kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қ.Баянбаевтың «Қараторғай ұясы» өлеңін жаттау. Жыл құстары жайлы әңгімелесу.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру саласы:

«Қатынас»

Ұйымдастырылған

оқу іс-әрекеті:

Көркем әдебиет

Тақырыбы:

Қ.Баянбаевтың «Қараторғай ұясы» өлеңін жаттау. Жыл құстары жайлы әңгімелесу.

Мақсаты:

Көктем мезгілінің ерекшелігімен таныстыру, Құстардың негізгі белгілері жайлы түсінік беру, құстардың табиғаттағы тіршілігі, соның ішінде жыл құстарының көктемгі тіршілігі туралы, құстарға қатысты халық болжамдары, пайдасы туралы меңгерту.
Балалардың  тілін, ой - қиялын ұштау, дүниетанымын қалыптастыру, құстар әлеміне деген қызығушылығын арттыру. Қалдық материалдармен жұмыс істей білуге қызығушылығын арттыру.
Табиғаттың жаршысы - құстарды қорғауға, аялауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу

Көрнекілігі:

Қ.Баянбаев суреті, Құстар туралы слайд, үнтаспа, бос қораптар, қайшы, желім

Сөздік жұмыс:

Пәтер, тұрағым,қонақтау.

Билингвизм.

Птенцы – балапандар, Птицы –құстар, Ұя – гнездо ,Скворечник-қараторғай ұясы, Скворец-қараторғай.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қ.Баянбаевтың «Қараторғай ұясы» өлеңін жаттау. Жыл құстары жайлы әңгімелесу.»


Бәшенова Зәуреш Жылқышыбайқызы

Қызылорда облысы, Арал қаласы «Жазира» балабақшасы.

І-санатты тәрбиеші.



«Балдәурен» ересек тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Білім беру саласы:

«Қатынас»

Ұйымдастырылған

оқу іс-әрекеті:

Көркем әдебиет


Тақырыбы:

Қ.Баянбаевтың «Қараторғай ұясы» өлеңін жаттау. Жыл құстары жайлы әңгімелесу.

Мақсаты:

Көктем мезгілінің ерекшелігімен таныстыру, Құстардың негізгі белгілері жайлы түсінік беру, құстардың табиғаттағы тіршілігі, соның ішінде жыл құстарының көктемгі тіршілігі туралы, құстарға қатысты халық болжамдары, пайдасы туралы меңгерту.
Балалардың тілін, ой - қиялын ұштау, дүниетанымын қалыптастыру, құстар әлеміне деген қызығушылығын арттыру. Қалдық материалдармен жұмыс істей білуге қызығушылығын арттыру.
Табиғаттың жаршысы - құстарды қорғауға, аялауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу

Көрнекілігі:

Қ.Баянбаев суреті, Құстар туралы слайд, үнтаспа, бос қораптар, қайшы, желім

Сөздік жұмыс:

Пәтер, тұрағым,қонақтау.

Билингвизм.

Птенцы – балапандар, Птицы –құстар, Ұя – гнездо ,Скворечник-қараторғай ұясы, Скворец-қараторғай.

Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

«Шаттық шеңбері»

Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық.
Таза ауадан салайық,
Жүрек жылуын салайық
Мейірім шоғын салайық.
Жиналған осы шуақты,
Достарымызға шашайық.

Дос дегенің өмірдегі – тірегің,

Дос дегенің кеудеңдегі жүрегің,
Егер досың адал ниет жан болса,
Орындалар армандаған тілегің!

Достық туралы тілектер айту.

Өлең жолдарын бәрі бірге қайталап, достар туралы өз ойларын айтады.


Достар бір-бірімен тату, адал, бір-бірін сыйлау керке, қиындыққта көмекке келу керек.




Ұйымдастырушы ізденушілік



































































































































































































































































































Рефлексивті- түзетушілік.

Балалар бүгінгі іс-әрекетімізді бастамас бұрын «Көктемде» суреттер бойынша сөздік ойынын ойнап жіберейік. Күн, Қар, Құстар, Ағаштар, Гүлдер, Жаңбыр суреттерін көрсете отырып, «Көктемде» сөзінен кейін сурет бойынша сөйлем құрату.






















Жұмбақ:

Көкте ұшады тізіліп,
Біз қараймыз қызығып. (құстар)

Балалар, көзімізді жұмып, еркін отырып, үнтаспаға құлақ түрейік:

Үнтаспадан құстардың дыбысын тыңдау.

- Балалар ненің дыбысын естідіңдер?

- Дұрыс айтасыңдар көктем мезгілінде жылы жаққа ұшып келген әнші қараторғайдың дыбысы екен.

Олай болса балалар біз бүгінгі көркем әдебиет оқу іс-әрекетінде ақын жазушы Қастек Баянбаев ағамыздың «Қараторғайдң ұясы» өлеңін жаттап, жыл құстары жайлы әңгімелесетін боламыз.

Біздің жеріміздегі құстардың көпшілігі-жыл құстары.Олар біздің жерімізге ұя салып,балапан шығару үшін көктемде ұшып келеді, ал күзде қайтадан ұшып кетеді. Сондықтан да оларды жыл құстары деп атайды.

  • Жыл құстарына: аққу, тырна, көкек, қарлығаш, қараторғай және тағы басқа құстар жатады.

  • Жыл құстарының қандай пайдасы бар?

(Зиянды жәндіктерді құртып, егін мен орманды, бақты қорғайды.)


Суретпен жұмыс:

Жыл құстарының бірнешеуіне түсінік беріп, олардың тіршілігі , ұқсастығы, дыбыстауы жайлы түсіндіру.

Жұмбақ:

Екi айыр құйрығы,

Қияқ мұрт қанаты,

Ұшқырлардың жүйрiгi.  (Қарлығаш)

Қарлығаш - өте киелі құс. Қарлығаш-құстың сүйкімдісі. Өте еңбекқор құс.Ұясын адамдар үйінің маңына салады.Оның құйрығы айыр. Сол себепті оны басқа құстардан тез ажыратуға болады.

- Балалар, қарлығаш қандай ертегілерде кездеседі?

- Қарлығаш қалай дыбыстайды?



























Жұмбақ:

Сирағы ұзын,

Тырнағы ұзын.

Балықты сүзбей,

Ұстайтын шоқып,

Тұмсығы бiздей.    (Тырна)

Тырна-сирағы ұзын, мойны ұзын ірі жыл құсы. Ұясын судың жиегіне қалың шөп арасына салады.

- Балалар, тырна қандай ертегілерде кездеседі?

- Тырна қалай дыбыстайды?










Жұмбақ:

Су бетін сызып, Ақ құман жүр сүзіп. (Аққу)
Аққу – сұлу әрі киелі құс. Аққуды атпайды. Аққу жалғыз жүрмейді, жалғыз өспейді. Аққу ұясын су жағасындағы қалың шөп арасына салады.

  • Аққу қалай дыбыстайды?




















Жұмбақ

Қулығын асыратын,

Жұмыртқасын өзi баспай,

Басқа ұяға жасыратын,

Өзiн-өзi әйгiлейтiн,

Қандай құс? (Көкек)

Көкек ұя салмайды (басқа құстардың ұясын пайдаланады), балапан баспайды.

  • Көкек қалай дыбыстайды?










Жұмбақ

Ұзақ тектес құс,

Шiркей жеп.

Ауыл маңынан

Ұзап кетпес құс.   (Қараторғай)

Қараторғай – түсi қара, орманды, бақты, жазық даланы мекендейді. Қараторғай ұясын ағаш басына салады.
Қараторғай қалай дыбыстайды?










Балаларға Қастек Баянбаевтың суретін көрсетіп, оның шығармашылығымен таныстыру.


Өлеңді мәнерлеп оқу:

Ұшып келген ең алғаш,

Қараторғай қырағы.

Ұяларға қонақтау,

Дейді менің тұрағым.

Ұя жасап тақтайдан,

Талға апарып байладым.

Жыл құсының шаттанған,

Күттім қашан сайрауын.

Сол ұяны талдағы,

Қараторғай мекендеп.

Күні бойы сайрады,

Жайлы пәтер екен деп.


Сұрақ-жауап:

-Өлеңде не жайлы айтылған?

- Қараторғай қандай құс?

- Сендер құстарды қалай қарсы аласыңдар

Өлеңді суретті үлгі көмегімен жаттау.































Сергіту сәті.

Тереңдет ойыңды,

Тiк ұста бойыңды.

Құстарға ұсайық,

Қалықтап ұшайық.

Шық алға оң қанат,

Шық алға сол қанат,

Шаршаған кездерде

Қонайық жорғалап.

/Б.Бөрiбаев/

Билингвизм. Птенцы – балапандар, Птицы –құстар, Ұя – гнездо ,скворечник-қараторғай ұясы, Скворец-қараторғай.

Сөздік жұмыс: Пәтер, тұрағым, қонақтау.

Қазақ халқы торғайлар арқылы ауа райының өзгерісін алдын-ала болжап біліп келген. Қараторғайға байланысты халық болжамдары. - Ауа райы нашар күні торғай топтаса ұшса, күн ашылады. -Торғайлар суды көп, ұзақ ішсе, жауын-шашынсыз, ашық күн болады. - Бұтаға бұққыш, тығылғыш келсе, кешікпей күн желдетеді.

- Құстарға байланысты қандай тиым сөздерді білесіңдер?

Сурет бойынша әңгіме құрап айту.





















Шығармашылық әрекет:

Құстарға ұя жасау.

Жұмыс барысы үлгі бойынша түсіндіріледі:

Қалдық материалдармен жұмыс жасай білуге үйрету.


























Іс-әрекеттен алған білімдерін пысықтауға арналған сұрақтар:
  • Балалар, біз бүгін кімнің өлеңімен танысып, жаттадық?
  • Құстар не себепті жылы жаққа ұшып келеді?
  • Қандай жыл құстарын білесіңдер?
  • Құстар адамдарға, табиғатқа қандай пайда келтіреді?
  • Құстарға қандай қамқорлық жасар едіңдер?
Балалардың құстар жайлы жаттаған тақпақтарына кезек беру Өлең жолдарымен аяқтау. Тас атқылап торғайды
Қуалауға болмайды,
Қамқор болып құстарға,
Барлық адам қорғайды.











Көктемде күн жылынады.





Көктемде қар ери бастайды.




Көктемде бәйшешек гүлдейді.


Көктемде ағаштар бүршік жара бастайды.


Көктемде құстар жылы жаққа ұшып келеді.


Көктемде жиі-жиі жаңбыр жауады.






Жұмбақтың шешуін табады.

Үнтаспадан құстар дыбысын тыңдайды.


























«Қарлығаштың құйрығы неге айыр», «Қарлығаш пен дәуіт»

Шықылықтайды.

































«Түлкі мен тырна»

Тыраулайды.




















Қиқулайды.





















Көкектейді.














Шиқылдайды.




































Сұраққа жауап берді.



































Сергіту сәтін жасайды.







Құстың ұясын бұзба,
жұмыртқасын шақпа,
балапанын өлтірме, т.б.















Сурет бойынша әңгіме құрап айтады.

















































Сұрақтарға жауап береді.



Ерасыл:

Құстар тойын құттықтап,

Қуанамыз, қолдаймыз.

Ұя жасап ұқыптап,

Біз оларды қолдаймыз.


Әділдек:

Дала гүлге бөленді,

Қуанышқа кенелді,

Орман,Тоғай,Бақтарда

Құстар сайрай жөнелді!











Күтілетін нәтиже:


Нені білу керек:

Көктем мезгілінің ерекшеліктерін, жыл құстарының тіршілігін;

Нені игереді:

Жылы жаққа ұшып келген құстарға қамқор бола білуді;

Нені біледі:

Тапсырмаларды орындап, қалдық материалдармен жұмыс жасауды;



























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қ.Баянбаевтың «Қараторғай ұясы» өлеңін жаттау. Жыл құстары жайлы әңгімелесу.

Автор: Бәшенова Зәуреш Жылқышыбайқызы

Дата: 29.01.2017

Номер свидетельства: 385264


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства