Мотивациялық қозғаушы | Қуан, шаттан, алақай! Қуанатын күн бүгін, Күлімдеп күн шықты. Қайырлы таң, қайырлы күн! Жарайсыңдар, балалар! Біз сендермен күнмен амандастық, бір-бірімізбен амандастық, қараңдаршы, ал бізге бүгін қонақтар келіпті. Мен олармен : «Сәлеметсіздер ме» деп амандасамын, ал сендер қалай амандасасыңдар? Балалар, менің қолымда не бар? (Туған күнге арналған ашық хатты көрсете отырып сұраймын) Ашықхатта ненің суретін көріп тұрсыңдар? Дұрыс айтасыңдар, балалар, қоян бізді өзінің туған күніне шақырып жатыр, барамыз ба? - Қоян алыста тұра ма, әлде жақында тұра ма? - Қоян қайда тұрады? - Дұрыс айтасыңдар, орманда. Ал орман болса алыста, біз онда жаяу бара алмаймыз, шаршап қаламыз. Мүмкін бір көлікпен барармыз. Немен баруға болады? - Балалар, мәшине кішкентай, ал біз көппіз, сыймаймыз.Тағы немен баруға болады? Чуһ- чуһ-чуһ-чуһ Орманға біз барамыз, Әсем әнді саламыз. Бип-бип- пыш-пыш Бірте, бірте тездейміз, Тез жетуді көздейміз. Чуһ- чуһ-чуһ-чуһ Тосып қалды, сағынып, Ормандағы бар аңдар. Бип-бип- пыш-пыш Қызық болды кеп қалдық, Енді жайлап тоқтаймыз. | Балалар шеңберге тұрып жылы лебіздерін білдіреді. -Сәлеметсіздер ме Ашық хат. - Ашықхатта қоянның суретін көріп тұрмыз -Барамыз - Алыста - Қоян орманда тұрады (Балалар көлік түрлерін қазақша, орысша атап шығады). (Балалар поездің жүрісін қимылмен көрсете отырып, өлеңді әуенге қосып айтады) |
Іздену ұйымдастыру- шысы | Міне, біз сендермен орманға да келіп қалдық. (табиғат дыбыстары естіледі) -Тыңдандаршы, не естіп тұрсыңдар. - Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (жекеше, топпен сұраймын) - Көктем мезгілінде қандай өзгерістер байқалады? - Көктем мезгілі туралы қаншама көп айттыңдар, жарайсыңдар, ал бізді ормандағы достарымыз да қарсы алып жатыр. - Мынау не? - Қасқыр қандай түсті? - Ал мынау қандай аң? - Түлкінің құйрығы қандай? Ұзын ба, қысқа ма? - Қараңдаршы, балалар, мынау не? - Балалар, достарымыздан қоянның үйі қайда екенің сұрайықшы? - Қоян сендердің келгендеріне қуанып жатыр, төрлетулеріңді сұрайды. -Қоян, біз сенің шақыру билетіңді қуана-қуана алдық, рахмет. | Балалардың жауабы - Қазір көктем мезгілі (Жекеше, топпен жауап береді) - Құстар ән салады. - Қар ериді. - Құстар ұшып келеді. - Күн жылынады . - Мынау қасқыр. - Сұр қасқыр - Мынау түлкі - Түлкінің құйрығы ұзын. - Мынау аю. (аңдардан жекеше, екі-екіден сұрайды) -Түлкі, қоянның үйі қайда? - Қасқыр, қоянның үйі қайда? (Балалар бірнеше амандасу түрлерін айтады). Сәлем, амансың ба? қайырлы күн, сәлеметсің бе? (балалар қоянды құттықтап, тілектер тілейді) - Қоян, мен саған бақыт тілеймін. - Қоян, мен саған денсаулық тілеймін. - Қоян, мен саған сәбіз сыйлаймын. - Мен саған сурет сыйлаймын. |
Рефлексивті- коррекциялаушы | - Мынау не, балалар? - Сендер балды ұнатасыңдар ма? - Барлығымыз балды ұнатамыз, ал аңдардың ішінен қайсысы балды жақсы көреді? - Дұрыс айтасыңдар, тәтті балды аюға кім береді? - Жарайсыңдар, аю сендерге «Рахмет» дейді. - Ал мынау не? - Ал қандай аң балықты ұнатады? - Ал мынау не, менің сүйікті тағамым? - Достарым, ал мен сендерге арнап бәліш пісірдім. - Балалар, қоянға не айтуымыз керек? - Әр мерекелерде, той-думандарда ән айту дәстүрге айналған. Біз де, қоян, саған арнап ән салғымыз келеді. Қоянның туған күніне Пісірдік біз бәлішті. Үлкендігі осындай, Биіктігі мынадай. Алақай, алақай, Қуанады балақай, Қояным, қояным, Құтты болсын мерейін. Міне, балалар, біздің бақшаға қайтатын уақытымыз да келіп қалды. Қоянмен қоштасайық. Сау бол, қоян! Чуһ- чуһ-чуһ-чуһ Бақшаға біз барамыз, Чуһ- чуһ-чуһ-чуһ Әсем әнді саламыз. | - Көмектесеміз. -Мынау бал - Иә, ұнатамыз. - Мынау балық. - Түлкі ұнатады. - Түлкі, міне саған балық. - Мынау сәбіз. - Рахмет. (Балалар шеңберге тұрып, өлеңді айтады) (Балалар қоянмен қоштасады) Сау бол! Кездескенше! |