Уәждемелік-қозғаушылық | -Балалар бәріміз бірге шеңберге тұрайық «Біз өмірдің гүліміз» жылулық шеңбері. Зеңгір көктен, нұрын төккен, Ортақ біздің күніміз. Жайнап өскен,жайнап өскен, Біз өмірдің гүліміз! Осы өлеңді айтып болған соң,педагог балаларды,екі шеңберге тұрғызады. «Гүл ашылады,гүл жабылады»,-деп гүлдің ашылып,жабылуын келтіреді. | Балалардың бәрі шеңберге жиналып тұра қалады.. Шеңберді айнала жүріп бәрі бірге «Біз өмірдің гүліміз» әнін айтады. Балалар екі шеңберге тұра қалады. «Гүл ашылады,гүл жабылады»,- деп гүлдің ашылып,жабылуын жасайды. |
Ұйымдастыру- шылық- іздеушілік | Тәрбиеші: көздеріңді жұмыңдар,мен сендерге бір сиқыр көрсетемін. -Бұл кім ? деп ойлайсыңдар? - Балалар, бүгін сендерге қонаққа: «Гүлдер ханшасы» келді. Амандасайық: Сәлеметсіз бе, «гүлдер ханшасы». Гүлдер ханшасы: -Амансыңдар ма? балалар!Мен сендерге қонаққа келдім.Сендердің өнерлеріңді тамашалауға келдім.Көктем туралы тақпақ айтып беріңдерші. Тәрбиеші : Балалар көктем мезгілі де келеді,көктемде ең алғаш қандай гүлдер шығады? -Бәйшешек,қызғалдақ,інжугүл,бақбақ, түймедақ (суреттерін көрсету).Теледидардан «Гүлдер»туралы слайд көрсету. Тәрбиеші: Балалар,бұл,қандай гүлдер? -Аттарын атайықшы. -Балалар,енді біраз серігіп алайықшы. Сергіту сәті: Шаршағанда ырғалып, Гүлге ұқсап демалам. Қанатымды бір қағып, Гүлдей болып жайқалам. Тәрбиеші: Өте жақсы,балалар! «Гүлдер ханшасы»: балалар,осы гүлдер туралы қандай тақпақ білесіңдер? Маған айтып беріңдерші. Тәрбиеші:Ал,енді балалар, «Гүлдер ханшасы» сендермен бір ойын ойнамақшы,ойнаймыз ба? Бәріміз шеңберге тұра қалайық,отырамыз. «Біз гүлдерше өсеміз» ойыны. «Гүлдер ханшасы» дән себеді,суқұйғышпен су құяды... Біз гүлдерше өсеміз,жапырағы жайқалған. Сабақтары салалы,әрі бері жайқалған. -Балалар гүлдерге су құйылмай қалды,енді не болады? -Ал,енді не істеу керек? «Гүлдер ханшасы» суқұйғышпен су құяды. -Өте жақсы,тамаша,балалар! Тәрбиеші: Ал,енді өз орындарыңа отыра қалыңдар. | Балалар көздерін жұмады. -Көктем,гүл,қыз, «Гүлдер ханшасы». Балалардың бәрі «Гүлдер ханшасына» назар аударады... Амандасады: Сәлеметсізбе, «Гүлдер ханшасы».Көктем туралы тақпақтарын айтады. Жансая Құстар,құстар келеді, Жерді шуға бөледі. Көктем келді деп бізге, Жақсы хабар береді. Алина Көкке бояп өңірді, Көктем келді көңілді. Бау-бақшада,орманда, Құстар әні төгілді. Балалар тәрбиешінің сұрағына жауап береді.Теледидарға назар аударады.Гүлдердің аттарын атап шығады. Балалар:көктемде алғаш шығатын гүлдер: бәйшешек,қызғалдақ,бақабақ,інжугүл, түймедақ. Сергіту сәтін бәрі бірге тәрбиешімен қайталап жасайды. Гүлдер туралы тақпақтары: Айкерім Бәйшешек Кіргізіп көркін даланың, Бәйшешек жерді қаптады. Қызығып ылғи барамын, Үзуге бірақ батпадым. Айым Қызғалдақ Секілді екен қарасаң, Дейді қалып бала таң. Жапырағы өз гүлін, Аялаған алақан. Дильназ Бақбақ Бойын күтіп баптап, Өзін-өзі сақтап. Апта бойы сәнденді, Тап-тұйнақтай бақбақ. -Иә,ойнаймыз. Бәрі шеңберге тұра қалады. Гүлдің өсуін қимыл-қозғалыс арқылы келтіріп көрсетеді. Балалар,гүлдерше өсе бастайды. Тәрбиешінің сұрағына жауап береді: - Гүлдер өліп қалады.(гүлдің солып қалғанын көрсетеді) -Гүлдерге су құю керек. Балалар гүлдің тірілгенін келтіреді. |
Рефлексивтік- түзетушілік | Ұжымдық жұмыс: «Гүлді құрастыр» мозайка. Тәрбиеші: бүгін қандай гүлдер туралы білдік? -Көктем гүлдерінің аттарын атаңдаршы. -Бізге қонаққа кім келді? Тәрбиеші: гүл туралы білетін мақал-мәтел,жаңылтпашымызды айтып берейік. «Гүлдер ханшасы» : Балалар сендерге көп рахмет,менің сендерге сыйлығым бар,сол сыйлығымды сендерге беруге рұқсат етіңдер. - Сау болыңдар,балалар. - Балалар,енді келген қонақтарға өзіміздің сыйымызды тарту етейік. | Балалар екі топқа бөлініп отыра қалады.Екі топқа екі түрлі гүл беріледі: қызғалдақ,бәйшешек. - Көктем гүлдері - Көктем гүлдерінің аттары: Бәйшешек,қызғалдақ,бақбақ,түймедақ, інжугүл. «Гүлдер ханшасы» келді. Мақал-мәтел: Гүл өссе-жердің көркі, Қыз өссе-елдің көркі. Жаңылтпаш Бақбақ бақ та бар, Бақа да бақ та бар. -Сау болыңыз «гүлдер ханшасы». Балалар келген қонақтарға сыйлығын береді. |