Мотивациялық қозғаушы | Балаларды ортаға шығарып шаттық шеңберін жасату Қуанамын мен де, Қуанасың сен де, Қуанайық бәріміз, Арайлап атқан күнге. Гүл өсірсең терлеп, Мұның аты- еңбек. Кесте тіксең зерлеп, Мұның аты-еңбек. Қырға шықсаң өрлеп, Мұның аты-еңбек. Қиындықтың бәрін, Еңбек қана жеңбек. | дөңгеленіп тұрып қимылмен жасайды көтеріңкі көңіл-күймен жасайды Балалар бәрі бірге қосылып орындайды. |
Іздену-ұйымдастырушы | Балалар біз бүгінгі оқу іс-әрекетімізді ребус шешуден бастаймыз Мынау ненің суреті? «Қарындаш» сөзі қандай дыбыстан басталып тұр? Қ-дыбысын жазу Мынау ненің суреті? «Ою»сөзі қандай дыбыстан басталып тұр? О дыбысын жазу Мынау ненің суреті? Ол қандай дыбыстан басталып тұр? Ш дыбысын жазу. Келесі суретте нені көріп тұрмыз? «Алма»сөзі қандай дыбыстан басталып тұр? Ендеше А әрпін жазайық. Мынау суретте жылдың қай мезгілі? Қыс сөзі қандай дыбыстан басталып тұр? Мынау суретте нені көріп отырсыңдар? Осы аққала сөзі қандай дыбыстан басталып тұр? Ас атасы не? «Нан» сөзі қандай дыбыстан басталып тұр? Ендеше Н дыбысын жазайық. Енді бәріміз шыққан сөзді оқиық. Жарайсыңдар балалар ,ал сендер қошақанды білесіңдер ме? Оны жақсы көресіңдер ме? Қошақан ненің төлі? Осы қой-қошақан қандай жануарларға жатады? Қойдың қандай пайдасы бар? Балалар қойдан басқа тағы қандай үй жануарларын білесіңдер? Оларды не себепті үй жануарлары дейміз? Сендердің үйлеріңде қандай жануарлар бар? Олардың төлдері қалай аталады? Ендеше біз қазір ермексаздан «Қошақанды» бейнелейміз. Ол үшін қажетті құралдарымызды түгендейік. Балаларға жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауды естеріне салу. Балалар қошақанның түстері қандай болады? Ендеше бәріміз бірге жасайық, ол үшін бірінші денесін жасаймыз, төрт аяғын, басын жасаймыз. Қошақан неше бөліктен тұрады екен? Сергіту сәтін жасату: Бір саусағым тіпті де, Ұстай алмас жіпті де. Екі саусақ бірікті, Ине қолға ілікті. Үш саусағым орамды, Жүгіртеді қаламды. Өнерлі екен он саусақ, Қала салсақ, жол салсақ. Балалар өздерінің жасаған қошақан дары жайлы әңгімелейді | Балалардың жауабы -Қарындаш -Қ дыбысынан Ою О дыбысынан -Шана -Ш дыбысынан -Алма -А дыбысынан -Қыс мезгілі -Қ дыбысынан -Аққала -А дыбысынан -Нан -Н дыбысынан -Қошақан -Иә білеміз -Қойдың төлі -үй жануары -ол бізге ет, сүт береді. Жүнінен киім,киіз басады,терісінен тон тігеді. -Түйе, сиыр, жылқы, ешкі - оларды адамдар жылы қорада бағады, жем, шөп береді,су береді. -сиыр, қой ,ешкі -Сиырдың төлі-бұзау Жылқының төлі-құлыншақ Түйенің төлі-бота Ешкінің төлі-лақ -ермексаз, тақтайша, -ермексазды ауыздарына салмауды, үстілеріне тигізбей таза жасауды үйренеді. -қара, қоңыр, ақ түсті болады -тәрбиешімен бірге жасайды. -төрт бөліктен олар: денесі, аяқтары, басы. -Қимылмен орындайды -Саусақтарын қозғайды,көрсетеді,санайды. -Менің қошақанымның түсі қара. Ол өте сүйкімді,кішкентай. Маған ұнайды. |
Рефлексивтік-түзетушілік | Жұмбақтар шешу: Кезікті бір жануар, Үстінде екі тауы бар. Ол не? Кішкентай ғана бойы бар, Айналдыра киген тоны бар. Екі айнасы бар Екі найзасы бар Төрт жылтырмағы бар Бір жылтырмағы бар. Ол не? Қымызды неден аламыз? Жарға шығып ойнайды, Ойынға бір тоймайды, Болсадағы сақалы, Секеңдеуін қоймайды. Қане бәріміз осы сөздерді буынға бөлейікші. Енді осы сөздерді екі тілде айтып үйренейік: Мақалдар айту: Тыйым сөздер жаттау: Қорытынды сұрақтар қойылады: -Балалар біз қандай жануарлар жайлы әңгімеледік? -Олардың қандай пайдасы бар? -Нені жасап үйрендік? Сендерге сабақ ұнады ма? Балаларды мадақтау,бағалау | Балалардың жауабы -түйе -қой -сиыр -жылқыдан -ешкі -тү-йе, екі буын.Си-ыр,қой,жыл-қы , еш-кі -қызығушылық танытады -Сиыр-корова, -Түйе-верблюд, Жылқы –лощадь, Қой- овца, Ешкі-коза Мал өсірсең қой өсір, Өнімі оның көл көсір. Ақты төкпе, Малды теппе. Малды басынан ұрма. -үй жануарлары туралы -олар бізге ет, сүт,май,жүн,қымыз,шұбат береді -қошақанды -иә,өте ұнады |