kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

??м мен топыра?ты? ерекшеліктері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Топ: «А? тиін» ересектер тобы                                  Мерзімі : ?азан айы

Білім беру саласы: ?атынас, таным,шы?армашылы?

Б?лімдер :  Айналамен танысу,, к?ркем ?дебиет,тіл дамыту,сурет

Та?ырыбы: ??м мен топыра?ты? ерекшеліктері.

Ма?саты: Балаларды? ??м мен топыра? туралы білімдерін жетілдіру.??м, топыра? ??рамы мен ерекшеліктерімен таныстыру.Т?жірибе жасау ар?ылы білімдерін бекіту. Т?жірибе кезінде ?ауіпсіздік техникасын са?тауды уйрету.??р?а? ??мны? бетіне сурет салу.Шы?армашылы? ?абілетін дамыту.

С?здік ж?мыс: Сусымалы,ыл?ал,??р?а?.

Билингвалды сы?ары:Сусымалы-сыпучий,ыл?ал –влажный,??р?а?-сухой.

Затты? дамыту орта:?р балада екі ыдыс?а ??иыл?ан су,топыра?,??м,??м са?аты,??мнан жасал?ан ыдыстар ,магнит, дым?ыл ш?берек, ?асы?,сурет салу?а арнал?ан ??м ?орабы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«??м мен топыра?ты? ерекшеліктері »

Ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы


Топ: «Ақ тиін» ересектер тобы Мерзімі : Қазан айы

Білім беру саласы: Қатынас, таным,шығармашылық

Бөлімдер : Айналамен танысу,, көркем әдебиет,тіл дамыту,сурет

Тақырыбы: Құм мен топырақтың ерекшеліктері.

Мақсаты: Балалардың құм мен топырақ туралы білімдерін жетілдіру.Құм, топырақ құрамы мен ерекшеліктерімен таныстыру.Тәжірибе жасау арқылы білімдерін бекіту. Тәжірибе кезінде қауіпсіздік техникасын сақтауды уйрету.Құрғақ құмның бетіне сурет салу.Шығармашылық қабілетін дамыту.

Сөздік жұмыс: Сусымалы,ылғал,құрғақ.

Билингвалды сыңары:Сусымалы-сыпучий,ылғал –влажный,құрғақ-сухой.

Заттық дамыту орта:Әр балада екі ыдысқа құиылған су,топырақ,құм,құм сағаты,құмнан жасалған ыдыстар ,магнит, дымқыл шүберек, қасық,сурет салуға арналған құм қорабы.


Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті



Ұйымдастыру-іздестіру Дәлел түрткі болады

1.Балаларды оқу іс әрекетіне үйымдастыру


2.Шаттық шенберін орындатады:

Армысын,Алтын күн:

Армысын,Көк аспан:

Армысын,Жасыл жер:

Армысын,Қонақтар:

Армысын,Достар


3.Жұмбақ жасырады.

-Жер бетінде жатады,

Су құйсан лайға айналады

Онымен ойнасаң

Әр түрлі мүсін болады

Ол не? (Топырақ)

-Су жағасында жатады

Оны құрылыста пайдаланады.

Ол не? (Құм)


4.Балалар,біз бүгін ғалымдар боламыз.




-Ғалым деп кімді айтамыз?


Қазір біз топырақ, құмды зерттейміз.




Қандай қауіпсіздік техникасын білесіңдер?



1.Балалар дайындалып тұрады.



2.Шаттық шенберді жақсы көңіл-күймен орындайды. Сөздерін жатқа айтады.



3.Жұмбақ шешуін ойланып дұрыс айтады


Топырақ, құм сөздерін бірнеше бала қайталайды,дұрыс айтуға талпынады




4.Балалар ғалымдар болатындарына қуанады,жауап беруге талпынады.

-Ғалым дегеніміз ол білімді адам

-Ол-зерттеуші.Ол көп білетін адам.Ол жаналық ашатын адам.


Топырақ құммен жұмыс жасағанда қолдарымен көз уқалау, ауыздарына қолдарын салмау –ұқыптылықты сақтау




Ұйымдастыру-іздестіру

Топырақ жайлы әнгіме айтады.

Сұрақтар қояды.

Топырақтың қандай түрлерін білесіңдер?





-Топырақты не үшін пайдаланады?

-Топырақтан не жасайды?

Балалардың жауабын бекітеді

Топырақтан жасалынған құмыраны ыдыстарды, сувенирлерді көрсетеді


5.Құм жайлы әнгіме айтады

Құмнын түрлерін айтады,құм сағатын көрсетеді.



-Сұрақтар қояды:


-Құмнын қандай түрлері болады?


-Құмнан не жасалады?

-Құмды қай кезде пайдаланады ?


-Құм сағаты не үшін қажет?



6.Сергіту сәтін өткізеді.

«Еріншектін аптасы»



7.Топырақ пен құмнан тәжірибе жасайды.

-Тәжірибе құм мен топырақты қолымен ұстап зерттейді.

-Балаларға алдарында жатқан құм мен топырақты қолданып, зертеу жасауды ұсынады

Сұрақтар қояды.

-Құм қандай?

-Топырақ ше?





8 –Тәжірибені жасайды.

Айырмашылығын тап

«Ериді-ерімейді»

Ыдыстағы суға құмды салады : құм ерімейді, суда араласпайды, ыдыстың түбіне батады

Екінші ыдысқа топырақты салады, топырақ суда ериді, лайға айналады.

Әнгімені мұқият тындап отырады

Топырақтың түрлерін айтады : сазды топырақ құмайт топырақ, сұр топырақ, қара топырақ, қоңыр топырақ.



-Құрылыста,жол жасағанда.

-Сувенирлер, ыдыстар.





5.Балалар зейін қойып тындайды, көреді.


Құм жайлы әнгімені тындайды.


Сұрақтарға толық жауап беруге талпынады.

-Қара құм,қызыл құм ,тасты қиыршық құм.

-Шыны,айна,ыдыстар,

-Құрылыста

-Уақытты бағдарлау үшін.



6.Сергіту сәтінің сөріне қарай қимылдар жасайды.



7.Құм,топырақты қолдарымен ұстап айырмашылығын айтады.






  • Құм қатты

  • Топырақ жұмсақ

-Құм қатты, майда әр түрлі тастары бар,бір-біріне жабыспайды.

-Топырақ жұмсақ,майлы.

Топырақ ,құм ұстап болған соң қолдарын дымқыл шүберекпен сүртеді.



8.-Құм су астына түсіп суға ерімейтінін айтады.




-Топырақ суға еріп лайланатынын айтады.






9.Дидактикалық ойын «Антонимдер» Мақсаты: қарама-қарсы сөздерді білу.

-Алыс

-Ыстық

-Ақ


10. Тәжірибеені жасайды

Құм мен топыраққа магниттің әсер етуі

Қағаз қораптын біреуіне топырақ, біреуіне құмды салады.

Топыраққа магнит әсер етпейді.

Ал, құм магнит бағытына қарай жылжиды.


11.Сөздік жұмысын жасайды

Құм – песок

Топырақ – глина

Құм сусымалы – сыпучий песок

Ылғал топырақ – влажная глина


12. ДСТ «Саусақтарым достарым»



13. – Біз ғалым болдық, ал енді суретші боламыз. Өз еріктері бойынша шыны бетіндегі құрғақ құмға сурет салуды ұсынады.


- Сен не салдың?.



Антоним сөздерді тез ойланып айтады.

-Жақын

-Суық

-Қара


10.Балаларда тәжірибені жасайды, жауабын айтады айтады.

Магнит топыраққа әсер етпейді.



Магнит құмға әсер етеді.

Себебі құмға темірдің құрамы бар.


11. Сөздерді хормен, жеке айтады.





12. Сөзіне қарай саусақтармен қимылдар жасайды.


13. Балалар құрғақ құмға сурет салады, салған суреттеріне қуанады.


Әр бала қандай сурет салғанын айтады.


Рефлекстік -коррекциялаушы


14. Сабақты бекітеді.

- Бүгін саған не ұнады?



14. Балалар ұнаған тәжірибе туралы өз ойларымен бөліседі.


Күтілетін нәтиже

Білу: Топырақтың құмның түрлерін қай кезде пайдаланатынын білу және қауіпсіздік техникасын сақтау.

Меңгеру: Тәжірибе арқылы құмның, топырақтың құрамын ажырату.


Істей алу: Тәжірибелерді жасау, оны зерттеу, сұрақтарға жауап беру.


12 балабақша тәрбиешісі: Қыздарбекова М.М.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
??м мен топыра?ты? ерекшеліктері

Автор: Кыздарбекова Мадина Мырзахметовна

Дата: 23.10.2014

Номер свидетельства: 121813


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства