Ұйымдастыру іздестіру | Балалар бүгін кімде-кім қойылған сұрақтарға жауап беріп отырса, бір төртбұрышты фишкадан алып бағаланып отырады. Оқу іс-әрекеті соңында өздерің санап, кім көп жинағанын қарайсыңдар. Ал балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Қыс-зима-winter Балалар қыс мезгілінде табиғатта қандай құбылыстар болады? Балалар қарандаршы мына ыдыстағы не? Қарды орыс және ағылшын тілінде қалай айтамыз? Қар-снег-snow Қардың түсі қандай, ол жұмсақпа, қатты ма? Түсі ақ-белый-white Жұмсақ-мягкий-soft Қар суық па, ыстық па? Cуық-холодный-cold Балалар қар неге ұқсайды? Ендеше мына мақтаны алып, алақанымызға салып үрлеп көрейікші. Қар сияқты ұша ма екен. Ал енді осы қарды тобымызға қойып қояйық іс әрекетіміздің соңында қарымыз өзгергенін көреміз. Жұмбақ жасыру. Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келеді. Тауып көріңдерші. Тікен, тікен тік пісте, Қысы-жазы бір түсте. (шырша) Суретпен жұмыс. Балалар мына суреттен не көріп тұрсыңдар? - Шыршалар, орман іші, айнала аппақ қар. - Шырша бұтақтарын қар басқан. Шырша-лардың бәрі ақ тон, ақ қалпақ киіп алғандай. - Шырша ағашы қыста да тіршілік етуін тоқтатпайды. -Балалар, шырша ағашын үш тілде айтып көрейікші. Шырша-ёлка-christmas tree - Балалар, шырша, сондай көрікті ағаш, алып ағаш. - Шырша қайда өседі? Дұрыс, көбіне орманда. Ал, орман қайда орналасқан? Дұрыс, сырт жақта, тау бөктерінде. -Шырша ағашын қартайған кезде ғана кесіп алуға болады. Өйткені, ағаш та қартайған кезде ауырады екен. Ауырған ағаш сынып кетсе айналадағыларына қандай зиян әкеледі, сол үшін шеберлер қартайған ағашты кесіп, неше түрлі бұйымдар, ағаш тостаған, қасықтар, бесік, есік, сөрелер жасайды екен.Шыршадан жасалған музыкалық аспаптардың дауысы да керемет екен. Балалар қыс мезгілі, шыршалар туралы тақпақтар білеміз бе? Қыста да, жазда, күзде де Тұрады жасыл түске еніп. Шипасы мол шыршаның, Тыңайтар бізге күш беріп.(Ерасыл) Ақ қар жапты даланы, Ақ жамылды айнала. Жарқыратып шамдарын, Шырша тұр ғой ортада. (Шахмұрат) Қыс келгенде қыраудың, Өрнектерін аңғардым. Қанша уақыт өтседе, Өзгермейтін шыршаның, Әсемдігіне таң қалдым.(Махаббат) Рахмет, балалар! Өте жақсы айттыңдар. Қимылды ойын: «Шырша, бүршік, қоян» Шарты: «шырша» дегенде қолды екі жаққа созу, «бүршік» дегенде отыра қалу, «қоян» дегенде секіру керек. Балалар сурет салғанды ұнатамыз ба? Ендеше бүгін «Қар жамылған шырша» бейнесін саламыз. Жұмыс барысы үлгіге қарап түсіндіріледі: 1-топ.Қағазды аламыз. Оны ортасынан екіге бүктейміз. Сонан соң жартылай шыршаның суреті салынған жерді жасыл түсті гуашьпен бояймыз. Бояп болған соң, бүктелген қағазды бір-біріне қосамыз. Енді ашамыз. Шыршаның бейнесі шықты ма? Шыршаның бейнесі шықса, қарды тіс пастасының көмегімен мақталы таяқшаларды пайдаланып, салынған шыршамыздың жиектеріне жағамыз. Қалған тіс пастасын қар жауып түрғандай етіп әр жерден саламыз. 2-топ. Алдарыңызда сәбізден, картоптан дайындалған пішіндер тұр, Сол пішіндерді ретімен гуашь бояуына батырып, қағаз бетіне басып шыршаның бейнесін жасаймыз. Жасап болсақ, құрғақ қылқаламды бояуға батырып, шыршаның жиегіне жағамыз. Саусақтарын пайдаланып, қар жауып тұрған бейнені жасауға болады. Сонда біздің қар басқан шыршамыз дайын болады. Балалар суретті салуға кіріседі. (музыка ойнап тұрады) Жасап болған балалар қолдарын сүртіп, әдемі салынған суреттердің арасынан кімнің суреті әдемі шыққанын қарайды. | Балалар сұрақтарға жауап береді. Қар сөзін үш тілде айтады. Сұрақтарға жауап беріп, қардың түсін, жұмсақ-қаттылығын ажыратады. Балалар жауап береді. Балалар жұмбақты шешеді. Балалар кезекпен шығып суретке қарап әңгіме құрайды. Шырша ағашының аудармасын үш тілде айтады. Сұраққа жауап береді. Балалар тәрбиешінің айтқанын тыңдайды. Балалар білетін тақпақтарын кезекпен айтады. Балалар қимылды ойынды ойнап, сергіп алады. Жауап береді. Балалар сурет салудың әдістерін тыңдап, түсініп алады. Балалар сурет салуға кіріседі. Сурет салып болған балалар қолдарын сүртіп, әдемі салынған суреттерді қарайды. |