаға лақтырады. Бала жауабын айтып, келесі балаға лақтырады. Келесі бала ойынды одан әрі жалғастырады.
Біздің Отанымыз – Қазақстан.
- Ту, елтаңба, әнұран
- Менің сүйікті қалам – Астана!
- Менің сүйікті қалам – Алматы!
- Менің сүйікті қалам – Ақтөбе!
Рефлекстік-түзетушілік - Қазақстан Республикасының бас қаласы қалай аталады?
- Қазақстан Республикасының рәміздері не жатады?
- Балалар, Қазақстан қазба байлықтарға өте бай. Қазақстан Республикасының рәміздерін құрметтеуіміз керек.
Балалар толық жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: Қазақстан Республикасының рәміздерін жатқа айтады.
Түсінеді: Қазақстан Республикасының рәміздеріне құрметпен қарауды, Отанын қорғау міндеті екенін түсінеді.