Просмотр содержимого документа
«?аза? тіліне т?н дыбыстарды дидактикалы? ойындар,тірек сызбалар, дыбысталу жатты?улары ар?ылы таза аны? дыбыстау?а ?йрету. »
Сабақтың тақырыбы:
Тема занятия:
Қазақ тіліне тән дыбыстарды дидактикалық ойындар,тірек сызбалар, дыбысталу жаттығулары арқылы таза анық дыбыстауға үйрету.
Сабақтың мақсаты:
Цель занятия:
Балаларға үйретілетін ерекше дыбыстарды жекелей және сөз ішінде дұрыс атауға үйрету.
Ол дыбыстарды орыс тіліндегі дыбыстармен байланыста, бірлікте
оқыту.
Балалардың сөз ішіндегі қазақ тіліне тән дыбыстарды естіп, ажырата білуін, яғни фонематикалық естуін қалыптастыру.
Дыбысталу мүшелерінің қызметін жеткілікті дәрежеде түсіндіру немесе оның үстінде жаттықтыру арқылы қазақ тілі дыбыстарын саналы түрде өз бетімен айта білуге үйрету
5.Ойын арқылы қазақ тіліне тән дыбыстарды жүзеге асыру.
Қазақ тіліне тән дыбыстарды қатыстырып сөздер, сөйлем түрлері
Сабақтың барысы: Ход занятия: Балалар топқа кіріп шеңберге тұрады.
-балалар, бүгін бізге көптеген қонақтар қонаққа келіпті. Келген қонақтарымызға «Тілектер гүлшоғын » жинап берейікші.
Балалардың тілектері: 1.Сәлеметсіздер ме, біздің балабақшаға қош келіпсіздер!
2.Қайырлы таң!
3.Аспанымыз ашық болсын !
4. Үлкендерді сыйлайық
5.Отанымыз тыныш болсын
Балалар екі топқа бөлінеді. әр топтың үстелінің үстінде гүл тұр, біреуі –қызыл,екіншісі –көк. Көк гүл жапырақшасын алғандар көк гүлді үстелге, қызылды алғандарға,қызыл гүлді үстелге жайғасады.
Сабақты бастамас бұрын тілдерін жұмсарту үшін спецификалық дыбыстарға «Дыбыстық сағат» арқылы фонетикалық жаттығулар айтқызу.
Ра – ра – ра қарқылдайды қарға
Мі – мі –мі біздің Әсел әдемі
Ша – ша – ша мен барамын балабақшаға
Балалар, бүгінгі сабағымыз қазақ тіліне тән дыбыстардың құрметіне арналады.
-айтыңдаршы ,неше спецификалық дыбыс бар екенін?
/дыбыстарды атату,оларға сөз ойластыру,сөздерден сөйлемдер құрау/