kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

??растыру Та?ырып: «?й ??стары»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: ?й ??старыны? тіршіліктері туралы т?сініктерін ке?ейту. ?й ??старыны? пайдасы туралы  ма?л?мат беру. ??стар?а деген с?йіспеншілікке, ?ам?орлы??а т?рбиелеу.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«??растыру Та?ырып: «?й ??стары»»

«№ 26 мектеп-балабақша» ККМ

КГУ «Школа-детский сад № 26»












Қазақ тіл мұғалімі: Суфиянова Д.М.












Петропавл қ. 2016 жыл

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: АҚОТ. Құрастыру

Тақырып: «Үй құстары»

Мақсаты: Үй құстарының тіршіліктері туралы түсініктерін кеңейту. Үй құстарының пайдасы туралы мағлұмат беру. Құстарға деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Үй құстарының суреттері, жұмыртқа, жастық, құстың мамығы, слайдтар.
Әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, топтастыру, құрастыру, әңгімелеу, сергіту жаттығулары, ойын, көрнекілік әдісі.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі: Ашық сабақ.

Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбер

- Балалар, бүгін бізде ерекше күн! Бізге қонақтар келіп отыр. Олай болса бәріміз тұрайық та амандасайық.

Слайд 1

Жарқын, жарқын үйіміз

Болашақтың күніміз

Балалық шақ үйінің

Жайнап тұрған гүліміз.

Сәлеметсіздер ме, қонақтар

Қош келдіңіз, бәріңіз!

-Әдемі отырайық, аяқтарымыз бірге, арқамызды тік ұстаймыз...

- Балалар бізге бүгін қонаққа Айша апай да келіпті. Айша апай бізді «Ауылға» қонаққа шақырады.

- Барамыз ба Айша апайдың ауылына? ( иә барамыз.)

- Айтыңдаршы, кімнің ауылда әжесі, атасы бар?

- Сендер оларға қонаққа барасыңдар ма?

(Иә жазда әжемнің ауылына барамыз.)

- Ауылға барғанда, үйдің алдында қандай жануарларды көресіңдер?

(сиыр, қой, ат, ешкі)

Ал қандай құстарды көресіңдер? (тауық, әтеш, қаз, үйрек)

- Жақсы балалар.

- Ауылға немен баруға болады?

(ауылға автобуспен, машинамен, поезбен баруға болады)

- Ал сендер немен барғыларың келеді?

(автобуспен барғымыз келеді)

- Олай болса балалар , қане бәріміз көзімізді жұмайық та атобусқа отырған болып, ауылға аттанайық.

(Музыка қойылады «Жазда атамның ауылына» және жолдың үстінде келе жатқан автобустың

(Музыка тоқтайды)

- Міне балалар, Айша апайдың ауылына да келіп қалдық.

Слайд: Айша апайдың ауласы



1

- Қараңдаршы балалар, Айша апайдың құстары қалай көп еді?

- Балалар сендер қандай құстарды білесіңдер?

(Үй құстары және дала құстары)

Мынадай тапсырманы орындап жіберейік.

Үстел үстіндегі «Ойын дидарын» алып аударамыз.


Тапсырма мынандай, мұқият тыңдап алыңдар. Суретке қарап маркермен тек қана үй құстарын шеңбермен қоршап аласыңдар.

(ақырын музыка қоылады, тапсырманы орындайды.)

Арқамызды тік ұстаймыз, аяғымыз бірге.

- Өте жақсы балалар!

- Жаннұр кәне бізге атай қойшы, сен қандай үй құстарын белгіледің?

- Дұрыс па балалар?

- Тамаша, өздерің қандай тапқырсыңдар!

- Ал қандай құстарды белгілемедіңдер?

(тоқылдақ, торғай, )

- Не себептен ол құстарды белгілемедіңдер?

(Себебі олар жабайы құстарға жатады)

Жақсы, сендер ү құсьтарын біледі екенсіңдер. Ал олардың қалай дыбыстайтынын білесіңдер ме?

Олай болса үнтаспадан құстардың дауыстарын тыңдап көрейіші.

(үнтаспадан құстардың дауысын тыңдату)

Мен қазыр құстың дауысын жіберемін, ал сендер ойланып қандай құстың дауысы екенін айтып беріңдерші, жақсы ма?

1-ші тапсырма «Қай құстың дауысы?»

(үнтаспадағы үй құстарының дауысы, слайдта суреттері көрсетіледі)

( қаз,тауық,үйрек,әтеш, күркетауық)

Қаздың дауысы жіберіледі.

- Ал кім бізге қаз туралы тақпақ айтып береді?



2

Слайд: 2

1. Қаз қанатын сабалап

Көлдің суын шашамын

Қаңқылдаған дауысым

Алты қырдан асады

Әтештің дауысы

СЛАЙД: 3

2. Мен қоразбын,қоразбын.

Жалқаулармен аразбын

Таңды бұрын қарсы алып,

Елді оятып жар салып.

Тауықтың дауысы

СЛАЙД: 4

3. Мен ақ тауық,ақ тауық

Жүремін мен мақтанып,

Құс болсам да ұшпаймын

Балапанды қорғаймын.

Үйректің дауысы

СЛАЙД: 5

4. Мен үйрекпін,үйрекпін

Балпаң-балпаң басатын

Кірмеймін деп қораға

Сайға қарай қашатын. 3

- Өте жақсы балалар!


Сергіту сәті: «Балапан» 1 шумақ, қайырмасы. (Слайд арқылы билеу)

«Балапан,балапан

Тәй тәй басқан балапан

Қошақандай момақан

Бұлдыр-бұлдыр сөйлейсің

Айтқаныма көнбейсің

Балапан,балапан

Жәй жәй басқан балапан»

Орнымызға отырамыз. Әрі қарай жалғастырамыз.


- Балалар сендер қалай ойласыңдар, осы құстарды неге үй құстары дейміз?

(Себебі олар үйдің маңында тұрады және оларға адамдар тамақ, су, жем береді)

- Менің балаларым қандай ақылды, шапшаң? Өте жақсы.


Айша апайдың немересі білмейді екен, қай балапан қандай құстың баласы екенін, оған көмектесеміз бе? (иә)

- Олай болса мынадай тапсырманы орындайық.

(интерактивтік тақтада орындау. Сызық арқылы қосу)

Ал сендер балалар қарап отырыңдар!

(Тақтаға Жаннұр шығады, Марғұлан кезекпен).

- Керемет, менің балаларым менен де көп біледі екен.

-Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, құстардың адамға беретін пайдасы бар ма?

( құстардың адамға пайдасы бар, тауық бізге жұмыртқа береді, қаздың жүнінен көрпе, жастық жасайды)

-Дұрыс айтасыңдар! Бәріміз тақтаға қарайықшы.

СЛАЙД: 6










4


СЛАЙД: 7


- Көрдіңдер ме балалар, құстардың бізге беретін көп пайдасы бар екен. Біз құстарды уақытында тамақтандырып, оларға қамқор болуымыз керек.

Мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр.

«Құстар Мозайка» ойыны:

-Қазыр біз екі топқа бөлінеміз.

Үстелдің үстінде қағаздан қыйылған бөліктер жатыр. Осы бөліктерден құстарды құрастыруымыз керек.

- Қане қай топ бірінші тапсырманы орындайды екен?

(музыка жіберіледі)

- Айгерім, сендерде қандай құстың суреті шықты? ( үйрек)

- Ал Аяжан сендерде ше? ( күркетауық).

- Өте жақсы балалар.

Балалар сендер бүгін қайда конаққа бардыңдар?

- Нені көрдіңдер?

- Қандай құстармен таныстыңдар?

- Балалар, сендер бүгін жақсы жұмыс істедіңдер! Сендердің жұмыстарың Айша апайға өте ұнады .

- Қане балалар, орнымыздан тұрып келген қонақтармен қоштасайық.

«Біз ақылды баламыз

Айтқан тілді аламыз

Бүгінгі келген қонаққа

Сау болыңыз деп айтамыз»




5


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
??растыру Та?ырып: «?й ??стары»

Автор: Суфиянова Динара Маратовна

Дата: 12.05.2016

Номер свидетельства: 325735


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства